Құран үгітін меңгеру амалдары.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 51

      «Негізінен Құран, әрине бір ардақты елшісінің сөзі. (19) Ол күшті елші ғаршысының иесінің қасында беделді. (20) Ықпалды онда сенімді.» (Текуир-21) Ардақты елші Жебрейіл болып Алланың ғаршысының қуатын жеткізуші, яғни сөз, бедел (дәреже) және сенім бекітуші періште болып есептеледі. Демек шұғара жұлдызы болып сандық мәні 21 болып Айша ананың туының белгісі соны меңзейді. Әлемдерге сөз ортақ 19 белгі таңбадан басталады, сондықтан құран құпиясы да сол 19 таңба ішінде. Енді сол 19 қозғалыстан дыбыстан әлемдер тілі тарап екі жұп болып негізінен 4 тіл немесе сөздер белгісі бар. Арап тілі Құран түскен тіл болса; «(Мұхаммет) әрине Мұсаға кітап берген едік. Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе… Оны Израил ұрпақтарына тура жол қылдық.» (Сәжде-23) Және Құран негізінен Тәуратты растайды деп ескерткен аятта. Онда құран Тәураттың екінші ақирет заңдылығын және құлшылық ғылымын толықтырады. Тәурат жаратылыс өмір, тіршілік заңдылығы болып, сол заңдылықтар бұзылса жазасы қандай болатынын мысалдар арқылы ескерту түсіндірме болып; «Бұл Құран бүкіл әлемдер үшін бір насихат!». «Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер.» (Сад 88-89) Құран насихаты (ғылымы) Тәуратпен тоғысып барып толық ашылады. Тура жолдың амалдары да екі бағыттан тұрып қиямет мезгілі арқылы бір-бірімен қосылу керек.

     Енді Құранның негізгі шыңы Сәжде болып 32 сүремен белгіленсе, Тәуратпен кездесу аяты 23 онда 32+23=55 Рахман-55 болып Құран құпиясы тек Тәуратпен қосылып ашылады екен. Сондықтан яғни Құран өзінен әлде қайда таңбасы жоғары тілге аударылып барып үгіті ашылады. Оған дейін Арап тіліне туысқан тіл арқылы ғана түсіндіріліп келді. Израил тілінің де туысқаны бар емес пе? Ендеше сол израилдіктер туысқаны болып біздің көршіміз орыстар негізі хақолдан басталып, ал екі тілдің ортасын қосып үндестік заңдарын тоғыстыратын ел болып, Қазақ атты бір шағын топқа бұйырыпты. Қазақ тілі бүкіл негізгі Тәурат тілінен бастап латын, арап тілдерінің бәрінен таңбаларды үндестіктерді жинап орта белгі Кирил жазбасына тоқтауы Алланың жазуы деп түсініңіз.
Жалпы тіл үндестік пен дыбыстың қосындысы болып табылады. Үннің тегі жарық болса, дыбыс тегі су мен оттың шарпысуынан пайда болады. Негізгі жаратылған үн алтау болып, Адам ата жетінші жаратушы үнінен тікелей пайда болып, үш түрлі түрленуге түседі де төртінші жаратушы тарапына қосылып екі жұпқа көбейтіліп 8-ге айналып, 9-шы нәсілдік белгіге (ана тіліне) қосылып 10-шы белгі Раббысына қосылу шарт. Яғни әрбір ұлттың тілі 8 рет түрленуден өтіп, 9-шы нақты белгісіне тоқтап 10-ды табу керек. Ал тіл мамандарымыздың артымызға қайту керек, оңайлату керек деп жүргендері тек надандықты туындатады. Есі түзу пенде баласы болашағына қарайды артынан тек жақсылығынан үлгі, жамандықтан сақтанады. Енді қазақтың 90 пайызы орыс тілін меңгерген. Бірақ сол пенделердің бәрі орыс тілінің тілмашы болып көркем шығармаларды аударып түсіндіре ала ма? Жоқ дейсіз әрине. Ол үшін бүкіл орыс (классиктерін) шығармашылықтарымен жете танып және меңгеру керек. Мейлі меңгердіңіз, ал соны толыққанды қазақ тіліне аудару үшін қазақ шығармашылығы тілін жете меңгеру керек. Енді оған керек шабыт деген қасиет бар. Сонда екі тілде де ойлана білесіз. Ал енді Құран ондай шығармалардан да өте күрделі. Аятта; «Бұл мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине олар сақсынар.» (Зүмәр-28) Құранды тек мүлтіксіз арап тілін меңгеру арқылы ғана аударуға болатынын ескертеді.

     «Әркім білген, көпке тараған, көрінгеннің қолында болған заттың құны қашанда түседі.» Қазақта арапша нан сұрап жеуге шамасы жетсе Құранды аударып өзі түсіндіре бастайтын мақтаншақтық әдет пайда болып, қазіргі топқа бөлінген даудың басы сол көк сиырда болып тұр. (Сиыр надандық белгісі болып ескертіледі Құранда.) Өлшемін білмей құны жетпес қазынаны бала-шағаның тіптен қырыққа толып ақылы толмаған қазақ баласы мен әйел заты, қасиетті кітаптың асыл сөздерін адам аулайтын қақпанға айналдырып (шерік, серік, ортақ) аюға (хайуанға) айналғанын білмей жатыр. Құран 5 таңбадан тұрып бес бөлікке, қасиеттік сипатқа бөлінеді. Құран–ем, Құран–шипа, Құран-үгіт, Құран-насихат, Құран-рахмет. Әрбір белгінің өз сандық мәні бар. Насихатын табу үшін Рахметін тауып 55-88=33, 33-ші дәрежедегі періштелермен байланысқа түсіп Алла тағала тарапынан уахи алу керек. Жалпы Құран арап тілінде жоғарғы үндестікті беріп 30 параға бөлінеді. Отыз пара ішінен ем және шипаны алуға болады. Бірақ аятта; «(Мұхаммет) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында; Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тияды. Әрине Алланы еске алу ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла тағала не жасырғаныңды (ойды) біледі.» (Ғанкәбүт-45) Құран аяттарының тек Алланы еске алатын сөздерді ғана намаз қылып оқыса ғана ойды түзейді, шипа болады. Емге де сол сияқты тек уахимен берілгенді пайдалану ескертілген пайғамбарымызға. Намаз орындау оқу емес, сондықтан намаз орындаудың белгісі әр халықтың ішінен өз орындаушы әулиелер арқылы өзгерістерге толықтыруларға түсіп отырады. Сондықтан пайғамбарымызға да уахи арқылы ескертілгенді оқып, түспен көргенді орындауды бұйырған.

     Ал енді біздің қазақта асыра сілтемесек көңіліміз тынышталмайтын ауруымыз бар. Сонан болар намазда құранның үгітін оқып және тілекті де арапша айтып тіптен қазақтың Алла тағаладан не сұрау керек екенін осыдан мыңдаған жыл бұрын араптардың тәпсірші бір «ибіні» бекітіп бергенге ұқсайды. Тек азан айту ғана Алла тағаланы шақыру жалбарыну болып, қалған Алланы еске алу Құраннан уахи етілген аяттар арқылы ғана орындалып, ал тілек тілеу, сұрау жүректен жылап шығу керек емес пе? Өзің не сұрап не айтып отырғаның дүдәмал болса шындықтан бұрын күдікті туындатады. Әлде бар қазақтың мүддесі араппен сәйкес келіп тіршілікте «евро стандарт» құлшылықта «араби стандарт» болу керек пе? Жад пен ес ақыл таразысының екі басы. Бірі ілім, бірі білім. Ортасы түсінікті үнемі тазартып отырмасаң бүлін. Ол тек Алланың кеңшілігінен ұйқы кезінде несібе іздеп тазартылады. Ісің түзу болмаса түс түзелмей алдамшы түлкінің боғына айналса, түсің түзелмесе ісің де түзелмейді. Ортасын қайдан іздейміз? Тарихтан үлгі алу үшін араптан немесе орыс пен ағылшыннан үйрену керек пе? Осындай мен түсінбеген жәйлар көп баяндайтын алда әлі. Ахиретте тек арап тілінде сөйлейді деген мұсылман надандарына «Ман»-ның тегі «Сан» ортасы «Мизан», түп негізі «Жан» екенін білгендері абзал. Жаратушымыз «Негізінен адамдардың несібесі тең» деп жан несібесін қалай алуды «қаламды» өзімізге тапсырған сияқты, тек нақты мұқтажыңды сұрай біл деп. Әлемдер тілін байланыстыратын ортақ белгі сан болып, сол белгіні тану үшін сөздің ортақ танбасын тауып (белгісізді Х,У белгіліні Д,М ғайыпты А,Л деп) сол таңбаны санмен белгілесек Сөздің есебі алақанға жазылып 19 буын 7 сүйекке бекіп екі қолда 50 сүйек аяқтағы құлшылық белгілерін қосқанда 100 санымен бүкіл естің немесе сөз рұхының толық қалыптасу сандық мәнін берсе, ал тек надан атанбау үшін 19 айда 5 рет Құранды оқу керек екен. Сонда Рухтың 4-тен бір бөлік рұхын ұғасыз. Әрине ойға салмақ түсіру үшін әрбір пенде баласы өз ана тілінде оқығаны дұрыс. Себебі қолдағы 19 буынның бекітіп тұрған 7 сүйек, 7 атаңыздан аналар қанымен қосылған ұлттық ерекшелік белгіңіз.

     Сәл шегініс жасап қазақ еліндегі үлкен дін жоғарғы оқу орнының арап тану ғалымына мынандай сұрақ қойдым: Арап тілінің маманы ретінде Құранды 19 айда 5 рет аударып оқып шыға аласыз ба? Жоқ деп жауап берді. Тағы; Халифа Алтай атамыздан арап тілінен біліміңіз жоғары ма? Жоқ деген жауап алдым. Енді Құранды аудармалап жүрген қазақ тіл мамандарына (Халифа Алтай журналист деп түсіндіріп жүрген) қари, имамдарға осы сұрақты қоя отырып пайғамбарымыздың мына өсиетін ескертіп кетсем: «Болашақта менің үмбеттерімнің арасында қызылды жасылды дүние көбейіп жолдан адасады да, ғалымдардың беделі түседі, себебі екінің бірі Құранды өзі оқып түсіндіретіндер көбейеді.» Сондықтан Құраннан үгіт алғысы келген қазақ баласына Халифа Алтай бабамыздың еңбегін ғана оқыған абзал. Аянмен аударма бес Құранды көрсетті 1. Сағди. 2. Хафиз. 3. Халифа Алтай және болашақта тағы ұзын екі атты көрсетті, бірақ толық ұстай алмадым. Әзірше ондай аттар кездескен жоқ. Ақиқатқа жеткісі келгендер үшін кемі 12 айда 6 реттен төменгі жиілікке түсе береді. Оны абзалы өліктермен тілдесу арқылы іске асырған дұрыс болар. Ал өліктер сөйлемейді немесе шерік, серік деген ұғымдардың және аятты ортасынан ойып алып пәтуа жасап жатқандардың надан екенін құранды оқу арқылы өзіңіз-ақ көз жеткізетініңізге сенімдімін, тек толық дәретпен шариғат заңдылығын бұзбасаңыз, аралас сөзден аулақ болсаңыз болғаны. Аруақ туралы ұғым бір кітапқа немесе бір сүренің түсіндірмесіне де сыймайды, ол үшін толық жан ғылымынан хабар болу керек. Дін танушылардың тозақ және жаннат туралы ұғымдары негізі дұрыс, бірақ қазіргі заманда ол түсініктер тек ертегі.

      Қазақта жан ғылымын біліп артында өсиет қалдырған кітабы бар төрт дана бар. Әзірет Сұлтан Құл Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім аталарымыз. Ал Құранда әрбір сөздің төрт мағынасы болып қайталап бірінің орнын бірі басып отырады. Сол сөздердің мағынасын, астарын білу үшін жоғарғыдағы төрт даналық белгісін оқып танысып білген абзал және осы аталарымыздың ізбасарларының еңбектерін толық оқыса нұр үстіне нұр болары ақиқат. Онда сіз де тақуа атанарыңыз сөзсіз. Себебі тақуа сөзі даналықтың тұрақты белгісі. Дін танытушылар тақуа сөзін Алладан қорқушы деп түсіндіреді. Тақуа нағыз Алла сипатын таныған кемелденген адам. Нағыз Алланы тану үшін тек қорқа білу жетімсіз. Іліммен білімнің ортасын таба білу шарт, яғни даналық.
Тақуа болудың даналықтың да төрт сатысы, түрі, үлгісі бар екенін естен шығармаңыз. Әрбір сөздің астары, яғни жұптық тақтық та сипаттары болады. «Тақуа» кері оқылса «ауқат» болып көместен азық ала біліп, аз ғана тамақпен қанағат етіп көп қуат шығара білуді, яғни сәулемен де қоректену дәрежесіне жетуді де меңзейді. Ондай сәулемен қоректенген адам баласы сол өзінен шығатын шапағатты қуатпен түрлі ауруларды да емдей біледі. Ал қазіргі таңда қазақта қандай тақуа, даналар бар екенін құран арқылы көз жеткізе аласыз. Немесе Абай ата шығармаларын оқыңыз. Иман келтірдім деп айту ақымақтық, адам баласына иманды келтіру берілмеген, иманды шақырады, ол үшін еңбек ете білу керек, сонан кейін Алла тағала ғана береді бағаңа қарай, оның да сатысының санының 13 екенін әулие бабамыз көрсетіп кеткен. Ал тақуа, дана атану үшін жоғарғыдағы 16 шарттан өтсеңіз халқыңыз бағаласа Алла тағала рахметіне бөленеріңіз даусыз. Құранды тек жаттап алу да игілік емес деп ескерткен жаратушымыз пайғамбарға, Құранды жатқа білетін адам да «Қари» десек даналыққа жеткен, өмірден мол тәжірибе жинаған, ұрпақтарына жол сілтеуші ел ағасын «Қария» дейді қазақта. Құранда өмір даналығымен кітаптарды меңгерген пайғамбарды Яхя деп атаған жаратушымыздан. «Яхя» үш кітапты «Тәурат», «Зәбур», «Інжілді» меңгеріп өмір сүру даналығына айналдыра білу. Ал оған қоса Құранды меңгеріп құлшылық амалдарын толықтыруды «Ахмет» деп ат берген жаратушымыз.

      Жастарға осы техниканың есте сақтау құралының дамыған уақытында тек Құранның үгітін де қиссасын да жаттата беру ғылымның да, ілімнің де заңдылығына қайшы, тек тамақ жейтін, үн шығаратын жанды құрал сияқты. Ана тілін, сал-дәстүрді, әдет-ғұрыпты жетік меңгермейінше «Я» қалыптаспайды. Ана тілі «іште», пері тілі сыртта. Жаратылыспен бірге әр пенденің ішінде өзіндік үні болса, періде сандық үн болады. «ИС» «ЛАМ»-«СИ» «МАЛ» сондықтан әр ұлттың тілдік үні «СИ» болса, іштегі бағатын «МАЛ»-ы «іштеңкесі» бар. Сондықтан «Малдарыңды қорлаған кезде зауық бар.» деп ескерткен аятта. «Мал жандарың аман болсын, ағайын!» «Басқа бәле тілден» деген сүйікті пайғамбарымыз. Ана тілің судан, өзге тіл оттан. Құран араптан басқа тілге «Арап»-«Пара» болады сол параның саны «От» «ыз». «ЫЗ»-дыбыс, ал үн іштен шығады. Тіл дыбыстық емес үндік қасиет. Сондықтан әр халықтың өз тілі, өз үні, ерекшелігі болып Құран аяттарын намаз орындау арқылы қайталап оқу нәтижесінде жүректен шыққан үн тілекпен қосылып мақам болып көкке қарай өсетін әр пенденің бақшасы болу шарт. Ал Құран үгітінің түсінігін тек жаттап алып жұмақтан орын дәмету адамдық қағидаға, ақылға қайшы жалған үміт, адасушылық.
Тілеуіңнің бірі от, бірі су,
Сөйледің екі түрлі тіліңде адам.
«Тілі екеудің, діні екеу» деген сөз бар.
Аңдамай бұзып алма діліңді адам!
«Ана тілі барлық ғылымның басы», «Тілсіз ғылым жоқ, ілім бар!». Ілім адамзатқа ортақ түп негіз болса, ділің сол негізден несібе алар киең болып, оны қалыптастыратын тілің мен білімің ұғынғанымыз жөн болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *