Түс – ахирет терезесі.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 0

    «Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерің де,  оның белгілерінен. Күдіксіз  бұларда тыңдаған  қауым үшін  белгілер бар (Рұм – 23). Кеңшілік деп көрінбейтін өмір жиілігінен несібе жинауды ескертеді, яғни ұйқы кезінде есту қасиетінің тазарудан өтіп, есеп беріп отырады. Жалпы адамзат баласы үшін ұйқы кезінде рухты тыңдау үкім болып табылады. Сол белгі арқылы әркім тән сыйымдылығына қарай тазарып отырады. Тазарудың да екі дәрежесі болса, кеңшілік жоспар алудың да екі дәрежесі бар. Есту және көру белгілері.

          Кіші өлім ұйқы кезінде есту қабілеті міндетті түрде жанмен бірге сапар шегеді. Көру қабілетінің кеңшілікке шығуы аян болып пенде тағдырына өзгеріс енеді. Көру, есту сезімдерінің (толық жанның) киелермен байланысқа түсуі тек әулиелер жаны арқылы жүреді. Сондықтан да құранда:  «Рахманның қасында уәде алғаннан басқа  ешкім шапағат ету күшіне  ие болмайды.» (Мариям – 87).  Онда да сол шапағатшылармен байланысқа екі арада сапқа тұрып, ұрпағы үшін уәде беріп,  шырылдап тұратын ол ата-аналар жаны арқылы ғана атқарылады. Сол жандар тізбегін Алланың жібі болып қалай жалғану пенде баласының өз еркіне беріп қойған. Қаласаң жалған, қаламасаң жердің бетінде ғана жүре бер, түбі бәрібір еріксіз мәжбүр боласың сол жіпке.

       Аятта: «Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйде өлгендер,  міне соларға Алланың  лағнеті әрі періштелердің және  бір тұтас адамдардың лағнеті болады.» (Бақара) – 161) Өз ата-бабасынан  ескерту алмайтын, тапсырма алмайтын пенде болмайды. Орындай алмасаң  Алланың және ата-аналардың қарғысына қаласың. Аманат деп аталып, аманатқа қиянат жасау қазақ дәстүрінде сатқындық болып қабылданады.  Ұйқы кезінде алған ескерту белгілерге мән бермеу Алла бұйрығына қарсы келу болып есептеледі. «Ол сондай Алла, ізгі іс  жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өлім мен  тіршілікті  жаратқан.  Ол тым үстем,  аса жарылқаушы». (Мүлік-2) Тіршілік өмірдің қорытындысы өлім. Ұйқы сол өлімнің бірінші белгісі  болса,  тіршілік бастамасы ұйқыдан нәр алып, туғаннан бастап пенде үлкен өлімге дайындала бастайды. Бір күн өмір сүрсең  де соған «шүкір» деген қазақта. Және де «Түсің түзелмей, ісің  түзелмес» — деп ескерткен дана қазақ.  Түсіңде ескерту үшін шапағатшылар мен қорушы жан арқылы ғана байланыс жүреді. Әрине жаннаттық жандар ғана рухтан хабар жеткізе алады. Бұл жалған өмірдің барлық белгісі ақиретте де бар, сондықтан нені іздесең соны табасың. Барлық нәтиже пенденің ниетінде тұрады. Түс «шайтан» деп түсіндіретін дін танушылар кездеседі, негізінен құран үгітін түсінбегендіктен тәпсірлерден туындаған пікір. Зұлымдықтың ең ірісі деп қабылдаған жөн, себебі Ибрагим пайғамбар да түс арқылы сөздермен сыналды деген ескерту бар аятта. Дінде теріс дұғалар пайдаланып оқып, шариғат жолын толық меңгермегенде және зікір мақамдарын бұзып басқа жиілікке өтіп жындармен қатынасқа түсуің де мүмкін. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген аталарымыз. Сондай бір залымның кесірінен құран аяттарына қарсы болып Аллаға серік қосу пайда болған. Оған дәлел  аятта: «Егер сол мәйіт жақсылықтың  бастаушысы болса,  ол  рақатта, жақсы ризықта,  игілігі мол  жәннатта болады». (Уақиға 88-89) Өліктің жақсылығы тек жанға жазу (аян) арқылы ғана іске асады. Сол өлік сені қауіп қатерден ескертіп, жақсылыққа бағдар берсе Алланың игілігіндегі жан деп есепте, құлағыңды түр деп ескерткен.  Ұйқы  түзелмей, күлкі түзелмес. Ұйқының да өзгешелігімен  бірге түстің де дәрежесі, ажырату ғылымы болады. Жоғарғы дәрежесі періштелермен тілдесу деп біліңіз. Алламен періште арқылы жүздесуді, нұрдан үлес алуды  «махаббат шарабы»  деп атаған ислам ғұламалары. Ол  шексіз Алланың нұрын көру үшін  жасаған еңбектің, құлшылықтың   жемісі болып табылады.  Ақиретте жаннат сатыларынан өтіп барып іс  басқару дәрежесіне еге болған жандар жақсылыққа бастаушы болып шапағатшы дәрежесіне көтеріледі. Адам жанының тазару шегі де періштелік дәрежеге жеткен жоғарғы жаннат тұрғындары болып есептеледі. «Егер оларға періштелерді  түсірсек те және оларға  өліктер сөйлессе де,  сондай-ақ  олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес, әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі  білмейді» (Әнғам – 111). Бұл аятта ескерткендей екі дәрежелі ақиретпен тілдесу жүреді. Өліктер сөйлеседі және періштелер (жаннат тұрғындары) түседі. Яғни уақи болып рухтан құпия білімдер келіп отырса да нанбайды деп ескеркен.

    Жаратушымыздың «Тыңдаған қауым үшін  белгі бар» деп ескертуі ұйқы кезінде көру, ойлау қабілеттері ажыратылады, ал  есту қабілеті жанмен бірге  сапар  шегеді. Яғни  ахиреттегі ақылды, ескертуді  тыңдайды. Оянғаннан кейін  қалай түсінсең солай қабылданады.  Жоспар болып жазылады.

Енді  аятқа  ақылменен  ой жүгіртсек. Алдына әр нәрсені  жинау дегеніміз күнделікті оқиғаларды, т.б.  түсіңде көру ескертулер болып, әртүрлі сынақтар, қайғы, ауру, қиындықтар болып ескертіледі. Ал өліктердің сөйлеуі болса өлген адамды сол  өз сипатымен көріп немесе жоғарғы орындардан  яғни Ағраф қаласынан  хабар болып,  жоғары төмен екі ортадан белгі  береді. Қандай жағдай істер тегінің екі, үш немесе төрт түрі сипаты болмақ. Сондықтан өліктер тек ұйқы кезінде емес басқа жағдайда әр түрлі белгілермен сөйлестіріледі. Яғни заманына сай намазы болу керек. «Періштелердің түсуі болса», Алла достары әулиелердің  байланысқа түсіп, ескерту сынақтар, апат белгілері беріліп, Алла тағала ұлықсатымен болашақтағы үлкен оқиғалар ескертіледі. Ал ерекше сирек кездесетін Аяндарды көру адам жанында өзіндік ұмытылмас із қалдыратын  құбылыс;  пайғамбарлар мен  жоғарғы Алла  тағаланың ерекше құрметіне еге болған Шапағатшылармен тілдесіп және жүздесулерді айтады. Алламен тілдесу аян алу ол тек ғұлама әулиелерде болатын құбылыс. Оны  жаратушымыздың  жүзін көру деп те атайды.

Түс ілімін аса жақсы білген жан,

Сонан соң бәрін жорып, сезіп жүрген жөн

Түс жорудың  түрлі-түрлі түрі бар,

Ей, ақылды ер,  ұғып түгел біліп ал.

Біліксізге түсіңді айтпа, тіс жарма,

Біліктіге айт, ескереді кем қалма.

Кешегі, ескі түс жоруы бір бөлек,

Жаңа күндіз көрсең – жөні өзгерек!

Түс ілімі шарттары көп ілім бір,

Ақылға сап, жөн-жосығын, жігін біл.

Көрген түсті жорыма өзің өзіңше,

Және де айтпа көрінгеннің көзінше!

Деп жүрмегін, түстің бәрі түс қой деп,

Түстің жөні, жоруы аса көп қой, бек!

Түс жорыма, біліп жоры  — жорысаң,

Түсініп ал мәні, астары, жолы сан.

Түс көрсе адам, жорытуға асығар,

Жорытпаған  түстің құтын қашырар!

Ойы теңіз ер сөзіне  қанғайсың,

Жүзің жарық болар, ұғып алғайсың:

Жақсылыққа жоры ойлап  түсін де,

Жоруына қарай бағар түсін де.

Солай болар түсті қалай жорысаң,

Қор қылады сұмдықты есіңе  түсірме …

Талай түс, бірі түске ас кірер

Жарамсыз ас – жамандық, нас, қас біл ер!

Жыл мезгілі  түсіңе енсе егер де,

Түрлі сөл дің алмасқаны денеңе.

Жас жігіттің түсіне енсе нұр көктем,

Қар жер мен қып-қызыл түс  гүл бөккен.

Тасып, қаны күшейгені сол болар,

Айтып оған, қан алғызған оң болар.

Түсіне енсе жасыл жаз жас жігіттің,

Сары-жасыл түрлі нәрсе үгіткен.

Ей, бек, оны  запыраны артқаны,

Азайтудың жөн амалын тапқаны.

Күзді көрсе адам орта жастағы,

Тау құдықты, жерді қара аспаны.

Көз қарайтып өршігені құмарлық,

Дәрі ішкені жөн оны  азайтып, қуарлық.

Қарт түсінде қарды көрсе, қыс көрсе,

Ағынды  су, аяз бен сыз, мұз көрсе.

Суық буып тастағаны денені,

Ыстық ішіп қыздырынсын керегі.

Тағы бір түсініксіз құр елес,

Жоруы жоқ, жоруды ешкім тілемес.

Нені ойласаң – соны көрсең түсіңде,

Оны жорып қасиетіңді түсірме.

Бір түстерді сайтан білсін, іс істеп,

Жорыма оны, қиын жорып біліспек.

Мұның бәрін талғап, талдап,  тануға,

Білім керек жорып, айырып алуға.

Не дегенін тыңда ақылды адамның,

Түс жорушы, жөнін білген ғаламның;

«Жөнін білмей түс жорыма, сүрінбе,

Не жорысаң – сол болады түбінде,

Қуанып жүрсең, қайғырасың өңіңде

Реніш көрсең қуанарсың, түңілме!»

Түс жорудың түрлі-түрлі өзегі,

Ей, дана ер, зерделі өзі сезеді!

Қара халық түсін жору бір басқа,

Бек пен ұлық түсін жору бір басқа

Ойын-тойда жүрсең жайнап, шаттанып,

Қайғы-мұңның  қақпасын сен қаққаның.

Түсте жапа шексең, жылап суалып,

Уанарсың өзің де мың қуанып,

Енді бірі кіріп сенің түсіңе,

Жақсылығы тиер басқа кісіге.

Кісіне қарай түсті жоруды,

Неге лайық келсе, адамға сол игі.

Біреуге түс  ұлылықты меңзейді,

Басқаға ол түс қайғы-мұңды теңдейді.

Мұның бәрін білу керек туысқан,

Түс жоруы шықпас сонда уыстан.

Түс көрсең сен аққу менен сұңқарға бар ашылған

Жорып берер қалтарысын жасырмай!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.