Серік қосу мен серік қатып, ортақ қосу туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 55

     Бір күні Пайғамбарымыз  үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы  хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» — деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және  ата-анаға  қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі – жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. Әбу Бәкірден өсиет; 1119(2654)   Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.»-деді. (31-13). Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен.

     Біріншісі; қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын, жалған сөйлеу, жалған куәлік беру.

   Екінші түрі; ата-анаңа әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе қарсылық білдіру серік қосу амалы болып тек киелі кітап аяттарына жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен.

    Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру.

    Ал ортақ қосу амалы; киелі кітаптар үкімін өзгерту немесе басқаша жорамалдап түсіндіру, ескерту уахи, түс, аянды зерттеп талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттері зор зұлымдықты туындатып, діншілер тілімен «Дәжал» және «Тажал» деп аталады. Дәжәл деп сөзбен азғырушы шайтан адамдарды ескерсе, тажал-сөзімен теріс қылығы ісі де бар жын-шайтанға айналған адам баласын ескертеді. Енді дін істеріндегі тәпсірші, имамдардың, ғалымдардың құран аяттарын, пайғамбарлар өсиеттерін толық түсініп немесе ғылымын білмей жалған ұғымдармен аяттарға теңдес жасап пәтуа берулерін, өздері онысына күдіктенбей «Күдіксіз серік қосып, ортақ қосу зор зұлымдық!» деп ескертеді. Алла үкімдеріне киелі кітаптар арқылы адамзатпен ортақ тілдесіп үгіт, насихаттарын халықтың білімсіздігін пайдаланып, өздерін пір санап яғни «Құдайға» айналып, тек менің ақылыммен ғана жүріп соңымнан ер деген аң аулаған аюдай, ақылдың еркіне тұзақ құрып адам аулайтын әрекеттерін кешірілмейтін күнә Аллаға серік қосу деп атайды. Қазақ заңгерлерінің ата заңымызға сүйеніп дін сектасы деп зиратшыларды Ата жолын соттап қудалау әрекеттері біздің дін ғалымдарымыздың, философия өмір мектебіміздің, әкім қаралар мен саясатшылардың осы құран аяттары мен жан сырынан, ата салт-дәстүрінен қаншалықты білімділігін көрсететін қазақ тарихында ұмтылмайтын заман оқиғасы болып саналады. Сондықтан адам баласының еркіндігі ол не істеп не қойсам еркімде деген емес, керісінше ақыл-ойдың азаттығынан туатын сыртқы қандай да жан сырына, рух азаттығына нұқсан келетін әсерлерге бағынышты болмауды айтады. Бұндай еркіндікті аталарымыз; «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ » деп тұжырымдаған. Енді ақыл-ой, сөз еркіндігімізді таразыға салып аз ғана мысалдарға тоқтала кетейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *