Бүгінгі шын — ертеңгі тарих.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 138

      Алланың қазақ халқына бергені де көп, түзеліп кетсек берері де көп екен. Бірақ біз сол байлықты, нарықты үйреніп алдық та, бір-бірімізге сатып жатырмыз. Шет елге де тығып жатырмыз, тығылып жатырмыз. Соған лайықты «Қайыршымыз да, тіленшіміз де көбейіп келеді. Суды да, жерді де бір-бірімізге тығып та, ашық та саттық. Жер ана біліп қойып бір сілкініп түсіріп тастаса, не қыламыз деген қаперімізге де кірмейді. Соншама өлшеусіз байлықты кім берді?- деп ойлауды ұмыттық. Сиыр да адамға қызмет жасайды, ерінбей жайылып сүт береді. Ара да шаршап жүріп бал жинайды. Кім үшін? «Көктегі мен жердегі әркім әрі көлеңкелері, ерікті, еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады.» (Рағыд–13)  деп ескерткен жаратушы иеміз. Жан-жануарларды, жерді бізге қызметке беріп уақытша жер бетін таза саф ауамен қоршап, жұмақ етіп берді.
Күн жарқырап бүкіл жаратылысқа нәр беріп тұр. Онсыз тіршілік жоқ. Болшамы энергияны сатып таласып иемденіп жатырмыз. Күннен алған қуатты да есептейік онда. Бағасын білеміз бе екен? Ертең жаратушымыз: «Мен саған тегін берген жерді неге сатасың, неге серік қостың (серік қосу озбырлық, арсыздық, Алла атынан іс қылу)» десе немесе күннің хақысын төле десе не бетімізді айтамыз? Жақсыны жеп, жаманды шығаратын асхана мен әжетхананың арасындағы аспапқа айналып кетіп бара жатқан жоқпыз ба? «Жер бетінде дандайсып жүрме, өйткені, сен жерді әсте жарата алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың.» (Ісра – 37) деп ескерткен емес пе? «Сондай иман келтіргендер Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандай. Естеріңде болсын Алланы еске алумен жүректер орнығады.» Жаратушымыз кеңшілік жаса, тек мені еске алып, ғибадат (құлшылық) жасасаңдар жетеді, ақысы сол деп тұрған жоқ па? «Және егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне көнсең сені Алланың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, мүлдем жорамалдайды.» (Әнғам–116). «Көпке ілесе берме, көп мұсылман да адасады, жорамал тәпсір көбейеді, абайлаңдар, тек Құраннан үлгі алып отырыңдар оны өзім қорғаймын» деген ескертуі бар. Сондықтан Құраннан іздесек сұрағымызға жауапты. Себебі жаратушымыз: «Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды» (Ісра–88) деп үкім шығарған. Бар ақиқат Құранда. Бірақ оны түсіну үшін арап тілін біліп қою жеткіліксіз. Ол үшін білім, онда да энциклопедиялық білім керек. Он жыл мектепте оқып діни дәріс алып, арап тілін меңгердім деп Құран беттерін ашып қалып, зуылдатып оқып шығып, артынша қазақшаға аудара салып жүрген имамдарымыз көп. Мен оған келіспеймін. Абайды, Шәкәрімді түсіне алмай жүріп қалай Құранды оңай түсіндіретініне ақыл жетпейді. Себебі иманы жолдас болсын Халифа Алтай бабамыз: «Қаншама жыл тер төгіп аудара алмадым, тәпсір түрінде жақындаттым» деп мойындап кеткен. Әзірше сол Құран тәпсірді қанағат еткеніміз дұрыс болар. «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ахирет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды.» (Тәубе–18).

    Алланың ақ мешіті біріншіден әрбір пенденің төбесінде салынады. Сонан кейін ғана қажылыққа шақырылады. Қажылықты да еріккеннің ермегіне айналдырып алғанымыз жоқ па? Ғибадаты, ізгі ісі толымды болмаған пендеге сәжде жасап тек намаз оқыдым деп Алладан сұрауға ұялуы керек. «Түк істемей Алладан сұрай бермеңдер» деген пайғамбарымыздың ескертуін қаперіне ілмеу былай тұрсын мешіт діндарлары Құран аяттарын мазаққа айналдыра бастады. Ашық, тесік әйелдердің еркек киімімен, еркектердің жалаң аяқ мешіттерді былғауы арсыздық істерге жатып жаратушымыз аяттар түсірген. Құранның бір аятына болса да қарсылық істер кәпірлік болып қабылданады. Дәретті, оны сақтап толық дәретке айналдыра білу үшін киімді қалыптастыру, әке-шешеге, туысқандарға жақсылық істеп әр істің ғылымын білмей жөні солай екен деп намаз оқу тек бет бұру болып табылады. Алла тағала Құранда бой ұсынушы еркек пен бой ұсынушы әйелге ғана жаннат нәсіп етіледі деген. Тән ғылымымен ғана қарастырсақ; аяқты толық жаппай, абыройды қымтамай төбені ашып жүру бой болып есептелмейді. Жан ғылымын діншілер түгіл дәрігерлер ұмытып қалған. Ден мен Тән екі ұғым. Сондықтан ауру емдейтін мекемелерді «денсаулық сақтау» емес «Тән емдеу» деп атаған дұрыс болар. Ден деген; адам өрісімен, жан құпияларымен, киелермен байланысты пенденің өрістік басқарушы көшірмесі. Денсаулықты сақтау қазақ дәстүрімен бірге ұмтылған. Сондықтан медицинада адам емдеу мен мал емдеудің айырмашылығы жоқ десе де болады. Әрбір ауру ауысатын, көшетін, жұғатын қасиеті болса жалаңбас, ашық, тесік, дәретті сақтай алмаған, қорғаныс шараларын білмеген дәрігерлердің ғұламасының өзі өзі емдеген ауруымен өлетіні бүгінгі шындық. Сол сияқты халық емшісі атанып немесе қасиет қонып шариғат заңдылығын меңгермей қалай тазару тәсілін білмегендер де аралас қуатқа айналып кейбіреулерге кері зиянын тигізіп, ал қуаты азайғанда өмірін кенеттен немесе мүгедектікпен аяқтары даусыз.
«Әулиедей асықтың,                                  Әлде сайтан, әлде жын,
Қасиетін былғайсың.                                  Бірін байлап, бірін мін.
Қылығын қылып жастықтың,                  Адам емес, айуансың,
Бір қалыпты тұрмайсың.                           Неге тұрсың сенде шын!
Шәкәрімдей ғұлама атамыз әулиесін сыйлай білмеген елдің қылығы да өзгеріп шындықтың ол пендеден де, елден де қашатынын ескерткен. Демек Алланы тану әуелі Алланың сүйген құлдарын құрметтеуден басталады. Сол қасиетті кісілер еңбегін бағалап, ақ-қарасын ажыратып үлгі алумен ғана шындыққа есік ашылады. Өзін білмей өзгені көсем тұту ақымақтық қана.

     «Ал сонда кәпірлер де біріне–бірі дос. Егер бірлеспесеңдер, жер жүзінде пітіне және зор бүліншілік болады.» (Энфал–73) деп ескерту осы кезеңге келіп және осы қарама-қайшылық қазақ халқының басына түсіп тұр. Әркімнің өз көйлегі өзінің тәніне жайлы тигені сияқты, осы уақытқа дейін ата-бабаларымыздың арапқа да, түрікке де, тіптен көрші өзбекке де ілеспей өз жолымен, өз түсінігімен Алланы тануы арқасында осыншама нығметке ие болып отырмыз. Дамыдық, білімдіміз, ешкімнен кем емеспіз, егемендік алдық деп отырып, әуелі өркендеп алайық. Қарын тойса ниет қайда қашар деп жүргенде, сонан кейінгі іс-шара партияларыңа балаларымыз пысқырып та қарамай неше түрлі хиттарды ойлап тауып, американдық ел деген сияқты Қазақстандық ұлт болмасымызға кім кепіл. Дінін білмеген сұранып өтер, Тілін білмеген тіленіп өтер, Елін білмеген күйініп өтер. Қайыршы жоқтықтан сұрайды. Тіленші мен сұраншы азғындық, надандық белгісі. Астың дәмінен күйігі жаман. Шетелде алтын сарайда тұрғаныңмен өз еліңде, өз топырағыңда ақ өліммен өлгенге не жетсін.
«Алла залым елді тура жолға салмайды.» (Каф–10). Қазір ауқатты қазақта шетелде оқып, шет елде өмір сүру дәстүрге айналып барады. Әдепсіз ауылға әйеліңді апарма деген дана қазақ. Сол әдепсіз ауылдардан әдебіміз көшеде ұлымыз бар, қызымыз бар, ұялмай-қызармай жалаңаш жүру. Үлкеннен кіші, кішіден үлкен ұялуды қойдық, қалтасы қалыңға төрден орын қойдық. «Өң Алланікі. Өң (беру) де Алладан кім артық, жасама түс не керек.» (Бақара–138). Онан да әуретті жерді қымтасақ нұр жинаймыз. Жүрегімізде жылу, шапағат пайда болады. Дүниеқоңыздыққа салынып, дүние қуып кетсеңдер, біліміңді тоқтатамын деген қасиетті кітабымызда. Дүниесінен басқа әңгімесі жоқ, ішкенінен басқа ермегі жоқ, айтарға ақылы жоқ, білімі тоқтаған байларымыз да жетерлік арамызда. Имандылыққа шақырайық, сынаққа түсіп, тұқымы құрып, бұтағы кесіліп қалмасын. Ол да өзіміздің бауырымыз.
Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда онымен түсінбейді, көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан әрі адасуда. Міне, олар мүлде кәперсіздер (Ағраф–179). «Жар астынан жік шықты» деп даттайтындар табылар арамыздан, бірақ қолымызда Алланың берген мұғиджасы, (дәлелі) артымызда аруақ және күн санап өсіп келеміз. Ақиқат бастауынан батамен нәр алып жатырмыз. Жауап беруге әзірміз, қарсы шықсаңыз ашық дәлелмен келіңіз, жасаған сауап мөлшерімен нақты ілім белгісімен белдесейік демекпіз.
«Әй, Мүміндер! Ғалымдар мен машайықтарының көбі адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. Сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағанды күйзелтуші азаппен шүйіншіле» (Тәубе – 34).

     «Дүниенің құпия-сырын түгел білген ешбір жан жоқ. Сондықтан көп нәрсе туралы біздің пікіріміз жалған. Бірақ, білмейтіндіктің екі түрі бар; бірі – анадан туғанда ештеме білмей туатынымыз; бұл – «табиғи» надандық, екіншісі – шынайы данышпанның «білмейтіндігі»: дүниедегі ғылымның бәрін оқып біліп, тәмәм қылған данышпан ғұлама атаулы ең соңында сол жиған білімінің бәрі түкке тұрмасын; Құдайдың жаратқан дүниесін танып білуге мүлдем татымсыз, толымсыз екенін түсінеді. Енді осы екеуінің ортасында бір «тайпа» ел бар – ешбір саладан түбегейлі білімі жоқ, шала, бытып – шытып әр нәрсенің басын бір жалғап, сөйте тұра өздері тәкаппар, менмен болады. Көңілі тоқ, өзіне-өзі дән риза. Өзегі тар, ойлары орашолақ. Алайда, сырт көзге өздерін зор, білгіш етіп көрсетеді. Міне, осы шала сауатты менмендер өздерін ақылды санайды да, дүниені былыққа батырады, момын халықты «Мен білемін, маған ер» деп арнаға жығады.» (Паскаль.) Қазіргі қазақ басындағы ахуалды да дәл суреттеген, тек халықтан дәстүрден оқшауланған «тайпаны» ішіңіз біліп, сол тайпаның қақпанына түссеңіз, Алла жар болып, аруақ қолдап, өз аулыңа қайта келуді бұйыртсын оқушым! «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірі тапқан соң».
Шыннан өзге құдай жоқ,                   Бұрын шын бар, бүгін шын.
Анық құдай – шын құдай.                 Ертең шын бар – үш бөлек,
Ұқпай қалма алаң боп,                       Керегі жоқ бұлардың,
Шын болмаса, кім құдай?                 Бұзылмайтын шын керек!
Бұзылмайтын шын қазақ аталарымыздың маңдай терімен тауып қасықтай қаны қалғанша қорғап ұрпақтарына аманат еткен қойны қазынаға толы жері мен сол жердің, көктің ділдік шек арасын айқындап жаратушы алдынан несібе үлесін алатын тіліміз, діліміз, әдептік ғұрпымыз бен Алла алдында серт берген дін ұстану иманымыз, ғасырлар бойы сақтап жиғанымыз, ол ертеңіміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *