XVIII-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 127

     «Мұхаммед  сол уақытта Раббың періштелерге; «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,-деген еді. Періштелер: «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!»,-деді.» (2-30) Бұл аятқа ақыл тоқтатқан адам баласына ол уақытта жер бетінде бірін-бірі азық қылған, қан төгетін жанды жаратылыс егелерінің, яғни жындық сипатта; жәндіктік, жануарлық, құстық тұрғыда болғаны, олардың негізінде 4-періштелік (Жәбірейіл, Исрафил, Микәйіл, Әзірейіл) тәңірлік жүйемен басқаруында тұрып енді, барлық жанды жаратылыстың сырын, қасиетін меңгерген және барлық періштелерді де басқарып қызметке тұрғызуға, жер бетінің барлық ісінің халифасы қылып, Алла тағаланың Мен-Жар сипатының ұқсасы; Мен-Адам сипатын, Раббымыз ақ топырақтан жаратқан еді.

      Ақ топырақ дегеніміз; Жердің таза жынысынан пайда болған, барлық қуаттардың жиынтығы болып, метафизикалық тұрғыдағы жарықтық қуат негізі болып табылады. Және Алладан бекіген сөзбен, тағдырлық қасиетпен, кітабымен байланысты болып, ең жоғарғы жан қуатының негізі болып, жар нұрының үні, даналық негізі деп атаған дұрыс. Түр, түстік сипатта; қара күлгін болып, сандық белгісі; 47; 9 сандық белгімен, 9-тұрақты жер серігі 9 планеталармен байланысты болады. Адамзаттың барлық ақпарттық естілік қабілет, қасиеттілігі осы жүйемен Мұхаммед-47 сандық белгімен;  9-мұғжиза, тәубелік, кісілік жан, иман қуаттық жүйелік белгісімен негізделуінде де біздерге беймәлім ғылымдық сыр бары хақ «Алла Адамға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге (бейнелеп, түр, түске айналдырып)  көрсетіп: «Айтқандарың рас болса (Алланы дәріптеп, мақтап, пәктеулерің, құлшылықтарың), Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер.» деді» (31) Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ Әрине Сен толық білуші, өте данасың» деді.» (2-32)

Алла тағаламыз өзінің ғылымын Адамға үйретті де, енді Адам-Мен Аллағамен ұқсатықтағы бір тұтас жүйенің; «Маған»-деп аталып, яғни көшірмесі Адамға періштелердің сәжде қылып есеп беруін талап еткені, осы хикметті жаратылыстан кейін жаратушымыздың барлық ісін атқарушы періштелерді бағындырып, Адамдық қадір, қасиеті арқылы ғана барлық жер бетінің ісін басқаруы да хикметіне, ғылымына жаратушылық құдіретіне  де лайық болмақ. Сонымен періштеліктің де екі сипаты болып; Алладан берілген бұйрықтарды ғана орындаушы және өз бетімен белгілі берілген Алланың нұрын, сөзі, білімімен жүктеліп, оның жаратқан барлық нәрселерінің ішкі сырын, қасиеттерін  танып меңгеруші, іске амалға айналдырушы қанатты жоғарғы дәрежелі періштелер болып саналады. Алла тағаланың «Мен» сипатына қарсы болған Ібілісте періштелердің санатында қалып, осы қарсылығы арқылы Адамның білімі, кісілігі болып, Алла тағаланың жанына, жаннатына қайта енуі тиісті болғаны да сөзсіз.

