II-Көріпкелдер расында «көріп келе ме»?                       (Қазақ елінің муфтият ғалымдарының пікіріне жауап)

Бөлім: Құранды зертеу тәсілдері 73

Дін-насихат, деген пайғамбармыз. Ал дін насихатының екі түрлі жағдайда көрнісін беретінін, Мәшһүр Жүсіп атамыз баяндап кетіпті. Бірінші жағдайда; Ғылымхал болып, жүректен- жүрекке берілетін көместік сипатта болса; екінші жағдайда; кезінде ғылымхалде болған әулиелердің, даналардың шығармашылық тұрғыда пән болып қалған білімін ғылымқал, деп атаған. Ал енді қазіргі білімді заманда ұстанған дініміздің бағытын, қандай адамдық рухани қуат пен құндылықтарды меңгеріп тәрбиелеуге негізделуін, шығармашылықтан, сұхбаттарын естіп, құран арқылы салыстырып, дін ісі болған; шариғаттық білімділік, біліктілігін яғни ғылым-қалдық жағдайын; сөз тазалығын, астарын зертеу арқылы анықтауға болады. Бірақ ол дін ғалымдарының ғылымхалының жағдайына, яғни жанына алған, құпия сыр, кітабына, имандылық қуатына өлшем бола алмайды да.

Ал мұндай имандылық қуатын, тектілік, зайырлығын көрсете білген амалына, дарындылық қасиеттеріне жүректен жүрекке құдайдың нұрын жеткізе алу қасиетімен, яғни елшіліктің жүйесіне жалғана білген ғылымхалінен қарап бағалау керек болады. Әрине бұл қазақ әулиелерінің ақ бақсылықтың жоғарғы дәрежесін меңгерумен, түрлі хикметті мұғжизаларды көрсетуімен тарихта деректер болып қалғаны да хақ. Ондай ғылымхалінен хабар беретін дін ғалымдарын, хазіреттерін бүгінгі таңда кездестіре алмаймыз, мүлде жоқ деуге де болады. Сондықтан  қазіргі таңдағы Ислам газеттік басылымының қазақтың муфтият, діні ісі ғалымдарының  ғылым қалдық біліктілігі,  деп қана (имандық шамасы емес) түсіну ақылға да лайық деп түсініп, өз ара сұқпат пікір таласты  бұрынғы заманнан қалған ғылымқал білімінің тұрғысында қарастырамыз.  Себебі ғылымхалдың жағдайында мағрипатық білімнен хабар беріп, сандық тұрғыда ақиреттік біліменен шығармашылық туындалары, және көрсете алатын хикметті елшілік істерден үлгілері болуы шарт.  Олай болса масһабшы дін ғалымдары ғылымқалдың нұсқасын ежелгі замандағы Ханафилік ғалымдардың негізімен салыстырса, ал біз өзіміздің кешегі өткен ғылымхалы болған әулие, даналарымыздың қалдырған ғылымқалдық өсиет, насихатынан алып салыстыртамыз. Негізгі таразы ортасы құран болуы да хақ.

Енді ислам  газетінің құрылтайшысы: «Дінтанушылар конгресі» ҚБ деп көрсетілген екен. Сонымен аладыңғы жазбада ақыл, сөз таразысына түскен мақаладағы Құдайберді  Сабыржанұлының пәтуаларын жалғастырсақ; «…Дегенмен, дәл осы тұста «Болашаққа қарата айтқан, болашақта нендей істердің кездесетінін болжап айтқан хадистер бар емес пе?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Құранның Жын сүресінің 26-27 аяттарында осы мәселеге түсіндірме берген. «Ол барлық көрінбейтіндерді біледі. Сырларына ешкім қанық емес, алайда (білдіруді) қалаған пайғамбар бұған жатпайды.»  Бұл бойынша Жаратушы Ие өзі қалаған елшілеріне ғайыпқа тән мәліметтерді білдірген, олар сол білгендерін үмбетке жеткізген. Ғалымдардың түсіндіруінше, хазірет пайғамбардың екі қыры болады. Біріншісі адамдық жағы, екіншісі пайғамбарлық жағы. Хазірет пайғамбар (с.ғ.с) адамдық жағынан бізден ерекшеленбеді…Ал, пайғамбарлық жағы болса, уахи алуға жүрегі ләйім ашық болатын Алладан келетін хабарларды қабылдап тұратын…» (Құдайберді Сабыржанұлы)

Муфтият дін зертеушісінің, әрі қарай біраз қызыл тілге ерік беріп, жалпы көріпкелдік дегенмен, тек қана жындар мен жындылар айналысып, ал намаз оқып исламды мойындаған адам баласы жыннан бөлек, жынсыз таза періштелік жаратылыс иесі деген ұғымды тықпалайды. Сонымен бірге  пайғамбарлық, деген, енді адамдық тұрғыда үлгі, ғибарат қасиеттілік, тектілік болып көбейуге емес, жалғыз жаратылған «құдай» болуға лайық екен.  «…Ал, пайғамбарлық жағы болса, уахи алуға жүрегі ләйім ашық болатын Алладан келетін хабарларды қабылдап тұратын…» көңіл көзінің ашылуымен, ұждандылықтың сипаты тек қана пайғамбарға ғана тән құбылыс, ал қалған адамзаттың көңіл көзі соқыр, уахи алуға құқы шектелген екен. Сөз астарын қарпайым тұрғыда зертей білген діншінің, аятағы; «Ол барлық көрінбейтіндерді біледі.» деген ұғымының мына аяттағы; «…Солайша Алла қалағанын жаратады» деді. Қашан бір (елшілік) істің болуын қаласа, тек қана оны «бол» дейді, Сонда ОЛ, бола қалады» (3-47)  (Адам =Б-көркем бейне; ОЛ –алланың істерін орындаушы қолының кіші сипаты) Түркілік ұғымда мұндай Ол сипатқа жалғануды, елшілік ісін меңгеруші, кітап алғандарды АБ- БАБ, баба деп атаған.

Ақирет білімнен хабар, кітап алушы, мирас кітаптарға жалғануды болуды; Қазақтың ұғымында көңіл көзінің ашылуымен, ұжданылықпен байланысты даналықты толық меңгеруді үлкендікпен, байланыстырып; «Пайғамбарлық жасқа жету» деп ескерткен. Жас ұғымы; тернің тазаруымен байланысты қалыптасқан жарық дененің, кебенектің жағдайын білдірген. «Ақыл жастан, асыл тастан (білімнен) шығады» деп білген. Ал, пайғамбарлық жастың (қасиетіліктің) құран сүресінің 63 –Мұнафиқұн-ағару (ақталу), иелік, емшілік сипатымен байланысты болып, ал оны меңгеруге, жалғануға жұбы; 62-сүре Жұма-наным, сенімді қалыптастыру болып, яғни ислам діні бірлігімен, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерумен байланысты, аятта; «Бұл пайғамбарлық (Төртеу түгелдігі төбеден келетін ілімділік; көңіл көзі-ұждандылық) Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.» (62-4) Бұл пайғамбарлық қасиеттің, түс көрумен оны жорып, намазын орындау амалын жасаумен құранда «Жүсіп жолы» деген атпен ескертілген. Мұхаммед пайғамбарымыз пайғамбарлық қасиеттің 46-сипаты дәрежесі болатынын, оның бірі аян алумен, жүрек көзімен көруші (көріпкел) байланысты екенін ашық ескертіпті.

Енді бұл аяттың (көріпкелдіктің) ұғымдық тұрғысында да жұбы болып; «…Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (10-76) Дін ислам ғалымдары, масһаб имандары көріпкелдік, пайғамбарлық қасиетті меңгеру, яғни Алланың кеңшілігіне, кітабына жалғанып, құпия сырларды меңгеру пайғамбарымыздан кейін тоқтаған, Алла енді біздерге кеңшілік бермейді, көріпкелдікпен болашақтан хабар келтіру зұлымдық, Аллаға серік қосу деп түсіндіреді. Ал шынындаи көріпкелдіктің әулиелікпен байланысты дәрежесін меңгеруден бас тартумен байланысты, өздері Аллаға, жоғарыдағыдай аяттарына ашық ортақ қосады. Сондықтан Алланың өзінен тағайындаған жұлдыз-құс білуші кісілері нұры; ОЛ-АБ сипаты емес, бұл заманда әрбір намаз оқушы пендесіне жол-жобасын көрсететін, енді Ханафи масһабы, тәпсір білімі ғана қиямет-қайымға дейін жол көрсетуші яғни «Тәңіріміз» деп түсіндірумен, ібілістің ұрпағы, дажалдарға айналып алғандарында аңғара алар емес.

Сонымен адамзаттың меңгеруіне екі түрлі тектіліктің яғни пайғамбарлық қасиет періштелік пен, елшілік-кісіліктің яғни (62-4; 12-76;27-16;31-31;32-26;34-46;36-45;49-7,8;6-35;52-38;(41); 53-35; 6-111) т,б жүздеген сипатты аяттардың үкіміндерін теріске шығарып, Аллаға ортақ қосқанын және осындай жүздеген ашық аяттарды мысалға келтіруге болар еді, бірақ оны әрбір пенде түсінуге тырысып өзі оқығаны да абзал болар. Мақаладағы; «Пайғамбардың адам болуы кемшілікке емес, қайта кемелдікке жатады. Адам емес періште болса, халыққа жол басшы бола алмас еді…» деген пәтуасына қарап, аталарымыздың; «Елді арамза молда мен залым ғалым бұзады» дегенге куә боласыз. Адамға барлық жаратылыс сәжде қылып, мойсұнып, біртұтас Адам сипаты болған 41-періштенің  әрбір пенденің қуаттық жүйесі болып; Адам сипатымыз, Алланың өзіне тән ең ұлық періштелігіміз (БОЛ) болып, бой көлеңкеміз, серігіміз болып ақиреттік өмірмен дәнекерлік жалғанумен бейнеленеуі шарт.

Адамдық қасиеттің; оң-еркек, сол –әйел болып, өрістік сипатта періштелік тұрғыда ерекешелігі болуы керек. Пайғамбарлықтың 4-негізгі періштелік қуаттылық сипатты меңгерумен байланысты қалыптасатыны (62-4) аятың белгісі көрсетіп тұрғаны да хақ. Ал енді, Мұхаммед пайғамбарымыздың ОЛ сипаты; Жәбірейіл екі қанатты,  Микәйіл-4-қанатты періштелік және адамдық бір қанатты  сипаттықпен (2+4+1) жеті қанатты дәрежені меңгерумен 47-санды Мұхаммед сүресінің (3-47) аят үкімен де байланысты, ислам дінінің адамзат құлшылығының үлгісі ғибараты және мұны жалғастырып, дін бірлігін меңгеріп бейнелене алған Ясауи бабамыз және талай әулиелердіңде жалғанғанына дәлелдер бар тарихымызда. Сондықтан Мұхаммед пайғамбармыздың жеті қанатты, яғни Алла тағалалық- Ақ түсті күрделі жеті қанатты періштелік негізіне ұқсастықта; түсі жасыл періштелік сипатын мүлде жалған қылып, ібілістің ұрпағы дажал деген қазақтан да шыққандығына ашық дәлел бола алады

«Егер пайғамбарды періште қылсақ оны да адам бейнесінде жаратар едік» деген аяттың астарында үлкен хикметті білім бары хақ. Пайғамбар ұғымы; Алланың қадірін қадірлеуші, үкімін жеткізуші болса, ал періштенің Алланың үкімінін орындаушысы болып, қандайда дәрежесі болсын, метафизикалық өрістік тұрғыда, тек қана адамдық бейнемен бейнеленуімен көрнісін бертінін де білген жөн.  Енді мақалаға қайта тоқталсақ; «… Құранның Жын сүресінің 26-27 аяттарында осы мәселеге түсіндірме берген. «Ол барлық көрінбейтіндерді біледі. Сырларына ешкім қанық емес, алайда (білдіруді) қалаған пайғамбар бұған жатпайды.» ой жорумен ғана аударылғанын тексеру үшін тексеріп көрейік.

     Енді құранның Халифа Алтай аудармасында; «Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. (26) Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды. (27) Олардың Раббыларының міндетемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған.» (27-28) Алла тағала ғылымын түсіну үшін діншілердің өздері тікелей аударып тәпсіреунің үлкен қаталікті адасуды ғана туындатына көз жеткізуге болады. Ал бұл аяттарда көместің сырын, пайғамбарына емес, әлмисақтан бері жалғасып келе жатқан діннің елшілік ісін, дін бірлігін меңгерген жағдайда ғана; «ұнатқан елшісіне білдіреді» деп ескерткен. Олай болса; елші болу, әрбір мүміндік қасиет, тектілікті меңгерген мұсылманға берілетін нығмет болмақ.

     Құранда Ғиса пайғамбарымыздың әлемге ортақ келген пайғамбар болса, ал Израйл елдеріне хикметті, мұғжизаны көрсетіп, иманға шақыруға елшілік ісімен келгенін ескертеді. Аятта; «Алла (Т) оған кітапты, хикметті  және Тәурат, Інжілді үйретеді.»( 3-48)  деген үкімен пайғамбарлықтың сипатын ескертеді де; «Сондай –ақ оны Израил ұрпақтарына елші қылады; Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. Және Алланың бұрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазамын, өлікті тірілтемін әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды хабар беремін (көріпкелдік жасаймын). Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар» (3-49) Демек Ғиса пайғамбарлығы хикметті білімен, інжілмен әлемге де ортақ діннің қағидасы болады да елшілігі нақты істермен, үлгілермен тек қана Израйл ұрпақтарына көрсетілгенін ашық баяндайды.

Сондықтан ислам дінін меңгерумен, құранның бұл аяттының үкімін, Ғиса пайғамбарымыздың елшілік істеріне иман келтіру (қуат қосу) арқылы жалғанып, қайталаған қазақта бақсылықтың жоғарғы дәрежесін меңгереген әулие-әмилер, емшілер жеткілікті мысалы бары хақ. Мысалға; Бекет атаның елшілік істерінің өзі қаншама жылдар өткенмен халықтың жадынан өшірілген де жоқ.

Ал, енді ислам дінінің  нығметі  болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың сүнеті болған елшілік ісіне жалғанумен, шапағатшылық ісін атқарушы болып артынан сапқа тұруға, әрбір мүмінге тылсымдық 7-мөрлі кітапқа жалғануға, масһабшы, діншілер ескерткендей тиым салынған ба? Ал мұндай намаз орындаусыз, құранның құпия сырлы аяттарын тылсымдық бейнелерін (аян-образ) көрмей-ақ қалай ғылымын түсінуге болады?  Жалпы дін ислам ғалымдарының зұлымдығы да осындай арыстық кітаптарға жалғанумен байланысты; әулие-әмилік, елшілік қасиеттерді меңгеруді, яғни Алланың нұры арқылы ақиреттің сырына, біліміне жалғануды жоққа шығарумен халықты ашық алдаумен айналысуға да жол беріліп қойған ел билеуші, зиялы атты қауымдықтардың жындылықпен өздерінің негізделіп қалуымен байланысты екені де растық.

Енді Алланың нұрына жалғанумен алды-артында ескеруші күзетшілер арқылы өз тағдырынан және қауымына да ескертуші көріпкелдік қасиетті меңгеруді, аятта; «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер (қуат қосыңдар). Сендерге мәрхаметінен екі есе (алды-артқы жұлдыз күзетші) береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла тағала тым жарылқаушы ерекше мейрімді.» (57-28) Осы аятты қасиетілік тұрғысында меңгергендер ғана иманың 70-бұтақты дәрежесіне жалғанғандар, сахабалар болып; «Жолдастарыңда жындылық жоқ» деген аятың үкімі түскенін де білген жөн. Қазіргі барлық намаз оқушы және имамдармыз сахабалық дәреже алған ба? Сондықтан да жынды емес, әулие болар түгелімен?

Алла тағаланың бізге аяттарымен берліген үкімімен әлемге түскен барлық дінерді енді Мұхаммед пайғамбарымыздың сүнеттері яғни елшілік істері арқылы Алланың нұрына жалғанып, барлық елшілер істерін, кітаптарын меңгеру ислам арқылы мегеріп бірлеу болса, масһабшы діншілеріміз; «Барлық көріпкел, балгерлердің жындармен қатысы бар ма, жоқ па, ол өз алдына жеке мәселе. Алайда, көріпкелдік пен балгерлік исламға қайшы болғандықтан әрі пайғамбармыз (с.ғ.с) оған нақты тиым салғандықтан, мәселге шайтаның араласатыны күмән тудырмайды. Сондықтан көріпкелдік жасаушы өзін де, өзіне имандай сенушіні де иман тұрғысынан қауіпке итермелеп отырғаны мәлім..»  деген пәтуамен өздерін жынсыз және 70-бұтақты иманды деп ерекшелейді. Ал имандық қуаттық жүйенің жалғану сырын, және қалай, қандай амалдармен меңгеру туралы, дін муфтият ғалымдарының, дін басшыларының мүлде хабарсыз екенін білеміз бе? (жалғасы бар Наурыз 2016 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

One thought on “ II-Көріпкелдер расында «көріп келе ме»?                       (Қазақ елінің муфтият ғалымдарының пікіріне жауап)

  1. Бабыл мұнарасы құламай тұрып адамзаттың барлығы бір тілде сөйлегендігі туралы аңыз бар. осы тілде адамзат дауыссыз дыбыстармен сөйлескендігін алдағы келтірген сөздерден дауысты дыбыстарды алып тастаса әлем тілдерінің түбі бір (дауыссыз) дыбыстармен сөйлескенін көруге болады. мысалға: батыр богатыр (БТР), ібіліс дьявлос (ДВЛС), шайтан сатана (СТН), Зікір чакра (ЧКР), сынды көптеген сөздерді келтіруге болады. Тибеттің ілімінде адам 7 биоэнергетикалық денеден (чакра) қабаттардан туратынын түсіндіреді. Яғни адам баласы зікір салу арқылы осы жеті қабаттан өту арқылы лаухул махфуздан яғни тағдыр кітабын оқуға болатыны Яссауй бабамыз жол салып кеткенін біздің дін имамдарымыз түсінбейді. Әлем ғалымдары да математика психоматрица ғылымы арқылы адамзаттың ата тегін (кодын) қазақта жеті атаны ояту зеріттеу үстінде. Ерте ме кеш пе математик ғалымдардың алгаритымы арқылы осы кодтың яғни жеті ата аруағымызды оятатыны анық. Ол туралы ойлау біздің дін имамдарымыздың ойына да кіріп шықпайды. Аятта “Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!”,- деседі. (20) Саффат сүресі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *