4. Рұхтық сананы тазарту.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 164

     «Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де үлгермейді». (Ағраф – 34 ). «Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа, барлығын да тура жолға салар еді».
«Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті бір топ бар». (Ағраф – 181).
Жаратушы иеміз осындай ашық аятпен мұсылман қауымы арасында аз ғана елдің, топтың болатынын ескертіп отырса, сол таңдауға жер көлеміне шаққанда ең аз мұсылман мемлекеті қазақ елі емес пе екен? Енді неге Алланың берген сыйына шүкіршілік қылып өткеннен ұлағат, Құран аяттарына зер салмаймыз? Алла тағаламыз қалауды пенденің еркіне беріп қойып отырған жоқ па? Ал араптар туралы; «Осылайша сендерді орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыбылаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла тура жолға салғандардан басқаларға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла адам баласына өте жұмсақ, ерекше мейірімді». (Бақара -149.)
Сөз астарын ұғатын пендеге араптар орта үммет деп, олар тек куәлікте болғаны үшін пайғамбардың шапағатында болатынын, ал тура жолдағылардың қыбыласы араптарға қарама-қарсы болатын елдің ішінде екенін ескертіп тұрса, сол араптарға қыбыласы қарсы тұрған елдің бірі қазақ елі болып табылады. Енді иманның басты шартының бірі; барлық дәлел тек Алла тағала тарапынан деп қабылдау десек, онда неге жоғалтып алған бабаларымыздың рухын оятуға ат салыспайсыз? Әрбір құбылыстың, өзгерістің шамасын, шарқын белгілейтін өлшемі болмаса онда ол Алла тарапынан дәлел емес. Ал ғылымға жүгінсек тылсымнан беріліп жатқан батаның ерекшелігі, өзіндік тербеліс жиілігі, емдік үлкен қасиеті бар. Енді зираттай барып, сол әулиелердің басынан алған баталардың қасиеті, киесі одан да жоғары. Оған да болашақта ғалымдарымыз ден қойып зерттелетініне күмән жоқ. Бірақ басқа ұлт өкілдері көп зер салып, мұсылман дінін қабылдап, тіпті сонау Германия, Австрия, Россия және Азия мемлекеттерінен де келіп қасиет алып, тылсым дүние елшілігіне байланыс ұлықсатын алып жатыр. Ағылшын, Америка ғалымдарының құлағына тисе тағы да қазақ ғұламаларына берген бақты «Біз дәлелдедік» деп жұлып алып кетпесіне кім кепіл. Осы ақ жолда жүрген ұл-қыздардың өмірге әкеліп жатқан ұрпақтары өзіндік бір белгілерімен, қасиеттерімен келіп жатыр. Ол деген болашақ қазақ аты халық дүние жүзінің көшін бастайды деген сөз. Жапон мемлекеті есепшіл халық, тегіннен тегін «Қазақ қандас туысқанымыз тектілігіміз ұқсас» деп бүкіл дүние жүзін зерттеп болған соң жабысып отырған жоқ па? Қаншама сабақтан үлгере алмай, емтиханнан тапсыра алмай жүрген балаларымыз аталар батасымен аяқ астынан жетістікке жетіп жатқанына мыңдаған мысалдар бар. Ол деген сананың тазарып рухтың оянуы. Адамгершілігі бар қай адамзаттың да жазып та, айтып та жатқан арманы «Адамды қалай түзейміз, қалай рухани оятамыз» деп ғылым бір жаққа, діни уағыздаушылар бір жаққа, партияшылар қарнын тойғызып түзейміз деп жатқанда «Расында сендерге раббыларыңның тарапынан көрнеу дәлелдер келді, кім оны көрсе өзі үшін және көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін». (Әнғам 104 – аят.)
Өздеріңнің төбелеріңе алды артыңда жүрген қорушыларыңа құлақ асыңдар деп отырған жоқ па?

      Абай атамыз «Қазақты екі жолмен ғана түзете аламыз, біріншісі – қорқытып, екіншісі – пара беріп, басқа жолды көре алмай және қалай екенін біле алмай кетіп барамын» деген емес пе? Ендеше сол ғұлама атамыздың арманы орындалды. Тылсымнан батамен қазағымызды түзетіп жатыр. Оған мұнай, т.б. сатып қаражат жинау да, аяғыңды қия бастырмайтын заңды ойлап тауып немесе бәрін жиып тастап күндіз-түні Аллаға жалбарынып немесе өткен кеткенді паралап, шетелге баламызды оқытып тәрбиеден жұрдай ғұлама жасаудың қажеті болмай қалды. Ол өзіміздің қазақ рухымызды, тілімізді, діңімізді, салт-дәстүрімізді табу екен. Батаға түсінгеннен кейін Алладан қорықпай көр және үй-ішіңе, бала-шағаңа береке-бірлік келгеннен кейін одан артық қандай пара керек? Әрине оған жетуге айнымас көңіл, жаңалыққа құштарлық ниет керек.
Ойы еркін, өмірге өзіндік көзқарасы, пікірі бар бауырларымыздың «неге солай?» деген сұрақтарына жауап беріп өтсек. Нағыз бата жүректен өте бір ерекше жағдайда шығады. Ол дәрежедегі Аққу, Сұңқарлар ерекше дайындықтан өту керек. Тарихта жазылмаған беймәлім құбылыс. Өте құпия болмаса тибеттіктер де жазбаған. Болашақ Аққу, Сұңқар болатын ұл-қыздарды аталар өздері таңдап батаменен жетелеп, тазартып ұлықсат беріледі. Оған өзіндік жүйелік ділдік «коды» бар. Ол көзді ашу үшін сол жауырын тұсынан «ақ мөр» басылады. Мөр салу қасиетін Ақ ұлымыз Қыдырәлі Тарыбай ұлына берілген. Ол туралы алда бөлек әңгіме етпекшіміз. Мөр салынып, дайындықтарынан өткеннен кейін ұл-қыздарымыз «Сұңқар», «Аққу» атағын алып тылсымнан хабар бере бастайды. Бас аяғы 4 – 5 күнде «Ванга» әжеміздің алған қасиетіне ие болады. Әрине зират басына немесе кез-келген жерде аруақпен тілдесем деп бата беріп жүргендер көп. Кейбіреулері Құран аяттарының небір тақпаққа ұқсас, небір орынсыз жекіріп «әй», «қой» деп жатқандары немесе саған өмірі болмаған, жасамаған ісіңді тауып, не маңдайына жұлдыз тағып онды-сонды қасиеттерді үйіп-төгіп жатады. Ол тылсымнан келген бата емес, жасанды бата болуы мүмкін. Бірақ жақсылыққа айтылған қандай да бір сөздің зияны болмас, ондай баталарды уағыз деп қабылдаған жөн. Екінші түрі өмірде жиі кездесетін сезім бата болып, кейде сыртқы түйсіктен (орта әлем, эфир өмірі, өмір түйсігі) хабар да беріп жатады. Ондай батаға адам өміріндегі жасалған қателіктер мен алда тұрған оқиғалардан да мәлімет беріледі. Аралас сөздер болып кейде пайда, кейде зияны қатар жүреді. Сондықтан да адасып жүрген пенделерге көмек болып, ал нағыз тура жолды іздегендерге зиян болып та жатыр. Ондай батаны түйсік бата деп атайды, себебі ақ сайтан араласады. Алла тағала әр нәрсені жұппен және пар-парымен жаратқан деп қабылдап әрбір болып жатқан дәлелдің міндетті түрде себебі болады. Өмір түйсігін қатар жаратпаса тіршілік те болмайды, адам баласы дамымайды. Сондықтан да ақ-қарасын айырып керегін пайдалану арқылы ғана тура жолды табуға болады. Тек қайсысы түйсік, қайсысы ақыл екенін ажырату тән және жан тазалығын қажет ететінін білген дұрыс. Сізді біреу сондай жалған ақылмен адастырса оны басқа біреуден көруге болмайды, әрбір пенде өз ақылының жетімсіздігінен деп мойындаған абзал және сондай сынақтар арқылы ғана адам баласы тура жолды табады. Сұраныс болмаса, ұсыныс пайда болмайды, әзірше қазақ халқының көпшілігінде сондай түйсікке сұраныс көп. Ол халықтың тіл ғылымының әлсіздігінің және ана тілге деген түсініктің дамымай ес тәрбиесінің қалыптаспағанының көрсеткіші. Ақ сайтанның қақпанына қасиетті аталған пенде де, соған ұйып жүрген көпшілік те түсіп қалып жатыр. Оған алда нақты басылымдарда ғылымынан хабар береміз.

     Бата беру қасиетіне ие болу Алланың берік нұры. Тылсыммен тілдесу екінің бірінің қолынан келе бермейтін жұмыс. Қасиетті қадірлей біліп, аталарымыздың аманатын тереңнен шығарып сусындатып қаншама халықтың мерейін қандырып жүрген ұл-қыздарымыз да жеткілікті. Жақсы дүние қашанда аз болып сондығымен де қадірлі. Сондықтан аталарымыз «Бармақтай бақ берсең, оны ұстап тұратын батпандай салмақ бер» деген. Бақты бағалай алмай «Неге солай?» деген сұрақтарды туындатып жүрген «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді» деген бауырларымыз да табылады сол ортадан. Осының себеп-салдарына әзірше қысқаша тоқталып өтсем.

      «Ақ жолды» Алланың үкімі, тосыннан келген ғылым деп қабылдасақ, Абай атамыз айтқандай ғылым көпке келе бермейді. Себебі көп ұл-қыздарымыз, жалпы халықтың басым көпшілігі қиыннан жол табалмай, ауыру-сырқау, не жолы болмай, т.б. жолдарымен келеді. Басым көпшілігі қателіктерін түзеп, жолын аштырып аз уакыттың ішінде баяғы қазақ ауылына қайтып оралып жатыр. Қасиет алған бауырларымыздың басым көпшілігінде не білім, не ілім жоқ, кешегі өз бетімен жол табалмай жүргендер болып шығады. Қасиет алып халық алдында шыққан соң «Сауысқан тоты болам деп жүрісінен жаңылады» Аққу, Сұнқар болу оңай емес екені енді көріне бастады, сондықтан «Ауыруын жасырған өледі» дегендей, Ақ жолымыз Қазақтың бақ жолына айналсын десек, халық болып сынға алып, өзімізді-өзіміз түзетпесек шетелден, Европадан көмек әзір келе қоймас. Ордалардын кейбіреулерінде шариғатқа мүлдем теріс қылықтар жасап жүрген Аққу сұнқарларымыз жетіп жатыр. «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін және берген жақсы несібелерін кім арам етті? Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін» ( Ағраф – 32).
Жаратушымыздан берілген үлкен несібе қорған киім болып, киіне білу әдеп болып қалыптасып, ұят деген дәстүрлік белгімен ақиретте жан киімін зейнетті қалыптастырса, сол жан киіміне берілетін Алланың ниғметтерін, несібелерін арам етпеңдер деп отыр. Сол зейнеттің ұзын қысқа, т.б. көріністерін әйелдердің қуыс қараңғы жерлеріне жазып, сондықтан да әйел затына; қуыс жерлеріңді жауып, омырауларыңды бүркеншікпен жауып жүріңдер деп үкім еткен, оған қарсы болғандар имансыз деп нұсқап отыр. Иманы толық бекімеген, бұтында шалбар, жүрісі ордаң-ордаң, қасиетін саудаға салып жүрген менмен бауырларымызға қарап, көп санасы ояу азаматтарымыз қайда келдім деп үрке қарап қашқақтап жүргені, тай бәйге, құнан бәйге онан қалса байтал бәйгеден аса алмай жатырмыз-ау деймін. Қазақтың талмай шабатын, елім дегенде етегі толып жүрген азаматтарымызды «аламан бәйгеге» түсіп өз талантын сынға салатын уақыты жеткен сияқты. Ақжолға бүкіл қазақ түсуі керек, ертеме кеш пе әлемді таңқалдырып дүр сілкіндіретін Құлагеріміз де шығар әлі арамыздан. Ғылымы жетпесе де әйтеуір қылсыншы ғибадатын дегіміз келеді жаңағыдай бауыларымызға, әйтеуір жоқтан жақсы. Жақсылар көбейсе, жамандарымыз көп ішінде көріне қоймас деген жұбаныш та бар. Әзірше өкінішке орай керісінше болып жатыр. Осындай жеңіл қараған Сұңқар, Аққулардың ішінде шала бата, бала бата беріп жүргендері бар. Себебі «Ханнас» атты көңілде жасырын тұратын 44 сөз қоздырғышы «шайтан белгісі» адаммен бірге көрге кіргенше өмір сүреді. Өсекке, пендешілік істерге шексіз құмарлық және Алланың жүктеген парыздарын толық орындамау салдарынан көңіл кірлейді. Ібіліс оны дереу пайдаланып, сыртқы түйсік әлеммен байланысты орната қойып кей Аққу, Сұңқарларымыз түйсік батаға түсіп кетіп жатқаны бар. Әрине бұны емдеуге болатынын тәжірибе көрсетіп жатыр. Неге соны Ақ ұл түземейді деп сұрақ қойып жүргендеріміз көп. Қасиетті кітапқа жүгінсек пайғамбарымыз да өз туысқандарына иман бере алмайтыны ескертілген. Аққу, сұңқар болу үшін толық иманды таба білу қажеттілік. Иман табу әр пенденің тәрбие, білім, төзімділігіне байланысты болмақ. Пенделік пен қасиет бірге тіршілік етуі мүмкін емес. Тек аса жауапкершілік қана иманның күзетшісі болар. Ал Алланың берген мөрін ұстап тұру да үлкен қасиет, ол тек казақ халқында. Әрбір қасиеттің ертең түбінде сұрауы, Алламыздың алдында жауабы бар, біреу көпті түзеуі қиын шаруа, онан да өзіміз бұл Алланың маған берген сыйы деп күте білуді үйренсек, білмегеніміз білгенімізден сұрасақ дұрыс болар еді. Және әрбір құбылыстың Алладан түскен дәлелдердің өз мектебі қалыптасу шарт, сол мектептің басшысы жол басшысы болып, ал мектеп тарихын қалыптастыратын білікті ұстаздар болып табылады.

     Басты кемшілік ақ жолдың өз ұстаздарының білімсіздігінен, ілімнің жетіспеуінен туындап жатыр. Әрине мешіт және дін танушылар ішінде көпшілікке үлгі ісімен өнеге боларлық іліммен жол көрсетерлік қазақ қандастарымыз да жеткілікті. Бірақ өкінішке орай, арап танудан немесе шет жұрттың сырты жылтыр, іші түтін әдетіне еліктеу ауруынан айыға алмай жатыр. Кінәның ең үлкені ғалыммын және зиялымын деген қауымға келіп тіреліп тұр. Осы болып жатқан құбылысқа Құран аяттарын ғылыммен салыстырып баға беру орнына, өздері атеизм тымауынан және европа ауруынан айыға алмай, алды өзі зерттеген ауруымен өзі ауырып өліп те жатыр.
Байдан жарлы болсаң көзге тез түсесің, не көріктінің бетіндегі дақтары тез білініп тұратыны сияқты Алланың берген сыйына лайық болу атына заттың сай болу оңай шаруа емес. Ол үшін өз қатарыңда жынды атанасың. Сондықтан жынды емес екендігіңді дәлелдеп, өзімізді-өзіміз тәрбиелемесек Ібілістің қақпанына түсіп қалу қаупі зор, оп-оңай түсіп те жатқандарымызда бар. Ақ сайтан да бата беріп жатыр. «Ақ ана» атты топтың қалай негізгі Ақ жолдан бұрылып кеткенін дәлелдеуге болады. Алғашқы кезде жүрегін аштырып, әруақпенен бата беріп үйренген Аққу-сұнқарларымыз өзін тәрбиелеуді ұмытып кетіп мақтан көреді де, шариғат амалдарын толық орындамайды не құрсақтан біткен қылық қара жерге бірге кіретіні сияқты, емін-еркін жүріп қалған қылықтарын тежей алмай қөңілді кірлетеді де «Ханас» атты шайтанның қақпанына қалай түсіп қалғанын білмей де қалады. Сөз құрамы ұқсайды, себебі бата беріп машықтанған адам санада қалып қойған белгілерді пайдаланады. Кейде болатын алдағы оқиғалардан хабар береді (себебі жын-шайтан көкте тығылып отырып басқа періштелерден адам тағдырынан хабар ұрлағаны қасиетті кітаптарда айтылып кеткен). Және батадан ерекшелігі жаман хабарларды дәлме-дәл айтып адам көңіліне қаяу түсіруі мүмкін. Қорқыту жын-шайтанның бірінші тәсілі. Көп сөздері жаттанды тақпақ сияқты болып шығады. Аталар батасында көңілге үрей, қорқыныш тудыратын жағдайлар ешқашан да дәлме-дәл айтылмайды, тек «Сынақ болады, абайла»  деп сонан шығу жолдарын көрсетіп үрейді аластап, ал ниетің таза болып, аталар ойынан шығып жатсаңыз, сол қауіп-қатер, қиындықтардан қалай айналап өткеніңді сезбей қаласын. Осындай Ібілістің қарама-қайшылық тудыратынын ескергендік болар, тек белгілі бес атамыз арқылы ғана әулие-әмбилердің батасы тылсымнан беріледі.

    Осы бес атанын өзіндік ерекшелік тербелістік коды бар. Оны зерттеу болашақ ғалымдарымыздың еншісіне қалдырайық. Қазақта «Мұсылман болу пәс-пәсте, кәпір болу бір сәтте» деген сияқты Аққу, Сұнқар болу әр ұл-қыздарымызға үлкен жауапкершілікті, әдептілікті, қажырлықты қажет ететін қасиет. Атына заты сай ізденіп халықтың алғысына бөленіп жүрген ұл-қыздарымыз да жетерлік. Ал халықты зират басына апарып, ислам дінін уағыздап жүрген «Ақ ана», «Ермек», т.б. кісілерге айтарымыз жоқ. Жақсылыққа қарай жасаған істің бәрін қасиетті кітабымызда жоққа шығармаңдар деген. «Ассалам алейкум» деп сәлем берген кісіге де «мұсылман емессің демеңіз» депті. Тек ғылымы жетпей дәлелсіз істелген, Құран аяттарына ғылымсыз келтірілген дәлелдер озбырлық болып, Аллаға серік қосу болып табылады. Әрбір байқамай айтқан болсын өтірікке Алла тағаламыз үш күн ораза ұстауға үкім еткен. Сондықтан бес атамыз арқылы беріліп жатқан батаның бәрін сұнқар, аққуларымыздың бірін-бірі тексеріп, тәрбиелеп, қателіктерін түзетіп отыруға мүмкіндіктері бар. «Өтіріктің құйрығы бір тұтам» деген аталарымыз. Қай істің, жұмыстың болмасын, істің сөзін ақиқатын кірден арылған, тазарған жүрек қана дәлме-дәл анықтай сезе алады. Тек жүрек тазарған уақытта ғана көктен дыбыс келіп болашаққа жол көрсетер. Сол «ала» жіптің ақ-қарасын айыру екінің бірінің қолынан келмейді. Оған тән, жан тазалығы мен ілім-білім теңдігі болу шарт. «Ілім, білім ортасын ұстамасаң бүлін» деген аталарымыз. Ала жіпті аттамағанымыз дұрыс, сонда ғана ортасын ұстайсың. Сондықтан не істесек соны немесе санамызға кірген, ойымызға келген не біреудің ананы-мынаны алып шатпақтап жаза салғанын емес, бірінші жүрегімізді тыңдап екінші Алланың сөзін өз тілімізде оқып зерделегеніміз дұрыс шығар. Адасқан тура жол таба алмай, біреуге жол сілтеп жүргендерге, дүниесіне не жасап жүрген істерінің кереметтігіне емес, өміріне, жанұясына, жолына, артына ерген топқа зер салып қарайық. Жанұясының басы бірікпей, ауру-сырқау болып өзі халыққа жол сілтеп, сынаққа түсіп жүргендеріміз жетеді дін жолында жүрген бауырларымыздың арасында. Ал әруақтын қолдауын алып, тура жолын тауып, бабаларымыздың беріп жатқан батасымен өмір сүріп, ата-аналар аманатын бұлжытпай орындап жүрген ұл-қыздарымыздың төрт құбыласы түгенделіп те жатыр. Оған мыңдап мысалдар келтіруге болады. Демек сөздің іске айналып жатқандығына дәлел. Ақ батаның құдіреті деп біліңіз. «Тұрмыс түзелсе бәрі түзеледі, ақшамен бәрін де сатып аламын» деп күмістен салынған сарайыңыздың алтын діңгегінде құс жастыққа бөлеп, құстың сүтін беріп өсірген ұрпағымыз, салған сарайыңыздың алтын діңгегіне асылып салбырап тұрмасына кім кепіл, Құдай сақтасын әрине. Бірақ ең әлеуметтік жағдайы жоғарғы әлемдегі қызыға қарайтын Жапония, Швейцария, Швеция, Канада мемлекеттері байлардың өзін-өзі өлтіруінен алдыңғы үш орынды бермей келе жатқаны осыны меңзейтін сияқты. Ал адам санымен есептесек біз де сол үшінші орынға жеттік. Рухы шыңдалған ұрпағына да, өзіне де, еліне де бәле-жала жоламайтынына бабалар Алла тағаладан кепілдік барын ескертіп, «тоғыз жыл сынақтан өтсеңдер, әрине өте алсаңдар екі дүниенің рахатын көрсетеміз» дейді. Байлықпен «кім кімнен бай» деп емес, қасиетпен жарысатын уақыт келген сияқты. Ғылыми түрде келсек Қазақстан мемлекеті пассионарлық даму дәрежесіне өтіп кетті. Яғни халықтың болашағы үшін өмірін сарп етіп, қызмет етуді бақыт деп санайтын азаматтарымыз күн санап көбейе береді деген сөз.

     Адаспас үшін аталар аманатына құлақ асайық. «Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмас болар» деген дана қазақ. Жел емес үлкен магниттік дауыл тууда. Қазақ жерінде сәулелердің сандық дәрежесі 5 есеге өсті. Оған дәлел Жезқазған маңына түскен улы «гептил» өзінен-өзі жоғалып кетті. Керісінше, Алладан қашықтаған біздің үлгі алып отырған мемлекеттерімізге Алланың үкімі түсті. Оған дәлел Алланың мына белгісі; «Олар егер Құран арқылы таулар жүргізіліп жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе сенбейді. Барлық Аллаға тән мүміндер анғармады ма?».
Алла қаласа еді, адамдарды тұтас жолға салар еді, қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді, немесе жұрттарының маңына түседі. «Алла серттен таймайды» (Рағыд сүресі). Сондықтан да барлық адамдар біркелкі бірдей ойлап жер бетінде адамдар азып, даму, өсу тежелмес үшін рулар мен ұлттарға бөліп, құпия түрде нәсіптерді тең бөліп, бірінен-бірі жақсылықты ғана үйренсін деп «Жақсылыққа жарысыңдар» деп үкім берген жаратушымыздан. Сонда да болса арасында қиыннан қашып біріне-бірі ауысып кетпесін деп нәсілдерден уәдесін алғанда оны «Әлмисақ» деп атаған ғұламалар. Қазақша айтқанда серт беру болып, өз тілдік, жыныстық белгіңді қадірлеймін деген жаратушымыз алдындағы уәдеміз болып табылады. Аятта; «Қашан серттессеңдер, Аллаға берген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі.(91) Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды. (Нахыл-92).

     Әр елге жолбасшылар жіберіп, өз көрсеткен ізінің туралығын дәлелдеп хикметтер көрсетіп Алланың кепілдігі әулие атанып, діннің жібін салт-дәстүр қылып иіргеннен кейін діннің бір тобы болып сол уәдені мықты ұстау қажет екен. Уақыттар өте сол топтар ішінен аннан ананы мыннан мынаны алып сапырылыстыратын қатын еркектер пайда болып, сынақтан бүкіл ел болып сына бастаған уақытта, Алла тағала белгі түсіріп Қиямет күнін жариялайды да, қарама-қарсылық жағдайға түскендіктерін білдіру үшін өліктерді сөйлестіреді. Демек өз елінде басқа ұлттың дін ұстанымын дәріптеу «Қатындық іс» болып табылады. Демек еркегі де әйелге айнала бастаған елдерге Алла тағала сынақтар түсіреді деп біліңіз. Енді оған дәлел жер жүзіндегі белгілі бір мерзімге және қылықтарға байланысты апаттар мен оқиғаларға ақыл көзімен қарап көрейік.
Антарктика бөлініп мұз таулар қозғалып теңіз көтеріліп, енді Америка, Еуропа мемлекеттері, Жапония табиғат апаттарымен жоқ болып кету қаупінде тұрғанын өздеріңіз естіп жатырсыздар, көрсетіп те жатыр. Бұл апат үлкен құрбандықтармен, халықтың жан құрбандығымен ғана сәл ғана басылуы мүмкін. Бұл деген әлеуметтік топтарға жіберген Алланың сынағы деп қабылдау керек. Одан тек халық болып жалбарынып құтыласың. Қазақ еліне де түсіп тұрған «Алланың нұры бұл да үлкен сынақ. Құраннан мүминдерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі» (Ісра-82). Дұшпандықты, зиянкестіктерді сырттан ойлап табады, оның қолдаушысы өзіміздің ішімізден шығады. Ақ жолдын ішінің өзінде сайтанның сыбырлағанына еріп қай жолмен бара жатқанын өзі білмей жүргендер «шірік» қосып жүргендер жеткілікті. Ал өзге үйден тамақтанып, бөтен ақырдан су ішіп үйренген, қашанда өзінен тек жамандықты көріп жақсысын ажырата алмайтын өзіндегіні де бағалай алмайтын әдетті де жұқтырады. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады». Сондықтан сұнқар, аққу, дарынды ұрпақ мектептерін ашып, қазағымыздың дін, саясат, ғылым жолында жүрген бауырларымыздың ақ ұлдың жанына топтасқаны, ақыл кеңестері қажеттілігі туындай бастады. Сонда ғана жаратушы иеміз қазақ халқына әлем халқы естімеген мұғиджалар (кереметтер) беретіні сөзсіз.

     Қасиетті Құран Кәрімге тек таза ақыл-оймен ғана зерделеп аяттардың шын мәнін ұға алғанда ғана адаспаймыз. Сырлы мінез сұңқар мен атына заты сай аққулар дайындау үшін «Ақ жолдың» өзіндік мектебін ашу керек. Оған әр орданың имандары, ақ жол бас иманымен бірге отырып тәрбие жұмыстарын қолға алу қажет деп ойлаймын. Өзіндік тексеру, есеп беру, қасиетті ұл-қыздарымыздың нені білуі керек, неден тыйылу, Ақ жолдың өзіндік мәдени, ата-дәстүрлік іс-жоспарлары, кітапшаларын шығарып қазақ халқының, тарихи електен өткен әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін үлгі еткенде ғана бата арқылы аталар аманатын бұлжытпай орындау арқылы әлем халқы үлгі алатындай ұлтқа айналармыз. Оған әрине мешіт, мектеп, жоғарғы оқу орындары, заң қызметкерлері, ақпарат орындары, ғалымдарымыз, тіптен үкімет орнындағы лауазымды азаматтарымыз өз үлестерін қосқанда ғана рухани даму деңгейі жоғары өркениетті мемлекетке айналамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *