Қазақ еліне бірінші жарты жылдықта түсетін сын сағатының сынақтары.

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 100

Ақпан айы; Ағынды судың мол болуымен және ауыз судың тапшылығымен, толассыз жауған жауынның да әсерінен халық дүрбелеңге ұшырайды.

Наурыз айы; 7 түрлі өртің сынағы болады. Әлемдегі қарулану кезеңі басталып, қазақ шекарасынан өтетін қарулы топ болады. Таулы шекара бекеттеріне абай болу керек.

Сәуір айы; Жүз пайыз жастардың қазасымен ерекшеленеді. Халыққа қорқыныш кіріп, мешіттерге тығылып жалбарынумен, қазақ дәстүрін білгендер әулие-әмбилерге керуенмен құрбандық атап, Құдайдан жәрдем сұрауға ағылатын болады. Былтырғы жылы ескертілген және желтоқсан айының 17-нен басталған жеке пенделерге келген сынақтардың осы айда жалпы халықтың белгісі түсіп; бас аурудың жеті түрі, тамақ бездерінің іріңдеуі, бозбалаларда белгісіз ауру түрлері басталады. Европа салтымен әдеттенген ұрпақ өсіруге жалпы ұлтқа кедергі түседі.

Мамыр айы; Қырық ру арасында даулы іс туындап және қырықтан асатын ел бірігетін жерде үлкен жарылыс апаты орын алады. Ұшақтардың да 7 түрлі жағдайда апаты болады.

Маусым айы; Жұлдызды аталған пенделерге аяндар түсіріліп, арғы дүниеге аттануға кезек түседі. Әнші, жұлдызды, өзін атақтымыз деп халыққа үлгі болған етектілерге аманат түсті. Барлығы алдын ала Ғайып Ерен Қырық шілтеннен кешіріммен зияраттан өту керек.

Ескерту; Ағайынды қырық рудың арасындағы дау-дамайды тек ел басының зияраттап Ғайып Ерен Қырық шілтеннің алдынан өту арқылы қырқысу тыйылады.

(Бұдан да басқа ата жолына келген аруағына жүгінген әрбір пендеге жеке-жеке 6 жыл ішінде қазақ ұлтына міндетті түрде дәстүріне жүгінуге мәжбүрлейтін сынақтар, қайғылы оқиғалар жылдан жылға үдей түсуі де хақ. Және халық мешіттерден имамдардан ауруына, жол байлануға жәрдем сұрап намазхандардың өздерінің тура жолда екенін дәлелдеуіне де тура келмек. Немесе халық олардың бетіне де түкіруіне тура келеді. Сол сияқты ата жолындағы аққу, сұңқарлардың да ақ-қарасын ажыратуға, жұртты қалай болса солай зияратқа тасып дүние жинаушыларға да сынақ басталды. Ондайлар өзгені түгіл өз бастарын, жан ұясын бұл сын сағатының сынағынан құтқара алмай, азапқа ұшырауы да хақ.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *