XI-Ойға түрткі, ақылға дем Ібілістің ұрпақтары мен жамағаты және жындар әлемі

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 92

  «Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсаң да ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса ғылым тұл. Ақылға еркін ой керек, Матаудан ойды азат қыл. Әдеттеніп ертерек, Өрісін кеңіт жылма–жыл… Атағы шыққан жақсыға Ақылды байлап қылма құл. Шатақ дін мен дағдыға Шоқынба, досым зиян бұл…Сөз мінезі құбылса, Ар иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сыдырса, Оны ойыңмен айуан қыл. Дұспанға да бол әділ, Түсірме ойға тат пен ніл. Ұмытпа болсаң біздің ұл, Осы өлеңді құлаққа іл!» (Шәкәрім сопы).

Мұхаммед пайғамбарымыз; «Әрбір жүз жыл сайын атау сөздердің ұғымы өзгеріп отырады» деп, атау сөздердің ой үні, ғылымдық қуаты  өзгеріп, сөз мінезін қайта қарап отыруды ескертіпті. Олай болса, әрбір жүз жыл сайын құранның да құпия аяттары ашылып, өзге тілдерге қайтадан аударылып отыруын қажет ететіні хақ. Ал құранның құпия аяттарының ашылуы мен ғылымдық қуаттың дәрежесінің артуымен және жандық қуаттың да өркениетін қалыптастыруға құлшылық істерін жетілдіруді де талап етеді. Сонымен өткен замандарда көктен түсіп, жер әлемінде дін өркениеті мен сөз мінезін жетілдірген жаратушының ғылымға жалғанған, кітап алған сүйген құлдары арқылы көрсетіліп, оқылған құдайлық уахилардың, жанға берілетін құпия білімдердің, кітап жүзіндегі шығармашылыққа, іргелі білімге айналып, оны жаппай халықтың меңгеруімен, жындық қуаттық жүйеге айналып, кісілікпен бейнеленіп отыруы да уақыттың, тағдырдың заңдылығы.

Сондықтан бұрынғы замандарда тек қана пайғамбарлардың, елшілердің, әулие-әмбилердің яғни жандық тұрғыда, адамдық сапада жетілген тұлға, даналардың хикметті білімдері, мұғжизалары, дарындылық қасиеттері, жыннан тазартуға негізделген намаз орындаулары, сауықтыру емшілік істері мен көрсеткен кереметтері бүгінгі заманда қарапайым сайман құрылғылармен, құлшылықтарының намаздарының білімін меңгерумен, жалпыға ортақ пәндік сипатқа айналып, кез келген пенденің қаракеттік ақылдың талабы (жындық болмысы), қасиеттілігі арқылы атқара алуға болатынына көз жеткізуге болады. Мұндай жағдайда адамзаттың тектілік сапасын, ақыл-ой қуатының да өркениетін яғни жандық сапасын үнемі жетілдіріп отырудың да маңызды екені хақ. Олай болмаған жағдайда, әрбір пенде тағдырын меңгеруге ғылымнан қуат жол-жобасын, аманатын алып амал қылудан бас тартса, онда жанның сапасы, қуаттылығы әлсіреп, ой өрісі тарылып, білімге негізделген адамзаттың жындық қуаты артып, ібілістің ықпалына түсуі де хақ.  Адамзаттың күнәнің құлдығына, ойсыз ақылға айналған пәндік білімнің соңына түсіп, таза ақылдан түсетін ой қуатына жалғануды терістеп  ібілістің ұрпағына, жамағатына айналып алу діннің де басты сынағы болмақ.

Адамзатқа негізінде үш түрлі текті қалыптастыру міндетті болмақ. Жындық тұрғыдағы тегіміз кісілік болып ақыл, білім, ерік-жігеріміз, өнеріміз бен ерекшелігіміз жер бетіндегі тіршілік үшін күреспен, көбейіп өсіп-өнумен байланысты болады. Ал жандық қуатты көбейтіп, өсіріп сақтаудың тектілігі дінімізді тазартып Алланың жан жібіне жалғанумен, құдайлық жол-жобаны, аманаттарды орындаумен күнәдан ақталып, ғылым нұрымен, құпия білім имандылықпен байланысты болады. Бұл екі тектің арасын жалғап тұратын нәсілдік, ұлттық тұрғыда жер мен көктен несібе азықты меңгеруге мүмкіндік жасайтын ұлттық сипатымызбен, ана тілімен, ділімізбен, сөз мінезімен сақтау арқылы ғана екі тектің де өркениетін, өсіп-өнуін қалыптастыруға, ғылымға жалғануға Алла тағаламен арадағы байланыс шежірелік ағашымыз ата-баба аруағымен байланыс жүйесі болады. Егер бұл үш тектің теңдігін, өркениетін дін дәстүрін меңгере алмаған  жағдайда, қияметтік уақиғалар басталып; түрлі жазылмайтын аурулар, белгісіз індеттердің пайда болуымен, әлемдік қуаттық жүйенің теңдігі бұзылады.

Ата-бабалардың өсірген шежірелік ағашына жалғана алмаудан, Алла тағаладан түсетін нұрдың, несібенің үзілуімен, түнек күштерінің үстемдігі артып, адам баласының жаны жетілмей, жындылық салттардың ықпалына ақылы негізделіп, ой қуатын жетілдіретін жанына берілетін рухани азықтың яғни көктен түсетін жерден шығатын нұрлардың, несібенің шектелуімен, жер әлемінде апаттар мен қияметтік мезгілдің уақиғасы басталуы да заңдылық. Қазіргі таңдағы әлемдегі экономикалық дағдарыстың да осындай жағдайда жаппай жындылыққа түсіп сөз мінезін жоғалтып, бірін-бірі  адамдық ар-ұяттылық тұрғыда түсінуден қалып, түнек күштерінің қызметшісіне, дүние-байлықтық құлы болудың  салдары ғана туындап жатқаны хақ.

Мұндай жағдайда халықты рухани ұйқысынан оятып, күнәнің құлдығынан босануға, ақталуға шақыратын дін саласының ғалымдары, қызметшілері де өткен замандағы белгілі бір атағы шыққан жақсыларға, олардың артында қалдырған талай замандар өтіп түрленген білімдеріне ақылды байлап, оған құл қылумен, құдай қылып табындырып, шоқындырумен айналысып кетуі де ібілістің жобасынан ұрпағына айналумен байланысты екені де хақ. Әлемдік тұрғыда ойшылдықтың, ойлау қабілетінің қадірі ұмытылып; басты жыннан, сары судан тазарту, қорғаудың дін шартының, намазының мүлде жоғалуымен, керісінше сасық өрісті, ойсыз «аң бас» болуды «этика» деп атаудан-ақ аңғаруға болады.  Барлық әлемнің сөзден, таза ақылдан, құдайлық рұқтан, Алланың сөзінен, үнсіз тілі, ой қуаты жарықтан пайда болатыны да хақ.  Барлық жаратылыстың жанды, жансыз нәрселерінің ішкі зайыры, яғни Алланың үні, рұқы, желі тәңірлік сипаты, қуаты болатыны білімдіге анық жағдай.

Алла тағаланың жер әлеміндегі барлық жаратылысты басқарып, бақылап тұруға екі аралық нәрселерін жаратып, ал екі аралық жаратылыс арқылы жер бетінің тіршілігінің әрекетінің айнасы, әрбір жанды нәрсенің метафизикалық, көместік көлеңкесі бейнеленіп, және өзара қарсылық қозғалысы мен ақиреттік өмірі де пайда болады. Бұл ақиреттік өмірдің төмені тозақ, жоғарысы жаннатық тіршілік болып үш түрлі қозғалыстық, қуаттық, жарықтық  жағдайдан тұруы да хақ. Аятта; «Көк пен жерді және екі арасындағыны ойыншық қып жаратпадық. (16) Егер бір ойыншық жасағымыз келсе де оны жасайтын болсақ өз қасымыздан-ақ жасап алар едік..» (21-17)  Олай болса әлемдік қозғалыс, уақыт, заман, адамзаттың дүние тіршілігіндегі тағдыры мен өмір сүруі, өсіп-өніп көбеюі, жаратылыстан алған барлық қуаттары да, оның жұбы пары болған ақиреттегі өлімнің арғы жағындағы өмірімен  байланысты болуы да заңдылық.

Жаратылыстағы қандай да бір қозғалысты туындататын екі қарама-қарсы қуаттардың арасында тепе-теңдігін, өзара қатынасын, тартылу күшін қалыптастыратын аралық жаратылыс әлемі барын жадыңызға тоқып алыңыз. Адамзат әлемнің барлық жаратылыстық, тәңірлік қуаттар жүйесінің тоғысатын орны, денесі, кіші әлем болып табылады. Сондықтан да адамзаттың өмірінде барлық жаратылыстық қуаттардың бейнеленуінің бірлігі, белгісі болып, мұндай қарама-қарсы қуаттардың іске айналып, сөзбен бейнеленуімен, өзара қосылу әрекетін қалыптастыратын, жаратушы тарапынан бақылап, басқарылатын тағдырлық кітабы, аруағы, қолы болып табылады.

Жер бетіндегі қандайда бір жаратылыстық өсіп-өнуіне, көбеюіне керекті қуаттарды жер, көктен алуымен, көместен, көрнеулік жаратылысқа бейнеленіп, жандылардың азығына, тұтыну бұйымына айналып, түбінде қайта топыраққа айналып отыратыны да шартты жағдай. Бірақ барлық өнген, қозғалыс арқылы пайда болған қуаттардың соңғы нәтижесінде адамзаттың жаны және жындық қуаттарына айналып, сөйленген сөздердің үні, ойы  арқылы бейнеленіп, бірігіп екі аралық жүктерге (нәсілдерге, малдық қуаттарға)  айналып, мұндай жаратылыстағы негізгі ең үлкен, ауыр күш қуаттардың белгісін алған метафизикалық тұрғыда көрінбейтін қуатты «көз», «жұлдызға» айналған,  рұқтық тұрғыда азық қуат болған жүктерді меңгеру үшін де адамзатқа құлшылық қылуы міндетті, парыз болып үкімделген және «Аманат» деп аталады. Сондықтан аятта; «Рас аманатты, көктер мен жерге, тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз (бейнеленген жын қуаты)…» (33-72)

Адам баласының тағдырына, ұлтына, тұрған жеріне байланысты және ата-ана тарихымен, шежіресімен байланысты меңгеретін аманаты болып; мұндай шеріктік жүктердің  қараңғылық, жындық тұрғыдағы бейнеленген нәсілдік қуаттардың, жетілмей қалған жанын өсіруге, көбейтуге, мәңгілік өмір сүруге жолдама алуға дүние тіршілігіндегі адамзаттың ізгілікті  құлшылық ісіне мұқтаж екені де хақ. Қазақ дәстүрінің; «Өлі риза болмай тірі байымас», «Ер мойнында қыл арқан шірімес», «Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді», «Аманатқа қиянат жасаған оңбас» деген сияқты астарлы нақылдары да жан ғылымына дәлел болады.  Бұл жүктер бес және үш сипатты қуаттың негізі болып; «Бес күн жалған», бес парыз деген ұғымдардың пайда болуына да негіз болып; Абай атамыз; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп ескерткен. Раббымыз; «Сендерге отсыз түтін, түтінсіз от жіберемін, құтыла алмайсыңдар» деп аманаттардың екі түрлі негізде бейнеленіп, адамзаттың аманаттарынан бас тартқанымен, қияметтік жағдайда еріксіз жүктеліп, азапталатыны да сөзсіз.

Түтінсіз от болып бейнелеген, бағзы замандарда өмір сүрген, жаны жетілмеген, білімсіз, жабайы сипаттағы, үсті жүн-жүн құбыжық нәсілдердің; тіршіліктегі адамзаттың ұятсыз, арсыз қылықтарынан бой көлеңкесі болып пайда болған сасық иісті өрістерімен қосылып, бейнеленіп, өзіне қайта жүк болып мінеді. Діншілердің ұғымындағы «шерік қосу» дегені де осы жағдайдан пайда болатыны да хақ. Қазақта «Албасты» деп атап, теріс қылықты пендені қарғағанда «албасты басқыр», «шерігіңе қосылып ал» деген ұғым болып; «жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс қайта иесін табады» деген. Ар сауытын, бой өрісін сақтай білген адам баласына мұндай қарғыстың әсері де болмайтыны хақ. Ал ұятсыз, арсыз пенделер мұндай жүктердің көлігі мен азығы болып, арам ас арқылы ішке де кіріп алуына мүмкіндігі артады.  Енді екінші түрі; отсыз түтін болып; шайтан қолы аталып, иістік ақпараттан тұратын, адамды баурап алып, өрісін бұзып, тағам арқылы, жыныстық қатынас арқылы, терінің қорғалмаған жерлері арқылы ішке, қанға өтіп, теріс үн ойды салатын немесе шариғат тазалығын ұстанбаған адамзаттың  бой өрісімен, бейнеленген көлеңкесімен қосылып, шайтаннан серігі болатын қуаттың түрі болып саналады. Қазіргі таңдағы жалаңбас, етек-жеңсіз, шашын жайған, шалбар киген, тәнін жалаңаштап жүрген барлық қатын-қыздар мен жалаңбас, жалаңаяқ жүретін еркектерді баурап, сөз  түсінбейтін мәңгүртке айналуға мәжбүр етіп жатқан қуаттың, шариғатты ұстанып, ата жолында намазын меңгеріп, орындалмаған аманаттардың әрекеті екені хақ.

Мұндай қияметтік жағдайға соқтыратын, түрлі дерттермен, жол байлаумен, тағдырын жоғалтумен себеп болатын уақиғалардан тек қана бес парызбен құтылып,  аманаттарды орындап күнәдан ақталмай, шариғат діні ісімен ғана жаннаттық боламыз деген де надандық және ібілістің ықпалына түсумен ақылды байлап қоюмен, еріксіз белгілі бір топтық жындылық топтарға айналумен байланысты болмақ.  Егер адам баласы құдайдың үніне, ата-бабалардан қалған дәстүр мен насихаттарына құлақ салып, ерікті түрде мұндай жүктерді алуға жолға шықса онда оған Алла достары арқылы Алла тағаланың да ғылым қуатынан, нұрынан ем-шипа, рахметімен жәрдем беретіні хақ.  Сондықтан да Абай атамыз аманаттарды ақтауға, құдайдан жол-жоба алудың маңыздылығын, ол үшін Алланың досын табуды ескертіп және дін құлшылықтарын бірлеу үшін «Үш сүюдің», үш түрлі махаббаты намаздары барын да насихаттаған. Сонымен мұндай шариғат дін ісінен жоғары тұрған тарихаттық, мағрипаттық жолға түсіп аманатты ақтаудың 4 түрлі дін қағидасын ислам дінімен біріктіріліп, адамзаттың жан өркениетін, ғылымды меңгерудің дәстүрі тек қана қазақ халқының еншісі болып қалғаны да хақ.

Аманат жүктердің ерікті түрде адамзаттың құлшылығы арқылы ақталмай, күнәнің үстемдігі артып, адамзаттың жаппай азғындыққа түсіп, ібілістің ықпалында өмір сүріп, дүние байлығынан басқа құндылық қалмағанда; қияметтік мезгілі басталып, құдайдың өзін, растығын білдіретінін аятта; «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылады. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады.» де. (81) Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (17-82) Бұл аяттарда жалпы мұсылмандарға емес, мүміндерге ғана құранның сыры ашылатынын ескертеді. Ал енді; МҮМІН  дегеніміз таза мұсылман, толық адам деген Абай атамыз. Ал енді толық адам болу үшін; бір есті, яғни төрт ақылын түгел меңгерген, ұжданы қалыптасқан, жетелі болады. Бір есті адам баласы ұяттылықты тек тәндік, тіршіліктік сипатта ғана меңгеріп қоймай, сөз мінезін меңгерген, аталы сөзге тоқтап, сөзден ұялатын АРЛЫ болуы шарт. Ал енді бес уақыт намазға табынып; Имам Ағзам әулиені құдай қылып, шариғатқа шоқынып, сыртын түзеп, ой түземей бой түзеп дінші болғандардың мүмін аталуы да мүмкін емес. Мүмін деп ой қуатын меңгерген,  аманатын орындауға құдайдан жол-жоба алған, иманға-жұлдызына жалғанып, белгілі қасиетті, дарындылықты меңгерген, күнәсінан ақтала алған пендесін айтады. Яғни бүгінгі таңдағы «жұлдыз» атаған ұятсыз, арсыз, дүние байлыққа шоқынған өнерлі қауымның қарама-қарсы жағы деп түсіну керек.

Сонымен мүмін дегеніміз; Әлемге қуат қосу жолына шыққан,  Алла жолында мал, жанымен соғысушы яғни малдық, жандық қуаттарынан жолы байланып, ауруға ұшырап қиналған пендеге шапағат, жақсылық ету мақсатындағы құлшылық істерін орындау; құдай жолында болу деп аталады. Ал бүгінгі таңдағы масһабтық және түрлі дін исламдық топтардың; кез келген жолда қалған мүсәпір, міскін түгіл,  ақиреттік өз  әке-шешесі, ата-анасының аманаттарын арқалаудан қорқып, «серік, шерік қосылады» деп, бес парызбен тікелей Алла тағала қосыламыз деген жындылықпен шала мұсылман ғана болып аталады. Дін ісі, шариғат — мұсылмандықтың, сенімнің айнасы, ал жанның құпия білімі — иманының айнасы емес! Абай атамыз; «…Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне дәулет деп біледі. Бұл істерінің бәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға салып (шариғат ісін орындап) ақылы көзіндегі (жындыларға) ақымақтарға «бәрекелде» дегізбек. «Осындай болар ма едік» деп күйінер, мұнан не шықты? Сыртқа қасиет бітпейді, алла тағала қарайтұғұн қалыбыңа, (жүрекке, ұжданыңа) боямасыз ықыласыңа (ар сауытына) қасиет бітеді. Бұл айнаға табынғандардың ақылы қашанға өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз (шариғатпен шектелмеген) терең жақсылық сүймектікпен (аманаттарды ақтаумен) өсер..» (37-ші насихат)

Қай ұлттың болсын шежіре тарихында  ұлттық әдет-ғұрып, салтын, дін дәстүрін сақтай алмай, жанын жоғалтқан өмірден өткен жоғарғы аяттағы; «…ол, өте залым, тым білімсіз…» сират көпірінен өте алмай, екі аралық жолда қалған, мүсәпірге айналған, немесе жын шеріктерге айналған, тозақтағы ақиреттік қандас, туыстарын аманат жүгін алып, тазартып, қайта жарыққа шығарудың ғұрыптық, дәстүрлік құлшылық намаздарының да ерекшелігі болуы керек. Толық мұсылман, кемел адам болып қалыптасу үшін де адамзаттың бәріне де махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарап, Адам атамызға дейінгі аралықтағы  Алла жібін, жанның қалыптасуын меңгеріп жалғануымыз керек.

Енді бұл екі аралық түгіл, өзіміздің жеті ата жұртымызда қаншама туыстарымыздың жетілмеген жандары жынмен қосылып, нәсілге айналып, Алланың әскері болып, өз ұрпақтары немесе мүміндер арқылы ұжмаққа қарай өтуді армандап жүргені хақ. Әрбір жаратылыстың жұбы, пары болуы шартты. Сондықтан аманаттардың рухани жүктердің де жұбы пары болады. Жоғарыдағы баяндалған адамзатқа кез келген дүние тіршілігіндегі ойын-сауық, арсыз күлкі, ұятсыздық, мастықтықтың нәтижесіне мал қуаты болып қосылатын, бойынан көлеңке болып түтінсіз от, отсыз түтінге айналатын қуаттарынан  басқа, міндетті түрде меңгеруге тиісті үш түрлі бейнеленген рухани тағдырлық аруақтық қуаттардың да  болатын аятта; «Сүлейменің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда ол толық басқарылуда еді.» (27-17)

Аруақтық бейнелердің жыннан, адамдардан, құстардан тұрып, Алланың құдіретті қолы сипаты болатынын аятта; «Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны, кәпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған Алла жәрдем еткен. Сол уақытта Мұхаммед жолдасына; Кейіме! Расында Алла бізбен бірге» дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай–ақ оны, сендер көрмейтін әскерлермен (аруақтармен) қолдады. Сүйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі; жоғары. Алла өте үстем, хикмет иесі.» (9-40) Алланың сөзі шындық ғылымы қызыл түспен белгіленіп, адамзаттың тағдыры болып қол екі істерімен бейнеленіп, бір тұтастықта ұлттардың, мемлекеттердің, әлем халқының тағдырын қалыптастырады. Енді Адам атамыз; Алла тағала рухынан, нұрлы сөзінен, таза ақылдан жаратылып,  күнәнің әрекетінен тыс болып, бүкіл адамзаттың рухани әкесі болып аталады. Ал Ғиса  пайғамбарымыздың Мәрйем анамызға жалғанған Алланың бейнеленген рұқы, бекіген сөзі, аруақтық таза қуаттың жер бетіндегі тірі адам болып өмір сүргеніне де дәлелі, хикметінен болады.

Олай болса, Алланың құдіретті қолына, рахметіне жалғану үшін; Адам атамызға дейінгі барлық адамзаттың тағдырлық аруақтық кітабына жалғануға әйезатының жан қуатымен періштелік тазалығымен, «Екі жарты бір бүтін болуымен», «Гендерлік бүтіндікпен» ғана мүмін әрі кітап иесі болып саналамыз. Әрине мұндай жағдайда шариғаттың ісін меңгеру, от басын құрып ұрпақ тәрбиелеумен, діл өркениетін қалыптастыру, сөз мінезін меңгерудің орта топтық ислам дін салты; барлық дінінің намаздарының қақпасы және  төрт ақылды меңгерудің негізі болуы да керек. Сондықтанда дін ісін толық меңгерумен яғни Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілігі мен шапағатына жалғанумен ғана әлемнің барлық діндерінің бірлігін қалыптастырған ислам дініне бірлеуге жол ашылмақ. Әрбір пенде өз жанын өзі түсінетін жағдайға жетпей, сөз ұғымдарын түсініп ақылға келмей, рұқтық тұрғыдағы жүктер мен аманаттарды ақтауға,  жол-жоба алып, аянға, ата-баба мирас кітаптарына жалғанып тура жолға түсе алуы да мүмкін емес…(жалғасы бар Ақпан айы 2016 жыл)

 Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *