XXX-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен ынсаптылық және  адамдық  ұждан, ар текті  меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 167

    Қияметтік мезгілде тек қана зұлымдықтарға құдайдың жауабы түсіп, жазалаумен ғана шектеледі деп түсіну жаратылыстың сырын, дәуірлік оқиғалардың мән-мағынасына ойды жұмсап, ақыл тоқтата алмаудан пайда болады. Аятта; «Күдіксіз Ғиса қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол. (61) Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан.» (43-62) Олай болса, Раббымыздың тарапынан түсетін барлық белгілері мен хикметті білімдерін бейнелеп оқушы әулие-әмбилер мен Алланың сүйікті құлдарының адамзатқа көрсетіп, жол сілтеп жатқан түстері, аяндары, уақиларының бәрі; Алланың өзінен, құдіретті қолы МЕН сипатынан болып және Маған бой ұсыну болып саналады. Тура жолдың да айқын белгісі масһабтық немесе басқа тәпсірлік білімдермен емес, құдайдың хабарының жалпы адамзатқа шындық пен шынның ортасы болған хақиқатын ашық білдірумен де ерекшеленеді. Сонымен мұндай мезгілде ақ пен қараның, білім мен шындықтың ашық шайқасы, заманның толғағы болып шайтанның ықпалына түскендердің дұшпандығы артуын да ескерген жөн.

   Қазіргі таңда шынында мұндай қияметтік мезгілдегі Раббымыздың түсіріп жатқан апаттары мен түрлі хикметтеріне, әрбір пенделерге құтқарылуға шақырған аруақтан хабарларына, шындықтарға қарсы жаппай ібілістің ұрпағы мен шайтан жамағаттары ел билеушілердің кітап болып жазылған білімге сүйеніп шығарып жатқан заңымен қаруланып, уақытша жеңіске жетіп алғандары белгілі. Қияметтік мезгіл жоғарғыдағы жазбадағы баяндалған әзәзіл арсыздықтың ықпалының үш түрлі сипатта; Құдай сөзінен, аян, уахидан бас тартқызумен, құдайдың еркін сынап, терістеумен және ақталу, өзара хайыр жасау, садақамен тазару, емшілік істер де дүниемен ғана өлшенумен теріс ойлы білімдердің үстемдігі арқылы атқарылуы жүзеге асады.  Ғиса  пайғамбарымыздан қияметтік мезгілдің сипаты мен қай жерге келетінін сұрағанда; «…Жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абай болыңдар, зәрелерің ұшпасын. Олар болуға тиісті, бірақ заманның ақыры бұл емес. Себебі ұлт ұтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлі жерлерде ашаршылық пен індеттер және жер сілкіністер болады. Бұлардың бәрі жаңа дәуір туар алдындағы толғақтың бастапқы азабы іспетті..» (Матайдан 24 тарау)

   Жаңа дәуірдің толғағын бұқара  халықтың күнде көріп, біліп, естіп отырғанмен ел басқарушылардың соңына шам алып түскен білімді, саясатшы қауымдардың құдайдың рухани нанынан, шындығынан бас тартуға, арсыздықты заманның жаңашылдығы деп қабылдауға, құдайдың белгілерін, хақиқатын қалыпты табиғаттың құбылысы деп түсініп, құдайды тексерумен және дүние байлықпен керемет болуға күні-түні азғырумен, ақпараттық жүйе мен іс басындағылардың қалайда халықтың рухани оянбауына, құдайдың түсірген шипасына жалғанып, рахметіне бөленбеуіне кедергі қоюмен айналысуды саясат деп қабылдайтынымыз да хақ.  Олардың заманның жаңа дәуірдің толғағына қарсылық  жасаудың әрекеттерін аятта; «Олардан шамаң келгенін даусыңмен әуліктір. Және оларға, атты, жаяу түрде келіп, байбаламдап дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына, балаларына ортақ бол. Оларға жалған уәде бер. «Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды. (64) «Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді. Раббың уәкілдікте жетік.» (17-65)

Қазіргі таңда шайтанның аяғына жығылып, дүниеге табынған жоғарғы ел билеушілер, іс басындағылардың өз бағытынан мүлде бұрылмай, қалайда құдайдың ісін, шындығы мен хақиқатын жалғанға шығаруға, арсыздықтарын әрі қарай жалғастыра беруге жанталасып жатқаны да хақ. Шындықты тілмен ғана жоюға, әлсіретуге болады. Сондықтан қалайда қазақ тілінің мәртебесін түсірумен, атау сөз ұғымдарын зерттеуге, ішкі ой қуатын Раббымыздан сұрап жүйелеуге қарсылық ел басшымыздан бастап барлық саяси, қоғам, дін өкілеттігі, ақпаратық жүйенің, ғылым, білім минстрлігінің тұрақты қызметіне айналып алды десек жалған емес. Бірақ аятта; «Хақиқат келді, бұзықтықтар жойылады» деп ескерткен. Жаңа заман толғағы, уақыттың жылдамдығы, құдайдан хикметті білімі мен мұғжизалары – хақиқат болып, халықтың рухани ұйқыдан оянуына, шындықты бүгінгі шыннан айыруға мәжбүрлеуі де хақ.

Алайда әлі көпшілік ел билеуші, білімді, дінші қауымдықтардың хақиқаттың қыспақ сынына, құдайдың азабына толық түсе қоймағандықтан; 10 шақты жыл көлемінде жазылып, аз да болса таратылып жатқан әулие-әмбилер аруақтары арқылы баяндалып, құдайдың сынақтары мен ескертулерін алдын-ала білдіргенмен, ел басшымыздың өзі қарсылық білдіріп, кері шешім шығарып, ата жолын заң жүзінде ақтап алудан, шайтанның үш түрлі рухани нан несебесін шектеуімен, құран арқылы үш түрлі нығметке (шипа, рахмет, кітабының оқылуы) айналу ата жолы құлшылығын зерттеп, насихаттауға тыйым салып  отырғаны да хақ.

Алайда бұл құдай патшалығының, қияметтік мезгілінің, заман толғағының, түрлі уақиға, азабының еселеп артып келе жатқанын байқаған,  енді арты қалай болады деген сауалды қоюшы оқырмандарға, мұндай тарихи оқиғалардың тағдыр болып Алладан алдын ала түсіріліп қойғанын да білген жөн. Бүгінгі күнгі қазақ елінің бастан кешіп жатқан тағдырын 2000 мың жыл бұрын Раббымыз көрсетіп қойғанын, көріпкелдік, болжампаздық, сәуегейлікті діннен жат, исламда жоқ деген арсыздарға да мысалдарын көрсете кетсек, мүмкін райларынан қайтуға себеп болар.

Ата жолының исламның бірлігі, барлық діндердің құлшылықтарының  тазасын бірлеуші болып, негізінде Ғиса пайғамбарымыздың киелі рұқпен жалғанумен яғни иман келтіру істермен байланысты болып;  «…Менің атымды мойындағандарыңа бола (ата жолы, зияраттау, ақталудың істерін) барлық ұлттар сендерді жек көретін болады. Сонда көбі сенімдерінен танып, өзара опасыздық жасап, бір-бірін жек көреді. (жындылық топтарға, партияларға бөлініп алады.) Талай жалған пайғамбарлар (дажалдар, жалған ғалымдар, ел билеушілер) халық алдына шығып, көптеген адамдарды алдап азғыратын болады. Әділетсіздік тым көбейіп кеткендіктен (дінге, жаңадан түскен шындығына) көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді. Ал ақырына дейін табандылық көрсеткен әркім құтқарылады. Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар барлық ұлттарға паш етілу үшін күллі әлемге уағыздалатын болады. Сонан кейін бұл заманның ақыры келеді.» (Матайдан 24-ші тарау)

    Бұл қияметтік мезгілдің де ерекшелігі болып; христиан елдерінде інжілдің түсуімен, Ғиса пайғамбарымыздың өлім сатыларынан өтіп, күнәдан ақталу, жыннан тазару т.б. істерімен Ыбрайым, Лұт, Жүсіп, Жүніс, Мұса, Һарұн, Дәуіт, Сүлеймен  пайғамбарларымыздың және Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттері, құран арқылы намаздарының атқарудың жүйесі, ислам дінінің келесі бір өркениетінің қалыптасуы қазақ елінен бастау алуында да үлкен хикметті сыр бар. Раббымыз; «Құран Тәуратты қайталайды» деп сол кезеңдегі уақиғалардың, тағдырлардың да қайталануын ескерткені де хақ.

Енді ислам дінінде тек құранның аяттары мен әулиелердің, даналардың қалдырған қолмен жазылған еңбек жазбаларына сүйенгендердің, бағзы заманда таураттықтардың парызшылдар аталып, тек қана білім жүзінде ғана дін құлшылығын ұстанып, інжілмен бірге түскен шындыққа, хақиқатқа қарсы тұрған оқиғаларын ислам дін топтары қайталауында да Раббымыздың уәдесінен, жан ғылымынан екені хақ. Олай болса бүгінгі дүние ісін жетік білген ел билеушілерінің дін тұрғысындағы көзқарасы мен әрекеттерінің; Мұса, Ыбырайым т.б. пайғамбарлар кезіндегі қылықтардың да тоғысы болып тұрғаны да сөзсіз. Мұса пайғамбарымыздың Пірғауын патшамен болған, құдайдың хабарын жеткізіп, онан қайта-қайта бас тартқан кезіндей ел билік пен ата жолы, әулие-әмбилердің арасындағы саудасы, құдайдың түсірген хақиқатына, алдына ала ескерткен шындығына қарсылықтың осы кезде қайталанып жатқаны да жалғаннан емес.

Ал қазіргі таңдағы қияметтік мезгілдің бұрынғы замандарда да болғанына, уақиғалардың жер әлемде тағдыр болып айналатынына дәлелді келтіріп көрейік. Сондықтан да; Құдай патшалығымен бекіген дін ісінің масһабтық шариғаттың парыздардың қандай ерекшелігі бар деп сұраңыз. Дін муфтиятының, исламдық топтардың арап елдерінің дін салтын ұстанып, құдайдың шындығын алған, оны намаздарға айналдыра білген әулие-әмбилердің құлшылық үлгілері барлық елші, пайғамбарлардан қалған ғибратты үлгілердің сипатынан, қазақ дәстүрінен, ата-бабалардан қалған ғұрыптық намаз орындаулардан бас тартуымен, ата жолының қудаланғаны да хақ. Інжілден; «Сол кезде Ирусалимнен келген дін мұғалімдері мен парызшылар келіп, Исаға мына сұрақты қойды. – Шәкірттерің неге ата-бабамыздан қалған дәстүрлерді бұзады? Олар қол жуу рәсімін (қазіргі таңдағы намаз оқу, бес парыз) орындамай-ақ тамақтанады екен?! (рухани ақталудан өту, әулие-әмбилер арқылы рухани нан алу) Исаның жауабы мынау болды. – Ал сендер неге дәстүрлеріңе (шариғат парыздарына, дін ісі масһабқа) бола Құдайдың өсиеттерін бұзасыңдар?!

      Құдай; «Ата-анаңды сыйла!» және «Кім әкесін не шешесін жамандаса, сол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой. Бірақ сендер: «Біреу әкесіне не шешесіне: менен көрмек игіліктеріңізді Құдай жолына бағыштадым (намаз оқып бес парыз орындадым)  десе, онда ол әке-шешесін сыйлап, (зияратап, аруақтың басын көтеруге) парызын орындауға міндетті емес» деп үйретесіңдер. Осылайша өз дәстүріне (масһабтық, парыздық арап салтына) бола Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар!» Сонымен дәуірдің толғағы болып қазақ ұғымында; «Тоғыз жолдың торабы» деп аталып, қияметтік мезгілдің бағзы замандағы дәуірлік, яғни тоғыз түрлі тағдырлық белгілердің бір заманда тоғысын айтқан.

Ал исламдық дін ғалымдарының да шайтанның ықпалына түсіп,  құран арқылы сендерге шипа және рахметін (иман қуаттарын, он саулық байлығын, кітаптарын) түсіремін деген Ғиса пайғамбарымызбен інжіл, тәурат және барлық дін құндылықтарының хақиқатының исламмен бірленуіне ашық қарсылық жасап, пайғамбардың өсиетіне де жала қойып жүргенін аңғарудан да қалғанбыз. Иман келтіру дегеніміз киелі рұққа, адамзаттың бейнеленген кісілігіне, жұлдызына жалғанумен байланысты. Иман – шындық. Аятта; «Мұхаммед оларға: «Шындық келді. Енді бұзықтық бастамайды да қайтып келмейді.» де (49) ..Оған (шындыққа, ғылымға) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ (иман, шындық) ұзақ жерден олардың қолына қалайша келеді?» (34-52) Сол замандарда  шындықтың араптардың тарихынан қашықта, талай ғасырлармен бөлінген дәуірлерге жалғанумен яғни Ғиса пайғамбарымызбен, киелі рұқпен байланысты болса, бүгінгі таңда Алланың жібінің ұзарып, онан сайын қашықтағаны да хақ. Сондықтан, ислам діні де де шындықтан мүлде ажырап, тура жолдың қисығына бұрылып алған замандарда шындықтың өзі, киелі рұқы адамзаттың арасына түсіп, оның дәлелі Ғиса пайғамбар ғибаратты үлгісі болуы керек.

Сондықтан да ислам дінінде адасушылық пен бүліктің, бұзықтықтың басталуын, имандылықтың, шындықтың жоғалатынын ескертіп, Мұхаммед пайғамбарымыз; «Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында араларыңа Мәриям ұлының әділ сот боп түсуіне жақын қалды. Ол крестерді (күнә ағашын) сындырады, шошқаларды жояды, жазияны (бодау) мансұқ етеді және мал дүниені ешкім алмайтындай (дәрежеде) көбейтеді.» депті. (993-өсиет) «Бұл дүниеде де, ақиретте де Мәриям ұлы Исаға адамдардың ең жақыны менмін. Пайғамбарлар — аналары бөлек, бір атадан туған бауырлар, ал діндері бір» деп айтыпты» (3443-өсиет) «Араларыңа Мариям ұлы түсіп, имандарың өз іштеріңнен өткенде қалай болар екенсіңдер?!» деп айтты. (1374,3449-өсиет)

     Мұхаммед пайғамбарымыз діннің киелі рұқ болып ӘКЕ болып бейнеленуін сондықтан рұқ-әкеден жараталған барлық пайғамбарлардың діндері де бір болуын астарлап ескертіпті. Олай болса дін жанымыз ғана ана тілдік, ділдік тұрғыда ұлттық, үмметтік ерекшелік болып, өзара қарсылықта бір жүйеге киелі рұқ, шындық, әке елшілігі, біздермен байланысты иман қуаты, Алланың 80 сипатты нұры арқылы бірленуге бұйырылған.  Біздер жаратылыстан иманның дәнін ата-аналарымыздан мирасқа алып, оны тазартып, өсіріп, көбейтумен ғана оған он саулық байылығымен, 9 төре кісілікпенен дәрежелеп зорайта аламыз. Ал иманды қорғап тұратын денесі, ар сауыты болмаса, оны жоғалту, жойып алу тіптен оңай болады. Ал енді иманды көбейтумен, бұзықтық жындылықтар мен түнек күштеріне қарсы тұрып, оларды жағып жарыққа айналдырумен, ар сауытын қалыптастарудың құлшылық ісін және қияметтік мезгілдің ашық белгісін аяттан;

     «…Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап (ұжданның қалыптасуы), оны үрлеймін (киелі рұқпен қосамын). Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады (Бақ құсын меңгеру, аққу, сұңқарлық). Және Алланың бұйрығы бойынша анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін (өлілердің сөйлеуі, батаға келуі) әрі үйлеріңде (жан үйінде, үй ошақтары ағзаларда) нені жеп нені қойғандарыңнан (күнәларыңмен,  рұқпен жүктелу, ақылдық, қасиеттілік, имандылық сипатын аян, уахи) хабар беремін (аруақтарың, күзетшілерің арқылы киелі рұқпен көріпкелдікті қуаттаймын). Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар». (3-49)

     Сонымен иман келтіруді (9;49;) сандық мәнімен меңгерудің сыры және (5-68) аятымен, Мұхаммед пайғамбарымыздың  өсиетімен ескертіліп,  иманның келуін ішімізден жүрек арқылы өтудің рухани өлім сатыларынан, ақталудан өтумен, Ғиса пайғамбарымыздың қияметтің мезгілінің куәлігімен,  осы аяттың үкімі белгісімен байланысты болуы да хақ. Иман келтірудің, яғни өзіміздегі иманымызды зорайтып көбейтудің басқа жолы да жоқ, сондықтан Раббымыз: «Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар» деп ашық ескертіп тұр. Және Ғиса пайғамбарымыз; «Алланың бұйрығы бойынша» ғана болатынын ескертіпті. Құранмен түскен осы аяттың өзі Алланың бұйрығы болып, енді бұл белгілерді «исламда жоқ, пайғамбарымыздың сүннетінен тыс» деген масһабтық дінші ғалымдар түгелдей ібілісітің ұрпағы, Аллаға ортақ қосушы болып табылатына да дәлел емес пе? Бұл аяттың жұбы; 17-82; 5-68 аяттары да ашық Алланың үкімін бекітіп тұрғанын мүлде түсінгісі келмейтіндерді қалай атауға болады?

Сонымен қазақ дәстүрі ата жолының иман келтіру шарты болып; 1. Шын (шындық) мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Ғиса пайғамбар арқылы киелі рұққа жалғану. 2. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Ақ ұлдың елшілік ісінің Ғиса пайғамбар мен Мұхаммед пайғамбарымыздың құранды оқумен байланысты хикметті істерін жалғастырушы, құран мен інжілдің арасын жалғаушы дарынды аққу, сұңқарларды даярлау болғаны да хақ. 3. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. Киелі рұқтың әйелдердің басына қонып, аққу-ұжданды болумен, еркектердің ағарған аяғына қонып, ұжданды әрі парасаттылыққа жалғанумен байланысты болуы керек еді.

Бірақ мұны меңгере алғандарды әзірге табу қиын да болар. Себебі ақталу, көкіректің ашылуы бастың тазаруымен, жүрек көзінің ашылуымен інжіл мен Ғиса пайғамбарымызға киелі рұққа жалғанумен болса, ал Ақ ұлдың жүрек құлағының мөрінің ашылуы аяқтың ағарумен, шариғатпен, бой өрісінің толық жетілуімен тікелей байланысты болуы шарт. 4-5. Және Алланың бұйрығы бойынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін. Әрине жоғарғыдағы 3 белгіні меңгермей, бұл қасиеттіліктерді меңгерудің ауылы қазаққа әлі алыс болып тұрғаны да сөзсіз. Көңілі тумасынан соқырды емдеуші, иманға жалғаушы; жүрек көзі, маңдай көзі де ашылған болуы керек.

Ал өлікті тірілту; Алланың бұйрығымен ғана ерекше тақуалықтың жоғарғы дәрежесіне жеткен парасатты құлына ғана берілетін нығметі болмақ. Және екінші сипаты құрбандық қанымен, әулие-әмбилердің киелі рұқы арқылы ата-ананың тозақтағы жандарын құтқару болып ата жолында бейнеленгені де растық. 6. әрі үйлеріңде (жан үйінде, үй ошақтары ағзаларда) нені жеп нені қойғандарыңнан (күнәларыңмен,  рұқпен жүктелу, ақылдық, қасиеттілік имандылық сипатын аян, уахи) хабар беремін. Бұл қасиеттілікті меңгеру жолының да зерттелмей және  ғылыммен, даналық, парасаттылықпен, исламдық құлшылық тұрғысындағы тақуалықпен байланбағандықтан мұндай қасиеттілердің жындармен ғана негізделіп аққу, сұңқар, көрпкел, емші аталғандардың жындылықтарды көбейтуге, жалған ақпараттарға жалғанып алғаны да хақ.

Сонымен иман келтіру, киелі рұқпен жалғанумен, бастың тазалығы, алты  ақыл-ой ошақтарының, алты бой өрісінің жағдайымен байланысты қазақта «Тоғыз төре төбеден келу» деп атағанды.  Негізінде 8 жындық қуатты кісілікке жарыққа айналдырумен, адамзаттың сегізкөзімен, нұрланумен байланысты 9-шы тұрғыда Алланың өзінен киелі рұқымен жалғанумен, біздер арқылы басқарылумен нәтижеленеді. Қазіргі таңда «Сегіз серілік» ұғымы осы қуаттық жүйеге қарсылық тұрғысындағы жындармен басқаруды меңзеген. 8 сері аталғандар құдайға мойысұнбайтын, өмірдің қызығымен, ойын-күлкімен , әнді, өнерлерін сатып күн көретін, қазіргі замандағы «жұлдыздар» деп аталғандарға тән құбылыс.

     Мұндайларды Раббымыздан аруақтар арқылы жан үйлерінің жағдайын; 8 сөресі сөлкейіп тұр, 8 көзде опыра белгісі тұр, 8 көзі көлеңкеленіп тұр, 7 қарадан шабуыл жасалайын деп тұр, сеңгіріне (көктік қуат) жалғана алмай тұр деген сияқты ескертулер береді. Негізінде от басылық жағдаймен, некенің адалдығымен, ақ жаулық байлықтың, етектің тазалығымен, еркектің бойының жетілгендігі, яғни тері, аяқ, қол, бастың, кеуденің тазалығымен ғана 8 көздің нұрланып, ұжданның жетілуі мен аруақтың қуаттылығы, сана, ар өрісіне байланысты алды-арттағы күзетшілігі болмақ. Ал сегізкөздік жындық қуаттарды бірлеп ақылмен басқарылмаған жағдайда 8 түрлі рухани дерттің, жындылықтардың сипаты пайда болады; 1.Ашкөздік; 2. Тойымсыздық; 3.Жетенің қалыптаспауы; 4.Ар-ұжданның жетілмеуі; 5.Аяқ балтырдың түйілуі; 6.Жынның желкеге отырып алуы; 7.Аян, хабарлардың ұрлануы; 8. Есту қабілетінің нашарлап, жоғалуы болады.

     Ал енді әрбір пенденің ата-бабадан мирасқа алған иман дәнін жоғалтпай, оны көбейтіп, өсіріп 8 жындық қуатын меңгергенде, онда Алланың  нұры 9 төренің түсуімен, иманын көбейтуімен; 8×9=72 санды жындық, қара түсті қарсылық қуаттылықты меңгерумен ғана толық иманды, арлы болып саналамыз. Абай атамыз; «Әй не болсын!..Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ала ма?». Жүз қара барлық адамзатқа меңгеуге тиісті Алладан тәңірлік қуат болып (72+28=100), оның 200 кісілік қарсылығын меңгерумен ғана 300-мізді түгелдеу шартты болмақ. Мұндай 300 белгіні меңгеру арқылы киелі рұққа жалғанумен яғни тоғыз төрелігі бар қасиетті пенденің (төренің); 1. Ыждағаттылық; 2. Ізгілік; 3. Көрегенділікпен алысты шалу; 4. Көкке көтерілу, 5. Көктің терезесінен сығалау; 6. Қазақ айында болатын хикметті құбылысты байқау; 7.Қарашаны теңгеру; 8. Көз іліктілік; 9. Қарсыласу күшін меңгеру арқылы сеңгірге (аспан мүлкіне, көктік тәңірге) жалғанғандар болып саналады.

     Қазіргі таңдағы ел билеуші, төрелік құрушылардың үш жүзінен толық белгісі бар, және төбеден келетін  9-дан белгісі, иман қуаты болуы да шарт. Ал өзін төре руынанмын, қазақтан бөлекпін, құдайсыз да жаратылыстан, туғаннан «төремін» дегендерге керісінше құдай ата-бабадан тектік тұрғыда жалғануға жеңілдік болған мұндай қасиеттен жұрдай қылып алып қоюы да хақ...(жалғасы бар Сәуір айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *