X-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері
Сонымен қазақ деген елге құдайдың ерекше назарында болып талай сынақтардан өтіп, енді егемендік алғанда ел басына билеуге шаруашылықты, дүние ісін ғана жақсы таныған білімді, бірақ ғылымсыз пенделердің келуімен дүние ісін жетік меңгеріп, алдыңғы қатарлы елге айналдық дегенмен, ал өзіміздің тектік рұқтық, жандық сипатымызда, тарихымызда, тегімізде болмаған ең төменгі азғындалуға түскен жайымыз да бар. Қандайда бір бүгінгі бағытымыздың дұрыс, бұрысын айқындау үшін бұрынғы өткен тарихымыздан, діннің насихаттарынан, даналардың қалдырған аманат өсиеттермен салыстыра отыра сынаған абзал болады. «Қазақ сыншы болса екен» деп Шәкәрім атамыз сынның маңыздылығын парасаттылықты айқындау жолында өте керек екенін ескертіп кетіпті. Қазіргі біздің рухани жағдайымыз ақылдың қуаттылығымен және оны халықтың меңгеру тәсілі, әдеті, әдебімен өлшенуі керек. Ақылмен білімділікті қалыптастаруға, ал білім арқылы ғылымды тануға, мемлекетеміздің саясаты шаруашылықты меңгеруміз, өнеріміз, «инновоция»-жаңашылдық, өнертапқыштық сипатымыз айқын болмақ. Ал енді әлеуметтік, ұлттық адамдық, өзге ұлт өкілдермен де татулық тұрғысында да елдік сипатымыздың саясаты да болуы шарт. Осы жағдайда білімнен ғылымды тану ой қуатын қалыптастыруда сөз ғылымының, ақыл-ой тазалығын меңгеруде, философия мектебі мен дін муфтияттарымыздың бірлігінен тұратын жүйе қалыптасуы да шарт.
Бұл жүйенің қазақ мемлетінде ізі қаланғанмен, бірақ өз мақсатын орындап тұрған жоқ, керісінше әлемдік тобырлық ақылға негізделіп алған десек жалған емес. Жаратылыстың бұлжымас заңдылығы қандай да бір нәрсенің, жүйенің жұбы, пары болуы шартты. Біздер егемендік алысымен әлем мемлекеттерінің ел басқару жүйесінің барлық жаңашыл әдістерін алдық деп, қаншама басқару саласында, білім беру, дін саласында құрылымдар құрғанмен, ал шынында оның ғылымын мүлде ұмытып, тек білім тұрғысында ғана бағалауды ғылым атап алдық. Ең сорақысы ата-бабаларымыздан қалған ел басқару жүйесінің, ұлттық ғылымымыздың байлығын, аманат мирасын сақтауға қызмет қылатын жеті жарғылық жобамызды қалыптастырмақ түгіл, оның қасиетін меңгеру жолына біз сияқты жолға жалғануға, жобамызды алуға шыққандарды қудалап, соттап әлі кезге дейін масһаб діншілері арқылы барлық жерде мазақтап, құдайлық ғылымға ашық қарсылық білдіріп жатқанын да аңғармайтын жетесіз ел билеушілерімен ғылымсыз, кереметсіз (хикметсіз) өздері діннен бас тартқан заңдарымен, құдайсыз мәңгілік өмірге жалғанбақ болып, бес қадам деген шараларын да бастап кетті. Әрине жақсылыққа деген қадамды жаман деп айтуға ауыз бармайды. Шаруашылықты меңгеріп, ел басқару жүйесін халыққа ашық жариялық түрде көрсетуге бұл да негізінде бір жақсы қадам деп қабылдаған дұрыс.
Енді қазіргі қазақтың мемлекетіміздің саясатымен ел басшылардың мейлі қандай өзгешелік жаратылысымен де құдайсыз мәңгілік болған әлемнің тарихында болған жоқ және оның болуы да мүмкін емес. Ал Құдайды тануды тек дін біліммен, жалбарынумен немесе тарихты зерттеумен, бұрынғы заман ғалымдарының қалдырған білімдерін философиялық пайымдаулармен танимыз десек, онда заманға сай ғылымсыз болсақ надандықты әрі айуандықты ғана қалыптастырады. Себебі заман дегеніміз Алланың бізге «Өзі» әрі мәлім болған қуаттарының жүйесі болып, ал жолы Алла тағаланың ғылымы болып саналады. Сондықтан ғылымының маңызы да біз қандай заманда, қандай өркениетілікте білімнің кереметін меңгеріп, өнеріміз асса да, ғылымсыз бұл өнеріміз, біліміміз өзімізді-өзіміз жоюуға, жер бетінен жоғалтуға азғындыққа түсуге қызметке тұрады. Осындай жағдайда «Атланттар» деген өмір сүріп су астына түсіп жоғалған деген аңыздың Адам ата қауымының да жеткілікті дережеде дамығанынан дерек болар.
Сонымен біздер азаматтық ғылымның, ар білімінің негізін қалаған ел болғанмен, мұны да артымызға лақтырып тастаған елміз. Ар білім-азаматтық ғылым болып, тек түркілерге ғана тән, оның ішінде қазақ деген ұлтқа мирас болған да еді. Ал азаматтық ғылыммен біз өзіміздігі жеті жанды толық жетілдіре біліп, саналық қуатты меңгеріп, сегіз жынымызды ғылымға бағындырған, кісілік Ар деген сауытымызды яғни Алла тағаланың 8 сипатты жарығын адамдық тұрғыда меңгере алған ел болдық. Сондықтан әлемде теңдесі жоқ киелі ел, әулиелер мекені болып, бұл қасиетімізді, тегімізді сақтау үшін тарихта не бір зұлымдықтарға да түсіп, жетістіктерге де шығып шыңдалған ел еді. Ал бүгін ар-ұяттан жұрдай, жеті жанның бірлігі түгіл жалғыз жаны да тірі емес, «Шықпа жаным шықпа» деп, тәннің жағдайына ғана тәуелді ел тұрғындары, түгелдей жуық жындарға айналған ел болдық. Яғни жануарлықтан адамдыққа айнала алмадық. Ал енді жындарға айналып, жаны жоғалған жағдайда да адамзаттың нәсілдері ұзақ уақыт жер мен аралықта «мәңгілік» тұрғысында тозақтық жағдайда өмір сүреді. Қазіргі жансыз қалған тәннің ағзаларын техниканың саймандары сияқты ауыстырып алуға әдеттенуіміздің өзі осыған айқын дәлел болады. Сондықтан әлемнің де бүгінгі таңдағы жағдайы жандарында түгелдік жоқ, жын қуатымен, ішіп жемнің әсерімен ғана өмір сүріп жатқандары да хақ.
Әрбір парасаттылықты меңгеруге ниет қылған пенденің жетелікті яғни жеті жанды тазартып сосын ғана 8 жындық қуатты толық басқаруға алып, бір тұтас қуатты жүйемен, бір еспен саналы адам баласы да бола алады. Мұндай жағдайда рұқтың түрлі қуаттық сипаттарын, бейнеленген нәсілдік, шеріктік қуаттармен бірге жанның да қуаттық сырларын, ғылымын, өз жанын түсінуді де меңгеру керек. Мұнсыз құранды қанша оқығанмен де, қандай тәпсірлерді меңгеріп, білімнің бар саласын қопарып, кітабын алғанмен нәтиже бермейді. Қазақтың ұлты үшін мұндай білімді Абай-Шәкәрім әулиелерден артық қарапайым түсіндірген еңбек жоқ десек қате емес. Ал жоғарғы дәрежеде сандық философиялық тұрғысында Ясауи бабамыздың әлі толық жарыққа шықпаған еңбектері болмақ. Сонымен қазір ата жолы жазбаларында бұрынғы замандарда құпия ұстаған, тек астарлы тұрғыда баяндалған бабалар меңгерген ғылымының сырлары қазір әліміз жеткенінше халыққа түсіндіріп баяндап жатырмыз.
Бірақ бұл еңбектерді оқитын ел билеуші, білімді қауым өкілдері аз. Ал дінші масһабшылар оқығысы келгенімен оқи алмайды, оқыса түсінбейді сосын жыны-ашуы келе бастайды. Ал кейбіреулері түсінбегеніне де қуанады. Бұның да түсінігі, ақылы да әлемде жоқ қазақтың әулиелері ғана меңгерген психология, жан сырының ғылымына жатады. Себебі олардың жеті жаны түгіл бір жанының өзі қуаттанып жетілмеген, сондықтан жынның қасиетілігімен, білімді ақылдың көмегімен ғана адам аталып жүргендері болмаса, шынында жындылар болып саналады. Ең үлкені және білімсіз мұсылман жынды пенделерге дін басшылары, имамдар, дін ғалымдары, діншілер де жатады. Егер осындай жынын тазартып, кісілігін меңгерудің құлшылығында жүрген ел тұрғындарының өзі жындылықтан тазара алмай, жанын өсіре алмаған болса, онда ел билеуші мен білімді қауымның жағдайы онан да төмен және арасында кәпір жындылар яғни дінді мойындамайтындар, тек білімге әсер-түйсікке ғана жүгінетіндер көп. Сол сияқты қатын сияқты сезімшіл, әрі әсершіл еркектердің саны жылдан-жылға басым да болып келеді.
Жалпы адамзат жасынан шайтандық пен жындылықтың арпалысымен дұрыс ұлттық дәстүрмен тәрбиесін алмаса, онда өскесін не шайтандық не жындылық қылықты болмысқа енеді. Шет елдердің бір жынысты, ұят дегеннің не екенін білмейтін тұрғындары мен жер әлемдегі бар білімді түгесіп, білім арқылы барлық шаруашылықтың өнерін де меңгеріп, бірақ ар-ұяттылық, ақирет дегеннен мүлде бас тартып, керемет болып жүргендер жандары өлі, жындылықтың жоғарғы дәрежесін, қуатын меңгергендер болып саналады. Адамзат болмысынан сезімшіл немесе әсершіл болып өзіне ұқсасын іздеп, соның бар әрекетін қайталаумен айналысады. Сонымен біздің ел билігіміз де жындылар қауымынан болып, шаруашылықта, дүние ісінде, өнер саласында әлемнің бар жындылық қасиеттері мен білімдерін жинап алғанымен әлі мұнан тоқтай алуы мүмкін емес. Өйткені жандарын өсіру ұлттық ғылымынан бас тартқандар болып саналады.
Сол сияқты әйелдеріміз шайтандығынан да ары асып, енді шайтаннан пайда болған жындылықты, яғни Абай атамыз ескерткендей қара қатындықты тез меңгерумен, барлық осындай елдерді қуып жетіп те қоймай, асып түсіп те жатырмыз. Сонымен жаратылыстың сырына тағы тоқтала кетсек; жын әлімдік алғашқы оттың жалынынан қара қуатты барлық жаратылыстың қозғалысын алушы, іске жаратушы періштесі болып, ал жыннан ібіліс күлгін түсті болып жаратылғанды. Ібіліс — білімнің негізі, ал Адам атамыз жанның сипатында ілімнің, яғни ғылымның «МЕН» сипатымен жаралған. Сондықтан өлмейтін мәңгілік өмірге жету үшін өлмейтін жанды, ал оған орынды жынымыздан кісілік денемізді және оған Армен киім беруді қалыптастыруы керек. Ел басымыз жолдауын орындаймыз десек, онда мәңгілік елдің ірге тасын қалау үшін еліміздің 30 пайызы болса да осындай саналы, арлы ғылымды толық меңгерген азаматтардан тұруы керек. Мұнсыз ұлттың болашағы да жоқ, ұрпағы да жетіліп, өсіп-өне алмайды да. Білімділікті меңгерген қуатымыздың, ібілістік періштелігінен, қуатынан түсі күлгін болып аяқ, қолдағы тырнақтардың біздің ібілістік сипатымызға дәлел болады да. Ал енді бұл жиырма сипатты қандағы , рұқымыздағы, жандағы міндетті болатын қарсылықтан тазарып аққа айналдыру үшін де ғылым керек. Ал енді мұндай ғылым шынында қазақтың 16 мың ғалымдарының алтауында бар ма? Әрине жоқ. Онда ел басымыз қандай ғылымға немесе дін қуатына сүйеніп жоба құрып отыр екен? Жалпы үй болу үшін де әуелі отауын сайлаған еді қазақта, енді мемлекеттің болашағын білімнен ғана туған құдайдың әрекетінсіз заңмен болжағанды неге әдетке айналдырдық? Құдай қалайды ма мұнымызды?… (жалғасы бар Мамыр 2015 жыл)