Ислам газетінің 2016 жылы 11-наурыз, №5 (33) санды басылымында Құдайберді Сабыржан атты дін зерттеушісінің мақаласы басылған екен. Сонымен Сабыржан діншінің пәтуасына жүгінсек; «Тағдырымда не жазылған?», «Болашақта не күтіп тұр?» деген секілді сұрақтар адамзат баласымен бірге сонау алғашқы дәуірлерден бері жалғасып келе жатыр. Өйткені, адам жаратылысында алдағы күндерде не болатынын білуге деген ерекше құмарлық бар. Осы себепті адамдағы осы бір қажетілікке сай болашақты болжағыштар мен көріпкел балгерлер де әрдайым табылып отырған….» деген түсініктерімен көптеген ғұламалардың өсиеттерінен мысалдар бере отыра жалпы көріпкелдік дегеннің ислам дінімен, Мұхаммед пайғамбармызбен және Алла тағала тарапынан да құран аяттарымен тыйым салынғанын дәлелдеуге тырысып аяттарға да сүйеніп пәтуа беріпті. Демек бұл көзқарастың қазақ муфтияттық және дін ісі мен ел билеушілернің, «ғұламалар кеңесінің» ұстанған саясаты, өздерінің тілімен; «діни сауаттылығы», ал қазақ сөз ұғымында діннен, ғылымнан сауаттылық бейнесі, ұстанған саясаты болады.
Әрине білімділік тұрысында ешқандай да кінә артуға да болмайды, бәрі қисынды (логикалық), бірақ енді бәрібір әрбір пенденің өз тағдыры болашағы туралы ойды шектеп, зорлап тыйғанмен, әрбір адамның жанымен берілген өлмейтін «МЕНІ» құдайдың нығметін, яғни жер бетіне түскен, түсетін Алланың ғылымы, хикметті білімі, Раббымыздың белгілері мен әрбір пенденің жанның бесінші қуатын қалыптастыруға көрсететін жол-жобасын, түс, аян, уахи ескертулерін іздеп, қалайда жаны жәй табатын нұрға, кітаптарға жалғануға әрекет қылумен; тағдырын түзеп, өзгертіп, жасаған күнәсінан ақталуға тырысуы да заңдылық.
«Өздеріңді-өздерің ақтамаңдар» деген Раббымыздың ескертуіне ақыл жүгіртсек, бес парызбен, дін тәпсірі білімімен, қажы, хазірет, ғұлама аталып тақуа, әулие болдым деп өзін-өзі дәрежелеу құдай ісіне, ғайып, көместен оқылатын аяттарына, үкімдеріне қарсылық екені де хақ. Сонымен; Жаннан тәтті не бар дейсің бұл өмірде? Күнәлі рұқыңды тазартып, құдайдың жәрдемінсіз өлім кезеңдеріне өткізе алмай, қараңғылықта қалған жаныңа қыспақ түсіп, түрлі рухани дерттерге ұшырап, жолың байланып, басыңды тығатын жер таба алмағанда, кім жылы сөз айтады, кім маған бағыт береді деген ниетпен намазды күні-түні үзбей оқып, молда, имамдардың бар істегенін істегенмен, анау айтқандай нәтиже болмай, амал жоқ, осындай көргіш, білгіш, ақыл бергіштерді жағалап кетуден, ешқандай да масһабтық білімнің тыйымдары мен шектеулері, Алла тағаланы араға салып уәде беріп, болашағыңды көріп тұрандай, пайғамбардай болып; жаннатқа сөзбен жолдама жазып бергенімен, ешқандай жәрдемі болмайтыны да хақиқат.
Бұндай жағдайлардың мен өз басымның өте жиі кездесіп жүрген оқиғаларға жатады. Өзім де жанның қалауын тыныш таппай іздеумен және осындай түрлі жағдайдағы пенделердің ақылын да тексеріп, ата жолына да келіп, масһабшылардың тәпсірлеріне, құран аяттарын куәлікке қойып, бар айтқанына да сеніп, ақырында осылар шынымен рас айта ма деп; құранды 10 жыл бойы үзбестен оқып, әрбір әрпін, аяттың сөзін қандай жағдайға, білімге байланысты айтылған; неге мұндай санмен белгіленген, ал пайғамбарымыз бұған қандай амал мен пікір білдірген деген сияқты сансыз сауалдарға жауап іздеп ойымды бақтым. Бірақ, «бақсам бақа екен» дегендей; әбден миды ашытып, «Бақабастанып» барып; діншілердің де, көріпкелдердің де жалғаны бар, арасында дұрыс адамы, таза ұжданды, әулиелігі, ғылымдысының аз ғана болатынына көзім жетті.
Әрине ол үшін де ата-баба аруағының өзіме тікелей берген ақыл-кеңес, бата, аяндарымен іс жүзінде намаздарын орындап, оның нәтижелерін тексеріп қана; Абай атамыздың; «Жасымнан ғылым бар деп ескермедім» дегені ғылымсыз; дін ғалымының да, небір керемет қасиетті көріпкелдердің де, бүкіл елдің болашағын болжағыш ел билеуші, партияшылдардың да және тектімін яғни кемеңгер әулиелердің руынанмын, демек құдай мені де солай жаратпасқа амалы жоқ, міндеті оның деп өзін-өзі ұлықтаған; қожа, төрелердің де ібілістің қақпанына түсіп, өзі де алданып, өзгені де алдаумен айналысып кететіні де растық екенін түсіне алдым. Өмірдің ыстық суық, жақсы жаманды тәжірибесінен өтіп; көзбен көріп, қолмен ұстап, құдайдың берген, білдірген белгілерімен сәйкестендіріп, дұрыс-бұрысын анықтамай, тек қана пәленшекеңдер осылай пәтуа берген деп кісілігіне қарап сөзін алып, ислам әлемнің де ел билеушілердің, ғалым зерттеушілердің ібілістің ұрпағына айналуы оңай екеніне де көз жеткізуге де болатынын жадыңызға тоқып алыңыз оқушым.
Сонымен негізінде адамзаттың бұл жанның хикметті білімге, Алланың сөзі-нұрына, жарға ғашықтық мұқтаждығын қалайда қамтамсыз ету жолында, болашағына білім тұрғысында, өмірден өткен әулиелердің соңында қалдырған сөзімен ғана құдайлық жоба жасап, Алланың жасырын көмес кітабын жұлдыздарына барып оқып келгендей мейлі қандай да бір дін топтарының жетекші тақсыр-пірлері, хазіреттері, масһабшы имам, тарихатшыларды, түрлі ағымдардың да біз ғана құдайдың қалаулы құлы, яғни аятын, үкімін білдіретін арадағы елшілігі болып; олардың көріпкелдікпен айналыспайтынын өз басым көріп таба алмадым. Ата жолында да аққу, сұңқарлардың басым бөлігі дін ісін-шариғатты толық меңгере алмай, ақталып, өз тағдырларын түземей, ауру сырқау болып, құлшылықта, тақуалықта үлгі бола алғаны да аз. Басым бөлігі; жаулығын, етек-жеңін толық жаба алмайды яғни дәреті де толық емес, бой жарығы, зейнет киімі қалыптаспағандықтан мұндай қатын, қыздардан кір сабынының иісі бұрқырып, еркектерден күйген терінің, аң иісінің шылыммен қосып бұрқыратып жүріп, бірақ көріпкелдік жасап, жұртты түзеп, бақытты қылуға сөз жүзінде шебер болып алғандары да жалған емес.
Сондықтан да негізінде қазақ дәстүрінің сопылықтың құлшығы, намаз орындауы тұрғысында қалыптасқан, тазалықтың да жоғарғы дәрежесін меңгеру арқылы ғана құдаймен тікелей ұжданы арқылы жалғанатын, аян, уахи, хабар келтіретін, яғни Ғиса пайғамбарымыздың ғибратты үлгілерін қайталай білген әулие-әмбилерміздің, ақ бақсылық, қожалықты меңгерген жағалы бабаларымыздың ашық дәлелдермен ұрпақтарына аманат қылған істерін ендігі масһабшы ұрпақтары неге терістеп жалғанға шығарып тастады деген сауал көргенді қауымға да лайық болмақ.
Шынында Алла тағала тылсымнан, көместік лағфуз махфуздық және елшілік істері жеті кітабынан ақпараттарға жалғанып, өз қауымына хабар келтіруге, жамандықтан сақтандыруға, жақсылықпен сүйіншілеуге құранда тыйым салған ба? Мұндай көріпкелдіктің сипатына кіретін үкім-аяттарын енді құдай жер бетіне мүлде оқымайтын, ғылымын заманның біліміне қарай бермейтіндей жағдай болса, онда муфтият ғалымдарының жаратушы нұры-ғылымнан бейнесі болған, өздерін ғұламалар атаған кеңесінің шешімімен бекіп жарияланып отырған осы бір мақаланы білім тұрғысында, біліммен негізделген ақылымызға ойды қосып қайта тексеріп зерттеп көрейік.
Мақаладан; «Бір күні хазірет Мұғауия; «Уа, рассулалла, жаһилия кезінде кейбір әдеттеріміз бар еді. Көріпкелдерге барғанбыз» дегенде: «Енді көріпкелдерге бармаңдар» деген нақты жауап естіген» (Мүслим, Сәләм 121). Бұл хадис исламның көріпкел балгерлерді құптамайтынын көрсетеді. Өйткені мұсылман сенімінде шексіз құдірет иесі Алла ғана болашақта не болатынын біледі. Құранда: «Ғайыптың кілті Алланың жанында. Басқалар оны білмейді.» (Әнғам: 59 аят) «Былай де: Алладан басқа аспан әлемінде де, жерде де ешкім ғайыпты біле алмайды» (Нәміл: 65 аят)» Шынында муфият ғалымдарының берген мұндай пәтуаларына кез келген өзін білімдімін деген пенденің ұйып дұрыс деп қабылдауы да сөзсіз.
Енді дін зерттеушісінің; «Ғайыптың кілті Алланың жанында. Басқалар оны білмейді.» деген аудармасындағы «Кілт-Алланың жанында.» деген үкімін зерттеп көрейік. Сонымен жаратушымыздың жаны болып аталған нұрдың сипаты яғни Алла тағала-ақ түсті болып және жеті қанатты періштелік сипаты, жеті жолы болып саналады. Және оның бейнеленген қуаттық өнімінің жемісі болып бүкіл ақиреттік бір тұтас адамдар кісілік жарығынан болып саналады. Ал енді жер бетіндегі пенделердің де жанның негізі болып; жарық-жардың ұшқыны «Мен» атты құдайлық нұры; Мұхаммед-сүйіспеншілігі-махаббатың бір сипаты адамзаттың тұрақты іштегі елшілігі-көріпкелдік қасиеті болатыны да хақ. Сондықтан жан-жарық-Алланың өзінен болғандықтан; «Мен» сипаттан «Басқалар оны білмейді.» деген ұғым ақылмен түсінуге лайық. Себебі ОЛ- Алланың нұры жаннат бақшасынан берілетін иман жапырағы, оны «басқалардан» яғни қара түнектік, тозақтық нәрселері мен исламның тақуалығын меңгере алмаған, жартылай немесе жалған көріпкел пенделерінен де сақтана білген, ар сауытын қалыптастыра алған Алланың сүйген құлдары, өзіндік сипаты достарына ғана лайық болу керек.
Қазір кез келген муфтияттық, масһабтық діншілердің құранды тікелей аударып, сол заматында тәптіштеп білімін түсіндіре алатынына ешкім күмәнданбайды. Сонда да болса олардың аудармашылық қабілетін тексере кетейік. Халифа Алтай атамыздың аудармашы ғалым екеніне де күмән келтірмей, осы аяттың; «Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ (адам жанына иман құпия білімі) түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар.» (Әнғам-59). Енді муфтияттық аударшылық ғалымдықпен бұл аяттың да ерекшелігі мүлде бөлек екенін байқаған боларсыз. Демек; «Қияметтің мезгілінде ғалымдардың беделі жоғалады» деген пайғамбарымыздың ескертуіндей, жалпы қазақ дін ғалымдары аудармашылық деген ғалымдықтың, тіл өнерінің ең биік шыңы екенін, әсіресе құранды аударуға құдайдың ұлықсаты мен пайғамбарымыздың да арнаулы батасын алу керек екенін білеміз бе? Мағрипаттық және діннің әулиелік шарттарын мойындаудан мүлде бас тартып алған дін ғалымдары, діншілер мұны әрине мойындамайды да. Сондықтан Халифа Алтай атамыздың аудармасындағы ұғымдарды ойын терістеп, басқаша түсіндіруге де қолайлы екені осы аяттарды салыстырып «ғайып» пен «көместің» екі басқа метафизикалық жағдай екенін де естен шығармаған жөн.
Ал енді жоғарғыдағы хадистегі; «…жаһилия кезінде… Көріпкелдерге барғанбыз» дегенде: «Енді көріпкелдерге бармаңдар» деген пайғамбарымыздың ескертуі дұрыс, себебі ол кезде құранның енді түсіріліп жатқаны болғандықтан, құрансыз, ислам дінінің жоғарғы мағрипаттық тұрғыдағы тақуалық әулиелігін меңгеруінсіз ешқандай көріпкелдерге бармауды ескерткені де хақ. Себебі әрбір сахаба, намаз оқушы өзінің тағдырын намаздары арқылы құдайдан тікелей сұрап, аянмен көруге де еркі болып, бұл қасиеттілікті меңгеруді «Пайғамбарлықтың 46-дан бірі» деп аятта; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.» (62-4) деп ашық ескертеді.
Егер білімге құштар болсаңыз және тазалық, тақуалықта ілгерілей алсаңыз, онда осы 62-жұма сүресін және құранның бүкіл көлденеңінен 26-шы аяттарын оқып шығыңыз. Сол кезде ғана осы (62-4) аятты пайғамбарлық қасиеттің намаздарының орындау баянын, яғни Алланың мүліктеріне жалғанудың құлшылығы шығады да. Алланың мүлкіне жалғана алғандар мағрипаттық құпия ілім егелері болып, құдайдың хабарына, уахина тікелей жалғанғандары қалай көріпкел емес деп атай аламыз? Және оны тек қана масһабтық бес парыз арқылы орындаудың, меңгерудің мүмкін еместігіне көзіңізді де жеткізе аласыз. Ал бұл намаз орындаудың сырын қазақта; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп мына аятты да меңгеруді меңзеген; «…Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-76) Олай болса құдайдың өзі тағайындаған білушісімен, кісілік жұлдызымен жалғануды терістеп, Аллаға ортақ қосуды тажалдық, ібілістің ұрпақтары десек қате емес болар?
Алайда масһабшы дін зерттеуші Құдайберді Сабыржанұлының құранды толық зерттей алмай, ақылына құдайдан нұр-таза ойдың қуаты жетпей, тек қана жеке-жеке аяттармен өзі аудармалау арқылы да ойсыз пәтуа шығарып, бүкіл дін ғалымдарының жындылық, тажалдық әрекетін қайталаумен ғана шектеліп қоймай жын сүресіндегі Алладан тәңірлік сипатына басқа жаратылысқа айналдыруға тырысыпты. Алланың өзі сипатынан болған; Құранның әрбір сүре атауының және оның сандық белгісінің артында емес, алдында тұруының өзі хикметті білімінен болмақ. Сондықтан жын 72-сүресі Алланың құдіретті қолының да бөлшегі болуы хақ….(жалғасы бар Наурыз айы 2016 жыл)