Қатын сөзінің ұғымы  

Бөлім: Сөз ұғымдары философиясы 101

        

Менің көп жағдайда Қатын деп әйелзаттарына арнаған сөзімді көпшілігі жақтырмай бұл бір кемсіткен, төмендеткен, мазақтаған ұғым деп қабылдайды. Абай атамыз да; ҚАРА ҚАТЫН деген ұғыммен байымен көп кездесе алмай, сосын жасырып зина жасайтын әйелді меңзеген екен. Абай атамыздың «Қатын»- атауына «Қара» сөзін қосуының өзі Қатын-АҚ ұғымымен байланысты яғни ағарушы, табаны ағарған, ерінің бойын тазартушы рухани сүннеттелген әйелзатын ескертеді. Сондықтан да Қатын ұғымы шайтанынан тазарған болып, мұны енді шайтанды әйелзаттарының жақтырмауына да себеп бар. Әйел деген жыныстық сипатты ұғым болып және бұл ұғым жалпылық түрде барлық нәзік жандылардың жақсы-жаман, арсыз да сипаттарын да ұғымға сидырады. Сондықтан да қандай байға тимеген қазіргі таңдағы шашын жайған, етегін, төсін ашқан қыздардың бәрінің түгелдей жатырларының қараңғыланып жатқаны да хақ. Мұны біздердің алдымыздан өтіп жатқан талай жылдар бойы жинаған емшілік тәжірибе бойынша осындай  мыңдаған нәзік жандылардың сырқаттық, кеселдік белгісін анықтаумен іс жүзінде дәлелденген де. Сондықтан мұндай арсыз, бойсыз, екі аяқ арасынан киізқазық-нұры жоғалған, табанына ауыр металдар жиналған жез өкшеге айналған қандайда бір тәні сұлу қыздардың да «ҚАРА ҚАТЫН»-дық сипатқа еніп, кәпір жындармен жандарының ұйқы кезінде де күндізгі тіршілігінде де бірігіп жатқаны да сөзсіз.

Сондықтан мен қазақ даналағына; «Жақсы сөз жарым-ырыс» деген нақылына сүйеніп көп жағдайда; Қатын деп ырымдап атасам, бұған нағыз шайтанға айналғандар ашуланып керісінше құдайдың беретін нығметінен бас тартып жатқаны да сөзсіз. Ал кейбір нәзіктердің керісінше мұндай сөзді қалыпты қабылдап; қатын болсам деген армандауынан, мұндай ұғымды философиясын түсінбей-ақ, жүрегімен жақсылық деп қабылдауынан-ақ рухани тұрғыда қан тазалығын, тектілігін сақтап жүргенін білдіреді. Сондықтан да осындай сөздердің жасырын астарлы қуатымен әйелзаттарының да ерлердің де кеселді, кеселсізін, жын-шайтандылығын анықтауға болатын бұл белгіні әйелдер қауымы мен ер азаматтар өзара сұқбат барысында тексеріп көруге болады. Аталы сөзге тоқтамай кім бұрын ашуланса, демек онда жын-шайтаны қосылып кеткені.

Айша анамыздан қалған өсиеттерден;

1.Сұлулық-құдіреттің күші, астамшылдыққа ұрынса-шайтанның айнасы.

2.Қыз кезіндегі сұлулық-іштей көшірілсе (бой жарығы ішке енуі), төсекпен тең.

3.Қыздың сұлуы-көңілдің шайтаны. Сөздің сұлуы-иманның қаймағы.

4.Сұлу-сұлу емес, сүйегі асыл бомаса, Сүйегі асыл-асыл емес, ар жағында ақылы болмаса.

5.Ер аяқ жау келгенде қадірлі. Итаяқ жалғанда қадірлі. Жер қауып көмілсіз қалсын.

6.Келіннің сәлемі-шаңырақтың туы. Ердің сәлемі-елшінің жолы.

7.Шайтан қаннан қорқады, сондықтан аруақтарға бағыштап, аша-тұяқ шалып тұрыңдар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *