Салт-дәстүр бұл ұлттың тірегі. Ал ата-салтын білмеген пендеге өмірде есе тимейді. Біздің әрқайсымыздың әрбір отбасының игілігі, бүкіл ұлысымыздың игілігі болуы тиіс. Олжалы орайды да, обалды ұмытпайтын ұлағатты ұлттың ұрпағы болғандықтан, өткеннің бәріне кінә қоймай болашақ жайын ойлайық. Барлығымыз үшін ескінің сөзі ереже, атаның сөзі «аманаттай» болсын. Ал «Аманатқа қиянат жасама» дейді халық даналығы. Ақылгөйдің аузынан, алтыннан қымбат сөз шықса алтын сөздің ішінен артық бірін таңдай алып, еліміздің рухани байлығын арттыра беру игілікті парызымыз болу керек.
Ол ертең жұмбақ бізге,
Бүгіннің қадірін біл қыматты ізде,
Ақ жолдан адасып шалыс бассаң, етегіңді басқан кірден арылғың келсе, тәубаңа кел.
Қалмаса сенде ұждан дәрмен сірә,
Иманды ізгілерден жәрдем сұра.
Ал ізгілік ізі ешуақытта өшпейді. Шамаң келсе ізгілік істе. Ізгілік пен әділдік өлмейді. Өлімнен басқаның бәріне ем бар. Өлімге ғана ем жоқ. Тоқ та кетер дүниеден, аш та кетер, сөйте-сөйте бар тіршілік тұтамдап таусылар. Бұл өмірде екі есік бар, бірі өмірге қарай ашылады. Екіншісі өлімге қарай ашылады. Бірінші есікке кірген адам екінші есікке де кіреді. Осыны ұмытпайық. Алланның осы бергеніне шүкіршілік, тәуба дейік. Кісінің көзін тіріде тек қанағат қана тойдырған. Бір жапырақ нан тапсаң да соған қанағат ет, асып-тасыма. «Тасыған төгілер» — дейді халық даналығы. «Байыдым деме, кедейлік сіңіріңе жетер. Жетістім деме, қара жер түбіңе жетер». Бай бір жұттық, батыр бір оқтық – дейді тағы халық даналығы. Шалқып дәулет, бақыт қонса тасыма, тәуба де. Мүсәпірдің ақысын жесең күйдіріп жіберетінін, күйсізден күй қашатынын тағы да ұмытпайық.
Бұл күндері жұрт ақшаның құлы болды, қағынды, қалталыға бой ұсынып жағынды, алыс-жақын арасын ақша шешер күн туды. Бірақ алдағы күннен үміт үзбейік. Бұл дүниеде үмітсіз – шайтан. Кісінің көзі қашанда тазаға тартады ғой. Өзің де таза бол, тазалықты Тәңір де сүйетіні жадыңда болсын. Тәубаң бойыңда жүрсін. Айналаңа ізгілік тіле, сонда өзің де ізгілікті боласың. Құлап бара жатқанның қолынан ұста. Тайып бара жатқанға таяныш бол, сонда саған да жаратқан ием жақсылығын аямайды. Осының бәріне аталарымыз бен әжелеріміз ризалық білдіріп « тәуба» деген! Біз де тәубамызға келіп, тәубаны ұмытпайық! «Ислам нақты, яғни көзге көрнекті, ал иман адамның жанында, яғни көзге көрінбейді, жасырын тұрады» «Аманатты орындамайтын адамда иман болмайды, ал сөзінде тұрмайтын адамда дін болмайды» (321, 940 –х). Пайғамбарымыз ескерткендей, иман тек тегіңмен байланысты жанға және рұхқа байланар, ал текті табу ата-анаға құрмет арқылы аманатқа қиянат жасамау. Енді аманат түгіл өз салтынан, тілінен безген мейлі қандай ғалым немесе діншіл сопы болса да дінде емес!