«Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме? (15) Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды». (Нух -17)
Ғалымда негізінен ай және аспан әлемі туралы мағлұматтар бақылаулар, жерден жүргізілген оптикалық және радиоастрономиялық (сәуле дыбыс тербелістері) арқылы нәтижелеген. Ғылымдық тұжырым бойынша күнді эллипстік орбита бойынша 30 км жылдамдықпен қозғалып жүреді дейді. Ал жердің Күнді айнала қозғалыстың бір дәлелі – бізге жақын жұлдыздардың елестерлік (параллакстік) орын өзгертуімен болжайды. Алғаш оны XIX ғасырдың 30-жылдарында жердің негізгі қозғалысын орбита жазықтығына 600 341 бұрышпен көлбеген осьпен айналады деп ғылыми негіздеді. Сондықтан да жер тербелісін 1200 тай болады деп түсіндіреді. Жалпы ай жерден 4 есе, ал салмағы 81 есе аз деп есептеледі. Ғылымда айдың жерден жарық болып көрінуін ай фазасы деп атайды. Ай фазаларының толық өзгеру циклі (синодтық ай) шамамен 29,5 тәулік деп алынған. Жылына 2 рет күннің 2 рет айдың бетіне көлеңке түседі. 1982 жылы жеті рет тұтылу болғанын байқаған ғылымдар күннің төрт рет шамамен Айдың 3 рет толық көлеңкеленгенін, тұтылғанын байқаған. Күн мен Ай белгілі бір тәртіппен қайталанып отыратыны мәлім болып, осы уақыт аралығын сорос (қайталау) деп атаған. Соростың уақыт аралығы 6585,32 тәулік (= 18 жыл 11 күн). Әрбір сорос кезінде 70 тұтылу көлеңкесі өтеді, оларды 42-сі Күнге, 28-і айға келеді. Бұл сандар бекерден емес, әлі ғылымда өз мәнін ашары сөзсіз. Ал құран ғылымында басқаша түсіндіріледі, сондықтан ғылыммен құранды салыстыра отырып болашақта қарапйымнан күрделі ертекке қарай өтіп отырамыз. Енді ғылымда Айда су жоқ деп есептеледі. Себебі су буланса Ай төңірегінде газ бұлтын түзеген болар еді деп есептейді. Бірақ Ай шетінде жарық белгі (материк) және теңіз белгісі барын анықтап 7-ғасырда ұсынылған атаулар жүйесімен әлі пайдаланып келеді. (суретке қараңыз)
Ғылымдағы әлі көз жеткізе алмай келе жатқан денені, нәрсенің үшінші көлемін сипатын анықтай алмау. Судың екінші сипаты бу болса, будың үшінші сипаты жарық екеніне көзіміз, ақылымыз жете бермейді. Сол жарыққа бар белгіні сыйғызуға болатынын, тағдыр жазуы жарыққа жазылатынына ғылымның шамасы жетіп анықтау үшін әлі мүмкін талай ғасырлар керек болары даусыз.
Ай жарты шарының жерден көрінетін аумағының шамамен 70 пайызын құрлықтар, ал 30 пайызын теңіздер алып жатыр. Көптеген Ай теңіздері ұзақ тау жоталарымен шектелген. Жоталарға жердегі ұқсас тау тізбектерінің аты берілген. (Кавказ, Альпы пиренесі т.б.). Ай толғанда шағын құралдармен ақ Дауыл мұхиты, Жаңбырлар теңізі, Айқындық теңізі, сондай-ақ жан-жақтарына ұзын сәулелік жүйелер тараған (Тихо, Коперник, Киллер) қазаншұңқырлар жақсы көрінеді. «Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен Айды есеп үшін жаратқан. Осылар аса үстем толық білуші Алланың өлшеуі» (Әнғам — 96).
Нұр арқылы адам да, табиғат та қуат алады, ал қараңғылықтан нұрды ажырататын таң шолпан жұлдызы.
«Ол сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық және сәуле беруші айды жаратты». (Фурқан-61). Яғни айдың әрбір тоқтаған орны жұлдыздармен тікелей байланысты болып жұлдыздардан алған сәуле мен жарықтан ай бетінен нұр және сәуле бөлініп шығады.
«Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмейсіңдер ме? (15) Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды». (Нұх-17) Осы аяттарға мұқият зер салсаңыз. Жеті аспан денелері бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескертеді. Күн шам қызметін (жарық сәуле) атқарса, сәулелердің аспан қабаттарынан шағылысу салдарынан жер бетіне жарығы түсіп, ал аспан қабаттарынан шағылысқан сәулесі аспан денелеріне түсіп, жұлдыз жарық болып айға сәуле берсе, ай сол сәулелерді нұрға айналдырып жерге тасымалдаушы қызметті атқарады. Демек күн сәлесі нұрға айналу үшін үш түрлі шағылысудан өтсе, бес рет шағылысудан жарық пайда болады. Демек күннің жүру жолы аспан әлемінің қабығында болса, ал ай бесінші қабат ішінде. Сондықтан аятта; «Күннің айға немесе айдың күнге жетуі мүкін емес, әрқайсысы өз көлемінде жүзеді» деп ескерткен. Демек күннің тұтылуы аспан қабаттарының қозғалысына байланысты. Және Ай бетінің әртүрлі аймақтарында жерде жақсы таныс кремний, кальций, алюминий, магний, темір элементтері болса, көбірек кездесетін титан, цирконий, хром бар екені дәлелденген. Алдыңғы 5 элемент жер әлеміне тән болса балқу қызуы қалыпты жыныстар, ал соңғы 3 жыныс бөліктері балқу қызуы жоғары нәрселерге жатады. Тағы да тез балқитын Рубидий, Калий, Натрий қоспалары кездеседі. Зерттеулер бойынша айдағы заттар түсі қарасұр және сыртқы түрі цементке ұқсайды деп түсіндіреді. Немесе жанартаудан шыққан қызғылт күйген базальтқа ұқсатады.
Алхимияда “апсын” деген сөз бар. “Ап” барлық сөздердің атасы, басқы көзі, «сын» «сым» металл мағынасында яғни сұйық металл: Сынап пен күкірт қосындысы қызыл сыр киноварь атты минерал болады. Ал химия тарихында барлық металдардың ата-анасы сол сырды құрастырушы күкірт пен сынап болып табылады. Химияның ғажайып философиялық тасы дейтіні осы сыр (киноварь) болып табылады. Күкірт көк өрт, яғни аспан оты күннің тегі болып табылады. Оны алтынның суы, күннің суы немесе буы мағынасында түсінуге болады. Сынап – тірі күміс, яғни күміс Ай металы деген, сынап Ай суы деген мағынаны береді. Сонымен, ай мен Күн суы қосылып жерге таматын, тамаша асыл заттар тудыратын «абрахман» тамшысы, қасиетті хатра осы сыр «нұр» болады. Тағы да тіршілік өмірге нәр болып 11 жұлдыз сәулесі қосылады. Ендеше кең алқапты, шексіз даланы суландырып жан беріп жатқан өмір кілті Айда! Айдың екінші сыңар жұлдызы меркурий – Бота-Гутрад (Гермес) болып табылады. Гутрад планетасы бақташылардың, диқандардың, жолаушылардың жұлдызы болып есептеледі. Және алхимияның жасырын жұлдызы болып саналады. Ай-су тегі болып табылады.
Аймен бірге бір жер тобына жататын ғаламшарлар қатарына жататын Марс пен Шолпан. Шолпанда атмосфера бар деп оның құрамында көмір қышқыл газы мен су буы бар деген ғылымда. Яғни көмір тегі шолпан. Ал Марс бетінде қазаншұңқырлар және қарайған аймақтар теңіздер көп, түсі қызғылт-сары болып келеді. Марстың қызғылт түсі ғаламшар топырағында темірге бай деп түсіндіріледі. Және онда мәңгілік мұз қабаты бар деп жорамалдайды. Темір тегі марс болып табылады. Темір негізі — күкірт. Себебі темірдің ұсақ ұнтақтары сәл қыздырса ұшқындай жанып ауаға сіңіп иіске айналады. Таңды сөгуші сәуле шолпан. Ай жарық (нұр) және сәуле шығарады. Марс от тегі сәулесін қалыптастырса меркурий су тегінің сәулесін шығарады. Барлығы 4 сәуле және жарық нұр болып Хеопс мұнарасының (пирамида) құпиясы да осы сәулелерді жіктеу мақсатында табиғат апаттарын басқа жаққа бұру мақсатында салынған деп танимыз. Ай жалпы сәулелерді жинақтап сосын жарық нұр бөледі. Олай болса айдың қозғалысы жұлдыздар орнымен байланысты. Ай жерді айналмайды, белгілі бір жүріс орнымен әрлі-берлі тербеледі.
«Пешенесі беспен , бесіктегі жас бала қуанады кешпен».
Табиғаттың сыры, әлемнің үні, өнердің тілі де бесеу. Дененің өзі бес тармақ: екі аяқ, екі қол, бір бас. Жеті қат көктен екі ұлы жарықты шығарып тастасаң жұлдыз қатарындағы шын нағыз сайранның (планетаның) өзі де бесеу.