Сөз мінезі- ой тазалығы, тілдің тазалығы-діл жемісі.

Бөлім: Сөз ұғымдары философиясы 163

      Пайғамбарымызға да жаратушымыздан «Мұхаммед саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың. Бірақ Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу, көместі біледі.» (87-6,7) «(Мұхаммедке) өлең үйретпедік әрі оған, ол лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана» (36-69) Құран аяттары адам баласында өрістік сипаттарда мал болып бейнелетінін, сондықтан өлеңге айналдырып, есепсіз жаттауға болмайтынын ескертіпті аяттарда. Және пайғамбарымыз құран аяттарын жатқа алу түйе баққан кісімен бірдей үнемі қарап, күзетпесе қашып кететінін ескерткен. Ал түйені жындар орны деп тағы ескерткен. Қазіргі таңдағы ғылым, білімінің жетістігі және адамзаттың ойы да, аспан кеңістігі де кеңіп, соған байланысты айқын болған құран аяттарына қарсы күнәнің шамасы артып, адам білімінде соншама теріс ақпараттардың көбейген шағындағы қарилық тек адам баласының жындылығын, мәңгүрттігін, санасыздықты ғана туындатады. Құранды толық жаттау үшін нәпсіні мүлдем тежеп қанды бірқалыпты салқын ұстау керек. Сондықтан бұндай жағдай адам сыртқы өрісінің теріс қуаттарымен толықтырып, перілігін, бой өрісін, жан киімін сынап буымен (апсын) толықтыру арқылы яғни жындылығының басымдылығын қалыптастыру арқылы мүмкін болады. Сол үшінде қосымша құран аясынан тыс арапша дұғалар мен дуаларды, түрлі мұсылман қорғаны сияқты қара бақсылық амалдарға жүгіну керек. Бұл жағдай жүрек салқындығын және араптан өзге тілді ұлт өкіліне екі есе ауыр болып, екі тілде сөйлеуін қалыптастырады да, сезім тежеліп тек түйсік арқылы ойлану қалыптасып, таза ақылдан мүлде ажырайды. Ал пайғамбарымыздың және сол кездегі сахабалардың құранды жаттауы бөлек жаратқаннан келген үкім және рахмет арқылы жүзеге асқан. Сондықтан көптеген хафиздардың үйленбей, нәпсісін мүлде тежеп, құранды сақтау үшін үнемі өзімен-өзі соғысуына тура келген. Ал пайғамбарымыздың мұндай жүгін жеңілдету үшін көптеген әйелдермен некелесіп, керісінше аналарымыздың жан-діліне құранды жазып, арап халқының иман бақшасының гүлденуіне себеп болды. Құранды жаттаған арап тілді дінші үшін ой тежелгенмен тіл ойдан бөлінбейді, ал қазақ тілді діншіге қазіргі таңда керісінше жан бақшасы суалып, дін-жаны артық жүктелуден діл бақшасы жемісін бермейді. Осындай жағдайдан пайда болған перінің ықпалына түскен елді кереметтермен таң қалдырған; «Хорасанда төрт жүз жасты жасады, Жиырма төрт ағаш әр күн ұшар, достар. Есітті Баба Мәшін ол заманда, Ахмет атты бір шаих шығар деп Түркістанда. Сұхбат құрмай қыз-келіншектермен онда, Тыйым салғалы Түркістанға келді, достар.».

      Исламдағы екі түрлі шариғат яғни масһабтың көрінісі таза арап үлгісін пайғамбарымыздың көзін көрген сахабалардан үйренген 400 жыл меңгеріп сақтаған сұлтан дәрежесіне жеткен Баба Мешін атты шейхтың Арыстан бабамыз арқылы дәл сондай бірақ 500 жыл жасап, пайғамбарымыздан тікелей дәріс алып 33 түрлі дін ғылымын меңгеріп, құрма мұғжизасымен тура жолды жалғастырған Ясауи бабамызбен кездеспек болған. Түркістанда қыз-келіншектерді де оқытып, қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрін ұстанып, Аллаға серік қосушылар болып жатыр дегенді естіп, тыйым салып жөнге келтірмек болып Ахмет Ясауи бабамызды іздеп келіп ақырында 500 қамшы жеп перісі қашып кетіп, өзі бабамыздың аяғына жығылып, мүрид (шәкірт) болған екен. «Дию-пері арқасынан кеткен сәтте, Бір қамшы оған тиді, білгін, достар. Баба Мәшін: «өлдім-деді, уа, Ахметім, Келе алмасам халайыққа қара бетпін. Өлер едім осылай болса халім, Зар еңіреп арыз-халін айтты, достар.» (40-хикмет) Және тағы кітап ілімін, мазһабты жатқа жетік білген 12000 кітабын қашырға артып арап шариғатына тізе бүктіріп, мазһабты мойындатамын деп келген ғұламаның да бар кітабын хауызға салып, құранға, пайхамбар өсиеттері мен киелі кітаптарға теріс пікірлердің бәрі өшіріліп қалып, Ясауи бабамыздан діннен толық мағлұмат алып шәкірт болуына тура келген. Осындай жағдайларды ескерген  Абай атамыз да; «Сезімпаз көңіл жылы жүрек, Тападым деп түңілмес. Бір тәуір дос тым керек, Ойы мен тілі бөлінбес.». Әуелі тарихыңа жалғанып, таза ақылды ана тілің арқылы тылсыммен жалғанып піріңді-досыңды, жол көрсететін әулиеңді тап деп ескертеді. Ой мен тілдің арасын берік ұстау кісіліктің, зайырлықтың белгісі екенін ескертіп; «Мақтан қума, керек қу, Ойсыздарға қосылма. Қойыңда ақша, қолда қой, Күзетке оңай шошыма!» деп пайғамбарымыздың өсиетін кеңітіп, астарлап өзге елдің түйесін баққанша өз еліңнің діл-қойын, ата-баба ақыл-ойын, рухын бақ деп, ал құранды  құр жаттаған сананың жабылып және жаратушымыздың; «Аяттарымды арзан ақшаға сатпаңдар» деген астарлы сөзін; «Жатқа ал, ақырында босқа қал!»  «Жұрттың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңір атқан- Шыр айналған дөңгелек.». Ата ұрығымен, ана қанымен берген Тәңір сыйы екі сөзің-діл бақшасымен және оны суғаратын азығы ана тіліңді қадірлесең тағдырың, өмірің сонымен дөңгеленеді, шариғатың да сол деп ескертеді. Екі сөз-ана тілі мен ата аманаты өсиет сөздері тәңірдің адам баласына атқан сыйы және ең басты жол-жобасы тіл мен ойдың бірлігін қалыптастыруға берілген сынақ болып табылады. Аятта; «…Сендердің әрбіреулеріңе (жеке-жеке) бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет (бір тілді) қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңмен (салт-дәстүрлеріңмен, тілдеріңмен) сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) Ислам әлемінің масһабтарға бөлініп таласқан нәрселеріңді өздеріңнің тарихыңнан, салт-дәстүріңнен іздеңдер деп ескертеді. Және 48 саны жер бетіндегі 48 қыбыла есігін тілдің негізгі қуатын білдіріп тұр. Мұсылмандық қарызды өтеу деген бес парыздың негізгісі осы 5-сүремен және осы аятпен анық ескерткен. Абай атамыз бұл үшін; «Жалыны қайтар дененің, Үнемі тұрмас осы шақ. Талайғы кәрі дүниенің Бір кетігін ұстап бақ»-деп әдет-ғұрып, салт-дәстүріңнің, тарихи шежіреңнен ішінен ізде керек дүниеңді, қойың да, ақшаң да сонда жүр, тауып алда бақ дейді де «Арттағыға сөз қалсын. Мендей ғаріп кез болса, Мойын салсын ойлансын. Қабыл көрсе сөзімді, Кім таныса сол алсын. Не пайда бар-мың надан Сыртын естіп таңдансын. Онан дағы бір есті Ішкі сырын аңғарсын.».  Бар іздегендерің «қойларың-ойларың» менің сөзімде тұр, құр сыртына мәз болып надандықпен жатқа алма, араларыңнан естіні тауып ішкі сырын, ойын  ал деп өсиеттеп кетіпті.

     Енді бір  өкініштісі осындай құранды жатқа алған, құранды жаттауға болшақ мәңгүрт жастарды қалыптастыруға арналған медіреселерді көбейтіп, мақтан мен мастың тірлігі жын адамдарына тән ауру қазақ елінде жемісін беріп және сөздің астарына мән беріп ұялатын бір сөзге уәжге келетін құдайлық салтымыз жайына қалды. Яғни қазақта Шәкәрім атамыз ескерткендей; «Сөз мінезі құбылса, Ар, иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сырыса, Оны ойыңмен айуан қыл.»  деп ана тілінен жерініп өзге тілді дәріптегендерді хайуанға теңесе, Абай атамыз; «Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы. Кітапты молда теріс оқыр дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі?» деп қолына түскенін таңдамай қылғыта беретін тышқан, хайуан аулаған бүркітке теңейді біздің дінші, европашыл, сөз мінезі құбылмалы «білдіман» ағайындарымызды. Пайғамбарымыз: «Кісінің ислам дінін көркемдегені — бір оның ұнамсыз сөздерді тастауы» (Әбубәкірден 33-өсиет) «Кімде кім айтылған сөздері әр дайым есепке жазылатынын білсе, ол кісі жаман сөздерден аулақ болар еді.» (828-өсиет)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *