Аллаға құлшылық пен табыну және сиыну.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 230

      «(Мұхаммед): «Әй адам баласы! Менің дінімнен күдікте болсаңдар. Ал мен, сендердің Алладан өзге табынғандарыңа табынбаймын; бірақ сендерді өлтіретін Аллаға құлшылық қыламын және иман келтірушілерден болуға бұйырылдым» де.» (10-104) Бұл аяттың астарына үңілсек; Табыну-өлтіретін Аллаға яғни тәңірлік сипаттарға табынып, құлшылық істеріне берілген бұйрықтарды толық орындау болып саналады. Аятта; «Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар.» (29-17)

     Жаратушымыз өлімге иман келтіріп Алланың қасындағы сендерге ризықты үлестіріп беруші себептеріне, хикметтеріне табынып, өздерің де соларға яғни өлілерге қосыласыңдар деп ескертіп, рахметтеріңді яғни шүкірлік құлшылықтарыңды сендерге түсірген, берген жаннатыма, жанаттықтарға арнаңдар деп ескертеді. Аятта; «Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Алланыкі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабына да ие емес. (13) Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді.» (35-14) Бүкіл қозғалыс, уақытты, мерзімді туындатып және сендерге ақыл беріп тұрған біртұтас Раббыларыңа иелеріңе табыныңдар, яғни Алланың сендерге түсірген таза рухына, нұрына, Құдайға табыныңдар деп ескертеді. Ал кімнің дұрыс жауап бергенін, қайсысы таза ақыл, қайсысы теріс ақыл екенін ажыратуды құпиялап; «олар естісе де жауап бере алмайды» деп ескерткен. Ал ондай білімге, ілімге теріс ақылды тыңдағандар ортақ қосушы болып табылады екен.

    Олай болса түсірген кітаптарға, періштелерге, Алланың сүйікті құлдары достарына табыну керек, бірақ арасын ажыратып шоқынып кетпей, біртұтас Раббылық сипатына табыну керек. Барлық шатақ та, діндегі надандық та, бөлшектену де енді осыдан пайда болады. Сондықтан құранды сандармен белгілеп әр үмметтің құлшылығы, шүкіршілігі және адасуын да неден, қалай пайда болатынын және қиямет-қайымға дейін қандай нәсілдік белгіні алған үмметтердің тура жолда болатынына дейін алдын ала белгілеп көрсетіп қойған. Барлық құлшылықтардың тағат-сағатын 11-санымен белгілеп «ҺҰД» сүресін жер имамы етіп белгілеген. Ислам әлемінің жерден Мәді шығады дегеніміздің өзі осы сүренің хикметті істері арқылы көрінуін ескертеді. Аятта; «Мұхаммед; онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрина біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) Бұл аяттың пары және жұптары осы аяттың негізінен тәурат үкімдеріне қосымша Мұса пайғамбарымызға берілген кітаптың нұсқауларға байланысты екенін және оны исрайылдықтардың орындай алмағанын ескертеді. Олай болса Мұса пайғамбардың негізгі шыққан тегінде сақтарда бұл табыну құлшылығының сақталғанын көрсеткен 109-санмен белгіленген аяттың сырынан іздеу керек. Бұл аяттың түсу себебінің өзі Мұхаммед пайғамбарымызға қыпшақ елінен Укаша атамыздың апарылып оқытқан «Бестаңба» кітабына берілген насихат деп біліңіз. Енді табынудың бір сипаты түс көріп, оны жоруды меңгеріп, аяндарды-аяттардан уахи алып, оны іске айналдыруды Алланың өзіне құлшылық қылу деп атайды. Аятта; «Алла (Т) ол күні, оларға; «Елшілерімізге не жауап бердіңдер?»,-деп дабыстайды (65) Сол күні оларға хабар естілмейді де өзара сұраспайды. (66) Ал енді кім тәуба етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі.» (28-67) .

     Әрбір пендесіне Алла тағала елші жіберіп, яғни аяндармен не істеу керек екенін көрсетіп, батамен жетелейді. Ал ондай елшілеріне аян болып көрінген періштелеріне іспен жауап қатпаған пенделерінің жүректерін бітеп, олар құлақтары созылып, аян түгіл түс те көре алмайтын кереңге айналады, яғни «Хабар естімейді, өзара сұраспайды», Иесімен Раббымен тілдесу мүмкіндігі тоқтайды. Аталарымыз; «Аруақ атқан оңбас» деген ондай пенделерді. Бірақ тәубаға келіп, кешірім сұрап, Алла достарына құрбан атап, жаратқанға жалбарынып, ізгі істер істесе құтылуға мүмкіндік беретінін ескертеді. Енді олай болса табыну деп Алланың өзіне құлшылық жасауды атап, ал Алланың өзін қалай анықтаймыз? Аятта; « Расында сендерге Ыбырайым және онымен бірге болғандар бір көркем өнеге болды. Сол уақытта, олар елдеріне; «Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызға мәңгі дұшпандық, өштік басталды. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз» деген. Бірақ Ыбырайымның әкесіне; Әрине сен үшін жарылқау тілеймін. Дегенмен Алладан келетін нәрсеге шамам келмейді» деген болатын. «Раббымыз, Саған тәуекел еттік, Саған қайттық, әрі барар жеріміз Сен жақ.» (60-4) Бұл сүре иманның негізгі көрсеткіші болып табылады. Олай болса табыну амалдарының негізгі белгісі Ыбырайым жолы деп аталатын белгіде. Алланың бірлігі рухани қазынамыз 18 ғаламның періштелері, пайғамбарлары, сахабалары, Алланың сүйікті құлдары болып оны көктегі қазына «Отан» деп атайды. Кәпірге айналған туысқандарыңа, ата-аналарыңа да жарылқау тілеп дұға жасау керектігіне осы аят «сендерге көркем өнеге» деп ескертуімен бірге, тіптен пайғамбар дәрежесіндегі құлының өзінің де Алладан тұрақты түсірілген азапты қайтаруға, жеңілдетуге шамасы келмейтінін ескертеді. Олай болса ол Алланың бірлігі арқылы атқарылады. Аятта: «Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер үшін: «Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сыйдырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!»,- деп тілейді. (7) «Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннаттарына кіргізе көр. Күдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың… (8) Оларды жамандықтарынан қорға. Ол күні кімді жамандықтан қорғасаң, сөз жоқ, оны мәрхаметіңе бөлеген боласың. Міне сол, зор қол жеткендік» (40-9) Бұл аят бойынша адам баласының дұғасын періштелер естіп, біліп барып Раббына дұға жасау керек екен. Сондықтан аятта; «Мұхаммед; «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді» де (54) Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бой ұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар». (39-54) «Алла тек біртұтас күнәларды ғана жарылқайды» деп имамдарымыздың ислам тәпсіршілерінің тура Аллаға ғана табынып сұрап дұға жасау керек дейтін сөздерін жоққа, жалғанға шығарады.

     Олай болса; «Ол-рахмет» — Раббымыз болып, Раббымыз тек біртұтас періштелер арқылы құлдарының дұғаларын, тілектерін қабылдайды деп түсіндіреді жоғарғы аятта. Демек адам баласының әрбір үмметтерінің ерекшеліктеріне қарай періштелермен құлшылықтары жалғанатын намаз орындары болу тиісті. Соның бірі мешіт болса, енді тек мешітте ғана дұға тілектер естіледі десек онда «Барлық жаратылыс нәрселерін жұбымен және парымен жараттым» деген аяттың ғылымына қарсы шығып, серік қосып, аяттарға ортақ қосумен Алланың бірлігіне қарсы болумен кәпір болып шығамыз. Енді «Раббымыздың ғаршысын 8 періште үстіне көтерді» деген ескертуді назарға алсақ, жерге байланысты адамзаттың дұғаларын алғашқы қабылдайтын 8 періште болу керек. Бұл періштелелер Алла әмірін жеткізуші, пенделермен тұрақты байланыста тілдесуші болып, оларды Алланың сегіз сипаты деп атаған аталарымыз. Аятта; «Қылмыстылар жек көрсе де хақиқат шынға шықсын да бұзықтық жойылсын.» (8-8) Демек әуелі Алланың хақиқатына табыну керек! Бұл жағдайды Абай атамыз: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу-болыс, біреу-би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үгіт беріп, ақыл айтарлық деп сайланады… Андайлар анандай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын! Және білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ; «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!»-дейді.» Ақыл мен ғылым, білімді меңгеріп жаратқанның насихатын тыңдай білуді хақиқат деп; «Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял (аян) жоқ, ілді-жұлды, Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. Жамандық, жақсылық пен-оған бір бәс, Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас. Арын сатып, ант ұрып іздегені-Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас.». Құдайдың жіберген үкімдері мен нұсқауларын ажырата білмейтін аянды ескермейтін арын сатқандардың көбейгенін, жеген-ішкеніне, дүниеге табынғандардың, ант атқандардың елді бұзатынын ескертеді.

    Ал Шәкәрім атамыз; «Тән көретін бастағы көз Байқамайды жан сырын. Көр де ақылға сал деген сөз Көз керек қой ойлырақ. Хақиқатты дәл көруге Жан көретін көз керек. Бас көзімен сенделуге Бізге рұқсат жоқ, шырақ!» Жүрек көзін ашып хақиқатты-тәңірді ой көзімен көріп, таза ақылдан сұрақ сұра деп ескертеді. Ал құранды арапша оқып қана хақиқатты көресіңдер деген тәпсіршілер ұстанымын; «Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан. Сал ақылға дұрысы не? Дәлелін тап жақсырақ.» Қандай да бір жаратылыстың да, жандының да түп негізін, ғылымын, сегізін ізде деп ақыл береді. Аталарымыз ондай ер азаматты «Сегіз қырлы бір сырлы» деп атаған. Енді ғаршыны көтеретін 8 періштені әзірше біздер үшін жаратқан 8 түрлі себептер деп оның көрінісін бейнеленуін салт-дәс-түр деп атайды екен. Олай болса хақиқаттың негізін, дәлелін; «Алла (Т) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Бұл аяттың шешімін Шәкәрім атамыз қалай іздеуді; «Мен болсам Толстойдай арманым жоқ, Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ. Сырымды білетұғын сендер емес, Өлейін деп елсізге барғаным жоқ. Таза ой ойламай алмас үйде басым, Ойсыз сіңбес бойыма ішкен асым. Ой жемісін теремін өлгенімше, Өсектесін, күндесін мейлі қасым. Надандардың сөгуі айып емес, Мен ешкімге байлаулы зайып емес. Хақиқатты жырлаған келешекте Мерзім болып шығуы ғайып емес.» Хақиқат мерзім яғни аруаққа айналып сол хақиқатты жеткізуші болады деп түсіндіреді. Ал ен даладан бәйшешек бақшасының жемісін іздеуді; «.. Ал енді құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер (зираттағандар), тағы басқа Алла жолында соғысқандар (хақиқатты шынға шығарып іс қылғандар) Аллаға мәлім. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. (Құрбан шалып, зираттаңдар, өлілерге құран бағыштаңдар). Және өздерің үшін алдын-ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде (сегіз сипат) табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (73-20).

    Бұл сүре тура жолға түсірілудің алғашқы шарты болып осыдан кейін ғана тақуалықты меңгеру басталады. Ал бұл сүренің үкімдерін орындаудан серік қосылады деп зираттап жер жүзін кезіп, құрбан шалып, зекет беріп, артық хайыр жасаудан бас тартқандар жоғары Ыбырайым жолының иман келтіру ісінен бас тарту болып; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *