4;Дін ісі мен Құдай ісі және ата жолы, діни сауаттылық

Бөлім: Арап көктемі және исламдағы бүліншіліктер 101

(Жалғасы.  Басы; Арап көктемі себептері, Шежіре тарих…Ден саулық….тақырыптарында.)

    Жаратылыстың бұлжымас заңдылығы әрбір нәрсенің жұбымен, парымен болып, тек Алланың бізге көрсетіп қойған хикметті құдайлық сипаты ғана жалғыз болу керек. Ал енді жалғыз дегенімізді санмен белгілесек онда; «Бір» ұғымы шығады. Ал бірге қосылу үшін тек жеті арқылы ғана немесе 99 сипатты меңгеру арқылы ғана Алланың жүзіне, «Бірге» қосыла аламыз. Яғни бірленудің де бұлжымас заңдылығы жұп сипаты бар екеніне дәлел. Енді шариғатты жалпы барлық үмметке  бір десек немесе тура жолды тек бір ғана деп түсінсек, онда оның ішкі 7 сипаты болып, 8-ші ғана бірлікке айналу керек. Олай болса шариғаттың да 7 сипаты болып 8-ші белесте бірлену керек. Тура жолдың да ішкі сыры, яғни сегіз сипаты болу шарт. Яғни сегізінші белгіде ғана; «Фатиха» бірге айналады. Бұл Құранның санмен көрсетіп қойған қарапайым ғана теологиясы.

Сонымен тура жолдың ішінде жеті жол болып, сегізінші орында толық тура жолға айналады. Ал сегізінші дегеніміз әрбір үмметтің ұлттық ерекшелік дәстүрі болып саналады да, аятта; «Сендерге сегіз түр жарттым» деген үкіммен жаратушымыз. Енді осындай жаратылыс заңының бұлжымас шартына сүйенсек, онда қазіргі таңдағы масһаб білімнің тажалдығы, яғни жалғандығы санасы бар пендеге түсінікті болу керек. Енді шариғат дегеніміз; Дін ісі болып, негізінен қадым ілімі деп атап, оның міндетті түрдегі жұбы Құдай ісі — құс ілімі болып саналады. Егер Ханафи маһабы тура жол десек, онда құранға және Алланың мына аятына ашық жала жауып, Аллаға күдіксіз серік қосып, ортақ қосамыз; «(Мұхаммед) Алла Нұхқа нұсқау берген нәрселерді (аян, уахи, түрлі істерді көрсету) сендерге діни жол қылды; Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырған нәрсең (берген уахи) мүшріктерге ауыр келді. Алла оған (уахи, аянға, көместен кітап алуға) кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе оны тура жолға салады.» (42-13) Бұл аятпен тура жол жалпы тұтас үмметке берілмейді, тек Алла қалаған құлын өзі аян, уахи беру яғни Нух пайғамбарымызға берген кітабын беру арқылы кейбір құдайдың қалауына жеткен тақуаларды ғана тура жолға салатынын ескертіп, ислам діншілерінің бес парызбен біртұтас тура жолда болдық деген өтіріктерін әшкерелеп тұр. Және егер Ханафи масһабын тура жол десек, онда қалған үш масһаб тура жол болмау керек. Ал, оларды тура жол емес, адасқандар десек онда жалпы ислам дініне, хадиске, құранға ашық қарсы болғанымыз. Олай болса, тура жолдың 4-еу болуы керек болып, ал оған тағы төрт құдайлық, тәңірлік сипаттарымен ерекшелігі болу керек.

     Бұндай философия білімі тажалдық екенін де жаратылыс себебіне иман келтірген әрбір ақылы азат пендесіне мағлұм болып тұр. Сонымен шариғат — дін ісі болып, діни жол тек Құдай ісімен, хикметті белгілерімен, әрбір пендеге жеке-жеке белгімен беріледі екен. Ол үшін де дін істері болып бекіген құрандағы сүремен берілген 8 пайғамбар істерін бөлшектемей біртұтас намаздарын да орындау керек. Олай болса; Жүніс, Жүсіп, Һұд, Ыбрайым, Әли Ғымыран, Мәриям, Лұқман сүрелері 7 белгі, яғни жер бетінде бейнеленген жеті жолдан хабар болып, сегізінші Мұхаммед сүресіне жалғануды ескертіп тұрғаны да хақ. Енді қазіргі таңда елімізде қалыптасқан; «Діни сауаттылық» деген ұғымды арап тілін меңгеріп, құранды жүргізіп оқу және шариғат тәпсірлерін меңгерумен байланыстырады.

Бұл да жалған ұғым. Біріншіден; тек харіп танығандар ғана, молдалар ғана діни сауатты болып, өзге халық діни сауатсыз болса, онда қалғандардың бәрі мұсылман емес немесе кәпір деген ұғым пайда болады. Бұл да ашық жала жауып, Аллаға ортақ қосу болып саналады. Бұндай сауаттылықтың білім беру саласындағы тіл сауаты мен сөз сауатынын ешқандай айырмашылығы жоқ  және болуы да сау ақылға сыймайды. Және сауат сөзі хат тануға емес рухани білімге, тазалыққа байланысты ұғым.

Екіншіден; ешқандай әріп те, хат та танымаған, құранды да оқымаған қаншама жер бетінде әулиелер, Алланың досы бар. Бірақ олар да сопылықты меңгеріп, кітап алғанын ескертеді Раббымыз. Егер діни сауаттылық тек арап тілімен, құранның түсуімен байланысты болса, онда Нух пайғамабырымыздан бастап Мұхаммед пайғамбарымыздан өзгесінің бәрі діни сауатсыз болып шыға келеді.  Демек діни сауаттылық құс ілімімен, түс жору білімімен де тікелей байланысты Құдай ілімін меңгеру, яғни хикметті меңгеру сауаттылығын діни сауаттылық деп атаған да ақылға да жаратушы үкімдеріне де лайық болар еді.

     Маған көптеген дін жолын меңгеруде жүрген оқырмандар; «Масһаб білімін неге тажалдық деп атадыңыз?» деген сауалдар қояды. Ал осы аз ғана мысалмен маһаб дін ғалымдарының құран аяттарына, дін философиясына теологияны есептемегеннің өзінде жалғандығын яғни тажалдығынан белгі беріп тұрған жоқ па? Ал енді осындай дін ағымын  жалған тажалдық білімдік философиясын қолдап, халықтың ақылына қақпан құрған ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ақындар, діншілер, ел биліктегілер шайтанның жамағатары болып шыға келеді. Енді мұндай тажалдық білім тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл ислам және барлық дін өкілдеріне де ортақ қасірет екені де даусыз. Ал оған себеп жан мен рухтың, пайғамбарлық пен елшіліктің, кітап пен құранның, иман мен сенімнің ара жігін, ерекшелігін, өлшемін жоғалтудан пайда болғанын дін ғалымдарының өздері де іштей келіскенімен, ал ашық мойындауға құлықсыз.

Пайғамбарлық жанның жетілуімен жарыққа шығуына, діл білімімен байланысты болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың жаны енді адамзат жанының жарықтық сипаттағы даму шегінің үлгісі болып, сондықтан енді пайғамбар жіберілмейді, яғни дін қағидасы да сөзде де жандық сипатта да енді дамытылмайтынын, өзгермейтінін ескертеді. Бірақ рухтың өзгеріп түрленуін де пайғамбарлықтың тоқтауымен, елшілік істерді де тоқтаған деген ұғым да тажалдық. Рух түрленіп, өсіп-өнбесе жалпы қозғалыс, жер бетінің тіршілігі де адамзаттың өзгерісі де, ақылдың дамуы да тоқтауы керек. Олай болу мүлде мүмкін емес. Құранның негізі рух, яғни  барлық насихаттардың қазығы болып саналады. Құранда; жан туралы мәлімет аз берілді деп ашық ескерткен. Бірақ ол арап тіліне байланысты ғана ұғым екенін түсінуден қалдық. Ал жан туралы мәлімет өзге жан туралы кітап берілген тілдерге аударылғанда, көрінетін де ашық ескерткен аяттарды қалай жалғанға шығарамыз?

Және сан теологиясы жан ғылымының негізі болып, інжіл кітабында бұл сандардың неге аяттың алдында тұрып, ал құранда сүренің алдында, аяттарда сүренің артында белгіленуінің өзінде ғылымдық үлкен сырлар бар. Сондықтан да құранның оқылуы да елшілікпен, рухпен, Алла сөзімен байланысты болғансын, бұл сипаттарды құранның ғылымдық маңызының, аяттар құпия сырларының ашылып адамзатқа айқын болуымен қиямет-қайымға дейін жалғаса береді, ал ондай хикметті білімді меңгеретін елшілер өз арамыздан шыға да береді.  Жан — негізінен әйел затына байланысты, ал рух ер азаматтарға байланысты болғандықтан; «Елшілерді тек еркектерден ғана тағайындадым» деген аяттың құпиясы да жан мен рухтың ерекшелігіне байланысты болмақ.

Ал енді Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін пайғамбарлық қасиеттерді әйел де, еркектер де меңгеруді тақуалық, мүміндік деп атайды да, елшілікті меңгеріп кітап алуды қожалық деп атайды.  Ал енді пайғамбарлықтың шыңы болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың сипаты болып «Жұма-62» сүресі осы қасиеттің шыңы болып пайғамбарымызға түсірілген, адамзаттың рухани тазарудың, намаз оқудың нәтижесі, сүресі болып саналады. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыздың асыл қасиеттеріне жалғануға болатыны, уахиды да меңгеруге берілген үкім аят; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла зор кеңшілік егесі.» (62-4) Бірақ осы аятты масһаб діншілері, ел билік, жазушы, тілші қоғамы; Алланы сараң, енді кеңшілігінен мұндай пайғамбарлық қасиетті құлдарына бермейді, уахи тек пайғамбарларға берілген деген пәтуамен Аллаға ортақ қосқанымен қоймай, сол жолда ақпараттық түрде күресіп, өзге ақпараттарға тыйым салып тажалға айналып алғандарын біле де бермейді.

    Енді Құдай ісі ғайыптан, көместен белгі, аян, уахи яғни Құдайдың бейнеленген өзі сипаттарымен, аруақтар арқылы байланыста болумен ерекшеленеді. Ислам діншілері мен ғалымдарының; «Алла пендесімен тілдеспейді» деген надандық пәтуасын мойындағанымен, бірақ түс көріп, оны кейбіреулер қаламаса да жан қалауымен қалай орындап жатқанын өздері де білмейді. Егер Құдай ісі болмай, жаратқан пендесімен тілдеспейтін болса, онда тіршіліктің даму заңдылығы тоқтап, яғни жанның өсіп-өнуі, түрленуі де тоқтауымен, қанша білімді болғанымен адамзат  аз ғана уақыттың ішінде хайуандық болмысқа айналып шыға келер еді. Ғылым да дамып, өркениет те қалыптасуы да мүлде мүмкін емес.

Егер Нұрсұлтан мырзаның анасы құдайдан аян алып, оны қабыл алмағанда мұндай қасиетті ұрпақты өмірге әкеле алмас еді. Егер Нұрсұлтан мырзаның жанымен бірге келген  рухпен байланысты қабілет, кітабы болып, оған аян, жаны арқылы жалғана алмағанда, Астана да салынбас еді және қазақ елі қысқа мерзімде  шаруашылықты дамытуда да мұндай жетістікке жете алмай құр біліммен, есеппен, партия құрып, өзгелерге еліктеумен қазақ халқы мүлде азып-тозып, құрдымға құлап та үлгіретін еді. Бірақ қазақ еліне берген құдайдың қалауы, хикметі демей, Нұрсұтан мырзаның арқасында осындай жағдайға жеттік десек, онда ел басыны тәңірге айналдырып алғанымыз. Осындай пәтуалармен  Құдай ісіне тажалдардың қарсы шыққанымен, дінші, ғалым, жазушы, зиялы қауым өкілдерінің қазақ еліне құдайдан келген бұл хикметтің алғашқы кезеңде өсіп-өніп өркендеуіне біріншіден масһабшылар зор үлесін қосқаны да хақ.

Аруақтан келген батаны тыңдамаған, жасырын болса да ата–баба, әулиелеріне зияраттамағандар қазақ елінде аз кездеседі. Бірақ бұл үрдістің тұрақты салтымызға, жалпы халықтық беделге ие болып, керуеннің дәрежесі артып, көптеген қасиетті, дарынды жастардың шыға бастауы сол екен, қызғаныш, көреалмастық сезімдеріне ие бола алмаған ел, дін билеушілері бірін-бірі дүниемен қорқытып және өздері әрең дүние сынағынан құтылған елімізді арандата бастады. Сонымен  ата жолымыз, яғни Адам атадан бері жинаған әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, ата жолын меңгеруге талпынған, ізденген бұқара халық ішінен осыны қабылдамайды, жек көреді дегендерді, өздері де толық түсінбей әрең жүргендерді, байқамай сүрінгендерді немесе арасында жүрген шайтан жамағаттарын тілші, жазушы, ақпарат басындағы  тажалдар қауымы аңдып жүріп, іздеп тауып, бейне баянға айналдырып, қайта-қайта теле арналардан, баспасөз беттерінен жариялап, ата жолы деген енді қазақ халқының рухани байлығы емес, адасқан топтардың ойдан шығарған әрекеттеріне айналып шыға келді. Бұған себеп ата жолға келген пенделердің діни рухани сауаттылығы, Құдайдың көрсеткен, берген хикметтеріне иман келтіргенімен шариғат, құран білімінен сауаттары болмағаны да себеп болды. Бұл жерде ара ағайындыққа түсетін философия ілімінің мүлде болмауынан және сөз ұғымдарын кез келген дінші өз қалауына қарай пәтуа беріп бұрып алуымен діни сауатты бірақ тіл, сөз сұхбаттық білімі болмаған қауым мен тіл, сөз білімін меңгерген және сол арқылы өздерін «діни сауаттымыз» ,деп жалпы сөз ғылымнан іргесін аулақ салған тажалдар қауымы арасында майдан шықты.

    Сонымен ел биліктегілер де мұндай Құдайлық ілімнің маңызын жоюға өз үлестерін қосып,  ақ жол деген Алла тағаланың білім, ғылым, сөзі емес, енді пенделердің өзі құдай болып, оны мемлекетіміз заңмен қолдаған партия болып шыға келді. Енді Ақ жол партиясы, яғни құдайдың өзі сипаты, оның басшысы, бұрын Әлихан Бәйменов мырза еді, ендігі құдайлық ілімді басқарушы Перуашов  «Тәңір» болып саналады. Және ел биліктің осындай әрекеттерден, сөздің парқын түсінуден қалып, жүректері жабылғаны сонша, мұндай құдайсыздықтарды құран түгіл;  «құдайдан хабар келді, жазаланатын болдыңдар» дегенмен де селт етіп, құдайдан қорқатын басшы, философ, көш басында жүрген зиялы қауым өкілдерін көре алмайсыз.

Олардың сөз түсінбеуіне, жүректерінің жабылып қалуына да барлық сөз араптан келген деп күнде ызыңдап, елдің тағдырындағы жанымен бірге берілген иманын жоюға дін имамдары жан беріп, жан алысып әлі кезге дейін күресуде. Яғни олар  енді сөзді жаратушы арап, құдайлық болмыс та, барлық жолдар да араптардан басталып, Ханафилік құдайына табынумен, өздерін жер тәңірісі ретінде бағалап қойғандықтан, енді тек бастарына, жан ұяларына құдайдың азабы келмей райларынан да, мұндай пәтуа тажалдық білімдерінен де қайта қоймайды.

Осындай жағдайда ертеректе қазіргі мәдениет министрі Құлмұханбет мырза сыр өңіріне әкім болып барғанда, бұқара халық, дінді меңгерген, пара алмайтын әділ басшы келді деп қуанып қалған болатын. Пара алмайтын басшымыз ата жолының, өз ұлтының нағыз жауы болып, сыр елінің барлық ақпарат саласы, мешіт имамдарын жұмылдырып, күні-түні тынбай ата жолы зияратшыларына  үлкен ақпараттық майдан ашқаны хақ. Менің де ата-баба әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жазған, дүкенге қойылған «Ақиқат бастауы» атты кітабым да құзырлы орындармен тұтқындалып тыйым салынды. Сонымен әулие-әмбилерден; «Бұл істі ұйымдастырушыларды сыр өңірінің аруақтары көктен лақтырып, етегімен қағып алар» деген уахи-бата келді. Бірақ бұл ақпаратты біздер түсіне алмадық, артынан  тік ұшақтың сыр өзеннің бойында құлап, көптеген адам өлімі мен ал Құлмұханбет мырзаның өзі аруақтардың шапанының етегінің арқасында аман қалған еді. Егер ел басы өзі араласып,  әкімін ол жақтан алып кетпегенде, арты немен аяқталарын Құдай білсін. Бірақ осы апаттан кейін үнемі көктен талай ұшақтар құлап жатса да, бұл бізге құдайдың белгісі шығар деген бір ауыз айтқан кісіні өз басым естіген емеспін. Керісінше құдайдан емес екенін дәлелдеуге шет елдің дінсіздерін де жұмылдырып, әйтеуір өздерін құдайдан да қалай үстем екенін дәлелдеуге тырысып және қолдарынан келіп, әйтеуір халықты сендіріп жатқаны да сөзсіз.  Ал ұшақпен болған алғашқы сынақ та ел биліктің ішіндегі құдайын танитын азаматқа берілген де еді. Бірақ онан да еш нәтиже, жауап та болған жоқ. Құтты өзінің лауазымы, дәрежесі, мемлекеттің шығарған заңы аман алып қалғандай болғаны да сөзсіз. Ең болмаса тәубеге келіп, кешірім сұрап, сыр бойының бір әулиесінің басын көтеріп, халыққа ас бермек түгіл, әлі ата жолын растаған бір сөзін халық естіген де емес.

Алматы қаласында болған май таситын көліктің апаты мен үйді де өртеп көрсеткен құдайдың ашық белгісін де енді көліктің сапасыздығанан деп түсіндіруге де ел билік жан таласып кірісіп кетті. Сондықтан мұндай тажалдық сипатқа түскен жағдайда құдайға да, дінге де, ата дәстүріне де ашық қарсы болған, көлеңкеде іс басында отырып өз үлестерін аянбай қосып жатқан талай ел биліктегі азаматтардың жуық арада сынағы да, қайғы-қасіреті де басталатын  айтып, бір күн болса да тәубеге шақыру мүмкін бе? Әрине жоқ! Құдай ешқандай азапты да, апаттарды да себепсіз және алдын-ала ескертусіз түсірмейді де жазаламайды да. Өлім алдын ала ескертіледі, ал шектен шыққанда, мойынсұнбағанда ғана ажал айтпай кенеттен келеді.

    Менің бұл жазбаларымды алдын ала аянмен көрген, батамен алған уақиғаларға түсірген шындыққа, уахиға сүйеніп жазып отырғанымды билік түгіл дін басында жүргендер де мойындауы мүмкін емес. Яғни Құдай ісіне ашық қарсы болатын қияметтік мезгіл басталып кеткеніне де ашық дәлел бола алады. Қазақ елінің мұндай қияметтік сағатының жақындап қалғанын Құдайымыздың арнаулы түрлі хикметтерімен ескерткеніне енді 17 жылдың көлемі болып қалды. Сол уақыттарда Ақ ұлға мөрмен бірге жалпы елімізге келген рахмет, нығметтің арқасында ғана қазақ халқының рухы тазарып, түрленіп, осындай аз уақытта көптеген нығметтерге жетіп үлгірдік. Яғни Алланың берген рахметіне таласып, тармасып артығымен алдық та, ал берген нығметіне шүкірлік қылып, аманаттарды қайтарып беруге келгенде сараңдық  жасап қана қоймай, мүлде теріс айналып, берген аян, уахи, хикметтерді артымызға, өткен шаққа лақтырып ескерусіз қалдырдық.

Ата жолындамыз деген аққу, сұңқарлардың басым көпшілігі азып, көбі керісінше шайтанның жамағатына, дінді азғын, жек көрінішті етіп көрсетуге, әулие бастарына жалаңаш, арсыз әдеттермен бастарын былғап, құранды мазақтаумен айналысып жатқандары да сөзсіз. Бұл жағдай әрине ар-намыссыз, ұлттық ділінен ажыраған мешіт имамдары мен тілші, жазушы ағайындарға таптырмас олжа. Өздерінің жазған өтіріктерін, тажалдық білімдерін қорғауға, онан артық қандай мысал, дәлел керек? Және халықтың рухани байлығын, ақ бұлақтарын, ойпаттарын болашақ ұрпақ нәсілдері өсіп-өніп тазаруға арналған құдайлық діл, бәйшешек бақшасы мен көк қазына есіктерін мемлекет заңымызбен, дін ісі мекемесімен пышақ үстінен үлестіріп ойына келгенін істеуге, әулиесінің басын ит қораға да айналдыруға болатын ұлықсатымыз, заңымыз болғандықтан тажалдарға мұнан артық жеңілдіктің не керегі бар?

Әулиелі жерлері, киелі ойпаттары таза болмай, қараусыз қалған елдің көк отанында  қараусыз, шек арасы болмай, халқы да мәңгүрт, иман жарықсыз қалуы партиямен, түрлі айламен басқаруға да оңай болады. Бөліп ал да билей бер! Жер тәңірлеріне онан артық не керек? Құдайдың ісіне тыйым салса, өздерінің ескі білімін тықпалап, халық ауырып азған сайын билік басындағыларға да жаңа заңның да қажеттілігін туындатып, дүниеге мұқтаждығы елдің артқан сайын, өздерінің беделдерінің онан сайын арта беруді кім қаламайды. Қажеттілік артқан сайын сұраныс та көп. Онсыз да аз уақытта осындай саясаттың арқасында заңгерлердің, депутаттардың жинаған беделі құдайыңнан артық болмаса кем емес! Ал масһаб діншілері; «Білмесеңдер, білгендерден сұраңдар» деген пайғамбарлардың; «кітап берген әулиелердің аруақтық қаннатты періштесінен сұраңдар» дегенді өздеріне бұрып алып, сандық мәндеріне де қарамай, өздерінің беделінің артуына пайдаланғандықтан,  енді қарапайым мешіттегі имамға қарсы пәтуа айту мүмкін емес. Құдайдан бірде-бір өздерін кем сезінбейді. Оған еліктеген жастар құранды жаттаса болды, тәпсірлік білімі артқан сайын оларға деген қажеттіліктің де артатынын және көпшіліктің назары да өздеріне ауып, мұндай білімнің зор беделін біліп, біз де кіші құдайға айналамыз деген тажалдық елес бәрінің соңынан жын-шайтан болып еріп жүр. Олардың бәрінің өздерінің сиынатын баспасөз басында екі мүйізді болған, ал халық алдында керемет дәстүршіл, елдің жан ашыры, биілікке де қарсы халықтың дүниесін түгелдеуші жан ашыры болып, қит еткен өзіне сәл жоғары пенделердің қадамдарын аңдып; «қылу керек,  қыру керек, көшеге шығу керек, жабу керек, жою керек, халыққа бәрін тегін үлестіріп беру керек» деп бірді-бірге айдап салып бедел жинап отырған көкелері бар да, сондықтан оларда да не қам бар? Сүйтіп амалдап, бірін-бірі жамандап, әйтеуір бір күні биліктің майлы басын ұстайтындарына сенімді болғасын, құдайды ойлап қайтсін.

Сондықтан бұқара халықтың құдай ісін білмей, тек өздерін жазып бергендерін, айтқандарын ғана істейтін, отыр десе отырып, тұр десе тұрып, айдап салса қырып беретін мұндай тобырсыз қалай тіршілік етпек? Ал, Құдай ісін білсе, онда не болмақ? деп сұраңыз енді. Ол үшін сөз атауларын, ұғымдарын және құранның сандық теологиясын меңгеру керек. Ондай жағдайға жеткен қандай де бір адам баласының Абайын санмен, құран аяттарымен салыстырып оқуға шамасы келіп, ұлттық намысы, қазақтың даналығына деген пікірінің өзгеруімен, ел билік пен көш басындағылардың тажалдық білім әшкере жария болары да хақ. Ондай масқара жағдай кімге, қандай басшыға қажает? Сондықтан менің 7-8 жылдан бері жазған негізінен 6 түрлі сипаттағы рух, жан білімінен, Құдай ісінінен, хикметтерінен, сандар теологиясымен Абай-Шәкәрім еңбектерін зерттеу тәсілін жазған кітаптарымды еш жерде бастыру немесе көптеген қазақ сайттарында ашық жариялау мүмкін емес. Абай туралы еңбегіңді Абай кз сайтына қабылдамайтын болғаннан кейін не сөз? Бірақ бұл қауымның үлкен қателігі де, Құдай хикметімен иманды өзі жанға жазып, ертең халықтың арасынан керемет дарынды жастардың шығып және бұл қазақ еліне келген өліктермен тілдесу хикметтерінің білімін өзге халыққа да ашып, әсіресе европа халқына білімін беріп жатқанын аңғарудан қалған.

Ал маған берілген жазылуға тиісті дін ғалымдары мен философия, психология білімнің надандығын әшкерелейтін, әлемнің де дін құндылығын құран арқылы дәлелдейтін 7-ші негізгі жан сырының, пайғамбарлар шежіресінің құпия сыр кітабы әлі жабулы қазан күйіне тұрғанын да біліңіз. Оның да жарық көріп, бұл күнгі даналардың, діни сауаттылардың күні ертең надан болып, ел бетіне қараудан қалатын да күні алыс емес! Тек оқырман қауымның ондай ақпаратты қабылдауға әлі имандылығы, яғни хикметтерді түсіну естілігі, денінің саулығы жетіспей жатыр. Сонымен енді қазақ билігі, көш басшылары қаласын, қаламасын  еріксіз сынақ майданы басталып, бұл хақиқат ашылып, Құдай мен тажалды білімділердің жуық арада соғысының алғашқы дәмін, нәтижесін тататын күндер де басталады. Сіз сеніңіз, сенбеңіз мейлі оқушым, хақиқат келді, негізсіз нәрселер сөзсіз жойылады!

( 2013 жыл. Жалғасы бар.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *