Ортақ қосу амалдары.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 170

    Алладан өзге жансыз заттарға құлшылық жасап жалбарынып соларға құрбандықтар, сыйлықтар арнау. Жаратылыс сипаттарды түсінбеушілік. Ал дін тұрғысынан Алла бұйырмаған істі шариғат қылу. Аяттарды оймен жорып ғылымсыз ертек түрінде түсіндіру. Бұттарға, оттарға шоқынып; олимпиада оты халыққа бақыт сыйлайды, ойыннан ұтқан мемлекеттер өркендеген деп ойын-сауықтарға шоқыну, тек европаға ерсек бақытты өмір сүреміз деп өзге елдің қылығына еліктеу, тек алған біліміне ғана сеніп тіршілік ету осындай шоқыну амалдарын тудырады. Сол сияқты Иса-Масих құдай деп түсіндіру, Буддаға, Кришнаға шоқынулар, т.б. Алла тағала әмірлеріне ортақ қосу болып табылады. Құранды жалпы толық меңгермей, есептеп өлшемей аяттарды бұрмалап, Алла осылай деп бұйырған деп түсіндірулер де ортақ қосу болып табылады. «(Мұхаммед) Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырады? (69) (Яғни ешқандай ғылымсыз, есепсіз аяттар ортасынан сөздерді бөліп алып өз еркіне бұрып түсіндіру.) Сондай, Кітапты елшілерімізге (көптеген) жібергенімізді жасынға шығарғандар, олар жедел біледі. (70) (Кітапты түсіндіретін әр елдің өз елшілері, жолбасшылары болатынын ескерткен.) …. Сосын оларға; «Алладан өзге ортақ қосқан нәрселерің қайда?,-делінеді.(73) олар; бізден ғайып болды. Бәлкім біз бұрын еш нәрсеге шоқынбаушы едік дейді.» (Ғафыр-74) Жалған тәпсір мен жалған кітаптарға шоқынып аяттарды бұрмалау Аллаға ортақ қосу болып табылатыны тек алты аяттың басын қосқанда ғана түсінігі шығып тұр. Сондықтан да аят ішінен сөзді бөліп алып жала жауып зұлымдық жасаушылар да надандар деп аталады. Аятта; «(Мұхаммед): Маған Алладан басқаға құлшылық қылуды бұйырасыңдар ма? Әй надандар!,-де. (64) Расында саған да сенен бұрынғыларға да; Егер Аллаға ортақ қоссаң әлбетте ғамалың жойылып кетеді де анық зиянға ұшыраушылардан боласың деп уахи етілді. (65) Жоқ олай емес, Аллаға ғана құлшылық қыл. Және шүкіршілік етушілерден бол.» (Зүмәр-66)

     Бұл аяттарға мұқият зер салсаңыз Аллаға ғана құлшылық қылу ғамалдар (амалдар, ізгі іс) болып сонан кейін шүкірлік, яғни намаз оқуды бұйырған. Енді Құран сүрелерінің есептік жүйесі бойынша «Тахрим» сүресі Аллаға құлшылық ету сипаттар түсіндірмесі болып, әзірше қысқаша Аллаға шынайы тәубе ету деп білеміз. Ал тәубе сүресі тағы 129 аяттан тұрады. Онда екі аяттың есеп жүйесімен түсіндіргенде 141 аятпен насихаты шығады екен. Демек негізінен ортақ қосу шариғатты бұрмалау болып есептеледі. Шариғат әр халықтың өз өмір сүрген ортасына, ұлттық, тілдік ерекшелігіне байланысты өз орталарынан жіберілген елші әулие-әмбилердің пайғамбар көрсеткен істерді жалғастырып толықтырып өз өмір сүрген заманға сәйкес намаздар амалдары болады. Аян арқылы Алла тағаладан ашық түсініктер беріліп жабық аяттар түсіндіріліп отырады. «Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.» (Шура-21) Күдіксіз залымдарды арамза молда немесе жалған сопы дейді қазақта. «(Мұхаммет) сондай дінді өтіріксігенді көрдің бе?(1) Міне сол жетімді қақпайлағанды, (2) Міскінді (қандас туыс, ата-ана, тозақтағы аруақ) тамақтандыруға қызықтырмайды. (3) Сондай намаз оқушыға нендей өкініш! (4) Олар, намаздарын немқұрайды оқиды. (Тек сәжде жасаумен шектеледі) (5) Олар, көрсету үшін оқиды. (саусақ шошайтып, тізесін түріп, талтайып, қолды қусырып, т.б.) (6) Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады. (салт дәстүрлік, әдет-ғұрыпты шектеу) (7)» (Мағұн сүресі).

    Дін танытушы немесе сондай шақырушылардың іздеген «шерік», «серік», «ортақ» деген өздері түсінбей өзгені түзеймін деген қорқынышты сөздерінің тұжырымдама қорытындысын осы сүремен көрсеткен жаратушымыз. «Аллаға бой ұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар» (31) Аллаға бет бұру мен бой ұсыну түсінігінен жаңылғанымыз сонша, енді тек ниетің дұрыс болса болды деген сылтауды ойлап таптық. Ниеттің негізгі саны 88 болып, бой ұсыну 4 кітап амалдарын біріктіре біліп ізгі істермен өлшенетінін ұмыттыруға тырысқан «намазхандар тобы» аталып Алла жолында мал жұмсамауға, сараңдыққа бұйырып жол кесуші бауырларымыз күн санап өсіп келеді. Ортақ қосудың басты негізі; «Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар.» (Рұм-32) Бұл ескертулермен жоғарғыдағы ислам және қазақтағы арапшыл дін танытушылардың қорқыныш қылып еріксіз мәңгүрттікке тәрбиелеу қақпанының сипаттарын Құран аяттары бойынша аз ғана сипаттары көрсетілді. Ал алдағы басылымда нақты ғылымын жариялаймыз.
Қысқаша қазақтың діни ұстанымын мына аяттан үзінді келтірсек; «…Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, (Әулие бастарына, киелі жерлерге түнеп шипа іздеу) жер жүзінде кезгендер, (зираттап, тәу еткендер) тағы басқа Алла жолында соғысқандар (халықты хайыр жасауға шақыру) Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. (Сәжде) Және намазды толық орындаңдар да (ғибадат, тәуап, ракуғ) зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. (Құрбандық шалу) Және өздерің үшін алдын-ала хайыр істеңдер (әулие аралау), оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. (һұд-109 оқы) Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (Мүззәмміл-20).

    Осындай намаздар амалын тек Құранды жаттатып, намаз оқумен Алланың атынан жаннатқа жолдама берушілердің ілімінің кемістігі болса, ғылым кемістігіне мысал келтірсек; бұл ұғымдар діни сауаттылыққа байланысты қолданылады да көп ескере бермейтін «шерік қату», «серік қатушылар» кімдер деп білеміз? «Ислам өркениеті» апталық басылымында (и-21 (81) 1-15 қараша. 2008) «Қазақстан астанасының кіндігінде еврей таңбасы неғып тұр?» деген мақаламен «Звезда Давида» деген қазақ басылымдарында да көрініс беретін сегіз бұрышты бейненің Астана қаласында салынғанын үлкен сұмдық, дінімізге немесе ұлттық қауіпсіздігімізге зиян келтіретіндей үкімет және парламент назарына үндеу шыққан. Әл-Фараби атамыздың еңбегінде көрсетілген және Менделеев таблицасының негізгі ірге тасының сызықтық шамасын беретін, тіптен төрт діннің толық соңғы сипатының сызықтық бейнесі екені болып табылатынын білмек тұрмай, Құран мен Тәураттың бір екендігін көрсететін белгі екендігіне аяттарға Аллаға қарсылық білдірген мақала Қазақтың басты дін баспасында басылған. «Шерік, серік қату» дегеніміз осы және қазақ дін баспаханасы мен басшылық орындарында сауатсыз, ғылымнан хабары жоқ мамандар отыр деп біліңіз де, кімге сенуіңізді өзіңіз Құраннан іздеңіз оқушым.

Табыну мен шоқыну амалдары.
Қазіргі дін танытушылары мен дін ғұламалары табыну деген жоғарыдағы қосу амалдарының бірі деп ұқтырады. Алла тағаланың жаратылыс себептерін, патшалық, әкімшілік, рахымдық, құдайлық, тәңірлік т.б. сансыз тәртібін білу үшін сол жаратылыс нәрселерінің қайсысы пайда, қайсысы зиян келтіретінін анықтап пайда шапағат беретін құлдарына табынып өзіне сыйынуға (сый сұрауға) бұйырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *