Жолдар мен жобалар.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 112

    Қазақ елінің ойшылдық қасиетінің ғалымдығы да европа кеселіне ұшырап, сондықтан атақты ғалымдарымыздың жазған философиялық еңбектері осы келтірген дін шежіресін, өркендеу тарихын келтіргенмен өздерін діннен, яғни философияның тамырынан бөлекпіз дегеннен өз жазғандарын өздері салыстырып баға бере алмайтын ой кеселіне бүкіл оқыған саясаткер, ел басқарушы азаматтарымыз түгелге жуық «ой тымауымен» сырқаттанған. Сондықтан дін философиясы мен философия білімі өзеннің екі жағында отырып бірінің-бірі айқайын түсінбеген бір ауылдың адамдары сияқты. Сол екі араға сөзбен көпір салуға ниеттенгендіктен кейбір ойларды жан-жағынан және қайта-қайта түрлі көріністермен суреттеп отыруға тура келеді. Сондықтан енді дінші қауымға да арнап аталар ұғымымен жолдарға қарай із салып өтейік;

Жол ұғымы деп Інжіл кітабында Құдайдан келетін сөздер тізбегін атаған. Құранда; «Үстеріңде жеті жол жараттым» және жеті жер қабатымен және адам баласының ішіндегі жеті желдің санымен барлығы 21 санымен осы жолдардың бірленуін құранда 21-ші сүремен түсіндіреді. Қазақ еліне түскен 21 жұлдыздың белгісімен Айша анамыздың туы осы белгіні береді. Бұл жеті үннің сөзбен араласып бейнеленуін, яғни жеті мөрдің адамзат жан дүниесімен бейнеленуін, құранның кіші бейнеленуін білдіреді. Олай болса жол — Адам атамызға берілген кітаптан басталып соңғы қиямет-қайымға дейін толықтырылып, ауыстырылып, түсіріліп, оқылып отыратын сөздер тізбегінің, жолдардың 7 үні, 3 түрлі қуаттық шамасы бар. 3 түрлі қуаттық шаманы Ясауи бабамыз хикметінде «Дар» немесе дарға асылу деп түсіндіреді. Болашақта қалай сол дарға асылуға, яғни құлшылық арқылы жетуге, рух негізіне жалғанып қуаттануға болатын нақты намаздық сипаттарын түсіндіре жатармыз, әзірше көктен түсетін періштелік қуат деп ұғынғаныңыз абзал.

 Енді діннің басы яғни жолы Адам атамыздан басталып, Мұхаммед пайғамбарымыз толық жобасының белгілерін жеке-жеке жобасын белгілеп, көрсетіп, өсиеттеп кеткен болса, оның ішкі мәндерін толықтырып амалдарға айналдыруға әрбір елге тіліне, ұлттық ерекшелігіне байланысты жолдарға ұлттық ерекшелігіне, сөзіне, шаруашылық, тіршілік айырмашылығына қарай жалғану қағидасын, жобасын түсіргенін, елшілер келгенін ескертеді жаратушымыз. Жоба  дегеніміз – үнемі заманына, ғылым жетістіктері мен шаруашылық істерінің өзгерістеріне сай өзгерістерге, толықтыруларға ұшырап отыратын салттық заңымыз, яғни мемлекеттік «конституциямыз», қазіргі біздің ата-анасынан айырып бөлек елде тәрбиелеген жетім баладай ғана түсінігі бар өмір сүріп жатқан, ата салт-дәстүрінен жұрдай ата заңымыздың, негізгі дін шариғатымыздың, тіршілік қылықтарымыздың шектік сызығы, мәдениетіміздің көрінісі. Оған тек дәстүрлік, әдет-ғұрыптық негіздермен толықтырылса ғана дінімізбен бірігетінін әзірге ел басшыларының ақылына симай жатыр. Ал біздің елдің мүфтиятының ұсынып отырған шариғаты тек қазақтың тарихи елегінен өткен, санамызда зейнеттелген істерге және ар-ұят заңдылығымен қамтылған өзіміздің қанымызда бар қалыптасқан білімімізді қайтадан ұлттық ерекшеліктерімізге сай келмейтін намаздарды, маңызын жоғалтқан істерді қайта тықпалап,  түбі тесіліп тозған масһаб білімдерін де қайта жаңғыртумен және салттық бағытын араби қылықтармен бейнелеуге ғана тырысып, екі арадағы мың жылдық ұлтымыздың діни білімі мен тәжірибесін жадымыздан алып тастауға ғана бағытталған.

 Енді жол мен шариғаттың, яғни масһабтың айырмашылығы да шектеулі мен шектеусіздігінде. Шариғат-шектеулі көкке бағынышты тәрбиені, ұстанымды қалыптастырса, жол-шектеусіз көлденең кеңістікке бағынышты арада шекара болмай бүкіл әлем халықтарын өзара біріктіруге ғылымның, сөздің, ойдың дамуын қалыптастырып, соған сай дарындылық қасиеттердің, хикметті істердің білініп, көрсетілуімен ерекшеленеді. Сондықтан; Алланың сөзі 7 теңіз (жол) сия болып ағаштың бәрі қалам болып жазса да таусылмайды деп ескерткен. Ағаш қалам-хаж болып адам тағдырына, жанына, ішкі жеті желіне жазылып отырады. Хаж амалдары өз туған жеріңнің бүкіл жаратылыс, киелі жерлерімен бес күніңді жалғап барып, сосын дін қандас елдердің киелі орындарымен 6-мен жалғану арқылы жүзеге асу арқылы көлеңкеңді, серігіңді өсіріп соңғы қазығы қажылықпен кестіріп «бөрік» алу, яғни 7-мен аяқталу керек. Аталарымыз бұл жан сырын; «Жеті рет өлшеп бір рет кес» деп ескерткен.

 Ал енді   қарапайым философиялық  түсініктермен бейнелесек; жалпы дін қағидасы әрбір адам баласының өмірге келгеннен бастап енді қияметке дейінгі тіршілігіне берген басты бағдарлама болса және еңбегінің нәтижесіне қарай өзіне тән сыйларды немесе басқалай өмір өзенімен,  жолға (жеті теңізге) яғни ақыл-ойдың мұхитына қосылуға қайыққа мініп  сапар шегіп,   қолына сол сапардың заманына қарай жобасын, бағдар сызбасын беріп, үлкен кеме  тоқтайтын бекетті іздеп шықан жолаушы сияқтымыз. Біріміз өзіміз есіп еңбектеніп, шаршап, шалдығып жетсек, енді біріміз біреулерге мінгесіп, болмаса ескексіз қайықпен ұйқымыздан ояна алмай жетеміз. Енді сол бекеттен ұзақ алыс жолға шығатын кеме керуеніміз мемлекетіміздің жалпы ақыл-ой білімінің, ғылымының жетістігінен  ұлттық ерекшелігімізбен әрленген тіліміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізбен қозғалатын, ана тілімен басқарылатын  ақыл-ойдың кемесі болып шығады. Ал ондай ашық теңізге шыққан кеменің мынау араптың болмаса европаның кемесінің ізі, сонымен жүріп бағытымызды табамыз десек адасып, кемемізді қиратып өзіміз де шығынға ұшырауымыз, суға жұтылуымыз да әбден мүмкін.

Теңізде із қалмайтынын ескеріп, халқымыздың керуенін белгілі бағытта жолдан адастырмай, қиындық сынақтардан, кедергілерден айналып, тау тастарға соқтырмай, негізгі бағытынан  жаңылдырмай аман-есен өткізуге жаратқаннан несібесін артығымен беріп сынға түскен ел басшысы мен уәзірлері, ғалымдары болып есептеледі. Сол керуен көлігіміздің енді алдын көріп бағдар алып отыратын терезесі (компас, картасы) шариғатымыз бен ата заңымыз болып, қаншалықты дұрыстығына, тазалық дәлдігіне байланысты керуеннің де межелі жеріне аралық бекеттерге азық алып отыруға, уақытынан кешікпей жетіп отыруына тәуелді. Енді жарық пен қараңғылықтын бірін-бірі алмастырып отыру заңдылығы болса, сол қараңғылық мезгілі келгенде тоқтап қалып уақытымызды, алатын несібемізді жоғалтпай, халықты қиындыққа, аштыққа, т.б. келеңсіз жағдайларға ұшыратпай жолды, ізімізді тауып керуен жүрісін тоқтатпау үшін алдын көрсетіп отыратын шамы-ғылым, біліміміз. Аспандағы құс жолының бір шексіз сапарға кетіп бара жатқан жұлдыздар тізбегі сияқты әрбір ел заманына қарай бірінің артынан бірі тізіліп сол керуенге өз көліктерімен тіркеліп, өзіне сай ізімен жолға сапарға шығып отырады. Бұл адамзатқа берілген негізгі жоспар ортақ дініміз. Сол жолға қосылуға көкке көтерілуге әр елдің өзіне тән дін көлігі болып, сол көліктің көштен, уақытынан қалмай қозғалысқа түсуін қадағалап жүргізіп отыратын ел басқару ісіне бағдар беріп, ел мұқтажын қорғап жоғалтқанын түгендеп, барын бағалап, жол азығын, ақыл-ойын, сөзін  дамытушы философия мектебіміздің аты бар болғанымен заты мүлде жоқ. Ал әлемде теңдесі жоқ сөз байлығы мен жан сырынан хабар беретін ой байлығымыздың қазынасы жаратқаннан молынан берілген.

«Түгел білім қайда екен деп іздеген, Жапа-жалғыз білімнен бақ шықпайды, Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген.»  деп Абай атамыз ескерткендей білім ілімнен бөлек деген ұғымнан, өлшеусізді (жол, сөз) іздеуден бас тартқан ғалымдарымыз мисыздық, ойсыздық, қайғысыздық дертіне шалдыққан. Сондықтан қазақта даналық әулиелермен бірге өлді! Ал егер байқамай тірілтуге қадам жасасаңыз «араби діни намысты» «масһабты» бұзып, ойлап тапқан қырық жамау ата заңды бұзушы, дінде «серік қосушы» деп соттап жібереді, болмаса әкім қара, ояздардың Абай атамыз айтқандай бағып жүрген бір-бір иті бар, дереу қолдан заңға айналдырып, соңыздан қосып жібермесін десеңіз ондай аруағын соттаған «антұрғандардан»  әзірге абай болыңыз есіңіз толық болса. «Сүйтсе де жамандыққа бір тоймаған, Антұрғандық қылығын еш қоймаған. Баяғы алдау, ескірген кәрі иттікпен Не қылдым не бітірдім деп ойлаған…Күніне жүз қуанып, күліп жүрген Осы адам уайымсыз не еткен пенде?»

Негізінен қазақ елінің ғана емес бүкіл түркі әлемінің діннің толық жол-жобасын қалыптастырып қазығын қаққан Ясауи бабамыз. Және әлемдік 11 философиялық мектебін біріктіріп мөрін қалдырып; «Менің хикметтерім оқыған адамға құран» деп ескерткен. Ол құранды енді қалай оқу керек?- деген сауал әрбір иманды қазақтың көкейінде тұру сөзсіз. Ясауи бабамыздың хикметтерінің сырын құранмен және пайғамбар сүнеттерімен салыстырып қана оқу жеткіліксіз. Оған адамзатқа, данышпандарға, пайғамбарларға құпия оқылған кітаптарды, яғни аяндарды Ясауи бабамызға ғайыптан берген көмес кітаптарды оқып үйрену керек. Яғни құранда ескерткендей жер бетін кезіп, есіктерін іздеп тауып, жаратқанға дұға жасап, зияраттап аян алуыңыз керек. Ал ондай берілген аяндарды түсініп оқу үшін ұлттық адамгершілік ар-ұяттық болмысты табуымыз керек. Олай болса жобамыз ата заңымыз қазаққа тән шариғатымызды яғни әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді меңгеру керек. Оғанда да нұрландырушы құран кітабы яғни философиялық, психологиялық тұжырымдар кітабы болу шарт. Ясауи бабамыздың қазіргі таңдағы белгілі болған хикметтер жинағы 70 кітапты қамтып, Нұх пайғамбарымызға дейінгі діндердің бәрін жалғап, бүкіл діндердің бірлігін ашып көрсетіп кетсе, Абай-Шәкәрім атамыздың еңбектері осы кітаптың ішкі сырын, философиялық, психологиялық «ғылымхалын» толық ашып көрсетеді де қазіргі заманымызбен жалғануға мүмкіндік береді.

«Біреу үшін үйренсең, Білгеніңнің бәрі — тұл. Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма…Ақымақ көп, ақылды аз, Деме көптің сөзі пұл…Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге ерме,..Шын сөз қайсы біле алмай, әр нәрседен құр қалма… Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Дауани. Солай депті ол шыншыл, Сөзін оқы және ойла,..» деп Абай атамыз Ясауи хикметтерінен үлгі алып ойды дамытуды және өзі де хикметтен сөз шындығын алып насихатын жазғанын, түсіндіргенін ескертеді. Ал егер осы шығармаларды мағынасына қарай санмен белгілесек Інжіл, Құран, Тәурат, Зәбур қазақша қарапайым түсініктермен Абай-Шәкәрім еңбектері құран аяттарының сырларын түсіндіріп сөйлеп шыға келеді. Абай-Шәкәрім танушыларының таба алмай жүрген сырларының өзі аталарымыздың заманына сай әлемде теңдесі жоқ заманына сай діннің жоғары сатысын меңгеріп, Құран насихатын ашып көрсете білуінде. Ал енді осы еңбектерге бүкіл қазақтың даналық сөздерін, түсірілген кітаптар нақылдарын електен өткізіп Ясауи бабамыздың хикметтерін және Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеттерін бірлеп қоса білсек, әлемнің болашақта үлгі алатын теңдесі жоқ қазақтың ата заңының шежірелік, философиялық, психологиялық мектебінің нұрландырушы тура жолдың кітабы шығады. Енді арап елінен оқып келгендер Құран және пайғамбар өсиеттері мен сүнеттерін және олардан кейінгі дінді меңгерген ғұламалардың философиялық тұжырымдарын, пәтуаларын құран түсінігі яғни осы сенің құраның деп ұсынса, онда қазақ әулиелерінің еңбектерімен, ата салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызбен оған байланысты мақал, нақыл жырлармен, өлеңдермен, әр түрлі мысалдармен берілген шығармалар, шежірелік қағидалар, тарихымыз қалай құран емес болып табылады? Араптардың сахабалардың тарихы құран да солардың негізгі аталарын құраннан бөліп тастау зұлымдық болып шықпай ма? Ақылы сау адамға өзінің заманына сай киімін шешіп, өзге жұрттың жыртық тозған киімімен құдайдың тойына баруға қалай кеңес бересің? Егер иман ақылмен бірге ғана келетін болса;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *