Қиямет күнінің басты белгілері.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 133

     «Олар Қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін ғана күте ме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары неге жарайды?»(Мұхаммед-18) Енді қияметтің басты белгісі қандай? «Сол күні тақуалардан басқа достар бір-біріне дұшпан болады»(43-67) Тек дінді толық меңгерген сабырлы тура жолдағылардан басқа туысқан, дос елдер арасында ала ауыздық болады.

«Қиямет күні істер білінеді.»(58-7) Кімнің қандай жолда екендігіне байланысты ашықтан белгі түсе бастайды. Халық шым-шытырық түстер көре бастайды. «Қиямет күні қашан болады?,-деп сұрайды.(6) Қашан көз шағылысқан, (күннің ерекше ысуы) (7), Ай тұтылған, (ай жиі тұтылады) (8), Күн мен ай бір араға келтірілген кезде.» (Қиямет-9) «Олардың көбі Аллаға иман келтірмейді. Сондай-ақ ортақ қосады.(106) Ал олар, Алланың баурап алушы азабынан немесе кенеттен сезбеген түрде қияметтің келіп қалуынан қауіпсіз болды ма?» (12-107). Қиямет күні ауру, азап, апаттар кенеттен пайда болып, халықтың көбі Құранды түсінбейтін ортақ қосушылардан болып тура жолдан адасу болады. «Ол қиямет күнін санаулы мерзім ғана кешіктіреміз» (һұд-104).

       Құран сандар құпиясына жүгінсек 4 түрлі мерзім белгіленіп 5-ші ауыспалы құлшылық өзгерістері болып есептеледі. 14 саны құлшылықтың шыңы, яғни Алланың қалаулылары атану болып, Ибрагим сүресі бір мерзімді белгілеп сүре арасы 1 ғасыр болып хижра жыл санауымен 1400 жылдар қиямет күнінің белгісінің басы болып есептеледі. Әлемдер үшін қиямет күнінің белгілері келе бастағанына 26 жылдай болыпты. «Ол күні Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді Олардың сорлысы да, бақыттысы да бар.» (Һұд-105) Демек тозақтан да, жәннәттан да хабарлар келіп, бірақ сөйлескендердің бәрі бақытқа жете алмай іштерінде адасатын тозаққа түсетін сорлылары да болу керек. «Алла (Т) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі» (Шура-51) Өліктермен сөйлесудің де елшілер тағайындап уахи етуден басқа тағы екі түрлі сөйлесу амалы бар екен. Соның бірі осы уақытқа дейінгі құпиясы ашылмаған перде артынан сөйлесу болып табылады. Адам баласының жүректері ғайыптың құпиясын, тылсым сырын естуге жаратылғаннан перделі. Болмаса хайуандар сияқты көмес үндерді естіп, ойлау жүйеміздің бұзылып жынды атануымыз мүмкін. Ондай қасиетке ие болу ертеректе тек сопылар мен машайықтар қолынан келген. Сондықтан аталарымыз; «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп құпиялап кетіпті. (Алтау араз болмаса сөзді Алла ауызға, көкейге салар.) Сондай қауымның болатынын пайғамбарымызға кезінде аят арқылы ескертілген; «Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алланың олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. Алла (Т) толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104).
Барлық жаратылыс егелерін жұп қылып жаратқанның дәлелі түрінде осы аятпен Араптарға екінші Құранның құпиясын түсіретін тілдік жағынан басым қауымның бар екенін және негізінен құлшылықтың құпиясын солар толық меңгеретінін ескертіп іздеуді пайғамбарымызға тапсырған. Енді жоғарыдағы өзгермелі 5-ші мерзімді қоссақ немесе тілді меңгерумен 5 түрлі қуаттың басын біріктіруді қоссақ онда сол қауымның сипатын мына аяттан көреміз; «(Мұхаммет) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (Һұд-109) Ислам елінің арасында аруаққа табынып Алладан тілейтін бірден-бір ел қазақ болса, жаратушымыз сыбағасы одан кемімейді деп ескерсе, онда дін танытушылар «Аруақ жоқ, аруаққа табыну шерік, серік, ортақ» деп сандырақтап Құран аяттарына ортақ қосып залымдық жасап жүрген болып есептеледі. «Ол күні Жәбірейіл және періштелер тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.» (Нәбә-38) Алла тағаланың рұхсаты бойынша жындар немесе «ақ сайтандар» емес періштелер сөйлеп халықты түзу жолға салатын дұрыс сөз айтатынын ескертеді. «Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын.(39) Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын-ала не істегеніне қарайды. Кәпір;- Әттең! Топырақ болып (тезірек өлсем) кеткен болсам,-дейді.» (Нәбә-40) Әрбір пенденің істері қаралып намаз оқу ғана емес, Раббқа барар жолды толық ұстауды ескертіп, кімнің кәпір екенін ауру-сырқаумен, азаппен тезірек өлсем екен дегенінен тануға болатынын ескертеді. Ал Раббқа барар жол қазақ үшін Ясауи бабамыздың салып кеткен ізі тура жолдың негізгі қазығы болып есептеледі. Алла тағала ғана толық білуші хикмет иесі. Тағала сөзінің өзі де тек Ясауи бабамыздың еңбектерінен ғана тараған. Әмби деп сол әулиелер тапсырмасын орындаушыларды атайды, мейлі тірі, мейлі өлі болсын. Ал араптарда ондай орындаушыларды Уәли деген. Жан үйін қалыптастыра білген кез-келген пенде баласы Уәлилік дәрежеге жете алады. Ондай адамды қазақта аруақты, аузы дуалы деп атайды. Құран сүресінде ӘНБИЯ сүресінің 21-ші санымен белгіленіп Алла тағаланың тәңірлік сипатын суреттеуі таңбалар тағлымымен ӘНБИ+Я болып, Я таңбасын Інжілмен кітап даналығы Яхя пайғамбармен (Ғайсаны растаушы) байланысты қарастыруға болады.

     Ілім, білім, сенім, киім сол даналықтың төрт қабырғасы. Ілім төртеу; Тәурат, Забур, Інжіл, Құран. Саны 21 жұлдыз. Білім саны алты негізден, алты түрлі үннен тұрады. Сенім сезім болып негізгі 19 белгіден тұрады. Сөздің тегі деп біліңіз. Ғайыппен сырласып мағлұмат алудың қағидасын толық қалыптастыра білген Әзіреті Сұлтан Ясауи бабамыз. Сондықтан қасиетімен түркі әлеміне «Көк тонды» аталған. Басты шарт киіміңді қалыптастыра білу. Киім 4 белгіден тұрады; дене киімі — әр, жан киімі — ар, тән киімі — шүберек болып ақирет киімі — зейнет болар. Әр-қуат, ар-ақыл, зейнет-жанға қуат шипа, киім-иман жартысы ұят. Қозғалыс үш өлшемнен бастау алады. Сондықтан жалпы әлемді негізінен үш түрлі топқа бөліп қарауға болады. Есті әлем, аралас есті әлем, ессіз әлем болып барлығы бір қабтың ішінде болып, сол қабты жоғарғы ақыл деп атауға болады. Соған өтер өткелді, есікті сират көпірі деп атайды. Сол сираттан өтудің де екі белгісі бар; бірі фәни жалғанда, екіншісі ақиретте. Тірі кезде өте білген адам баласын сопы немесе сұпы деп атаған, ал ақирет өмір заңдылығына алда талай қалам тартамыз. Сопылық ғалымдық болса, сұпылық құлшылық биігі болып есептеледі. Бүкіл ес патшалығының сарайына кірер есік қарапайым ғана дәрет, киім, кәлимадан басталады.

      Адам баласы кіші әлем сондықтан шекараны белгілеп алмай өрісін, өз орнын, белгісін алмай ашық-шашық жалаң аяқ, жалаң бас, қуыс көрінбейтін жерлерін айқындап емшімін, тақуамын немесе ниетім түзу, жүрегім ақ деп ақталу жындының ісі. Себебі жынды адам белгісі тәнде аяқ, қолтық бездерінен үнемі шіріген иіс бөлініп тұрады. Және ондай пенде дұрыс сөз айтпайды. Ең қауіптісі сондай пенде баласынан қолынан және басынан қараша иіс сәулесі бөлініп тамаққа араласып өмір сүрген ортасына сол пенде баласы арқылы ауру қоздырғышы (әлі ғылымға таңсық жегі, жеміт қалдығы) тарап отырады. Адам баласына жаман әдеттерден арылып дұрыс сөйлеп, дұрыс тамақтана біліп, өзіне ұлттық, жыныстық адамгершілік парыз қарыздарын өтей білуді жоғарғыдағы пайғамбарымыз айтып кеткен «Құдайға құлшылық» амалдары болып табылады. Ал екінші қағида үнемі Құранды оқуға келсек әуелі қасиетті кітаптың ішкі сырын және оқу тәсілін біліп меңгеру керек. Сондықтан жоғарыда ескертіп кеткендей, «Аяттардағы сөздің орнын өзгертуші жоқ» деген жаратушымыздың үкімін басшылыққа ала отырып Бақара сүресі 177-аят құлшылық амалдарының негізгі шарты болып енді сөз орындарын сан мәнімен белгілесек; Тек жүзіңді батысқа, шығысқа беріп жалбарыну игілік емес. Бірақ: 1. Алланың барлығын танып; 2. Ақирет күнінің сипатын сезіп; 3. Қасиетті кітаптарда не айтылғанын оқып; 4. Періштелер сипатын ажыратып; 5. Пайғамбарлар өмірін мысалдарын ұғып, түсініпҒ 6. Жақындарына, туысқанына, ұлтына, еліне жаны ашитын болса; 7. Жетімдерді желеуші болып; 8. Міскіндерге (кедей, ауру, мүгедек және көмес ғайыптық өмір міскіндері де бар) көмек бере біліп; 9. Жолда қалғандарға (дін жолында адасқандар немесе ақиретте азапқа душар болғандар, аруақтар) қол созып, бодау беріп (салт-дәстүрлік амалдар); 10. Қайыршыларға садақа беріп; 11. Құл азат етуді ( тозақтағы аруақ) жақсы көрсе; 12. Малын өз орнына жұмсай білсе; (тәндік және жандық?) 13. Намаздарды толық орындап (Тәуап ету — зираттау, рүкуғ — тізерлеп құллшылық жасау, ғибадат-тіршілігі арқылы ізгі істер, сәжде-5 уақыт құлшылық, қажылық жасау) зекет берсе; 14. Уәдесін орындаушы бұзбайтын болса; 15. Таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде Алла тағаланың сынағы екенін түсініп сабырлы болса; 16.Алла тағаланың рахметіне бөленіп шындықты айтушы болса, міне солар тақуалар немесе даналықты меңгергендер болып табылады. (Бақара сүресі-177 аят) Құран аяттарының құпиясын меңгеру үшін тек тәпсірлерге сүйену жеткіліксіз. Бұл көрсетілген аяттар әлі аталарымыз біліп кеткен шындықтың тамшысы ғана, алда нақты ғылыми да, есептік Құран сырларынан хабардар етеміз, оған дейін әрбір қазақ баласы қазақша сөз астарын меңгеру шарт. Құран үгітін меңгеру арқылы ғана сөз астары мен таңбалар, сандар сырынан мағлұмат алуға есік ашылар көктен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *