Қазақстан Республикасы Президенті
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемел ұлына
Байтасов Тоқбергеннен
Дат Президент мырза!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемел ұлы! Мен осы жолдауым арқылы мүмкін бұл баяндалатын елдегі болып жатқан рухани жағдайды, сіздің уәзірлеріңіз хабардар қылған да болар, бірақ дұрыс түсіндіре алмаған деген пайымдаумен; Қазақ елінің бүгінгі күнгі рухани жағдайы мен болашақтағы болатын ел тағдырымен байланысты Құдайдан келген уахи-шындық хабарлар бойынша мәліметтерді баяндау менің азаматтық парызым және Сізге өз сөзіммен жеткізу Құдай алдындағы аманатымды орындау деп қабылдауыңызды сұраймын. Және бұл баяндауларымзды ел басқару саясаты мен дүние ісімен болып жатқан әрекеттерге түк те қатысы жоқ болса да, оның шығу себебі болып табылады.
Егер де тізіп ретімен жаза берсем хабардар ететін халықтың мұқтажы мен сізден жасырын болып жатқан уақиғалар мен деректер талай том кітап жазуға да жетерлік. Қазақтың болашағы өткен тарихтан ғибрат алумен жақсылығын көбейтуге, жамандығын жоюға және алдағы жылдарға Құдайдан жол-жоба алумен, оны меңгеруге халыққа түсіндірумен айналысатын ғылым мектебі мүлде жоғалғандықтан, бұл менің 2002 жылдан бері тәжірибеден өткізумен жазылған кітаптардың 33 томдық негізі қаланып қазақтың философиялық және жан ғылымынан ата-бабаларымыз көбін жасырып кеткен Ар білімінен Абай-Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп пен жалғасы Яссауи -бабамыз салып кеткен ізімен рухани мектебін аз ғана топпен қалыптастыра алғанымызға да ашық айтатын мезгілі де өтіп кетті.
Қысқаша айтқанда, Яссауи бабамыздың қалыптастырған әлемде барлық діндердің бірлігі қазығы болып саналуға тиісті; Қазақ әдет-ғұрпы және әр заманға лайық Құдай ісімен ескісін жаңартып, озығын қайта бейімдейтін Дәстүр атты 8 діннің бірлігін қалыптастыратын және ол міндетті түрде Құдайдың хикметімен, мұғжизаларымен куәлігі беріліп, оны меңгеруге сапқа тұрған Аталы жолы деген аз ғана топтың қалыптасып жұмысын жасап жатқанын да біле жүріңіз.
Өкінішке орай Ресей құрамынан бөлініп егемендік алумен, арап елдерінің салтымен бейімделген дін ісін шариғатының орта топтық діл біліміне (арап ділі 143-145) негізделген масһабтық мектебінің білімін тура жол және қазақтың дәстүрлі діні деген жалған ұғыммен қазақ халқының рухани тоқырауына ғана әкеліп соқтырғаны да хақиқат.
Мұның негізгі себебі қазақтың діл білімін (қазақ ділі 147) заманға сай сөз ұғымдарын түзеуге, байытуға тиісті философиялық мектебінің жоғалуымен Дәстүр деген сөздің тек қана қазақ ұлтына тән 8 діннің басын біріктірген және 9-тұрғыда заманға бейімделуін әр пенденің өзінің жол-жобасын алумен, мал-жанын тазартумен тағдырындағы қателіктерін жойып қайта жазуға да Алланың жібіне, яғни достарымен әулие-әмбилермен байланыста тұрумен, «өлі риза болмай тірі байымасты» табан арқылы киелі орындарға жалғанумен және інжілді меңгеру бастың масіғымен маңдай көздің ашықтығымен байланысты.
Әрине бұл рухани сопылық хал қазақтың ғана еншісінде Дәстүр болып бекуіменен оны қойшыдан бастап ел басшысына дейін меңгеруге ортақ және оңай Құдай ісі болып; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген қағидасы біздерге аманат болып қалғаны да сөзсіз.
Өкінішке қарай, заңда күш те ақпараттық жүйе де арап, қызылбас елдерінің салты мен рухани біліміне негізделгендіктен, Құранда нақты аяттарымен бекіген және ең басты діннің шарты «Шипа және Рахмет» түсіруімен байланысты хикметті амалдары іс жүзінде көрініс беріп, талай мыңдаған пенделердің тағдырындағы зұлымдығынан, ауру қарғысынан, түрлі бәле-жаладан тазарумен көздері ашылып жатқанмен; біздерді Дін ісі (Құдай ісі емес шариғат қана) және экстремизммен күресу басқармасы арқылы ашық түрде қудалау «миссионерлік» деген жаламен кемпір, әйелдерді сотқа тартумен айыппұлдар салу кешенді түрде атқарылуда.
Менің жеке өзімді дін дәстүрге қарсы пікір-сын айтты деген айыптаумен құран аяттарын дін сарапшыларының ашықтан жалғанға шығаруымен қылмыстық іс ашып үш жылға үй қамаққа соттағанын да біле жүрген жөн. Мұның артында әулиелік пен ғылымды Құдай бермейді, ел биліктің заңымен бекітіліп қазақ діл біліміне ата салты, дәстүріне тиым салған қазақтың билерінің, дін басшыларының әлемге де масқара болатын күні жақын қалды, оған ашық дәлел Түркия елінде болған жағдай да жеткілікті.
Себебі біздер қаншама жылдар бойы елдің болашағына түрлі апаттар мен ауруларды және әлемдегі болатын қирау сынақтарды қаншама жылдардан бері жариялап келеміз және оның 70 пайызы расталып жатыр. Екі жылдық мұндай ақпарат ютуб каналында рухани жаңғыру деген тақырыппен жарияланып жатыр.
Қаңтар қырғыны да 8-9 жыл бойы ескертіліп Мәсимовтың қарсылық жасап билікті бұзатыны да ашық жарияланып, сот ісінде мұны да жалған деп терістелген еді. Ал сот ісінен кейінгі кезде оның құлауын да 7-8 ай бұрын жариялап, сол үшін менің зейнетақымды да бұғаттап терроризмді қаржыландырады деген айыптауы бар ҰҚК тарапынан.
Бұл болып жатқан жағдай жүзден бірі ғана. Короновирус басталар алдында бұл дерттің 8 түрі болатынан, оның сақтану шараларын әлем халқының қысқаруын да жарияладық. Және мұнан біздерге ерген талай мыңдаған пенделер, өздері аталы жол дәстүрі арқылы күресумен, ауырғандар сауығып ешқандай шығынсыз өткенбіз, әлі де өте береміз сөзсіз. Сол сияқты халық емінің талай жүздеген деректерін жаңғыртқанмен қазақ елінің болашақта әлемнің сауықтырушы болуына дәлелдер келіп жатса да, мұны зерттейтін ғылымдар, діншілер де жоқ.
Әлемдегі құпия, әлі табылмай жатқан ғылым деректері, адамзаттың жан, рұқ, жын, аруақ тағы қуаттарының сырлары өлшемдері, сызықтық бейнелерімен оны қалай ашудың да тәсілдері бар, мұны шет елдерге жарияласақ әрине оған әлем жұрты меңгеруге тырысып және бұл құндылықтар өзе елге ауысуы да сөзсіз.
Сонымен бірге Қытай елінен тәжді дерттің шығуынан алдын ала хабары келіп, біздерге Қабанбай батырдың басын көтеруге Раббыдан тапсырма алып, оны аруақтардың көрсетуімен тауып, белгі қойып, өзімен бірге жерленген 33 сарбазының да тізімін жарияладық. Бұл дерттің шекарадан өте алмай европа айналып түрленіп барып бізге келуінде де болашақта ашылатын сыр бар.
Астананың тыныштығын сақтау үшін де Абылайхан бабаның зияратын Ақкөлден тауып қазыр ол жерден шипалы құдықпен аян алған тегінде бар қазақтар зияраттап хикметіне де куә болып жатыр. Қазіргі таңдағы қаралықтардың үстемдігін басып Астанада тыныштық болуында да Абылайхан атаның Құдайдың пәрменімен әскерімен қорғап тұрғаны да хақ. Өкінішке орай ұрпақтары да, ел билеушілері де араптың ықпалымен басына баруға да қорқады…
Сол сияқты Отырар кітапханасының тығылған жерінде Құдайдан белгімен келіп, оны тек Назарбаевқа ғана айтуға болатынын ескерткен еді. Бірақ бұл сол қалпымен қалды. Шыңғысхан, Керейхан, Жәнібек сұлтан, Шапырашты аталарды көтеруге де мәліметтер келе бастағанда мені соттың үкімімен үй қамаққа қамап бұл істердің тоқтап тұрғанының да себебі бар. Сіздің басқаруыңыздағы билікке де бұл істердің керегі де аз болып тұр.
Қасым-Жомарт мырза! Бұл хатыммен Сізге шағымданып отырғаным жоқ. Бұлай болуы да Құдайдың ісінен елдің тағдырына, халықтың ата-баба дәстүріне қарсылығымен, білімді қауымның діл білімін тастап қойып, ел билеушілердің халықтың сұрауына бейімделумен де байланысты. Ел тағдырынан біздің тағдырымыз бөлек емес.
Алайда мүмкіндігімізше бұл болашақта әлем алдында масқараға ұшыраушыларды азайту үшін ғана ақпараттық тұрғыда қудалап тиым салса да күресудеміз. Сізден өтініш, бұл хабарларды зерттеуге және құр білім тұрғысында ғана емес (33 кітаппен мыңдаған өлеңдер) іс-әрекет тұрғысында халық алдында құранның және Құдайдың куәлігі кімдерде екенін әулие-әмбилеріміздің Алланың қалауымен көрсеткен хикметтерін, құран арқылы қалай ауа-райын өзгерту немесе табиғатқа әсер беру хикметімен дін ғұламаларымен таразыға түсуге жол ашуыңызды ғана сұраймыз.
Оған керекті «қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» дегендей заңгерлердің, құқық қорғаушы, діншілердің біздің Конституцияның 20-бап 1 бөлімін еркін шығармышылққа деген «цензурасын» ашықтан атқарып отырғанына тосқауыл қоюды ғана сұраймыз. Дәстүр ұғымын надандықтан тазартуға ғана заң жүзінде халыққа өз байлығын меңгеруге есік ашу керек.
Сонымен бірге Алматыға сел қаупі, Арысқа зілзала, Таразда да түрлі сынақтар мен аурулар күн жылуымен артатын көптеген пенделердің ажалына себеп болатынын де біле жүріңіз. Бұл селдердің, апаттардың алдын алуға амалдар жасап жеңілдікпен өткізуге болатын да жолы бар. Сізге айтылған мыңның бірі ғана, айтылмайтын талай жүзі бар, ал нақты істермен, дәлелдермен билікке , халыққа ескертілетін хабарлармен танысуға уәзірлеріңіз де жетер еді.
Ал енді өзіңіздің заңгер, дін басқарушыларының пәтуасымен бұл бір «қыртқан» әңгіме деп түсінсеңіздер онда біздер көшеге шығып билікті даттап немесе басқа имансыздық әрекеттерден аулақпыз, Құдай алдында да аманаттан құтылдық, 20 жыл Нұрсұлтанға жеткізе алмай қалғандай ақырын Құдай ғана біледі…. Сіздерге иман берсін деген дұғада ғана боламыз, біздерді айыптап, қудалап соттап жүргендерге тарихта жаман аты қалып, әлемге масқара және ұрпақтарына да обал болатын болды деген өкінішіміз ғана бар.
Байтасов Тоқберген Кескірұлынан
Ақпан айы 16 күні 2023 жыл