Олай болса, мұндай жоғарғы дәрежелі періштелікті меңгеруші болып; яғни толық Адамдық қасиеттің Мен болып жаратылыстың барлық белгісі атау сөз тұрғысында, ақ топырақтық қуаттардың негізінде, адамзатың құдайлық сипаты «Бол», деген Алланың бекіген сөзі, махаббаты болып саналды. Сонымен Адам ата, Хау анамыздың жер бетінде тәндік, заттық сипатта қайта жаратылып, дүние тіршілігінің сынақтарынан өтіп, ақиретттік өмірде қайта жаннатық періштелік сипатқа бейнелумен байланысты, періштелердің тек қана адамдық бейнеде болуын аятта; «Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ еді, оны да бір адам бейнесінде қылар едік те оларға күдіктенген сайын шақ (сынақ, қыспақ) салған болар едік» (6-9)

    Сонымен Алланы дәріптеп, мақтап, пәктеуші күрделі дәрежедегі барлық қанатты періштелердің бір тұтас адамдар сипатында; «Біздер» болып, барлық жер бетінің жаратылысын көктен басқарушы болса, енді олардың кісілігі-жұлдыздық қуаты болып, және 3; 5 сипатты жиліктегі екі аралық жаратылыстың барлық қуаттардың аралық жалғаушы дәнекері болып табылады. Және адамзаттың, барлық жанды жаратылыс егелерінің өсіп, өну, көбейуінің ұрығы мен ішкі, сыртқы дүниесіне әсер беріп, Раббымыздың үкімдерін орындаушы, атқарушы болып саналады. Ал әлемдік тұғыда біртұтастықта, бір жүйеге айналып, Алланың тікелей басқарылуында тұратындықтан;періштелер, кісілер, бір тұтас адамдардың бір жүйе, бір қуатпен басқарылуын; Бір Алла деп атаймыз. Сондықтан да біздер ақыл, біліміміз, ойлау қабілетіміз жетпейтін Аллаға тікелей табынып, оған ұқсауға тырысумыз мүмкін емес болғандықтан, оның өзі бізге мәлім сипатына, бейнеленген қадыр, қасиетіне Бір Аллалық сипатына құлшылық қыламыз, оның іс басқарушы періштелеріне, біртұтас адамдарға да иман келтіріп, табынамыз. «Ол+ар»-дың қатарына қосылып ОЛ-Бас-Шар-Адам-Мен-Жұлдыздық сипатына ұқсауға тырысамыз.

Дін аманатының жеті шарты болып; иман келтіру деп аталып, тек қана сеніп қоймай, 1. Алланың барлық, растығына әлемдік қуат жүйесіне қуат қосу, 2.Періштелеріне қуат қосу, 3. Дін кітаптарының білімін түсініп, жалғану; 4.Пайғамбарларына жалғану, қуат қосу; 5. Ақирет өміріне жан арқылы аянмен жалғану; 6. Жаратушының сүйікті құлдары періштелері арқылы түсірген жақсылығына, шапағатына кісілік қуат жүйесіне жалғанып, тозаққа бастайтын жамандықты жоя білу, 7. Өлілерді риза қылу, жандарын, кісілігін тазаруға, жарыққа шығуға қуат қосу болып табылады. Жалпы адамзатқа берілген жер бетінің орынбасарлық дәрежесін меңгеруге деген иманның жеті баспалдағына жалғанудың ақиреттің білімін меңгеру  сыры деп түсінген дұрыс.

Мұндай белгінің адам баласының жеті жаннан тұратыны да, негізгі жан –Мен-Жар –Алланың растық, барлық сипаты болып, негізінде жоғарғы әлемдік қуат жүйесі болған; төрт түрлі жоғарғы қуатты періштелікпен байланысты болады. (негізінде жан 9-түрлі болуы шартты) Адам ата, Хау анамыздың жер бетіндегі тіршілігінен бастап, осы негізгі төрт түрлі барлық әлемдік періштелік жүйені меңгеру діннің талабы болып, 4-кітаппен бекіп; қазақта «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп жоғарғы әлемнің білімімен, біздермен, жеті жолмен жалғанудың, тура жолда болудың сырын ескертіп тұрғаны да хақ.

Жоғарыдағы аяттың үкіміне жүгінсек, барлық періштелердің құранның түсуіне байланысты толық Адам болып бейнелуімен ескертеді. Ал әрбір адамдықты меңгерудің Алла тағаланың 99-есімі, қадір, қасиетінен Ар белгісін, денесін, ақ сауытын алған, Алланың сүйікті құлдарының есімдермен байланысты болуын да құранның сүрелері яғни ең жоғарғы қуаттық жүйелерінің белгісімен растап тұрғаны да хақ. Төрт негізгі періштелердің бір және екі қанатты періштелік болмыспен, адамзаттың рухани қуаттары жүйесі болып бейнеленеді. Ал енді жарықтық сипатына тоқталсақ; Жәбірейіл-жасыл; Микайіл-көк; Исрафил-сарғыш, Әзрейіл-қара түсті болып, адамзатың рухани қуаттық сипатында жұбы болып; Күлгін-көк; Ақ-көгілдір; Жасыл-сары; Қызыл-қызғылт; Қара-қоңыр болып түрленеді.

Негізінде барлық періштелік қуаттардың Ақ түстің туындысы болып 7-түспен 4-жұптық белгіні құрайды. Және 16-түрлі бөліну өз ара әрекеттесу деңгейі болып, бұл санды арқаулық қуат, деп хайуанаттар өмірімен, күш, қайрат қозғалыспен, адамзаттың еркімен байланысын да ежелден білген. Қазақтың тегінде 16-рулық тайпадан тарауын және 16-барыстың ортасында екі құспен, екі ұқсас хайуаның бір несібені бөліп жеп отырған шырағданың бейнесі Қажы бабамыздың зияраты басынан табылуыныңда сыры, осындай терең құпия ғылымның ежелден белгілі болғанына белгі болады. Сондықтан рухани қуаттық тұрғыда Құранмен Тәурат бір болса, Зәбур мен Інжілді бір деп санау керек. Інжіл Зәбурдың жалғасы, нәтижесі болып та баяндалады.

Енді Әзірейлдік сипатты меңгеріп бейнеленетін Мұса пайғамбарымыз –қоңыр; Исрафилдік –Сүлеймен пайғамбар-сары; Микайіл сипаты-Жүсіп-көгілдір болып табылады. Алла тағала ғылымының үш түстен; Қызыл, Сары, Көк түстен тұратыны және осы үш түстің негізінде 9 –түр-түстің соңғысы жасыл (Мұхаммед пайғамбар түсі) болып шығатын да естен шығармаған жөн. Олай болса, қандайда бір пайғамбарлардың рухтан хабарды жасылдың ішіндегі 9-түрдің біріне жалғану арқылы мүмкін болатыны да сөзсіз. Ал Мұса пайғамбарымыз Раббымыздан сары түсті, оттың негізі нұры арқылы ғылымынан хабар алғаны да белгілі. Сол сияқты көк түсті ғылымға да аян арқылы жалғанудың да сырын; «Көк тәңіріне табыну» деп атаған қазақ тарихында. Негізінде; Жүсіп жолы, Ыбарайым жолы, Нұқтың жолы деп аталады. Сонымен үш періштенің бір жүйелік рұқтық сипатпен ақтың негізімен басқарылса, ажал періштесі Әзірейіл  ғана қараңғылық әлемімен, жындар әлемімен байланысты болып, оның да Адам баласының басқаруына көшу діннің негізгі сынағы болғаны да хақ. Алланың рұққы болып тікелей Адам-Әкеден жаратылу арқылы,  Ғиса пайғамбарымыздан кейін ғана бұрын санаулы ғана Алланың құлдарына лайық болған құлшылықтың, енді жер бетінің барлық адамзатына лайық құлшылық ісі болып бекіген еді.  Негізінде ажалға қарсы тұрып, құдайдың еркімен қайта тірілген, Ғиса пайғамбар жұбы Иса елші (пайғамбар емес) –күңгірт түсті болып саналады.

Ал енді  өлмейтін мәңгілік өмірдің жаршысы болған Ғиса пайғамбарымыз шындық сипатты-ашық қызыл түсті қуаттық жүйенің басқарушысы болып саналды. Олай болса күнәдан ақталудың, күнәлі рұқын уақытша өлім сатыларынан, ақталудан өткізу үшін шындыққа, Алланың жалғасты сөзі, ғылымына, нұрына жалғанудың маңызын қазақта; «Мың өліп, мың тірілу» деп ескерткен. Сондықтан аятта; «Кітап иелері, Ғисаға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады.» (4-159) Кітап иесі болуы үшінде, мүміндік қасиетті меңгерумен, алды-артымызды тазартып, ой бақшасын қуатын өсіріп, екі қол аруағымыздың жетілуін қамтамасыз етумен Ғиса пайғамбарымыздың алған мирас кітабына жалғанып, яғни өлім сатыларынан өтудің, ақталудың құлшылығын меңгеруді Раббымыз ашық ескертіп тұр. Бұл аяттың үкімін орындамай иманға жалғануда мүмкін емес екені хақ. Екі қол аруағымыз шындық тұрғысындағы тағдырлық кітабымыз, қол қанатымыз болып бейнеленеді.

Шәкәрім атамыз жоғарғы аяттың сырын; «Ғайсадай жан беретін таңның желі, Қайғымды желге ұшырып, тіріліт мені! Ақылым, кәрілікке жабырқама Талпынып тағы да ақтар дүниені. Қайратым, қарсы жүріп қайраңдап шық, Әдейі сақтағанмын соған сені. Тілім, сен барша жанға пайдалны айт, Ақынсып айта бермей әлде нені. Шебер тіл жүйрік ойды шеше білсе, Таусылар деп ойламам сөздің кені. Жыр, өлең насихат сөз, мақал, тақпақ, Туып айтса-дауасыз дерттің емі. Сырты сау, іші науқас елдің дені, Алдап айтқыш ақын көп-тіл шешені. Жайдарсып құйрығын жайқақтатар, Мұнысы-тұзақ құрып, салған жемі, Сырты пішпе болса да, ішінде ені. (етекасты жетесіз еркек) Ондайлардың орнықты беті болмас, Жел диірмен сияқты сенделмелі. Заманың ыңғайына аққан сеңі Әр айғырға бір кірген-байтал теңі. Не үкімет, немесе қауымды алдап, Арсыздықпен не болар алған шені?!»  Алдыңғы жазбаларда және алдағы жазбаларда да мысалға келтірген, келтіретін жындылық топтардың, бүгінгі қазақтың білімді аталған зиялы қауымы, діншілер мен ел билеушілердің сипатын осы өлеңнен, қазақтың ата жолы ақталу дәстүрін терістеп қудалап, мойсұнбайтын екі жүзділердің қатындары да өздеріне лайық; «Әр айғырға бір кірген-байтал теңі» сипатында шайтаннан болған жындарға айналып алғаны да хақ.

Бұл жағдайға нақты дәлел келтіретін болсақ; Ақпан айының соңында Жамбыл атамыздың туылған күнін еске алуға, қазықтың имандылығының айнасы болған, жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің атамыздың ескерткішіне гүл шоғын қойып, бағзы замандағы құдайға қарсылық қылып, гүл арқылы жанға шоқынған нәсілдердің қылығын қайталап, және артынан түгелдей әулие зияратының басында жалаңбас құрап оқытудың өзі соңғы дін түгіл, жалпы төрт дінге, құдай үкімдеріне ашық қарсылық, арсыздық пен жан, рұқ, ақирет білімнен мүлде біліксіздіктеріне ашық дәлел екені хақ. Қазақ елінің қалыптасуына деген былтырғы жылғы Керейхан мен Жәнібек сұлтанның ескерткішін тұрғызып;  бүкіл ел болып сауық-сайран, ойын-күлкі қойлымен және малдық, жындық сипатта тозақтық емес, адамдық тұрғыда қалыптасқан тылсымдық аруақтарына гүл-шөбін қойумен аяқталып, ал бұндай әулиелерін, исламның әділдік туын көтерген құранның көркем есім- кітабына айналған Алланың сүйген құлдарын мазаққа алған әділетсіздікке  ел басының өзі де қатысқан еді. Олай болса, қазақ ел билеушілердің шайтаннан болған жынның ықпалымен, ата дәстүрінің аманаттарына ашық қарсылық білдірумен өздерінің де аманаттарынан үзіліп аян, уахи түгіл, қарапайым әдет-ғұрып әдебінде теріске алғанға да мысал бола алады. Мұндай жағдайды; «Қиямет күнінде  адамдарды мас (ойлау қабылетінен айрылған, сезіммен ғана әркет қылатын) түрінде көресің, бірақ олар мас емес Алланың азабы қатты» (22-2) деген хаж сүресінде.

Санымен әрбір пенденің жүрегінде әлемдік тұрғыдағы Мен- жан қуаттарының гүл бақшасының де төрт сарайы, әлемдік төрт жүйелік қуаттардың орны болып; оның 200 белгіден (кристал, текшелерден) тұратынында жадыңызға тоқып алған жөн. Осы жүрек сарайына жинаған қазына мүлкінің төт жақтық адамзаттың рухани көлеңке бейнесін, бір тұтастықта иман айнасын, серігін қалыптастыруы шарт. Бұл төрт сарайды да қан арқылы тазартып, Менімізді жарыққа айналдырып, көңіліміздің бақшасын өсіріп, ұждандық-жұлдыздық яғни көңіл құсымызды, жан періштелігіміздің бейнесін, Алла тағаланың нұрымен өсіріп, қалыптастыруымыз да шарт. Ал төртеудің түгелдігі жүректің төрт бөлмесінің тазалығы бастағы төрт жын негізінің; Ойлау, көру, есту, сөз сөйлеу сезімдермен байланысты жүректіңде бұл сезімдердің бір сезімнің аңғарпаздығы ойлану қасиеті болып бекуі үшінде бастың масих тазалығымен, өлім сатыларынан өтудің маңыздылығы, яғни төменгі тәніміздің сезімдік сипаты;  жанның алтауының шын жүрекпен, ұжданмен басқарылу сырын қазақта; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп ескерткен.

Сонымен ислам діні түсіріліп, адамзатты барлық діндердің бірлігін сақтаумен ғана бұрынғы женке-жеке меңгерген рухани, жандық адамдық болмыстардың қалыптасуы да жаңадан адамдық сапалық қуатты қалыптастыруды қажет етуі де қияметтік мезгілдік кезеңі басталғаны хақ. Олай болса, бастың тазалығын қалыптасытырып, төртеуді меңгеру үшінде Мұхаммед пайғамбармыздың сүнеттері мен шариғатың ұстанымдарын толық меңгерумен, аяқты тәннің тазалығымен, бойды жетілдіріп, оның намаз оқу арқылы тазалығын сақтап отырумен де байланысты болып, құран аяттарымен бекігені де хақ. Яғни енді барлық құлшылық негіздерін адамдықты жасыл түспен; Жәбірейілдік қуатпенен үш ғылымды да бір ғылым тұрғысында меңгерумен байланысты екені де сөзсіз. Олай болса, ғылымнан ақылдың қуаты пайда болып, ал ақыл арқылы жанды жетілдірудің құлшылығы жоғарғы тарауда жазылған; жанның жаратылыспен, табиғатпен 6-түрлі сипаттан пайда болып, дәрежеленеуін және оның соңғысы адамдармен, ал қалғаны жер, өсімдік, жан-жануар, жәндіктер және құстар әлемімен байланысты болып; 5-күн жалғандық сипатта болуы да шартты.

Алла тағаланың үнсіз тілі ғылымынан сөздің пайда болуымен, жоғарғы қуаты; 13, 8 санды белгілерден тұрып, мұның жандық (6+7=13); жындық (3+5=8) сипаттағы қуаттық жүйелерімен байланысты болуы да шарт. Ақылды біздер жанның барлық жартылыспен байланыс жүйесіне жалғану арқылы және оның ғылымын меңгеру арқылы ғана нәтижелі болады. Ал ғылымды меңгерудің сырын өз ұлтымыздың данларынан үлгі алуымыз керек. Сондықтан Абай атамыздың қара сөйлем (қара сөз-теріс сөз) насихатына жүгінсек; «Біреу –болыс, біреу-би. Олардан ақыл үйрнейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік ксіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтпақпыз деп сайланады (шетінен жындылар)..Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар (жындылығы кемдер) күнін көре алмай жүр. Аналар анандай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын?…» (8-сөз)  «…Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек..» (13-сөз) деп иманың сарайын, қалыбын қалыптастыруға да, әлемдік қуаттарға да жалғанудың маңыздылығын ескертіпті.

Сонымен қазақтың даналық ұғымында; ғылымды болу, деген ел басымыздың жолдауымен үш тілді меңгеріп, бар әлемнің жындық қуаттармен бейнеленген кісілік білімін, талғаусыз сіңіріп, жаттап алу емес, керісінше ұлттық діліміз арқылы ғана; 8-белгі жындылықты, бір ақылмен басқарып, имандылықтың жолында болып, 13 санды көркем сөз қуатын, жан қуатын өсіріп меңгеру арқылы; Алла тағаланың бір ғылымына жалғанумен ғана Адам атына, ұлы дала перзентіне лайық боламыз. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дөп сермесем (аманатты ақтау, жан көбейту), өстер ме едім? Адамның бір қызығы –бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім...»(13-ші өлең)

   Қазіргі таңдағы ел билеушілерміздің саясаты балаларымызды шенді болуға, қызмет қылыуға ғана бағыттап, 8-ді ғана меңгеруге, ал 13-санды, иманнан, бір ғылымнан жұрдай, алтауы араз, қан тегі түгіл, қазақ нәсілінің жоғалуына жан таласып, білім атты мақтаның буына пісіріп жатқандары да хақ. Жаның ішкі қуаты 18; 81 сандық  мәнмен белгілі болса ал 13 санның құпиясы алғашқы мүшелмен, ана тілі, ана сүті, ұан тегімен жандық белгілердің толық жалғануы болмақ. Сондықтанда 13-жасқа дейін ана тілінен басқа тілді жас балалрға зорлап үйретудің жанның жетілмей қалуымен, ақылы қуатанбай, өмір бойы жындылықтан босана алмауымен ғана нәтижесін береді.

Ғылымды меңгерген адам баласының (төртеуін түгелдеп басын жүрекпен жалғап) жанның 13-санды иман қуатына толық жалғанып, сөзі жүректен шығып, қате сөйлеуден аулақ болады. Яғни сәугейлік, шешендік, би-абыздық, жоғарғы парасатылық көріпкелдік қасиетіне  ие болады, тұлға аталады. Ал жындылықтың жоғарғы дәрежесі мұсылмандыққа тән болып; 8-белгісімен (8-жын қуатын, қылық, мінезін меңгере алғандар) байланысты сөйлейтіндер діншілер, дін ғалымдары білімді қауым өкілдері мен бұқара халықтың да арасынан көрнісін береді. Абай атамыз «тәкледи иман» келтіргендер деп атаған. Енді барлық адамзатқа тән болған; көре сала, ести сала, білімін оқи сала «осы жөнді, дұрыс» деп ойланбай сөйлеуден және жаратылыстың 12-түрлі жануарлық қуаттық жүйелеріне жалғанумен 70-түрлі жындылық топтың сөйлеу мәнерімен де байланысты екені хақ. Жындылыққа негізделген қауымдастықтардың бір текті ойлану,түсіну, бір текті әдеті, бір текті салты, бір текті заңға сүйену мен білімге және дүние ісіне, байлыққа ғана негізделген әлемсдік «стандартық» саясатты жақтайды да бұл ортаның қағидасын, шартын бұзудан, өлімнен қорықандай қорқады. …(жалғасы бар Наурыз 2016 жыл) 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *