Ахирет қақпасы белгісі – Ажал

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 166

     Ұйқы, ұзақ ұйқы, естен тану белгілерінің бәрі кіші өлім деп аталып, ал жанның толық шығу болмысын Ажал деп атайды. Ажалдың белгілеген орындаушысы бар. Және сипаттары да адамзат тіршілік ету нәтижесіне байланысты болатын құбылыс. «Ақыры олардың әрбіріне өлім келген сәтте – Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен қалдырған  дүниеде жақсы ғамал істермін, әсте олай емес. Рас, бұл оның  бір айтқан бос сөзі. Өйткені олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар» (Мұминұн 99-100). Өлім қайталанатын болса, ал қартайып өз еркімен өмірден озуды ақ өлім деп атайды. Кенеттен келетін бір себептен пайда болатын өлім түрін ажал деп атайды. Яғни адамның жанының екінші жағдайға басқа дүниеге еріксіз өту кезеңі. Адам қараңғылықтан  ана құрсағынан білмейтін өмірден  екінші  бір білетін өмірге өтсе, оның да  өзіндік қиындығы, қатері бар. Қайта ана құрсағына өте алмайды, өткісі де жоқ.  Таза өмір сүрген адам да сол сияқты қайта жер бетіне келгісі жоқ. Күнәкарлар, тозақтық жандар ғана сұранады. Адам жаны  үшін жер беті өмірі қараңғылық. Келесі жиілікке өткенде түсінде көрсеткеннен  мыңдаған есе  бүкіл өмірін және  болашағын көреді. «Оларды жинайтын күні (дүниеде) күндіз бір-ақ сағат тұрғандай болып, олар бірін-бірі таниды.  Аллаға жолығуды жасынға шығарып, тура жолға түспегендер зиянға ұшырайды» (Юныс-5). «Расында алғашқы рет жаратқанымыздай бізге жалғыз-жалғыз келдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді  арт жақтарыңа тастадыңдар. Сондай-ақ қолдаушы болады деп  ойлаған серіктеріңді сендермен бірге  көре алмаймын. Әрине  араларыңдағы  байланыс үзілді. Ол ойлаған  нәрселерің сендерден жым-жылас болды» (Әнғам – 94). Ажалдың да есебі бар. Сондықтан бұл құбылысты толық түсіну үшін тән және жан  ғылымын  зерделеп көрсек.  Өлім тек  жанға байланысты қолданылатын ұғым болса, ажал  тәннің  жаннан жыннан (кісі) ажырау мезет белгісі. Әрбір ажалдың келуі  пенденің  көрінбейтін  жан сарайының  көлеңкесіне тәуелді. «Раббың көлеңкені қалай ұзартқанын  көрмедің бе? Егер  қаласа, оны  тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық (45). Сосын ұзын көлеңкені өз жағымызға  қалай алдық». (46). Адам затының үш түрлі көлеңкесі бар. Ең тұрақты көлеңке түс мезгіл яғни жастық шағың, қызу  жан-жаққа түседі. Балалық шақ пен  кәрілік шақ көлеңкесінің ұзын кезі. Екеуі де қауіпті. Ең қауіптісі екінді мезгілінен бастап. Сол көлеңкеңді  ұстап тұру тәніңнің қалыпты нұрыңа байланысты. Нұрың түгесілсе көлеңкең ұзарып ажырап ажал  жетер. (Көлеңке ұғымы пендеге ақиреттен берілген есту, көру, «кісі» қасиеттері.) Тән қуаты қалыпты болса жан көлеңкесі үнемі қысқарып отырады, яғни ұзын жағы ахиретке өтіп отырады. Адам баласына сол көлеңкені үнемі өсіріп белгілі берілген санға жеткізу сол алға жіберген несібесі, ахирет азығы деп аталады. Әзірше құран тілімен көлеңке деп атасақ негізінен пенде баласынан шығатын белгілі жазулық сипаттағы жарық.

      Қазақта «Жарығы түгесілген» деген сөз ажалы жеткенде айтылады.  Жалпы  ажал немесе өлім айқындық мерзімі 3 күн болып белгіленген. Аятта: «Сонда да олар оны  өлтіріп тастады. «Жұрттарыңда үш күн бойы  жасай тұрыңдар. Бұл  өтіріксінуге болмайтын уәде» деді (Һұд – 65). Қайтыс болған адамды  3 күн  түнетіп жерлеу қазақ  дәстүрі сол  көктен келетін үкім уақытына «уәдеге»  байланысты. Жан сарайының  түсіне, түріне тәуелді. «Әй, адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң сонда оған  жолығасың. Ал енді кімнің дәптері  оңынан  тек берілсе, сонда ол  дереу жеңіл есеппен есептеледі. Ол үй-ішіне  қуанып қайтады.  Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе сонда ол дереу өлім шақырады» (Іншиқақ – 6-11). Жоғарғыда ескерткендей  әрбір ұйқы кезінде адам жаны  есептен өтіп отырады да демек белгілі бір тербеліс жиілігін алып отырады. Өзгерістер алып тұрады.  Артқы жағы теріс, қараша өріске толған адам жаны «Мизан» өлшемді өрісін ала  алмайды,  яғни несібесі, жарығы  таусылады. Яғни пенде баласының артқы бөлігінде қараңғылықтың пайда болуын дәптері артынан келген деп ескрткен аятта.  Оған енді  «ажал» яғни  ыдырататын сәуле келеді.  «Негізінде ол әсте Аллаға  қайтпаймын деп ойлады. Олай емес, Расында Раббы оны көздеуде еді». (Іншиқақ -14,15) Ол  өлім періштесі, «Өлім есірігі» деген  құранда. «Жүректерінде дерті  барлардың, саған өзін өлім есірігі  басқанның  қарауынша қарағанын  көресің». (Мұхаммед – 20) «Жақын жерден бір айғайшының  шақыратын күніне  құлақ сал (41). Олар  ол ащы дауысты анық естиді. Ол, (жан)  шығатын күн» (Қаф – 37)

Өлім есірігі тек  үкім түскен адамдарға  белгілі  жиілікте  діріл болып  сезіледі. Оны  тауық, есек, ит, жылқы ескертеді. Әрине өлім есірігі бірінші жүрекке енеді, содан соң  адамның көзқарасы өзгеріп аласұра бастайды. «Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің» (Қаф – 19). Ол шындық періштесі түтінсіз жалын немесе « Әзірейіл» деп атаймыз.

     «Жылқыларды, қашырларды, есектерді мінулерің әрі зейнет үшін жаратты. Тағы сендер білмейтін нәрселерді жаратады».(83)  «Зейнет» (нұр) адам ғұмырының нәтижесі болып жанмен бірге өседі. Ажал көлігі  үшеу. Және олармен бірге орындаушылар да бірге  болуы керек. Оларды біз пенде баласы көре алмаймыз. Тек қана жануарлар көреді. Өздерінің  екінші бөлігін естиді де  есек ақырады, жылқы кісінейді, қашыр азынайды. Ал жан   жұтқыншаққа келген кезде не болады? «Сол уақытта сендер қарап қалсаңдар (84) негізінде ол өліп бара жатқанға біз жақынырақпыз.  Сендер көрмейсіңдер. (85) Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар (86) Егер  шынын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы» (Уақиға -88) «Біз» деп жаратушымыздың  ескерту себебі Алланың достары «Әулиелер де» үкімге  қатысады және куә болушылар да бірге жүреді. Сондықтан ондай Алланың шапағатына, нығметіне бөленген жанды шапағатшы  деп ескерткен аятта.

      Үкім түскен пенде жаны және бүкіл қуаттық сезім, ой, нәпсі малдарымен (жын) бірге тәннен ажыратылып (ажалмен арпалысып)  жұтқыншақтағы тамақ безінен шығып екі домалақ шар кейпіне айналып ортасында қосу таңбасы болып  4 бөліктен, 2 бөлімнен 8 жыннан және сыртқы өріс зейнеттен  тұратын  жүкті көлікке артылады. «Малдар:  жандардың қиналып, әрең қалаға  жеткізетін  жүктеріңді көтереді». (Нахыл – 7) Ол қаланың аты Мекке.  Құранда  ескертілген қадірлі қала. Тәннен бөліп Меккеге жеткізілген жандар қағба есігінде  кезекке тұрады.  Қағба тастың есігі арқылы ақирет өміріне өтіп, Алладан іс басқарушылар арқылы үкімді алып күнәсына қарай ұжмақ немесе тозақ қызметшілері қарамағына өтеді және өз іс орындарында ұсталады. Бұдан кейін ешқандай шапағатшылар пайдасы тимейді. Осы үкім түсу мезгілі және Мекке арасының қашықтық белгісіне байланысты қазақ дәстүрінде қайтыс болған адамды үш күннен кейін жерге тапсырады. Үкім шықпаса қайта тірілген қаншама дәлелдер бар тарихта. Үкімнен кейін тәннен шыққан жанға тек Алланың рахымы арқылы ғана артта қалған ұрпақтары бодау төлейді де азап сынақ жеңілдетіледі. Бодау төлеуді әр ұлттың шариғат іс ерекшелігімен айқындайды. Ескере кететін жағдай пенденің өмір сүру ерекшелігіне қарай ажал  көлігі де  3 түрге  бөлінеді.  Үкімнің мезгілі 3 күн, (көліктің оралып келуі)  қайтарып жіберуі де мүмкін.  Сондықтан 3 күн ең қауіпті мезгіл деп есептеген қазақта. «Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар.  Күнәкарлардың  Раббыларының  жанында бастарын иіп: «Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді қайтар, түзу іс қылайық, Рас нандық» дегендерің бір көрсең!». (Сәжде – 11) Жоғарғы екінші жанмен пенденің көру, есту қасиеттері ғана қалады да, басқа жиілікте тазару сатысынан өтеді.

«Сол күні мүмкін ерлер, мүмкін әйелдердің нұрлары алдарында әрі оң жақтарында жүгіретінін көрсең: «Сендерге  бүгін қуаныш, Астарынан өзендер ағатын ұжмақтар бар. Ол арада  мүлде қаласыңдар. Міне осы ұлы қол жеткендік» (12). (Пенденің көру және есту қасиеттері жарыққа айналып қозғалу қасиетіне ие болады.) Сол күні,  мүнафық ерлер мен мүнафық әйелдер мүміндерге: «Бізге көздеріңнің қырын салыңдар! Нұрларыңнан біз де пайдаланайықшы!» дейді. Оларға: «Арттарыңа қайтып, Нұр іздеңдер!» делінеді.  Сонда олардың араларына есігі бар бір дуар орнатылады. Оның  ішінде рахмет, сырт жағында азап бар»(Хадид -13) (Ұжмақ тозақ арасы жақын деген ұғым).

Ұжмақ, тозақты  көріп  бақылап тұрады.  Тозақтан қашық емес. Ұжмақтық жандар Аллаға күні-түні құлшылық жасап берілген несібе нұрмен өз жартысы  (кеудеден шыққан жан) тозақтық  жақынымен  бөлісе алады, қол ұшын  беруге  мүмкіндігі бар. Себебі арасында қатынас есігі бар. Осымен ахирет өмірі басталады. Егер де таза өмір сүріп рух жоспарын орындаған пенденің жоғары басқарушы жаны (Мизан) бөлек тазарудан өтеді де, екінші дәрежелі орын  бейішке қарай ауысады. (Екі жанның қосылуы) Ал өз тапсырмасын орындай алмағандар білмейтін өмір қорына (жер асты ыстық суы) арқылы тазарудан өтіп білмейтін өмір қорында, екінші бөліктің тозақтан шығуын кездесуді күтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *