Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}
«Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдыр үшін күйзелтуші азап бар» (42-21).
Бұл аяттың үгіті бойынша шариғат Алланың парыз қылып бұйырған үкімдерін іске асыру, яғни намаз орындауға айналдыруды ескертеді. Біздің мұсылманның 5 парызы масһабтық дін ұстанымыздың, шариғат ісінің ережесі деп түсінгеніміз дұрыс. Ал, «Бекіген Алланың шешімі» дегеніміз бұрыннан басқа елдерге көрсетілген жол-жобаларды, яғни тарихат, мағрипат және ақиқаттың шешімдерінің бекігендігін, яғни кітаптарының түсірілгендігін, ол кітаптарды оқыған пайғамбар, әулиелердің болғанын ескертеді. Олай болса әрбір дәуір, заман өзінің белгілі тарихи оқиғалардың қайталануымен адам қызметінің, шаруашылықтың және табиғат өзгерістерін тудыратыны сөзсіз. Оны енді 1000-жылдық уақытпен қайталануымен 5 реттен қайта қайталанып отырса, ішкі сыры 50, 100, 350 болып ақпараттық тарихи оқиғалардың алмасымы болып отырады.
Әлем 6 түрлі үннен, қуаттан тұрып жетінші орын тағдырға айналып, осы алтының алты түрлі әсердің бір-бірімен алмасуынан уақыт, қозғалыс, оқиғалар туындап отырады. Алда жеке-жеке талдап отырармыз, әзірше осымен тоқталып; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп және аталарымыз бұрынғы дәуірлерде жерге қоныстаудың тұрақты қала салудың осындай мерзімге тәуелділігін ескеріп бір жерде бір ру, тайпаның, ұлттың 300-350 жылдан артық отырғызбай орындарын алмастырып отыруының өзінде шариғаттан да жоғары Алланың шешімдерін білген деп ұғынуға болады. Абай атамыз; Аманту (аманат, парыздар кітабы) оқымаған кісі бар ма? Уәктубиһи (наным, сендім, иман келтірдім) дегенмен ісі бар ма? Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер, Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф (хақиқат түсінігі) алла еш жерде өзгермеді.».
Абай атамыз шариғаттың күнде, яғни 1000 жылда заман, шаруа өзгерісіне қарай өзгеріске түсіп отыруы, ал негізгі Алланың жолы өзгермейтіні адамзатқа ортақ үкім екенін ескертеді. Аманат парыздарды «Аманту» деп атап, әрбір халыққа берілген, көрсетілген ереже ұстанымдарды ескертеді. Сонымен нәби яғни елші, пайғамбар келмеген ел болмайды және оның да қағидаларының өзгеруі 1000 жылда яғни бір күнді құрап отырады екен. Ал «Бес күн жалған!» деген аталар аманаты осы шариғат және жол-жобаларды қамтитын нақыл, діннің жалауы деп түсінгеніміз ақылға лайық. Енді кейбір дінді меңгердім деген оқырмандар бұл пікірмен келіспеуі де әбден мүмкін және ақылға да солай болғаны дұрыс. Оған себеп шариғат діншілері, яғни масхабшы ғалымдар тек бұрынғы құранның түскен уақытындағы сахабалар насихатымен ғана пәтуа шығарып солай иман келтіреді. Бірақ ғылым-білім бір қалыпта тұрып адамзат оны ұзақ уақыт пайдаланса, яғни Кеһф сүресіндегі «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз арттырды.» (18-24) деген адам білімінің табиғи ортаның дәуірлік өзгерісін ескерткенін еспке алмайды. 9 саны тәубенің толық қабылдануымен ақпараттық дәуірлік мезгілдің жартысын ескертеді. Ал тәубе сүресінің құпия белгісі 45 санымен белгіленіп Абай атамыздың 45 қара сөзі қазақ халқының тәубе намаздарын орындау сипатын білдіреді. Ғылымда 18 саны яғни құрандағы бұл санды сүре «сорос» қайталану деп аталады. Енді аяттағы 24 саны құрандағы көрсетілген пайғамбарлар саны мен және парыз етілген нұр сүресін кітапқа айналғанда жоғарыдағы шура сүресін 42 санын және ішкі қуаттық шамасы құпия мәні 300-ді көрсетіп тұр. Ал жоғарыдағы аяттың 21 саны Алланың жолын түсіндіретін бекіген шешімі кітаптың саны 21-ші сүрені ескертеді және бұл құранның ішкі үндік оқылу сыры болып табылады. Барлығы 42+21=63 санымен Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған тағдыр кітабының замандық санын көрсетеді. Әрі 63-ші кітап (2016-27=Зәбур) адамзаттың «Жұмасы» тазартушысы «Масіх, Ахмет» болып есептеледі.
Пайғамбарымыз бүкіл құранға дейінгі шариғат кітаптарының басын қосып, сонымен бірге әлемге келген адамзатқа ортақ қағида кітаптарының жинағы құранды алып, жалпы келген діндердің бәрі ислам болып бірігетінін ескертіп, ортасын (намазбен оқылуын) белгілеп, көптеген өзі меңгерген тарихат, мағрипат, ақиқат құпия сырларын санаулы ғана сахабалар біліп және толық меңгермегендері де бар діннің тура жолын бастап көрсетіп кетті. Енді аятта; «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Ендеше (Мұхаммед) олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің.» (22-67) Енді ғылым бойынша әлемде 22 түрлі ағаштың негізі болып, барлық ағаш тұқымдас өсімдіктер осы санға тәуелді тамырлас болып табылады. Сондықтан хаждың да ақпараттық өзгерісі 22 түрімен осындай ереженің, яғни ғұрыптардың бар екенінен хабар береді. Ал 67 саны сол дәуірдегі тура жолдың пайғамбарымызға оқылған негізгі қағидасының кітабы болып әлемдік бірлігі 89-шы кітаппен түсіндіріледі. Бұл кітапты ислам дінінің толық ережесі деп атауға болады. «Алла, қиямет күні араларыңдағы қайшылыққа түскен нәрселер жайында үкім береді» (22-69).
Бүкіл қайшылықтарға үкім кітабы 69-шы санмен белгіленіп пайғамбарымыздың да 69-шы сан қауіпті сан деп ескерткен өсиеті бар. Құранда 69-шы сүре; «Болуы анық қиямет..» (Хаққа-1) деп ескертумен Ғиса пайғамбарымыздың мүғжизалы істері мен өлімнен кейінгі тірілу және Алла жолындағы мал-жаныңмен соғысудың басты белгісі, кедергілерден, сынақтардан өту мен рухтан толық хабар алып, ақталу кітабы болып табылады. Осы кітапты толығымен әлем діндерін 4 кітаптың бар амалын бір ислам туының астына біріктіруді пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен, қабырғасын қалаған тура жолының шатырын, төбесін жапқан Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз болып табылады. Ал Ясауи бабамызға түсірілген толықтырылған 69+1, 70-ші кітап Құранның 10 білімін, жеті үнімен дәрежелену белгісін, мөрін қайта өрнектеп пайғамбарымыздың миғраж мұғжизасын қайталап, «Жаннан безіп жан ананы көріп, астанаға басты қойып» жоғары дәрежелі Алланың достарының кітабына қосылуын көрсетеді. Бірақ бұл кітаптың ақпараттары құпия болып, аян арқылы бабамыздың шәкірттеріне және қазақ еліндегі жүздеген әулиелердің шығуына осы кітаптан тылсым арқылы үлес алып, пайғамбарымыздың шапағатына бөленгендер болып есептеледі.
Енді жалпы діннің ірге тасы шариғат болып оның ұлттық шаруашылық амалдарының әр түрлі, сан қилы әдет-ғұрыптарына байланысты ережесі болып осы ережеден барлық діннің ұстанымы анықталу керек. Сондықтан шариғат ұлттық тәрбиені яғни әдетті істерді, ғұрыпты қалыптастырып, барлық шаруашылық тіршілік, діни рәсімдік істерді қамтитын тұтас әдет-ғұрып болып, оны құранда намаз орындау деп атайды. Дінде бұл амалдардың таза діни рәсімдік намаз орындау қағидаларын тарихат деп атайды. Ал тарихаттың жалпы көрінісі жазушылардың, ақындардың, ғалымдардың тарихтың терең қойнауына үңілген істері осы діннің тарихатының хақиқатының шынға айналуы болып табылады. Енді сөз құпияларын меңгерумен, философиялық білімді дамытумен және жан сырының, психологияның түрлі құпияларын меңгерумен ел істерін, рухани, мәдениет, ғылым-білімнің өркениетін қалыптастыру барысындағы салттық, ел басқару, түрлі билік, т.б. істердің көрінісі мағрипат білімі болса, ал діни рәсімдік көрінісін де мағрипат деп атап, намаз орындау көріністеріне түрлі емшілік істері мен абыздық, сәуегейлік т.б. амалдар жатады. Ал күнделікті дүние тіршілігінде тарихатты, яғни намаз орындауын меңгергендер жазушы, ақын, сазгер және елдің түрлі саладағы әдебиет, тарих, саясат, т.б. саласындағыларды атауға болады.
Әрбір нәрсенің жұбы, пары болатын болса әзірше діни рәсімдік жағымен дәрежеленгендер ілімділер болып, ал білімді меңгерумен жеткендер ғалымдар болып есептеледі. Енді Алла Тағаладан ерекше дарынмен туылып өмір сүру барысында білімді немесе ілімді деп аталған жоғарыдағы мағрипаттықтардың мыңның бірінің ғана үлесі болып табылатын ақиқаттан тура хабар алатын арнаулы ғылым түскендер, ерекше мұғжизаларды меңгергендер ақиқаттан үлес, кітап алғандар болып табылады.Ондай мұғжиза қазақ елінде ілім жағынан иманы жолдас болсын Ақ ұлдың жүрек ашу мұғжизасын айтуға болса, ал ғылым жағынан немесе шаруашылық істерінен ел басының тылсым үніне, көрсетілген нұсқауларға құлақ түріп Астананы тұрғызуы және көпшілік саясатшы ғалымдардың қарсы болғанына қарамастан көптеген жоспарларды дәлелдеп жаратқанның ақиқатын білдіру болып есептеледі. Бұған көп діншілердің жүректерінде қарсылығы пайда болып, ол қалай намаз оқымай немесе өздері сияқты сәлде орап, таспих ұстап, зікір салып сопы аталмай ақиқатқа жетеді деп наразылық білдіруі қазіргі таңдағы дін дегенді тек намаз оқу деп түсінетін, дін, яғни өмір мен өлім мектебі мемлекеттен бөлек өлмейтін шайтандар елін тұрғызамыз деген діни жалпы надандықтың заманында сөзсіз. Бұған болашақта арнаулы жан сырынан бабаларымыздың меңгерген психология ғылымынан және құран құпияларынан хабардар етеміз.
Енді 69 санының ішкі сырын екілік дәрежемен қайта белгілесек; 15; 6 сандары жиыны шығады. 15 саны жүректі толық тазарту мен нәпсіні жеңіп шайтанның басын шауып, жүрек көзінің толық ашылып, иманның зейнеттеліп, тақуалықтың және шабыттың жоғары сатысына көтерілуі болып есептеледі. Бұл сан туралы «Сабыр түбі сары алтын» атты басылымда Мәшһүр Жүсіп атамыздың Ғиса пайғамбар мен шайтан арасындағы саудаласқан қиссада баяндағанмын. Бұл белгілерден қазақ аталарымыздың діннің, яғни тура жолдың бар намаздық амалдарын қарапайым дүние тіршілігіне, салтымызға айналдыра білгендігінен нақты дерек. Енді біздің салт-дәстүріміз осы мағрипат амалдарының айнасы болып шығады. Ал ақиқатымыз, ғылымымыз әулиелермен бірге жерленіп, енді пайда бола бастағанының өзінде өсіп-өнуге мұршасын бермей Абай атамыздың, «Қазақтың бірінің-біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтінтұғының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болтұғының, өздерінің жалқау болатұғының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз надан келеді; әрбір ақылсыз надан арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.» деп біздің өтпелі кезеңде тозған білімді өлшеусіз жинап, мал тапқыш, кісі аңдығыш, өнерсіз жапарқұл жарамсақтардың қазанның құлағын ұстап алып, екіншіден тек арап тілін білген ілімнің білімге айналған кітабын жаттап алған және өздеріне ұқсаған кітапты талғамай оқыған жалған ғалым ой тапқыштардың, заң тапқыштардың дәрежелі орындарынан айырылу қаупінен, қызметке таласқыш әдетіміз бен ғылым ізденбейтін жалқаулығымыздан, қазіргі таңдағы жан ашымастық, бір қазақ бір қазақты атып тастау қалыпты, ойдан шығарған сауатсыз негізсіз заңмен құдай үкімдерінің атын жамылған ата заңымызбен соттап жіберу, құдайдан қорықпай әлем алдында бедел жинайтын мақтанышымызға, қалыпты жағдайымызға айналды. Демек Абай атамыздың әулиелігі мен ескертуі, яғни аталарымыздың тура жолдың кітаптарын меңгергендігі дәлелденіп жатыр.