Рағыд(254)

Бөлім: Зікір өлеңдер 46

Ғалымдықтың өлшемі,

Он үшпен ойды түймегі.

Рұқтан қуат өндірген,

Жанның болар өткелі.

Жанға құпия жазылар,

Мың сарайдан сыры бар.

Құдайдың өлшеп бергенін,

Таза ақылдан құпиялар.

Тоғыз төре төбеден,

Ілімнен қуат қосылар.

Аян, уахи түсірген,

Тағдырға жол-жобалар.

Жамандықтан арылар,

Әдетін, салтын орындар.

Өлшеп берген ақылмен,

Адамдықты артырар.

Ада болып жаманнан,

Жанаттан хабар алдырар.

Сопылықпен өсірген,

Жанында хандық бағы бар.

Ғайыптан қашық аршылар,

Рағыдқа жанмен қосылар.

Үш кезеңнен өте алған,

Ардан сауыт тәжі бар.

Тұңғиқтан тас алған,

Асылы нұрдан жаралған.

Суы тәтті бұлақтай,

Шөлін жанның қандырған.

Түсірген Алла шипасы,

Күнәні нұрмен жумағы.

Шекердей дәмді таусылмас,

Мекені оның жерде ойпатты.

Он үшпен басқан қадамды,

Жарылқар Құдай адамды.

Тәукелге тігіп бастарын,

Арылмаса да бойдан жаманы.

Қуаты әлсіз нашарды,

Құдайшыл болса амалы.

Рахымды Құдай қайтармас,

Ақиретке созған қолдарды.

Сезбестер көп жандары,

Артық көрген жалғанды.

Қалайша тағдыр оңалар,

Ақиреттен алмай  хабарды?

Жанға бар екі кедергі,

Екі көз, екі ерін бұл белгі.

Бір тілмен ділді көбейтіп,

Сегізбен, он үш сөз тегі!

Тағдырмен пенде мінезі,

Айнасы сөздің өнері.

Өзекті жанға өлім бар,

Он үштен шығар есебі.

Құдай ісін қылған ертегі,

Дін ісін жол  дегенді.

Ақиреттен жоқ нығметі,

Досынсыз иман келмегі.

(Наурыз 2019 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *