Жеңілдің билік, жеңілдің!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 57

Діннен бөлек заң жазған,

Билігі қазақ жын болған.

Әлемнен жинап дүние ісін,

Дүниеге елді шоқынтқан.

Тәңірсіп елді түземек,

Таң қалдырып керемет.

Дін, ділін елдің аздырып,

Үш тілмен ғылым меңгермек.

Тарихын тастап жөн білмек,

Аруағын тағдыр жөндемек.

Атаның жолын соттаған,

Екі күнін ұлттың, ес жүрек.

Мәңгүрт қып елді жүндемек,

Ібілістің еркін меңгермек.

Халықты малша бағатын,

Шет елдің салтын жөн демек.

Арсыздық уыты сенделмек,

Қатын, қыз азды құр дөңбек.

Шайтандық жаттан алғаның,

Гендерлік қуат тең демек.

Құдайдан хабар кім білмек,

Жетесіз басшы сөзі ілмек.

Қияметтің түсіп сынағы,

Ортайған қазына рас дерек.

Жер сатып болды жөндемек,

Дін иманы билік кем десек.

Оятты құдай халықты,

Жынды да түртіп бұл дерек.

Ойласаң билік күштірек,

Заң мен әскер бар десек.

Алайда құдай қолдауы,

Халыққа түскен сын демек.

Жеңсең де жеңіліс біл демек,

Халыққа қарсы кім жүрмек.

Абыройың билік шашылып,

Тарихта қалар бұл дүрмек.

Жер сатқан өңкей кеңкелес,

Құдайдан түсер бір елес.

Жүрекке кіріп күшті әскер,

Жоғалып жаның, кетер ес.

Ұрпағың азып, үзіп тек,

Алдырмас құдай меншіктеп.

Өз мүлкін өзі қорғайтын,

Құдай бар, ісі керемет.

Әлі де билік кеш емес,

Кешірім сұра жинап ес.

Тіл менен дінін халықтың,

Қайтарып берсең кет демес!

(Мамыр 2016 жыл)

*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *