Жолға жалғану(255)

Бөлім: Зікір өлеңдер 98

Көңілге тоқтық салатын,

Тылсымнан хабар алатын.

Көзі ашылса ұжданың,

Аруақпен жалғап қанатын.

Байланбассың көп затқа,

Пайдасы жоқ салмаққа.

Дүниенің жалған баршылығы,

Болса деп менің қолымда.

Телегей-теңіз баршылық,

Уысыңда тұрсын мол байлық.

Көңілің тұрар тыншымай,

Іздейді нені соншалық?

Аңсайды көңіл біле алмай,

Жапанда жалғыз қалғандай.

Тоқтығы болмай көңілдің,

Адасқан талай мұны ойлай.

Жетелеп ойға күнде батарсың,

Барма деп есік шығатын.

Қуғанмен дүние соңынан,

Жалығуды ғана түбінде табарсың.

Бабалар жолы аманат,

Жобасына Құдай жалғанбақ.

Төбе, табаннан азықты,

Ойпатты жерден берер хақ.

Зияраттап Алла достарына,

Қанымен құрбан тазара.

Алланың өзін ұлықтап,

Лайық деген сәлем досына.

Ойпатты бассаң асығып,

Көктегі бізге қарманып.

Егілер дәні жүрекке,

Сәулесіне жұлдыз жалғанып.

Жерлерің әурет алқапты,

Егінің өсер жеті сабақты.

Егілген дәнін жүректен,

Өнімі бойдан болмақты.

Тағдырға түсіп жобасы,

Құдайдың ісін салмақты.

Жүктерін тектің тазартып,

Жалғантар Құдай аруақты.

Жеті ата жұртпен қауымың,

Жеті жанға жалған жар үнін.

Жанатқа еніп ата-анаң,

Түсірер көңілге жарығын.

Ұжданың армен жетілсе,

Әлемге қуат беруге.

Ақиретке жинап қазына,

Қосылдың номад тегіңе!

Жалғанбай текке жол тапқан,

Тарихты қайта тарқатқан.

Таптым деп бір жақсысын,

Діншілер көп жолда адасқан.

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *