Тағдырдың есігі(266)

Бөлім: Зікір өлеңдер 138

Маңдай көз тағдыр есігі,

Жақсы мен жаман кепілі.

Жан сарайдың бөлшегі,

Тағдырдың болар серігі.

Сенім мен иман бір төбе,

Маңдай көз болар несібе.

Тәңірдің келген ақ сыйы,

Жалғантқан көкке Біздерге.

Көк тәңірге табынған,

Біздерден  хабар алдыртқан.

Нәсілмен номад қазақта,

Ежелден ғұрпы исламнан.

Бір қуатпен өтуге,

Көкпен жердің шегінде.

Ақ сауытпен қорғаның,

Жалғанып Алла өзіне.

Ағартар көңіл немені,

Кебенексіз болса денені.

Ниетім ақ, деп ақтама,

Алланың түспей пәрмені.

Табаның пенде ағармай,

Ет малың, қаның тазармай.

Маңдайдан көз ашылмас,

Жүрекке сәуле нұр алмай.

Мүмінің болған сәждесі,

Маңдайда деген іздері.

Жеті сабақ бидайдың,

Әр сабақта жүзбен дәндері.

Ақыл алты жан жеті,

Көбейтпек онмен есебі.

Есепсіз есек болмаңдар,

Бар болар санмен өлшемі.

Алпыс бұтақ ақылмен,

Жетпіс жеті жанымен.

Иман тектің бұтағы,

Көбейген Алла нұрымен.

Сәждеге тиген маңдайда,

Пердесі болар алайда.

Жүрекпен екі арадан,

Теріске бұрар қалайда.

Екі қол ісі тағдырға,

Салмағы түсер мойынға.

Мойындап біліп күнәні,

Жалғанар жанмен қолына.

Елшіге мойынұсынған,

Құпиясын білім жаздырған.

Бойұсынып жұлдыз біздерге,

Бір қуатпен есігі көк ашылған.

Құдайдан жол-жоба бар,

Әркімге тағдыр жазылар.

Жалғанған Алла жібіне,

Күзетер мұны аруақтар.

Қауымды өзің түзетпей,

Сенімен иман күзетпей.

Қарауыл деген емеспін,

Жеті ата жүгін меңгермей.

Амалың намаз шүкірлік,

Үш сүйумен тағзым ғып.

Махаббат анаң жаныңмен,

Ортасы болар  құлшылық.

Соңы болсын тәубемен,

Ұсынған бой, көлеңкең.

Оймен бойды қалыңдат,

Қызыл тілмен болып өнерің.

Жүрекпен маңдай жалғанған,

Үнді таза ұстанған.

Таңба болып құс жолынан,

Қанның буы қайнаған.

Әрнеге арнап ниетті,

Пиғылды бұзбас себепті

Ар ісін алға қойғандар,

Меңгерер шындық деректі.

Жібіне Алла жалғанып,

Есігін ғыфыр қорғантып.

Алды-артыңнан күзеткен,

Аруағың Бір -Ол Аллалық.

Ой парақ жүрек түбіне,

Жалғанып аспан жібіне.

Күңгірт сәуле түседі,

Біздерден нұр несібе!

(Наурыз 2019 жыл)

*****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *