Ар сынағы Ажал

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 119

Қобызым неге сарнайды? —

Ажалдан хабар береді.

Сыбызғым неге зарлайды? —

Деп түр ием өледі….

Аурусыз жанға айла жоқ,

Аурулы жанға дәрі бар.

Аурусыз адам қайда жоқ,

Аурудың онда бәрі бар.

Аурусыз жандар – мисыздар,

Мисызда ауру бола ма?

Тәні сау, миы науқастар,

Ондайға дәрі қона ма?

Милы да ойсыз күн болмас,

Ауырмай миы тұра ма?

Миынан басқа ем қонбас,

Емдейін бе деп сұрама!

(Шәкәрім ата)

«Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі, өздеріңді құтқара алмайсыңдар». (Рахман-35)

     Жаратушымыздың сынақ үшін жіберетін екі періште жоғарғы қуат шындық деп аталады. Шайтанның азғыруымен арам ас пен азғындықтан тән ауырса, одан бұрын жан ауырады. Сосын малы, содан кейін ғана тәнде белгі — іріп-шіру басталады. Малдың өлуі болып, бес қуаттың белгілі иістерді қабылдап, жеке белгілі қуатқа айналып, жан жобасына қарама-қарсылық жағдайдың пайда болуынан ажал туындайды. Інжілде былай жазылған: «Істеген жаман ісіңе орай жазаңды аласың; қандай өлшеммен өлшесең, өзің де сол мөлшермен аласың.». Ажалдың  да өлшемі, саны бар. Ол да тоғыз белгіден тұрады. 9 кісінің ауру белгісі тәнге беріледі.Тоғыз түрлі қозғалыс тегінің он түрлі мағлұмат жинауы шарт болып тоғыз түрде жан пайда болады, сонымен пенде баласында 99 түрлі мал жан болып сөзбен біріктіру шарт. Сондықтан тілді ғана біреу қылып жаратқан. Әр халыққа тіл ерекшелігіне байланысты ғана түсі, (рең) әдет-ғұрпы сол мал саулығының басты белгісі, сонан барып жан саулығы ар белгісі қалыптасады. Ар өлшемінің кемуі ауруды шақырады, болмаса дереу ажал жетіп келуі ықтимал.Жинаған жиынтық арға көктен алар сәуле несібе тәуелді. Арсызда ұзақ жасайтындар бар, себебі ол ата-бабасынан жиналған қорды ысырап етіп, болашақта тұқымы тозып құруға бұйырылған жандар тобынан болады. Құранда «Жаза берер алдында бар есікті ашып қоямын» деген ескерту бар. Түбінде біреу қуаныштан, біреу қайғыдан, біреу жалғыздықтың зардабынан жылау шартты үкім. Өмірден қу дүниеден басқа ештеме ала алмай өту қайғының үлкені, құдай содан сақтасын қазақты. Европа халқының емі жоқ ауруы сол.Жалпы жеке пенде баласы немесе сол халықтың жиынтық ар белгісі сыртқы ортадан қорғаныс «иммунитет» деп қабылдаған жөн. Қазақ халқындағы сол індет белгілеріне (арды жоғалту) тоқталсақ.

Бірінші індет тілді сату, дінді сату, жалпы ұлттық ерекшеліктерді сату. Сол арқылы жан белгісінен ажырай бастадық.

— Халықтың және әр жеке адамның тек өзін-өзі ғана ойлайтын жүйесін қалыптастырып, қалаларға шоғырландырып, европа дәстүрін тықпалап туысқандық, бауырмалдық ерекшеліктерінен айыру. Бір қалада тұрып бірін-бірі көрмейтін шешесі мен қызы немесе ағайындар тек ортада кафе т.б. жерлерде кездесіп, туысқандық дәстүр ұжымшылдықтан айырылу белгісі жаппай қалыптасып келеді.

— Европа дәстүрімен қоса келген ауру әр адам өзін-өзі шексіз сүю белгісі пайда болды. «Тәкаппарлық» деп атап өзін-өзі жақсы көргені сонша, бар  адамнан өзін артық санап бүкіл адамзаттың тәртібін түзейміз деп әуреге түсе бастайды.

—  Бразилия т.б. шетел бейнетаспаларымен қоса келген ауру тез оңай баюға құмарлық. Алса күреп алу керек, болмаса аш-жалаңаш жүре беру керек.

— Билікті, қоғамды жамандағаннан ләззат алу үрдіске айналды. Бұл қоғам індетіне айналды. «Мұнша қасіретті қазақ басынан кешпеген. Бәрі ұры, қанішер тек өзгертсе бәрі тыныш бақытты болады. Иманды өмір сүреді» деген ақылдың азғындау індеті пайда болды елімізде.

— Қазақ тек Европадан, басқа елдерден дайын үлгісін қабылдап қана өркениетті өмір сүреді, қарыштап өседі, сана ашылады деп соңғы белгі гендік, ұлттық дағдарысқа апарып тірелетін ардың азғындауын дәріптеу жүріп жатыр.

— Ұлттық құндылықтың әлсіреуіне мешіттер ерекше атсалысып жатыр. Бәрін араптан көшіріп алмаса иман табу қиын деп, аруақты құрметтеу арқылы иман табатын қазақтың дәстүрлі басты байлығы екенін естен шығаруға ерекше тырысып бағуда. Осындай кері тартпа насихаттың салдарынан әйел, еркек жыныстық және ұлттық мінездер араласып тәндік және жандық дағдарыстар туындады. Бұл ауру және көрші мемлекеттерді де қамтып жатыр.

                                                                                  

Тәндік дағдарыс

   Дағдарыстың  басты белгілерінің бірі қатерлі ісік, өкпе, тері, асқазан, сүт бездері, тыныс аурулары және көршіден, европадан жұқтырған әлемдік аурулар түрі нашақорлық, маскүнемдік, әр түрлі тұмау дерттері болып табылады.

 Нақты себебін таппаған мемлекеттер тек емхана салып,  дәрі жасаумен айналысып кетті. Жыныстық бездердің, белсіздік, сүт безінің қабынуы дәстүр ықпалы аз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы қаласы алдыңғы орында. Жылына бұл көрсеткіштер өсіп-дамып жетіліп келеді. 17-18 мың адам қатерлі ісік ауруынан өліп, қан тамырының ауру өлімі 1-ші орынға шықса, улану 2-ші орынға шықты. Бұған себеп экология дейді ғалымдар. Бүкіл аурудың 20% ғана қоршаған ортаға байланысты, оған да адам өзі кінәлі.Қалғаны тәннің экологиясына байланысты екені ғалымдарымыздың ойына кірмей жатыр. Әзір кіре қоймас. Европа, Америка ғалымдарын мойындату керек әуелі. Басты себеп жалаңаш тамақ дайындау, солай тамақтану және тәннің иістеніп бұзылуы мен алақан бездерінен теріс сәулесінің пайда болуы осы қасіреттердің басты себебіне айналып, жуық арада індетке айналуы мүмкін. Өйткені шындық сәулесі көбейген үстіне көбейіп, бүгінгі ақылды ертең жынды, бүгін сау ертең мешелге айналу көбейе бермек. Ешқандай қаражатсыз тек батыл қадамдар жасап, халықты киіндіріп, дәрет алуды үйретсе 50% ауруды азайтуға болады. Әзірше тек арман. Оған дейін ақылшы “психологтар” мен дәрігерлеріміз өздеріне ажал мөрі түсе бастаса қозғалыс болады. Түсті де, себебі қазақ елінде әйелдер өлімі жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Спид атты қоздырғыштың құпиясы ардың азуында екені түбі дәлелденеді. Ақылдың азуы да пайда болып өзінің өмірге не үшін келгенін толық түсінбеген кейбір әйелдеріміз ел басқарамыз деп халыққа, бастарына бәле шақыруға кірісіп кетті. «Ауру астан, дау қарындастан» екенін ұғу үшін әлі талай шаңырақ шайқалып, талай ақыл айтқыштардың ит өліммен өліп артында ештеме қалдырмайтынына көз жеткізбей тоқтала қоймас. «Бай бөрі деген бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, бір перзентке зар болыпты» деген заман сол асық ойнаған байдың да, жалаңаш доп қуған ұл мен сән қуған етегін түріп есі кеткен  қыздың да басына туатыны ақиқат! Тәндерін ашыған тегенеден төгілген қамырдай немесе үрлеген мес болғанына мәз, арты шаян түрі надан болашақ ұрпақтарымыздың азығы, бірі мұнай болса бірі хайуан, бірі мал. Малсыз қазақты елестету қиын. Сондықтан әзірше аман болып ішіп, жеп жүре берсін арам астарын, болашақ ұрпаққа айтатын ескерту үлгі болар мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *