Мінез тағдыр және жан(236)

Бөлім: Зікір өлеңдер 133

Мінез жанның пернесі,

Тағдырды өзгертер егесі.

Терең таным, түсінік,

Көпір болар сенімді.

Ақтап тәннің әдісін,

Жеңілдетіп дүние ісін.

Әрекет жасап аптықпа,

Болмаса сен де жындысың.

Қолыңмен қазба орыңды,

Ажыратпай оң солыңды.

Тәрк етіп жанды тән үшін,

Дүниеге сатып арыңды.

Тыңдамай сөзін Құдайдың,

Ұстанып бес парыз намазын,

Құтқарылам құрықтан,

Жол-жобасыз деме шығамын.

Бес қуатты меңгермей,

Қол-саусағың ізденбей

Тақуа болу күпірлік,

Өнерің қалса еленбей.

Жаның кетті ұйқыға,

Беріліп құр қиялға.

Басың қалды салбырап,

Кедергі түсіп мойынға.

Дүние қызық көбейіп,

Мінезің кетті елеріп.

Қарын тоқтық, баршылық,

Мәні де өмір сүргендік.

Тегіңде жөнді ұл болсаң,

Ұяң мінез қыз болсаң.

Сілкін, құтқар бойыңды,

Европалық салт жолынан.

Қазақтың сара жолы бар,

Аманат, мирас тағдырлар.

Жаныңның дара сырларынан,

Құдайдан жол-жоба бар.

Пайғамбарлық қасиет мінезін,

Нұқтың мініп кемесін.

Мінез, тағдыр, жандарды,

Бір ғылыммен қос жүйесін.

Жанды жеті үнімен,

Құраннан кітап іліммен.

Мінезің болып пернесі,

Әуезімен тағдыр өсірсең.

Ол Алла рахмет сипаты,

Бір ғылым қадір аруағы.

Бақ қарап қыдыр даритын,

Дәстүріңмен ата жолдары.

(Ақпан 2019 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *