Жетелік(257)

Бөлім: Зікір өлеңдер 113

Қол екі істер ақталса,

Иықтан жүктер жеңілдер.

Аяқта тамыр ұзарса,

Табаннан қуат жегізер.

Жерден қуат қосылса,

Жүрекке рұқтан үн келер.

Төбесі бастың тазарса,

Ақылмен бірге нұр енер.

Сегіз сезім ағарса,

Жүректе тұрған кір кетер.

Тері мен тырнақ тазарса,

Күнәлі рұқың үш өлер.

Табаны әйел жалғанса,

Жанаттан қызыл нұр келер.

Етектен сана ағарса,

Жетесін еркек тірілтер.

Ақ жаулық байлық болғанда,

Аналық текпен нұр өнер.

Бақшасы ойдың егіні,

Жемісі рұқпен еселер.

Рұқ өліп қайта жаңарса,

Иманың өсіп көркейер.

Тағдырдан кетіп жамандық,

Көкейге көркем сөз келер.

Таңдаймен өңеш тазарса,

Құдайлық таза сөз өнер.

Жер анаға табан жалғанып,

Жүрекке құран үні енер.

Белі әйел, еркек тазарса,

Жеті өріспен бой теңелер.

Жеті ұрпаққа жететін,

Жетелік деген сый келер.

Желкеге мінген жалқаулық,

Жеңілсе сенен, күш енер.

Аюптай пайғамбар қасиеті,

Сабырлықпен мінез түзелер.

Жеті ата жүктен тазарып,

Еңбеқорлық ісін сүйгізер.

Айтқызбай жақын, алысты,

Ыммен ақ артын білгізер.

(Наурыз 2019 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *