X-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 1

        Түпкі жаратушы Алла барлық қуаттардың сипаты Тәңір болып, ал енді өзінің бізге әшкере жария болатын  «Өзі» сипатын, жарықтық қуатын Алла тағала болып жаралды да, ол жалғыз деп атаймыз. Алла тағала жеті қанатты періште болып жанның барлық түпкі бастауы болып саналады. Сонымен Абай атамыз 38-ші қара сөзінде; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы сипаттарын баяндап және бұл сегіз сипатынан туындайтын, яғни Алла тағаланың ғылымы, құдіреті және Рахметі бірге болады дейді Абай атамыз. Ал біздер үшін Рахмет сипаты; өзіміздің құлшылығымызбен Аланың досына айналумен, жоғарғы дәрежелі періштелік шапағатшылықпен байланысты болып, «Бір Алла –Мен» болып; 1.Рахман, 2.Рахим, 3.Ғафур-кешіруші,4.Уадуд-сүйікті, сүюші, 5.Хафиз-қорғаушы, араша түсуші, 6.Сәттар-кешіруші, араша түсуші, 7.Рәззақ-несібе беруші, ризық беруші, 8.Нафиғ-қосымша несібе беруші, 9.Уәкил-уәкіл, кепілдікте тұрушы, басқарушы, 10.Латиф-жақсылық жасаушы, шапағат етуші болып, бұлар Алла тағаланың көркем 99 есімімен байланысты екенін ескертеді. Яғни бұл 10 сипатының төртеуі Алланың өзі сипаты, ал қалған алтауы Алла досы болған әулие-әмбилердің жандарымен, рұқымен, кісілік ақыл  парасаттылығымен тікелей байланысты екенін білгеніңіз де жөн. Мұны; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп ескерткен даналар.

         Біздердің 18 мың ғаламның адамзаттың мәңгілік өмірімен байланысты жағдайын, осы 8+10=18-сипаттарының бірлігі, шындық болып бейнелеуінен, яғни Алла тағаланың бізге жер мен көк арасындағы 1000 жылдық өмірімізбен дәрежеленуден пайда болатынын да естен шығармаңыз. Сонымен Алла тағаланың  сегіз сипаты мен 99 көркем есімінде қарсылығы жоқ болып, ал біздің өмірімізбен байланысты жер бетіне түсірілген 8 түр мен 10 көктік несібеміздің қарсылығы болатынын және бұл ібілістік аяқ, қолдағы 20 тырнақпен әшкере болып тұрғанын алдыңғы тарауларда баяндап кеттік. Енді ел басымыздың бес жүйемен 100 қадам және мәңгілік ел жобасының негізі де, осы жаратылыстық қуаттарды білімнен туған өнер арқылы меңгеруден пайда болған ойшылдықтан шыққанын да аңғаруға болады. Адамзаттың мәңгілік өмірге жетуі үшін сегіз сипатын соңынан алға қарай; 1. Туылу,тудырушы 2.Сөйлеуші, 3. Қалаушы, 4.Естуші, 5.Түсінуші сипаттарын меңгеруді бес қуаттық тәңірлік негіз деп атаймыз.  Абай атамыз; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп насихаттаған.  Қазіргі исламдағы бес парыздың, шариғаттың негіздері  де осы бес қуатты меңгерумен бес парыз атап, оның ішкі сандық мәні 120 болып негізінде Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған кітаптардың рухани қуат, деректердің саны болады. Бірақ негізінде мұндай негізгі қуаттардың саны үш түрлі ғылымның бастауымен; Қызыл, Сары, Көк болып үш жүзді, Алланың  негізгі үш жүзіне байланысты болады.

       Қазақтың үш жүзге бөлініп, жеті атамен есептелген туылу, тудыру… тектілікті меңгерумен байланысты сипаттарымен осы 5 негізді меңгеруге біздің әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз бекігенді. «Төртеу; «туылу, сөйлеу, қалау, есту» түгел болса, төбеден түсінік келеді» деп қарапайым ғана нақылмен белгілеп өткен.  Біздер осы бес қуатты меңгеруді түсінумен, наныммен, сеніммен ақылдың қуатымен байланыстырып, бекітіп; «Жетесізге жеті айтса да түсінбес, санасызға сан айтқанмен түсінбес» деп нақыл қалдырған. Біздің қазіргі кездегі масһаб ұстанымының негізі де орта топтық араптардың құранның үнін бұзбай ұстап тұруға арналғаны да хақ. Ал енді қандайда бір жаратылыстың себептерін 3 ғылымның негізінен тарқатып жұп, пар қылып жаратқанын ескерсек, бұл бес қуаттың да жұбы, пары болып 3х5=15 сандық мәні барын неге біз ұмытуымыз керек? Сондықтан үш жүздік қуаттық жүйені толық меңгеру үшін де шариғат, тарихат, мағрипат болып және оның ғылымын таспихта белгілеп те қойғанды. Егер 99 санды таспихқа мұқият зер салсаңыз, 3 бөліктен және таспихтың жоғарғы бөлігінде 3 тастың болуымен де ерекшеленеді.  Яғни 99 санды құлшылықтың үш рет қайталануын ескертеді.

         Сонымен мұны Ясауи бабамыз сәни дәптерде ашып хикметтердің (кереметтердің) санымен белгілеп көрсеткен. Бұл 15-сүренің 99 санды аяттардан тұратыны да, осы құлшылық негізін көрсетіп тұрғаны деп біліңіз. Біз ешқашан жұпты таба алмаймыз, жұпты жарату, қосу, көбейту жаратқанның үкімімен ғана болады. Ал өз еркімізбен жұптасқанның өзінде бақытты болып немесе текті ұрпақты өмірге әкеле алмаймыз. Олай болса,  біздердің рухани өнімдеріміз тақпен  тақуа болуымен, яғни ұқсастықпен, жақындықпен қосылумен, жүктелумен немесе берген несібе қуатты азайтумен  ғана байланысты.  Біздер қандай заманда өмір сүрсек те жаратқанға жақындау үшін толық адам болып, жеті жанымызды жетілдіру үшін де бұрынғы өткен жеті тармақты ата-аналарымыздың рұқтық өнімдерімен, тазарған, тазармаған қуттарымен жүктеліп, яғни қосылып қана тақуалықты меңгере аламыз. Осы тұрғыда өз ата-бабаларының жаны жетілмей, кісілігі жындарға айналған жүктерінен бас тартқызған исламдық надандықтан арап және ислам елдерінде мәңгүрттіктің,  қиялға негізделген «экстремизмнің» пайда болуына соқтырғаны да хақ. Осы тұрғыда қазақ елі де бұл қасіреттен, надандықтан айналып өте алған жоқ.

       Сонымен қазақ ел билеушілернің мұндай дін шартынан бас тартуында да тектік тұрғыда жанмен берілген кітаптың қайшылығынан да деп түсінген дұрыс. Яғни сананы былай қойғанда, әрбір жетелі адам баласы жанында берілген кітабындағы ақпараттарға қайшы деректерді жиіркенішпен, қарсылықпен қабылдайды да. Ал керісінше жетесі жоқ, жүрегі жабық, қарсылық кітаппен яғни құранның қарсысымен жүктелгендер өз ата-бабасының дәстүрін жек көрушілікпен қабылдап, қиялға байланған, адасқан шайтанның жамағаттарының ізіне еруді мақұл көреді. Абай атамыз бұл сырды да философиялық тұрғыда баяндап өткен. Алла тағалада барлық сипаттарында ғылым мен құдіреті және рахметі де болып және әрбір сипаты жеке-жеке әрекет етуші емес, бір тұтастық тұрғыда болады дейді. Мұны біз өз ақылымызбен пайымдасақ, онда табиғаттың әрекеті барлық жер әлемінде бірдей, онда жаратқанның ғылымы да құдыреті, рахметі де бірге жүреді. Ал күн, ай, жұлдыз жер әлемінің барлық жаратылысына ортақ әсер әрекет ете алады. Ал адамзаттың жаратылысында рухани жетістігіне байланысты бұл сипаттардың шамасы да, қасиеті де, құдіреті де алуан түрлі болады. «Бес саусақ бірдей емес» деген мақалмен.

        Енді ел басының мәңгілік ел боламыз деген халыққа үндеуінің негізін қалау үшін; 1. Рахмет, 2.Құдірет, 3. Ғылым, 4. Өмір-мәңгілік ел сипатын меңгере аламыз. Ал мәңгілік Өмірді-Жанды Алланың өзі біледі кімге қалай берерін. Ал біздер үшін Рахметін, Құдіретін, Ғылымын меңгеруіміз керек. Сондықтан да Алланың құдіреті түсірген білімінде, өркениеттілік шаруашылық әдістері мен әл-ауқаттылық қуаттарды меңгеріп, өнерге айналдырып, қызметке қоюмен байланысты болып, ел басымыздың «инновация» деген бес бағдарын алуға болады. Бірақ оның ішкі қадамы 100 емес, құранмен сәйкес  енді 120 қадамға толығуы да керек. Сонда барлық қуаттық өлшемі де тақпен 125 (8) санға толып, болашақ сандық ғылымды меңгеретін жастарымыздың алдында да қателікпен  айыпты болмайды. Сонымен бірге Алла тағаланың рахметімен, ғылымын меңгеру үшін азаматтық ғылым мектебі ашылып, оның екі бағытта тәжірибелік және теориялық тұрғыда болып қалыптасуы шарт. Теориялық тұрғыда дін муфтияты мен философия, психология мектебі бірігіп әрекет етесе, ал тәжірибелік тұрғыда ата жолы мен дін істері  және екеуінің де арасында білім, мәдениет, спорт сияқты мекемелер тұруы керек. Енді біз дінді, құлшылықты тек мешіттердегі жалбарыну намаздарымен емес жалпы түркілік дәстүрмен қайта қалыптастыруымыз керек. Мұндай жағдайда дінге бөліну немесе тарихат, мағрипат деген де болмай тек қана адамзат өркениетінің мәдениеттілігі мен парасаттылықты меңгеру құлшылығы болып; 3,5,7,9,11 санды намаздары, қызметтік негіздері де пайда болады. Мұның 5 санын ел билігі меңгеруге қадам басса ал 7;9;11 санды белгілерін түсіндіру, меңгеру мәңгілік ел болудың жарғы үлгісін қалыптастыру азаматтық ғылым мектебінің үлесінде болып, соңғы нәтиже 3 санды құлшылыққа; Құдырет, Ғылым, Мәңгілік өмір дәстүрі болып қалыптасуы керек…(жалғасы бар. Мамыр 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.