Қазіргі таңдағы масһаб және ислам дін «ғұламаларының» өзге діндердің бәрі де адасқан, сондықтан олардың кітаптары мүлде жарамсыз деп, ал ақиреттік аруақтық, кісілік сипаттармен бейнеленген, көктегі жұлдыздармен, жаннаттықтармен оқылатын Алла тағаланың тарапынан жолына қосылған шындықтардың жоғалып өзгермейтінін, оның иман қуаты болып жанға кітап болып қайта оқылатынын мүлде жалғанға шығарады. Иман келтірдім деген ұғымның осындай шындық кітаптарға жалғандым деген ұғымды, сендім, мұсылман аталдым деген ұғыммен алмастырып алған. Осындай әлемдік тұрғыдағы әрбір ұлтқа, пендесіне жалғануға тиісті жан ғылымын – Алланың жібін үзіп, исламдық тұтастық жүйені бөлшектеуден; жан ғылымының, құдайлық жол-жобаның, ата-бабамыздан ауысып келе жатқан аманаттардың мүлде ескерілмей, сөз мінезінің, ой қуатының маңызын жоғалтып, ібілістің қақпанына бүкіл адамзаттық ақылын байлауға ислам дінінің, құранның терістелуімен әлемдік рухани дағдарыстың туындауына себепші болғаны хақ.
«Құранда алдынан да артынан да бос сөз келмейді», «Құран өзінен бұрынғы кітаптарды растайды» деген Алла тағаланың сөзінің, шындықтың аруақпен бейнеленуі құранға дейін де, кейін де үздіксіз және жалғаса беретін үкімінің ендігі масһабшы, тарихатшы т.б. түрлі исламдық топтардың ақылына иман қуаты болып қабылданбайды. Себебі олар жындылық топтармен негізделіп, өздерін Алла тағаланың ең сүйікті құлы, әулиесі, жынсыз, жоғарғы кемі 4 (төрт жағы түгел) қанатты періштелігі-аруағы бар, пайғамбарымыздан жеке-жеке куәлік алған, аманат жүктерін ақтап шыққан жаннаттық тұрғын санатында көреді. Жалпы дін жолында болсын мейлі дінге қарсы болсын, жаратушының жер бетіндегі өмір сүрудің ережесі, аталықты, текті сақтау заңы болған құрансыз тіршілік жоқ. Сондықтан құранның әрбір аяты – Аманат! Егер бұл аманатты ерікті түрде ақылмен түсінбегенде, онда әрбір пенденің өзіне-өзі жасаған, жүктелген қиянаты болып саналады.
«Әй Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәрйем ұлы Мәсих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәрйемге жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рұх..» (4-171) Рұқтық тұрғыда Алла тарапына жалғануға елшілікте бекіген Ғиса пайғамбарымызға иман келтіру, ақиреттік шындық кітабына жалғану, мойынсұну естілікке сын, негізгі аманатқа жатады. Алдыңғы бөлімде баяндалған; ««…ол, өте залым, тым білімсіз…» нәсілдік жүктерді меңгеруге де бастың тазалығын меңгеруге Ғиса пайғамбарымыздың Масіх-Ахметтік кітабына жалғануымыз керек. Қазір христиан дініндегілер терістеп алған бастың және мойынның тазалығы арқылы ғана елшілердің төбеден қол қойып жүрекпен екі арадағы жолды ашып жүрек көзінің ашылуына бас арқылы Алла сөзі, нұрының енуіне мүмкіндік жасалған.
Талай ғасырлар өтіп, христиан дінінің бұл тақуалығы ібілістің ұрпақтары арқылы терістеліп, бастың қадірі кетіп, енді Мұхаммед пайғамбарымыздың келуімен қайта қалыптасқанмен, орыс халқымен ұзақ уақыт бірге өмір сүрген біз сияқты елдердің ібілістің қақпанына, түнек күштерінің ықпалына қайта байланғаны да хақ. Қазақ даналарының, абыздардың, ата-баларымыздың аманаттарды орындау, қиянаттан сақтанудың жолдарын нақылдармен астарлап қалдырғанын да естен шығармаған жөн. Әрбір пенденің жетелі сөз түсіну қабілеті, ұяттылығы болуына кепіл болатын «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген төрт жақ көлеңкенің бір тұтас аруаққа, періштелік жанға төрт қанат болып қалыптасудан төбеден келетін құс-жұлдызға жалғанудың сырын інжілмен байланысты ғана меңгеруге болатынын да білген жөн. «Хақиқат келді. (Қиямет мезгілі басталды)… Құраннан мүміндереге (намаз оқушы, парызшы жалпы мұсылманға емес) ем-шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың (білімсіз жүк жын, шайтандардың) зиянын тым арттыра береді.» (17-82)
Қиямет мезгілінде меңгермеген аманат жүктердің адамзатқа еріксіз түрде шерік болып қосылуы болып, мұндай жағдайда інжілдік сипаттағы ем –шипалық күнәдан тазару, рухани өлімнен өтуді енді құран арқылы меңгеру тиісті болмақ. Олай болса, Алла тағаланың қолдауымен құран кітабы шындықтан – нұрлы сөзінен Ғиса пайғамбар аруағы арқылы жалғанып; ем-шипа алып, жынымызды тазартпай, шайтанымызды көбейтіп жақпай, жүктерімізді меңгеріп, аманаттарымызды ақтамай; мүмін, толық мұсылман, мүмін және иманды болып саналмаймыз. Сондықтан да мүмін аталуға, өз тағдыр кітабының шындықты меңгеріп, өз рұқының қожасы болуға, яғни кітап иесі; «Қожа» аталу үшін арап болып туылып, пайғамбарымыздың қандас туысы болу немесе қазіргі кездегі қазақ ұғымындағы қожа руынан шығу керек деген пәтуаның; құранға, жан ғылымына қарсы Аллаға, дініне, құранға ортақ қосу болып табылады. Адамзаттың жаратылысындағы 8 түрлі жынның рухани өлімнен өтуімен, күндан ақталумен ғана бір жындық қуатқа, иман серігіне, яғни Ғиса пайғамбарымызға жалғанып иманды келтірген, Алла тағала нұрынан үлес алған болып саналады.
Мүмін аталу үшін рухани өлімнен өтудің маңыздылығын аятта; «Кітап иелері, Ғисаға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады.» (4-159) Жер әлеміндегі барлық адамзаттың маңдай тағдырының (Шәкәрім ата; «Бір ханның кеудесіне жара шыққан» деген насихатындағыдай 15 жасар жан баламыздың) өліммен түбінде кездесіп, кеудеміздегі көңіл жарамыздың емделуден өтуң шарт. Осындай жағдайдан өткен, Алланың сүйікті құлы аталған ата-баба аруағына, кітабына жолығумен ғана Алланың бекіген сөзі Ғиса пайғамбарға иман келтірген болып саналады. Және де аятта; «Күдіксіз Ғиса қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған (киелі рұх пен жанға) еріңдер. Міне осы тура жол. (61) Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан.» (43-62)
Кезінде Ғиса пайғамбарымыздың басынан өткен сол кезеңде болған қияметтік жағдайдың қайталанып «парызшы», дінші аталғандардың мұндай елшілік, емшілік, құдайдан хабар алуға қарсы тұрып, бұл жолдан, шындықтан тосушы шайтанның жамағатына, ібілістің ұрпағына айналуын інжілде де баяндалған. Яғни аяттағы; «…Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» деген Раббымыздың үкімі қазақ елінде ашық түрде қайталанды. Масһабшы парызшы аталған қауым мен діннен ашық бас тартқан ел билеуші, зиялы қауым өкілдері өз еркімен аманаттарын ақтауға жолға шыққан бұқара халықтың өкілдерін аяусыз қудалап, соттап, айыппұлдар салып, құдайға, хақиқатына, ғылымына қарсы ашық соғыс жариялағандары да хақ. Керісінше бұндай істердің шариғаттың тазалығын сақтамай, ата дәстүрін меңгермей адасушылыққа, жындылыққа апарып соқтыратынын түсіндіріп, тәрбиелеумен айналысулары керек еді. Бұл білімді қауымның, ел билеушілердің, діншілердің де өз мойнына еріксіз алған аманаттарын аяқ асты қылумен нәтижеленіп, құдайдың лағнетіне ұшырауға апарып, қияметтік сағатты соқтырғаны хақ. «Өзің білме, білгеннің (тағдыр, аруағыңның) тілін алма!» деген қарғыстың ең жаманы да осы қауымның еншісіне тиісті болғаны хақ.
Ата жолын секта деп атауға, бұқара халықтың аманат жүктерін алып тазартуға, бірін-бірі емдеуге, жамандықтан тазартуға деген талпыныстарын исламдық дін ғаламдары құранға қарсылық деп, ел билікті де қарсылық заң шығаруға мәжбүрлегені де хақ. Ал енді құранға жүгінсек, аятта; «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты (ол залым тым білімсіз аманат жүкті) ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сенімен мен екеуің арасындағы дұшпандық қылған біреу (ібіліс-кісі, жын) өте жақын достай болып кетеді (алды- артың күзетшіңе айналады).(34) Бұл қасиет; сабыр еткендерге (жынын тазартқандарға, ақталғандарға) ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35) Енді бұл аяттардың үкімі дін ісі мен шариғатта, масһаб білімінде қаралмағандықтан және Ғиса пайғамбарымыздың аруағымен, інжіл, зәбүр, тауратпенен байланысты болғандықтан, қазақ дәстүрінде бекігенмен, өзге исламдық дін салтында жоқ. Олай болса, мұндай қасиеттілікті меңгеруге бағыт алған ата жолын ел билеуші мен дінші, зиялы атты қауымдардың шайтан жамағатына, ібіліс ұрпағына айналып, ата жолын, дәстүр ісін қудалап, тұншықтыруы да құранды теріске алған зұлымдық, тажалдық іс екені де хақ.
Мұндай жағдайда жоғарыдағы аяттың; «Құраннан мүміндерге… және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың (білімсіз жүк жын, шайтандардың) зиянын тым арттыра береді.» деген үкімімен Мұхаммед пайғамбарымыздың Ахметтік тұрғыда дін ісі шариғаттың маңызды болуын, яғни; «(Мұхаммед) Сен Раббыңның мархаметінде жынды емессің (2)… (сондықтан да) Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (68-сүре 4-аят). Бұл аяттар бойынша дін ісін меңгерумен, көркем мінезді және сөз мінезін меңгерудің де маңыздылығын қазақта; «Жаңбырмен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деген нақылдың маңыздылығын білдіреді. Сонымен бірге аятта; «Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік» (6- 107 аят) деген үкімге сүйенсек мұндай кезеңде пайғамбарымыздың шапағатына жалғанған әулие-әмбилердің тылсымнан бата беруі де Алла тағаланың рахметі болатыны да хақ.
Сондықтан мұндай рахметтік сипаттың, құран кітабының тылсымнан аруақ-шындық болып оқылуын аятта; «…Саңырауларға да (басын қорғамаған) дауысты (аруақ үнін) естірте алмайсың. Соқырды да (жүрегі жабық, жындыны) адасқан жағынан тура жолға сала алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп (аян, уахиға амал қылып) өздері бой ұсынған кісілерге (алды-артағы күзетшілерге) ғана естірте аласың.» (30-53) Ал қияметтік мезгілде Мұхаммед пайғамбарымыздың рахметі сипаты болып «Егер оларға періштелерді түсірсек те және өліктер сөйлесе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес..»(6-111) Бұл үкімге аманатқа қарсылық білдірген қазақтың ел билеуші, дінші, зиялы атты қауымның аруақтың тылсымнан сөйлеуімен қазақ дәстүрінің қалыптасқанын да мойындауға жындарына қосылып алған шайтандары қарсылық білдіргені де, сондықтан осындай ашық аяттарды түсінуге де сөз мінездерін, арлылықты меңгеруге құлықсыздықдары да себеп болғаны хақ.
Ал өлілер қалай сөйлейді десеңіз, аятта; «Жер жүзінде нақ сенушілерге дәлелдер бар… Көк пен жердің Раббына серт. Шүбәсіз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты.» (51-23) Ғиса пайғамбарымыздың рухани өлімінен өткен, күнәдан ақталғандардың осындай аққу, сұңқарлық қасиетпен құс тілімен жер, көкке жалғанып біздерге аруақтардың сөзін жеткізетінін аятпен растап тұрғаны да шындық. Ал енді иманы жолдас болғай Ақ ұлдың Қыдырәлі Момбай ұлына жүрек құлағын ашудың мұғжизасы беріліп, қазақ ұлтына бұл берген сыйды, аманатты аққу, сұңқар аталғандар ақтай алды ма, әлде ібілістің ұрпағы болып, ата жолын жындылыққа негіздеп, халықты теріс айналуға, жек көрнішті қылуға себепші болды ма, оны алда талқылаймыз.
Сонымен ата жолының әуелі Ғиса пайғамбарымыздың басты тазартумен және Мұхаммед пайғамбарымыздың аяқты тазартып, ақ табанды болуын біріктірген хаж амалымен жер ана рұқынан ақталудан өтіп, әрбір пендеге аян мен уахи алудың құдайлық шындыққа, әулие-әмбилердің аруағына жалғанудың маңызы болып; «…Өзіңе келген (аян, уахи) шындықтан айырылып, олардың ойларына (білімге) еліктеме! Сендерге (мүміндерге) әрбіреуің үшін жол-жоба (шындыққа, аян, уахиға жалғануды) қойдық. Егер Алла қаласа еді бәріңді бір-ақ үммет (бір ұлт, нәсіл) қылар еді. Алайда сендерге берген (шежірелік, ұлттық, тағдырлық ерекшеліктегі) жол-жобаларыңда сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендерге (пайғамбар және шапағатшылар, біздер арқылы) таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) деп ескерткен Раббымыз. Иманды меңгеру үшін сабырлықты меңгерумен, яғни ашуды ауыздықтап, жын мен шайтандық қуаттардың арасына ақылды қойып, ақылға ойды жалғап, аманаттарды жүктер алумен қасиетті, ақ бақсылық текті меңгеріп, жындылықтан тазару міндетті болмақ.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтан түйіні бар» деген қазақта. Алла сөзінің, рұхының тоқсанның басы Адам-Әке (отец) болса, түйіні Бала-«Сын», Ғиса пайғамбарымыз көркем сөздің, ойшылдықтың киесі болып, «Әкеге балаға серт!» (90-3) және жыннан шайтан арасын ажыратып, қанды тазартып, жанды меңгеру үшін; «Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл екі ерін?(9) Оған екі жол көрсетпедік пе?(10) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) деген аманатты меңгерудің қазақ әдет-ғұрпы болып қалыптасқаны да хақ. Олай болса інжілдік табынудың; «Во имя отца и сына и святого духа» деп үш түрлі текті меңгеруді ескерткенді. «Святой дух» аталған құдайдың нұрынан, періштелігінен болған, адамзаттың жаралыс негізі жардың нұры, Мен — махаббат болып, яғни жанның түйіні Мұхаммед – сүйіспеншілік болып жаратылғаны да құранда (10-16) аятпен ескертілген. Сондықтан Адам атамыздың екі ұлымен діннің де түйіні құран болғаны да хақ. Адамзатқа ең соңғы пайғамбарлар болып екі жолдың Ғиса мен Мұхаммед болып көрсетуінде, Адам-Ғиса-Мұхаммед болып Алла сөзі бекігені де хақ. Сондықтан Ғиса пайғамбарымыздың ішінде де Мәрйем анасынан жардың нұры «Мұхаммед» болып құранның бөлшегі Інжілді оқығанын аятта; «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас та едім де, оны сендерге білдірмес те еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?», -де.» (10-16)
Адамзатқа жаратылыстың басынан бастап, іштен Алла тағаланың хикметті білімдерін, құран аяттарын көрсетіп, білдіріп, аманаттарын ескертіп, құдайлық жол-жобасына шақырып тұратын жардың үні Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілігімен, аруағымен байланысты екенін де растап тұр. Бұл Алланың махаббатына да ашық дәлел болмақ. Алла тағалаға махаббаттың қалыбы болған, аманаттарға қиянат қылмаған, жомарт жүрек арқылы жақындауға мүмкіндік болмақ. Енді адамзаттың аманатын қалай ақтауды түсіндіретін құдайлық аян, уахиға жол–жобасына жалғанудың насихатын түсінуге, ақылдың қуатына тосқауыл қоюға, ібілістің де өз ұрпақтарын дайындауда дінге, ата-баба тарихына, ата жолына деген махаббатына алдынан ой өрісі (бәйшешек бақшасына), көзіне дүние қызығымен шөп салып, тосқауыл, кедергі қойып дінші, ел билеуші, ғалым атақ дәрежені дүние тіршілігімен, ақша-байлықпен бағалауға мәжбүрлеп, жындылықты адамдық деп түсінуге мәжбүрлейді. Артымыздағы ата-баба шежіресімен, тарихымен өсіп өнген, ақылдың еркі болған «бәйшешек бақшасын» меңгеруге де ашық тосқауыл қойып, қазақ халқы зұлымдықты сатып алған жындылыққа негізделген шайтан жамағатына айналып алған ел болып саналамыз.
Мұндай жынды, шайтан жамағаты болған, ойсыз білімді пенделер өздерінің меңгерген білімділікті даналық, парасаттылық деп қабылдап, дінді — ілімді білімге қарсы қойып, діншілермен арада өзара соғысып кетіп, заңмен шектеп, аманаттың мүлде ақталмай құлшылығының жоғалуына әкеліп соқтырып, әлемде бүліктің, соғыс өрттерінің тұтануына, барлық салада дағдарыстың пайда болуына әкеліп соқтыру да үнемі қайталанып тұратын тарихи оқиғалар және заңдылық. Ал аманатқа қарсылық қылып, діннің өрісін тарылтып, мешіттерге, шіркеулерге апарып тыққаннан, ақылды қазыққа байлап, халық арасында екі жүзділікпен жындылықтың қалыптасуымен; «Нәтижеде Алла мұнафық ерлер мен әйелдерді және мүшрік ерлер мен әйелдерді азапқа салады да мүмін ерлер мен әйелдердің тәубесін қабыл етеді. Алла тағала аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (33-73
Қандайда бір пенде ана тілін, ұлттық сөз ғылымын толық меңгере алмаса, сөз атауларының ой үнін терістеп, сөз мінезін өзгертумен айналысып кетсе, ондай пенделердің қандай атақ дәрежесі болғанымен; мұнафық, екі жүзді жынды болып саналатынын, пайғамбарымыздың жанында жүрген сахабалардың да арасында болғанын аятта; «Мұхаммед егер қалсақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан танисың. Алла істегендеріңді біледі.» (47-30) Ал қазір жоғарғы дәрежелі ел билеуші, дінші, ғалымдардың арасында құдайға, жан ғылымына, ар біліміне қарсы болып, жоғарғы дәрежелі ел билеуші, ғалым, философ, теолог, дін имамдарының да екі жүзді сөз сөйлемейтін пенде қазақта жоқ десек те болады. «…Сөз мінезі құбылса, Ар иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сыдырса, Оны ойыңмен айуан қыл. Дұспанға да бол әділ, Түсірме ойға тат пен ніл. Ұмытпа болсаң біздің ұл, Осы өлеңді құлаққа іл!» деп Шәкәрім атамыз екі жүзділік, мұнафықтықтың соңы айуандықпен ар-ұяттың қадірін түсінбей, жоғалтумен аяқталатынын ескертеді.
Сонымен қазақтың бүгінгі таңдағы көрінісін пайғамбарымыздың өсиетінен; «Еш күмәнсіз, Ұлы Алла тағала қандайда бір пендесін жоюды қаласа, одан ұятты тартып алады. Ұятты алған соң, ол пенде тек қана ашуға ұшыраған адам (жынды) болады. Ал ашуға ұшыраған соң (жындылыққа түскесін), онан сенімділік сипаты (аманат) алынады. Аманат алынған соң, ол тек қана қиянатшыл болады. Қиянатшы болған соң, одан рахым (мейірім, махаббат) алынады. Мейірімділік алынған соң, оған тек қана лағнет (қарғыс) айтылатын болады, яғни малғұндық халге түседі. Лағнетке ұшырап, малғұн болған соң, оның исламмен болған байланысы толығымен үзілетін болады (Ибн Мәжәдан).
Сондықтан бір Аллаға құлшылық дегеніміз – барлық жаратылыстық себептік қуаттардың белгісін алумен, жалғанумен, бастапқы негіз жарықтық сапаға мәңгілік өмірдің ақ бұлағына, Алла тағаланың жарық жолдарына жанымызбен жалғанып жаннаттық сипатқа бейнеленумен нәтижелі болмақ. Адам – жан мен тән деген Абай атамыз. Тәніміздің топырақтан пайда болатыны, ал топырақтың судан пайда болғаны ғылымда дәлелденген. Ал жанның жаратылу дәрежесіне келсек; 1. Топырақтан; 2.Өсімдікке айналып; 3.Хайуанға бейнеленіп; 4. Жәндіктер дүниесіне оралып; 5. Құстар әлеміне өтіп; 6. Құстардан адамзаттың тіршілігіне бейнеленеді. Әлемдік қозғалысының 6 санды жүйемен байланысты болып 18 мың ғаламның 6х3=18 есептік жүйеден тұрып Алла тағала мен екі арадағы аралық дәнекер жүйе, елшілігінің себептерінің негізі болмақ… ….(жалғасы бар. Ақпан 2016 жыл)
Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/