АҚ МӨР НЕМЕСЕ ЖҮРЕК АШУ.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 111

     «(Әй Мұхаммед.) «Егер Алла есту, көру сезімдеріңді алып, жүректеріңді мөрлесе, Алладан басқа сендерге оны әкелетін тәңір кім? Маған білдіріңдер» де7 Қара! Аяттарымызды қандай айырып түсіндіреміз. Одан кейін де олар, одан жүз бұрады.» (Әнғам-46) Мөрдің де ашылу құпиясы (Қара) деген қаратпа сөзде тұр. Алла тағала негізінен адам баласына жаратылыстан сынақ түрінде жүрекке мөр салып қояды, Сол Мөрді ашу да осы Алланың берген ерекше бір құбылысы болып, тіршілік ету барысында бұйырған парыз, ғибадаттарды орындау арқылы ғайып сырын есту, көру тәңірлік сипат болып есептелген.

       Жүрек ашу дегеніміз есту қабілетін жүрек құлақтары арқылы көкейге жалғану арқылы тылсыммен байланысқа шығу болып табылады. Бірақ толық мөрдің ашылуы болып есептелмейді, себебі көру қасиеті естіген батаны іске асыру барысымен қыдырды (аруақты) бойға сіңіру6 қасиеттерді тәрбиелеу, тазарту арқылы жүзеге асады. Дана қазақ «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан!» деп елдің өзгеріске түсуі, жаңаруы 50 жыл бұрын белгілі бола бастап, ал түбегейлі өзгеріске ұшырап бірге қайнау жүз жыл бұрын басталатынын ескерткен болар. Аятта; «Жердің бұрынғы иелерінен кейінгі мұрагерлер түсінбей ме? Егер қаласақ, күнәларына қарай бейнет берер едік. Сондай-ақ жүректерін мөрлейміз, сондықтан олар естімейді.» (Ағраф-100). Бұрынғы замандардағы оқиғалар қайталанып сол жердің мұрагерлеріне 100 жылдай бейнет келіп, сонан соң; «(Мұхаммед) Бұл кенттердің қиссаларын саған баян етеміз. Әрине оларға елшілері ап-ашық дәлел келтірген еді. Сонда да бұрын өтірік деген нәрселеріне сенгілері келмеді. Міне Алла, қарсы болушылардың жүрегін өстіп мөрлейді.» (Ағраф-101). Жаратушымыз жер әлемге берілген ортақ қағида бейнеттен кейін жақсылықтар беріп сынайды. Берілген жақсылыққа шүкірлік жасап, тәубаға келмеген пенделермен өліктерді сөйлестіріп сенбегендердің есту қасиеттері мөрлене бастайды. Өліктермен сөйлесудің де амалдарын замандар өткен сайын жетілдіре бермек. Бәрі оңай түсінікті болып өзгеріссіз дамитын болса, онда жер бетінде қарама-қайшылық болмай ғылым, білім дамуын тоқтатар еді. Ілімнің құпиясының өзі сол; бұрын ертек болып, бірақ кезінде бір адам ғана меңгерген қиссаға айналған хикметтердің ұмтыла бастаған уақыттарда мыңдаған адамдар меңгеретіндей құпия сырлардың, жұмбақтардың шындық болып үкімдерінің түсуінде. Әулие бабамыздың көрсетіп кеткен ақ бақсылықтың құпия шыңының бірі, сол жүрекке түскен мөрді ашып тылсыммен байланыс орнату болып табылады. Яғни бұрын тек ерекше қасиетті әулиелер меңгерген жиілікке енді Алла тағаланың қалауымен кез-келген адам баласы шыға алатын дәреженің бірі ғана. Оның да бізге беймәлім, жер жүзінде Тибетте де болмаған ерекше өзіндік құпиясы бар мұғиджа.

      Әр әлеуметтің бір даму шегі бар, одан кешікпейді де кетілмейді де деген жаратушымыздың ескертуі бар. Сол даму пассионарлық дәрежеге өту қазақ халқының еншісіне тиген сияқты. Ілім ғылымының ерекшелігінің өзі 100 жыл, кейбір белгісі 1000 жыл бұрын адамзат білімінен бүрын өз сипатын көрсетіп белгісі беріліп отырылады. Адамзат білімі 20-шы ғасырмен өлшенсе, ал Ілім білімінің 21-ші кезеңі басталып, Құраннан 21-ші сүрені түсіндірсек; «Көктегілер мен жердегілер Алланыкі. Оның қасындағылар (өлілер), Оған құлшылық қылудан дандайсымайды да шаршамайды.(19) Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды.(20) Олардың жерден жасап алған тәңірлері; солар, өліктерді тірілте ме?» (Әнбия-21) Өліктердің Алланың қасында қызметке тұратынын, ол үшін оларды Алла ғана тірілтіп, олар Алланы дәріптеп (Бұйырылған сөздерді пенделерге жеткізеді) қызмет жасайтынын ескерткен. Сондықтан ол жағдайды Алла тағала; «(Мұхаммет) оларға; «Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді» де.» (21-45) Пайғамбарымыздың өзі үмметтеріне уахимен ескертіп шығатынын, бірақ жүректері мөрленген пенделердің естісе де түсінбейтін саңырауға айналатынын ескертеді. Негізінен 25 пайғамбар 25 түрлі қозғалыс сипатын береді. Тербеліс (амплитуда) 25-пен шектеліп келесі жиілікке немесе өзгеріске өтеді. Клетканаң да өмір мен өлім немесе түрлену шегі 25-пен айқындалуға тиісті. Сондықтан әрбір пайғамбар өміріндегі уақиға мысал әлемдер халқы үшін ортақ өмір ұрығының даму заңдылығының жиынтығы деп қабылдау керек.

     Кезінде Иса-масих тылсыммен бір перде артынан сөйлесе біліп, көптеген жазылмайтын ауруларды жазып, халыққа тылсымнан батамен жеткізе білген. Інжіл негізінен Алла тағала тарапынан періштелер арқылы батамен берілген. Алла тағаланың құдіреттілігінің бір көрінісі жоқтан барды жасап бұрын өліктермен тек пайғамбарды ғана сөйлестірсе, енді қазақ атты жұмбақ елмен Әулие-әмбилерді бір перде артынан сөйлестіруді ұйғарыпты. «Алла тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі. Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары хикмет иесі.» (Шура-51) 1. Көкейге салу, 2. Перде артынан, 3. Уахи және 4. түс, аян арқылы көрсетеді. Үш түрлі сөйлесу «Тағала» арқылы жоғарыдан бақыланып жерден берілетін хикмет үні болып есептеледі. Бірақ көп дін танытушы надандар Алланың құдіретіне шәк келтіріп жан ғылымынан хабарсыз болғандықтан ақирет арасындағы байланысты мүлдем жоққа шығарады. Сондықтан да аятта арнаулы ескерткен; «Тірілер мен өліктер тең емес. (21) Рас Алла (Т) әлдекімді қаласа, естіртеді. (Мұхаммед) сен, қабырдағы біреулерге естірте алмайсың.» (Фатыр-22) Бұл аят арқылы жалпы өліктерге естірту бұрынғы шариғат істерінде болмағанын, бірақта болашақта «Әлдекімдер» арқылы естіртуге болатынын құпиялап кеткен. Жалпы бұл түскен мұғжизаның белгісі 21 жұлдыз белгісі болып, ақ жолға берілген Айша ана туында ақ мөрдің белгісі бар.

      Әрбір аяттың сандық мәнінің астында сыр жасырылған және сүре атындағы таңбалар мен сан мәндерінің белгілі орны және ұғымы, ғылымы бар. Сондықтан «Тірілер мен өліктер» ұғымы жан ғылымына байланысты ақирет өмірінде тіршілік етіп сөйлейтіндер жаннатықтар мен тек сәжде жасайтын тозақтық өліктер болатынын ескерткен. Қабірдегілермен тілдестіру Мұхаммед пайғамбарымызға берілмегенін, ол үшін болашақта Алла әлдекімді (қиямет күні) қалайтынын ашық ескерткен. Сондықтан да болашақта тосын уақиға болмай санаға әдет қылып сіңіру үшін әулиелерге зираттап Алладан жалбарынып ата-анамыздың күнәрапа қателігін кешіруді сұрау әр қазаққа шариғат үкімі болып түсті. Тылсыммен сырласып небір хикметтер көрсетіп өлілер арқылы халыққа ақыл беріп талай елді аштықтан, жаудың бетін қайтарып, әртүрлі апаттардан елін, жерін қорғай білген әулие аталарымыз тарихта болғаны, олардан қалған естеліктердің енді уақыттар өте ертекке айнала бастағаны ақиқат. «(Мұхаммед) Бұл кенттердің қиссаларын саған баян етеміз. Әрине оларға елшілері ап-ашық дәлел келтірген еді. Сонда да бұрын өтірік деген нәрселеріне сенгілері келмеді. Міне Алла қарсы болушылардың жүрегін өстіп мөрлейді.» (Ағраф-101). Сол мөрленгендер қатарына араптар да жатады. «Кітап иелерінің көбі, (араптар мен ислам танытушы ғұламалар) оларға шындық айқын болғаннан кейін (әулиелер кереметтері) өз күншілдіктерінен сендерді иманнан кейін қарсылыққа қайтаруды қалайды (тек өздері сияқты құлшылық жасауды). Алла әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші» (Бақара 109) Сандық мән бойынша 100+9 Һұд сүресінде «Олар 9 арттырды деп ескерткен.» Яғни осы санмен Алланың әмірін іздесек; «(Мұхаммед) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (Һұд-109).

     Енді Алланың әмірі Қиямет белгілерімен дәлелдермен келетін болса онда ол күннің қандай белгісі барын салыстырып көріңіз. Тек «Біз» туралы ұғымның сандық сөздік ғылымынан хабар білсеңіз қазақ елінде жүріп жатқан дәлелдердің ақиқат екендігіне көзіңіз жетеді. Бұрынғы адасқан дін танытушылардың тәпсір түсінігіне ерген қазақ діндарлары Құранды меңгермей «Аруақ» жоқ, өліктер сөйлемейді деген өтірігінен ашықтан-ашық болып жатқан хикметке сенгілері келмегендердің жүректері мөрленіп, мүлдем надандықтың қақпанына түсіп оқшаулану, адам аулау саясатын жүргізіп қарсыласып бағуда. Оған басты себеп дін танытушылар жан ғылымынан мүлдем қашықтап, ал ғылымның тән мен деннің не екенін ажыратпақ түгіл мүлдем қайшылыққа түсіп жаратылыс заңына қарсы тұра бастадық. Орыс саятының ықпалы тиіп жалпы қазақ елінің халықты жақсылыққа шақыратын ел билеушілерінде діннен алшақтаған сайын есту, көру қабілеттері мөрленеді. Аятта; «(Мұхаммед олар; -Сен бізді шақырған нәрсеге жүрегімізде бір перде, құлақтарымызда бір кереңдік бар. Сондай-ақ біз бен сенің арамызда далда бар. (Ібіліс торы) Сондықтан сен өзіңше істе де, біз өзімізше істейік деді.» (Фұссилат-5).
Қазіргі қазақ арасында да осындай Ібіліс торы далда бар «жүрегім таза болса болды» деп өзін-өзі ақтап алады да әркім өзінше іске кірісіп кетті. Түсіндіріп ортақ шешімге бірлікке шақыратын дін болсын немесе үкімет болсын құзырлы орындағы қазақ зиялы ұлықтарының жүректері перделі, құлақтары керең. Сондықтан жаратушымыз осындай қайшылықтың шегіне келген елден бастап өз құдіретінің шексіздігін көрсету үшін қарапайым халықтан бастап жүректегі пердені шешуді ұйғарыпты. Әрине бүкіл іс үкім тек құран арқылы жүруге тиісті. Сондықтан қандай да бір құбылыс өзгерістің өлшемі болу шарт. Өлшем басын аят орындарынан немесе сандар құпиясынан іздеуіміз керек. Тылсыммен сырласу көктегі 21 жұлдызға байланысты бүкіл сызықтық құпиясы Ақ жолдағы ақ туда көрсетілген. Болашақта сандық мәні айқылдалатын қасиетті мөр әлемге ортақ белгі қазаққа түсті! Ал жоғарғы лауазымды пенделер Алладан берілген Ақ туды әлемге мақтаныш қылып қазақ жерінің көгіне көтерудің орнына, қайта тыйым салып надандықтың құрығына түсіп сынақтарды бастарына әулетіне сатып алуда. Алланың үкімінен әкімнің ұлықсатын жоғары қойып қағазға (лицензия) шоқындырып жатыр. Болашаққа, ұрпақтар тағдырына ашық қастандық белгісі. Көкпен қарсыласып жетісіп жатқанымыз да шамалы, оған апаттар, тосын ажалдар, жазылмайтын аурулар дәлел. Жау да, жауыздық та әуелі «ТУ»-ға (ту сырттан, арқадан тіл-көз болып) сырттан келеді. Туды аяқ асты ету сатқындық және жаудан жеңілгеннің белгісі ретінде қабылданған майдан қағидасында.

     Алдағы басылымда Құран арқылы ғылыми жүйелеп көрсетеміз ту белгісінің ақиқатын дәлелдейміз. Әзірше ғылымда беймәлім, ілімде ескертілген жер бетінде құлақ естіп көз көрмеген Алла тарапынан ерекше белгі «Рухани жаңғыру» қазақ жерінде жүріп жатқаны қашан! Сондықтан да «Бақ қарасын, қыдыр дарысын» деген аталарымыз. Бақ қайда, неге қарайды? Сол сияқты қыдыр қалай, кімге дариды? Дыбыс болып естіліп, түс болып көрінбейді ме екен? Бақара сүресінде адамзатқа туралықтың келетінін 38-ші аятпен ескерткенде қиямет азабы 40 санымен ескерту келіп 40+38=78-ші сүре қиямет есебінің көрінісін ескертеді. «Ол күні Жебірейіл және періштелер тізіліп тұрады. Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.» (Нәбә-38) Ол күні періштелер арқылы Алланың рұх-сатымен өліктердің сөйлейтінін әрі дұрыс сөздерді айтатынын ескертеді. Тек қаралай халықты үркіткенше қайсысы дұрыс сөз, қайсысы бұрыс екенін анықтау керек емес пе? Әр халықтың өзіне тән дұрыс сөзі нақыл, өсиет, батасы бар емес пе? Батамен ғана көгеріп көктемей ме ұрпақтарымыз? Жақсы сөз қалай айтылып кім айтса да жарым ырыс. Сондықтан сорлылар ғана басына келген бақтан бас тартып, әлемдер басы болып басына бақ болып қонғалы тұрған ерекше мұғжизаны көрсе де көрмеген, естісе де естімейтін пенделерден міндетті түрде «Құты» (аруағы) қашады. «Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын. (дәстүрін) (39) Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын-ала не істегеніңе (тек намаз оқығаныңа емес амалдарға) қарайды. Кәпір; «Әттең! Топырақ болып (ауру, өмір азабынан) кеткен болсам» дейді.» (78-40) Сондықтан сыртында құтысы түгіл надандық дәуірдегі жабайы адам сияқты тағыға айналған анайы қыздарымыз бен әйелдерімізге және дәстүрінен, тілінен жеріген пенделерге ауру, сынақтар келіп біреулері өлсем десе, енді бірі өлімнен қорқып қайда басын тығарға білмейтін кәпірлер азабы басталып та кетті. Раббқа барар жол — өзіңді табу, тарихыңды қастерлеу, елдік, діндік мәдениетіңді, әдебиетіңді меңгеру. Елді бұрыстықтан тосып дұрыстыққа қосуға бұйырылған бастықтарымыз; Мәде-ниетті елден, еркін-ниетті әркім жеке басының ғана бақыты үшін өмір сүретін елге айналамыз деп зиялы азаматтарымыз партия құрумен қолдары босамай жатыр. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп бабаларымыз біздерге аманат қалдырыпты. Қазіргі қазақ халқының көш басында жүрген атқамінерлер мен дін уәкілдері өмірдің шынайылығына емес өзін-өзі ерекшелеп көрсетуі мен қарапайым халықтан бөлініп оқшаулануға ұмтылу үстінде.
Әлемді түгел мен көріп,                                  Боқ жеген аузын жаласып,
Ешкім мені білмесе,                                         Ұлыққан иттей күйлесе.
Мұқтажым нәпсім жоқ болып,                        Бұзғанын өзі түймесе.
Зияным жанға тимесе.                                     Томаша етсем көмірін,
Мисыз мына көп жынды,                                Өртесін деп күймесе.
Осы биін билесе.                                                Қиянат қылса иманың,
Залым жеңіп момынды,                                   Арамнан тапса жиғанын.
Басылған жандай илесе                                   Айламен төрге сыйғанын
Партия болып таласып                                    Ұлық деп бәрі қаласа
Біріне–бірі жүйлесе.
деп Шәкәрім атамыз біздің осы болып жатқан өмірімізге баға беріп кетіпті. Кейбір ғұлама зиялы ағаларымыз Шәкәрім атамызды діншіл деп жамандап шығарма жазып та жүр баспасөз бетінде. Мен ол кісілердің қазақ екеніне күмәндімін. «Аруақ атсын» деген қарғыс бар қазақта, абай болайық ағайын. Оған атамыз өзі алдын-ала жауап беріп кетіпті:
Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап шатасың,
Дозақтың барын білсең де
Күнәға әлің келсе батасың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *