Сөз түзелмей ел түзелмес.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 163

      Деген қазақ даналығын  Абай атамыздың өсиетін бұл жазбаның тобықтай түйіні болса, алдағы басылымның жалғасы болсын деп ырым қылдым;

     Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасына жасқа келдік; қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусыздығын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

     Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

     Мал бағу ма? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздерінше керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін, қалған аз ғана өмірімізді қор қылар жағдайым жоқ.

     Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретесің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін (өлшейтін) алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.

      Софылық қылып дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық?

     Балаларды бағу? Жоқ баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірдің, білімнің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны ермек қыла алмадым деп ұлы Абай атамыз болашаққа назын айтып қазақ қоғамының ауруының атын айтып түсін түстеп кетіпті. Ол заманға қарағанда қазақта құдайға мың да бір шүкір не ішем, не жеймін, не істеймін десең де еркіндіктің таңы атып Алланың шапағаты жауған заман туып келе жатыр. Сондықтан Абай атамыздың арттағы ұрпақтарына берген аманаты шығар деп қолдан келгенше қазақтың бағылмай жатқан малдары мен қараусыз кеткен жандарын бағып көрсек деп көкжиекті көріп өскен үлкендер мен өсіп келе жатқан жас ұрпақтар арасынан асылдың сынықтары болса кел, бірге бағып көрейік демекпін. Ең дұрысы сөз бағудан бастасақ. Кезінде арап деген халықтың бар екенін білмей тұрғанда аталарымыз қалай амандасты екен? Сөз атасы «Сәлем» деп «С-Әл-Ем» деп сол жағыңызға қуат тілепті. Немесе «Мал-жаның аман ба?»- деп болшақта Құраннан талқыланатын ислам дінінің негізі «Жан ғылымы» қазақта екенін білдіріпті. «Кеш жарық» деп тәураттан да хабар берген. «Ешкің арық» деп Зәбурді де білетінін ескертіп, әлденіп алуға ұлықсат беріпті. «Қайырлы күн» деп құлшылық негіздері күнмен есептейтінін меңзепті. Сонан араптар арқылы тілді 20 пайыз сөздіктер қосылып амандасу рәсіміміз өзгеріске де түсті. Қай ел неге мұқтаж қалай өмір сүру ерекшелігі амандық сұрасудан білінеді. Қытай елі «Қарның тоқ па? Аш емессің бе?». Тау халқы «Аяғың сау ма?». Орыс халқы үнемі басы ауыратынын ескергендіктен болар «Ден саулығың жақсы ма?» деген сияқты әр халықтың бір ерекшелігін амандасу рәсімі білдіреді. Енді қазақта «Ассалаумағалейкум» деп үлкенге де кішіге де тіптен әйел заты да солай амандасу рәсімін әдетке айналдырсақ, дін адамдары тіптен арапша шұбыртып, мәтінмен амандасатын болды. Негізінен  қасиетті сөз «Алланың нұры жаусын» деп араптар ай сәулесіне мұқтаж болып, соған байланысты жаңбыр тілеп амандасады. Айналып келгенде малдың, жанның қамы. Бірақ олар түгелдей аузында кәлима және сәжде жасап ішкілік арамнан бас тартқан халық. Біз де ішкіліктің түбін түсіріп, құдайыңды жоққа шығарып немесе боқтап отырса да «Алланың нұры жаусын» дейміз. Сонда Алла тағаланы мазаққа айналдырғанымыз ба? Әлде Ай сәулесіне, жаңбырға мұқтажбыз ба? Күздің күні аспанға қарап асығып жүрген егіншіге егініңді су алсын деген тілек пе? Ал ішіп келе жатқан адамға «Алланың нұры жаусын»  жалғастыра бер деп мақұлдағанша, Африкалық бір тайпа кездескенде қолға бір түкіріп, жерді бір ұрып, жағыңа тартып жібереді екен. Тәрбиелік жағынан құдайсыздарға атеистерге сол ыңғайлы емес пе?

     Қош қалай амандасу әркімнің өз шаруасы дейік, енді кезінде сөз баққан аталарымыздан сұрап тірі екендігін шұбарланған тілді нақты дәлелдермен, Құран аяттары арқылы түзеп жатқанының аз ғана дәлелдерін келтіре отырып, бір жағынан сүйінші сұрап, екінші келесі басылымдарда талқылауға түсетін кейбір құпиялары болашақта есептік жүйемен анықталатын күнделікті пайдалануға түскен діни сөздер жаңылтпашын аз ғана бөлігін сіздер де қораларыңызға қамап бағып санап көріңіздер; 1.Дәріптеу-5 парыз. 2. Пәктеу-ғибадат жасау. 3 Тәуап ету-артық хайыр жасау, зираттау. 4 Бой ұсыну-ғибадат жасау, пәктеу, ізгі іс жасау. 5 Ракуғ жасау-тізерлеп құлшылық жасау, зейнет нұр жинау. Зікір айту, тілек тілеу. 6 Алланы еске алу-таспих. 7 Айды кешіктіру-құлшылық істер. 8 Алланы ұлықтау-көркем сөз айту (уағыз). 9 Ыхтикәфта болу-мәжбүрлік істе (сынақ, қайғы-қасірет) сабырлы болу. 10 Мойынға тағылған белгі — құлшылық кезінде міндетті түрде төбе жабық болып барып мойынға орамал, т.б белгілер орау. (Мойын ұсыну амалы) 11 Құрметті айлар-наурыз, мамыр, маусым, шілде. 12 Санаулы күндер — бейсенбі, жұма (төрт қыбыланың теңелуі). 13 Теңіздегі кеме-жер кіндігінің ашылуы. 14 Ғұмыра-жер бетінің тербеліс жүйесі (жер тесіктері). 15 Аллаһ-шүкіршілік. 16 Тағала-шүкір. Алла тағала-Аллаға шүкір. 17 Аллаһ тағала-шүкіріңе шүкір. 18 Салалаһу ғалейки сәлам (с.ғс) – Аллауақбар. (Мұғаммед с.ғс — Мұхаммед Аллауақбар — немесе сүйінші бақилыққа айналды). 19 Аллеһиссәләм – я Раббым Алла немесе әулие-әмбилер қолдай көр. 20 Радиоаллаһу әнһу- ұжмақ белгісі өзен үсті (сызықтық өлшем бейнесі бар). 21 Құдірет шекері — Қайда барсаңда тосқауыл (Көктегі аспан көрінбейтін аспан белдеулері. Пенденің жан өрісінің қорғаны.) 22 Хаж-қасиетті орындар, Алланың ардақты еткен құлдарының жерленген жерлерінен және көктен құлшылық уақыттарында пайда болатын көгілдір күлгін жарық. (Сандық мәні, сипаттары және суретке түсірілген бейнесі бар). 23 Зират – бақилық туысқандармен дін қандастармен кездесу орны. 24 Қорым-тарихи тәбәрік орындар. Әрі қарай жалғастыра беруге болар еді, бірақ болашақта көп  ұғымдар ертекке айналып кеткендіктен Құран аяттарынан есеп жүйесімен ғылымынан дәлелдер келтіре отыра талқылауды сөз бағуды жөн көрдім.

     Құран сөзін жаратушымыз арап тілінде үгіт болып насихатын білу үшін әрбір сөзге дыбысталу үндестігіне қарай мағыналары астарын шешуді белгілеген. Ондай мүмкіндік таңбасы және дыбыстар жүйесі дамыған елдерге ғана тән болып, сондай тілдің бірден-бір белгісі қазақта екенін дәлелдеу ғана керек. Араптың бар сөзін қазақ тіліне аударуға болады, ал керісінше қиын шаруа. Жәй ғана мысал келтірсек; «құдайы тамақ», «аруақ», «сексеуіл», «әулие-әмби», «мазар», «қорым», «кие», «тасаттық», «қария», «ақсақал», т.б шариғатта айтылып жүрген көп атаулар баламасы арапта пайдаланбайды. Құран сөздерін қара дүрсін аудармалап солай түсіндіруден негізінен «аруақ» туралы жүздеген аяттың балама атауы таба алмағандықтан жоқ деген пікір қалыптасқан. Бірақ санмен берілген ғылымнан жасыра алмайсың, болашақ ұрпақ алдында жауабы бар! Сондықтан келесі басылымда «Шайтан, жын, кісі, адам баласы, бақша, жан, періштелер, т.б» ұғымдардың білімімен бірге тозақ, жаннат белгілерінің нақты көрінісін көрсетіп кейбір дін ғұламалары түгіл, кейбір танымал болған пайдаланып жүрген ғылымдар саласында өрескел қателіктердің кеткендігін, жетіспейтін жерлердің барын және жан ғылымының мәнін түсіне білген тек қазақ даналары екендігіне дәлелдер келтіреміз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні; «Дүниенің құпия-сырын түгел білген ешбір жан жоқ. Сондықтан көп нәрсе туралы біздің пікіріміз жаңсақ. Түсінігіміз жалған. Бірақ, білмейтіндіктің екі түрі бар; бірі-анадан туғанда ештеме білмей туатынымыз; бұл – «табиғи» надандық, екіншісі – шынайы данышпанның «білмейтіндігі»; дүниедегі ғылымның бәрін оқып біліп, тәмам қылған данышпан ғұлама атаулы ең соңында сол жиған білімінің бәрі түкке тұрмасын; Құдайдың жаратқан дүниесін танып білуге мүлдем татымсыз, толымсыз екенін түсінеді. Енді осы екеуінің ортасында бір «тайпа» ел бар-ешбір саладан түбегейлі білімі жоқ, шала, бытып-шытып әр нәрсенің басын бір жалғап, сөйте тұра өздері тәкаппар менмен болады. Көңілі тоқ, өзіне-өзі дән риза. Өзегі тар, ойлары орашалақ. Алайда, сырт көзге өздерін зор, білгіш етіп көрсетеді. Міне, осы шала сауатты менмендер өздерін ақылды санайды да, дүниені былыққа батырады, момын халықты «Мен білемін, маған ер» деп арнаға жығады.» (Паскаль).

     Сондықтан құрметті оқушым өзіңіздің қай тайпадан екендігіңізге көзіңіз жетуі үшін тарихты зерделеп, «уақ»-сыз уақыттың болмайтынын, «ар»-сыз ғана әулиеге, ата-анасының достарына «Бар»-ға тас лақтыратынын  ескерте отырып; «Құдай қуат беріп, мал-жаның аман болсын!» Кітап бетінде жүздескенше «Күніміз шуақты болсын!». Баталы елдің баласы едік; «Ат аттатырып сүйек сындырмауға жаратқанымыз жар болып, сөзіміздің де өзіміздің де түзелуімізді Алла нәсіп етсін!».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *