Серік қосу амалдары.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 60

    Серік-жұп, әр істе бірге деген ойды білдіріп жаратушымыздың жаратылыс себептік билік жүргізу патшалық, рақымшылық, шапағатшылық, т.б. теңдессіз сипаттарын дұрыс түсіндіре алмау және әр түрлі құпия теріс дұғаларды, сиқырлық істерді меңгеріп түрлі ырымдармен, құпия озбырлық істермен дін жолдарына өзгеріс енгізуге тырысып Алла тағала әміріне қарсы тұру болып табылады. Қазақ халқында болып жатқан ем-шипасы көп дұғалар, бәле-жәледен сақтанатын дуалар, мұсылман қорғаны деп қара бақсылық амалдары серік қосу болып сыртқы «қаб»-тың әлсіреуіне апарып соқтыратын арсыздық істерге жатады. Серік қосудың негізгі белгісі Алла тағалаға жалбарыну тәсілдерін бұзудан пайда болады. Айға байланысты қасиетті айлар құлшылықтарын орындамау, әр айда болатын қосымша 6 санаулы күндер құлшылықтарын ұмыт қалдыру. Сол сияқты намаздар соңынан орындалатын, белгілі күндерде мешіттерде орындайтын зікірлерді тастау болса, қазіргі кезде ең қарапайым серік қосу түрі Жұма намазының өзінде көп мешіттерде Алланы еске алуды (таспихты) ұмытып та кеткен дін ғұламалары. «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық» деді.» (Лұқман-13.) Ата-анасының үгітін ұмытып (дәстүрді) құлшылық амалдарын ұмыту серік қосып, байқамай ортақ қосқандық болады. «Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды, Оның көрнеу көмесін, күнәны, орынсыз озбырлықты, (тәпсірлерге сүйеніп дәстүрлік дін ұстанымға қарсы болу) оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді (дұғаларды пайдалану, әулиелерге түсірілген құлшылық тапсырмаларды теріске шығару) Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды де.» (Ағраф-33). Құран аяттарын бұрмалап орындау амалдарын бұзу серік қату деп аталады. «Алланың аяттары саған түсіргеннен кейін олар сені одан (амалдар қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да (әр елдің дәстүрлік ұстанымы, қорғаны ана тілі) әсте серік қатушылардан болма.» (Қасас-87).

     Демек мешіт дін танытушыларының, имамдардың қарапайым сәжде жасау амалдарын толық орындамай және құрметті айлардағы құлшылық істерін орындамау, ( адамзатқа ортақ 12 ай есебінің орнына түн есебін (хижра-жұлдыздың көшуі) 11 айды алып) дін істерін бөлшектеу, мешіттерде зікір айтуға тыйым салып, Алланың қадірлеген құлдарын (әулие-әмби) еске алудан тосу – Серік қатып, шерік қосушылар деп аталуға тиісті Құран бойынша. Дінді бөлшектеп серік қосушылар туралы аятта; «Бұл дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ахирет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар (арапшыл қазақтар) білсе. (64) Қашан олар кемеге отырса, дінін Аллаға арнаған түрде жалбарынады да, оларды құтқарып қырға шығарса, сол уақытта олар; Аллаға серік қосады. (65) Өздеріне берген нәрселерімізге қарсы бола тұрсын, әрі олар пайдалана тұрсын. Бірақ, жедел олар біледі.» (29-66) Бұл аяттарды толық түсіну үшін дін ғұламаларының ертекке айналдырған тозақ, жаннат сипаттарынан өту үшін бірнеше кітап жазып, ахирет өмірінің тіршіліктің бар екенін және бүкіл тіршілік Алла тағаланың қатысуынсыз, бақылауымен себеп қылып жүргізіп қойғанын әрбір жаратылыс нәрсесіне шекарасын белгілеп сөйлетіп жүргізіп біріне-бірі тәуелді түрде Алла алдына сап-сап түрде баратынын Құран арқылы дәлелдер келтіреміз.

     Тіршілік бар жерде әр нәрсенің өз дыбысы, сыбдыры бар, демек сөз де бар, сөз бар жерде сөйлесу де бар, тек сөйлестіру ғана Бір Алланың үкімімен атқарылады. Алла қаласа басқа! Әзірше өлілер тіршілік етпейді деген діндарлар қарсы болып серік қосып, дінді бөлшектеп пайдалана тұрсын деп негізінен серік қосу байқамай ортақ қосудан пайда болатынын; «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.» (Лұқман-13) деп жаратушымыз атан-ананың үгітінен, берген ақылдарды орындамай салт-ғұрыптарға мән бермеу зор зұлымдық екенін қатаң ескерткен. Жалпы баспасөз бетінен де, көгілдір экраннан да сұхбат берген дін танытушыларымыздың ортақ айтатын сөзі қабірге тәу ету Аллаға серік қосу, қабірді ұстау тіптен зұлымдық деп түсіндіреді. Тәу сөзі негізіне тәуап ету сөзінен қысқартылып, Құран бойынша артық хайыр жасау мағынасын береді де; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар (соғыс, бүліктер, апаттар болып жатқан бедәуи елдері). Олар кәпірлердің қабірдағылардан күдер үзгеніндей олар ахиреттен үміт үзген.» (Мүмтахина-13) «Оған екі жол көрсетпедік пе?(8) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады.(11) Кедергінің не екенін қайдан білесің?(12) Ол; құл азат ету.(13) Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;(14) Немесе шаң топырақтағы сорлыны.(16)» (Бәләд сүресі) Ахиреттен хабары бар дені дұрыс пенде ертең өлгеннен соң мен де сондай шаң топырақта қалып, қарным ашып ұрпақтарымнан, туыстарымнан немесе таныстарымнан түсіне кіріп су сұраймын-ау деп ойланса зираттаудың қаншалықты қажет екенін аят түгіл толық сүреге қарсы шыққандардың бағасын өзі-ақ түсінер еді. Кәпірлер ғана қабірдегі ата-анасынан үміт үзеді екен, ал халықты үміт үзуге шақырып жүрген ахиреттен білімсіз надандар десе де артық болмайды. Сондықтан қабірдегілерден күдер үзушілерді; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.» (Мүмтахина-13).

   Ерекше ардақтаған әулие-әмбилер түгіл ата-анасының және туған туысқандарының басына зираттаудан тыйым салатын кәпір болып, есептеліп ал сондай қарсы елдер Алланың ашуына ұшырап үнемі соғыс, аштық, апаттар болып тұрады. (Мысалға; Мысыр, Иран, Ауған, Ирак, Бейрут, Пакистан т.б.) Тек қана зекет беру амалдарыныңда салттық және исламға ортақ белгісі бар. Рамазан айында берілетін зекетті «Пітір» немесе жылдық қарыздарың қалса «Бітір» деп көпшілікке арналған болса, сол сияқты әр пенденің өз әулеттің немесе үмметтің ішіндегі орындайтын төлейтін зекеті болу керек. «(Мұхаммед) Мен де сендер сияқты ғана адаммын. Маған; Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондықтан сол бағытқа жөнеліңдер әрі Одан жарылқау тілеңдер. Аллаға серік қосқандарға нендей өкініш де.» (Фұссилат-6) Сол жақ бағыттан «Бір-ақ Тәңірден» жалбарыну амалын пайғамбарымызға үкім етіп, қалай жарылқану, тілеуді қазақтан басқа дұрыс атқаратын ислам елі де жоқ және оған ашықтан-ашық қарсы тұрған серік қосушы қазақтан өткен дін танытушылары бар ел де жоқ шығар. «Сондай зекеттерін өтемегендер, солар; өздері ахиретке де қарсы.» (Фұссилат-7) Алла жолында мал жұмсаудан өздері де бас тартып, өзгені де соған мәжбүрлегендерді «Аллаға серік қосып. Күдіксіз (өзі білмей, білгеннің тілін алмай) ортақ қосу зор зұлымдық!» Дінге қастандық, Алла тағала үкімдеріне қарсылық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *