Әрбір адамның жеке діні-сенімі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 128

     Сенімді кейде наныммен шатастырып алып ескіліктің қалдығы деп жатамыз. Наным тарихи оқиғалардың кейбір қиындықтарды жеңу, күресу барысында қалған әдеттердің көрінісі. Орнымен пайдаланса қайғы-қасіреттерден айналып өтуге болатын жеңілдіктермен, орынсыз пайдаланса керісінше болуы да ғажап емес. Наным ақылдың қатысуымен ғана нәтижесін береді. Сондықтан наным жалпы халықтың дін тарихынан хабар береді.

     Ал сенім — әрбір пенденің мінезіне, қасиет, қабілетіне байланысты өмірден, тіршілік ету барысындағы түйген ішкі пікірлерімен, алған, білген, естіген, жинаған, оқыған, тәрбие болып қалыптасқан қылықтарының ішкі ой арқылы бейнеленген көрінісі. Адам баласының жеке діні ақылдың нәтижесіне тәуелді болса, ал негізгі тілдік, ұлттық, жерлік, халықтық мінез-қылығы жалпы дінінің көрінісі болып, ол естің белгісін, шамасын айқындайды. Ес-парасаттық шама. Адамның жеке діні сөзбен, сөйлеу өнерімен өлшеніп ақылдылығының көрінісін берсе, ал халық ішіндегі өзінің білімділігімен, ізгі істерімен және ақылды сөздерімен, тәрбие қылығымен оның естік шамасы — парасаттылығы яғни зайырлығы, жалпы дінінің көрінісін береді. Сондықтан қандай да лауазымды қызметте немесе жасы ұлғайып кәмелеттенсе де сөзі дұрыс, ақылды ойлар айтып ісі шеттің, өзге тәрбиенің жетегінде немесе жасына, лауазымына, ортасына, жынысына кері істермен, қылықтармен ерекшелену; есінің аздығын, парасаттылығының кемістігін олай болса дінінің жетімсіздігін, сенімінің тұрақсыздығын білдіреді. Ондай пенденің өміріндегі жетістіктері де, жинаған қандай да бір байлық, дәулет сол сияқты ұрпақ сабақтастығы да міндетті түрде өзгерістерге, құбылмалыққа тән болып, кейде аяғы қайғы-қасіреттермен аяқталып отырады. Бұндай сенімнің жетімсіздігінің тағы есі тұрақты болып келетін діншілер арасындағы да кері көріністері болады. Ондай діншілер күнделікті істерде есі тұрақты, қоғамға жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, сөзі де дұрыс болып келгенімен, ақылы қақпанға түскендіктен өздігінше іс істеп шешім қабылдай алмайтын, тек белгілі сызып берілген шеңбердің ішінде ғана жүріп, сөзінің өзі кітаппен ғана өлшеніп адамдар арасында тазалықты бақылайтын жансыз «құл темір» (робот) тәрізді өмір кешеді. Белгілі шамада ақылды көрінгенмен заман өзгерісінен, жетістіктерінен ақыл ойлары кешеуілдеп қалған, тек ескіше ғана ойланып, ертегіге сеніп өмір сүретін сақалы бар мақалы жоқ, сондықтан сөздің астары түгіл, тура мағынасын да теріс түсініп, қоғамдық ұжымдық өмір салтына жоғарыдағы есі кеміс пенделерден де көп зиянын тигізеді. Сыртқы бейнесіне қарап ондай пенделерге ақылы жетілмеген, көрсе қызар және надандар үйір болады және соңдарынан еріп қатарларын толтыра береді. Жалпы халықтың сананың тежелуіне зор ықпалын жүргізеді.

     Осы қоғамдағы екі тап та негізінен өздерін; бірі халықтың мүддесін қорғаушы, еркіндікті рахат өмірді көрсетуші, екіншісі халыққа мәңгілік өмір, жаннатық сый, көп еңбектенбей-ақ тура жолды тауып жаратқанның досы болуды көрсетушілерміз деп есептейді, солай үгіттеп өз сенімдерін үйретеді. Бірақ сенімнің заман қиындықтарымен үнемі қаралық, жамандықтарды жеңіп, қиындыққа төзіп, бейнеттер, михнаттар кедергілерінен ақыл, білім, ғылым жетістіктерімен және ағайындық, ұлттық, ұжымдық бірлестіктерді сақтау арқылы және сол өзін жаратушы құдіреттің әрбір қасиет иелерін, белгілерін тауып қарыздарын құлшылық, ізгіліктермен өтеу арқылы ата-анасының, бабаларының ақыл кеңестері арқылы ғана жетуге болатынын біріміз білсек көбіміз қарсымыз. Сондықтан біріміз тек намазды оқып жетуге болады десек, біріміз білімді көбірек алсақ жетеміз, тағы бірлеріміз басшылықты өзгертіп әділетті қоғам құру арқылы жетеміз, енді бірлеріміз экономиканы дамытып, қарынды тойғызсақ бақытты қоғамға айналамыз немесе шет елдің барлық өнерлерін, қылықтарын меңгеріп, солар сияқты әйел, еркек теңдігін қалыптастырып, бәрін заңмен реттеп отырсақ, бақытты қоғам құрамыз деп, шортан балық суына, аққу көкке, бақа шаян өз ұясына қарай қазақтың тарихи арбасын әр түрлі бағыттағы сенімдеріміз орнынан қозғалтуға шамасы келмей жатыр.

      Ал бұндай жалпы халықтық ұлтымызға жат сенімдер қозғалысын кімдер, қашан қалыптастырып үлгерді? Бұдан басқа арбаға әлі жегілмеген тек жатып алып, барға көз алартып, байқамаса қымқыра салуға, жоқ болса еңбек етіп іздемейтін немесе үкімет дайындап берсе алуға, тұтынуға ғана арналған сенімдерімізді арбаның қай жағына жегуге болады? Олай болса сенім әрбір жеке адам баласының да, сол өмір сүрген қоғамның да тарихи дөңгелегін қозғалтатын, ұжымдық арбасын алға сүйрейтін, өмір сүруге деген құштарлықтың, адам баласының бір-біріне деген махаббатын, ер мен әйелдің іңкәрлігін және ұрпақ әкелуге құштарлығын қалыптастырып, бір-бірімен жақсылық істеуде жарыстырып қоятын және содан әсер алып, рухани ләззатқа бөлейтін күш болып шығады. Ондай сенім күші жойылған немесе әлсіреген адам баласы өмірден түңілу, әйел мен еркек, ана мен бала, ағайындар арасындағы мейірімділік, туысқаншылық сезімдердің әлсіреп, қара кері әсер беруші күштердің қақпанына түсіп, теріс қылықтардың, мейірімсіздіктің, жаман әдеттердің жетегіне еріп, отан, қоғам жауапкершілігін мойындамай, тек тұтынушы және төгіп шашып, тартып алып, қашып кетіп, т.б. азғындық әрекеттермен өзіне өзінің сенімсіздігін жасыру мақсатында қылмыстарға барып, тіптен өзін-өзі жойып жіберу әрекеттеріне мойын ұсынады. Бұдай әрекеттер жалпы қоғамдық көпшіліктік әрекеттерге ұласса сол елдің апаттар мен ауруларға, ұрпақтардың рухани әлсіздік ауруларына ұшырап, жер бетінен ұлт ретінде жойылуы тиісті тарихи шындық. Олай болса сенім қуатын кімнен алуды, қалай тәрбиелеуді, кімнен қалай үйрену керек деген сұрақ туындайды?

     Сенімді менен немесе бізден үйренсең бақытты боласың деп діни топтар, болмаса қоғамдық ұйымдар құрып, ел кезіп кітаптарын таратып жүргендер жеткілікті, алыстан іздеудің де қажеті шамалы. Әрбір ондай пенделердің артынан еру үшін әуелі сенімнің көрінісін, күшін білу керек. Сенім күші қандай болады? Егер қазақ аталарымыздың сенімі болмағанда аз ғана халықпен әлемде 9-шы көлемді жерді иемденіп отырар ма едік? Және қаншама батырларды, ақындарды, билерді, әділетті хандар мен ғалымдарды дүниеге әкеле алар ма еді? Сондай апаттардан да, қиындықтардан да, өзге елдің бодауында болса да өзіндік ерекшелік қасиетімен белгілі болып сақтай білген халықтың жақсы жүріп келе жатқан жолына кімдер бөгеу қойып, шындықтан жаңылыстырды? Бұндай жағдайға түсуге кім шақырып жүр? Құдай емес әрине. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген аталарымыз. Батыс елдерінің әйелдеріне ұқсап қазақ әйелдерінің де май басып, бала тумай шіріп, артынан тұздың (қыздың) сасуына кімдер мәжбүрледі? Ал «тұз сасыса не себеді?». Сенім деген емі бар еді ғой тарихта? Сондықтан енді бұл жерде ата-баба тарихынан көрсеткен амалдардан жазғанмен пайда жоқ, көбіміздің аталарымызға, олардың ұстанған салтына, дініне сеніміміз жоғалды да ертегіге санап, қайта жер басып, жаратылып пайда болмайтындай, бас көтергенін керісінше тұншықтырып жатырмыз. Қаншалықты әділетті, сенімді шынымыз туралы білім алу үшін алдымен жалпы әлем халқының жадында қалған кітап болып жазылған киелі кітап мысалдарына тоқталғанымыз жөн. Абай атамыз айтқандай; «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адасу керек.» Көппен көрген ұлы той деп те атаймыз. Бірақ қандай той және қай көптің соңынан еру керек?

     Құранда жаратушымыз пайғамбарымызға көптің соңынан ілессең адасасың деп ескертіпті. Және Абай атамыз бар жамандық та, надандық та, зұлымдық та көптен шығады деп өз сөзіне қарсы болды ма? Жоқ, ол көбіміз жер басып жүретін тірілер емес, өлімнен тірілген тірілерді айтамыз. Сондықтан аталарымыз өлі көп пе, тірі көп пе деп астарлаған! Сол көптің ішінен ең озаттарын Алланың сүйген құлдары, достары деп атайды. Сондықтан әр тірі жүрген пенде баласы өз төртеуін түгелдеп барып, төбеден келетін бесіншісін ақыл құсы жұлдызын табу керек. Онда енді қай елде, ұлтта тылсым ақылын тыңдай білген, өз дінін алған кереметтер, дәлелдер көрсеткен ғұлама әулиелері, тура жол көрсеткен елшілері, сенімнің батырлары көп болса сол ел кітап берілген тура жолдағы елдер сапына жатады. Әрбір үйренетін, үлгі алатын ғылым, білімнің бұлақ көзін тауып, оны аршып қайда құйған көлін көпті неге іздемеске? Адамзат тарихында қысқа уақыттың ішінде ерекше белгімен келіп сенімнің негізін, бұлағын, жоғары белгісін көрсетіп кеткен Ғиса пайғамбарымыз болып табылады. Ал адамзат тарихындағы бар діннің тұжырымы, білімі болып және жаратылыс құпияларының бар сырын қамтығын кітаптар жинағы, діні-Тәурат болса, Зәбур-жан сырын, ақыл, білім, естілікті жетілдіру кітабы болып, Інжіл келесі ішкі әлем сырын қамтыған адам рухының құпия сыры мен жан сырына Тәураттың жаратылыс біліміне жалғану кітабы болып, ал құран осы үш кітапты, намаздарының орындауларын және толық кемел адамды қалыптастыруға негізделген, жаратушы тарапынан бар түсірген кітаптардың кілті болып, діндердің бірлігін қалыптастыруға негізделеді.

     Бұл діндер бірлігін қалыптастыруға заман тарихи оқиғалар кезеңін бұрынғы адамзат басынан өткен оқиғаларды қысқартылған түрде қайта қайталану барысында адам баласы білімін жетілдіріп, ақылмен өлшеп, сол діндер оқиғаларын бастан жеке-жеке және бүкіл халық, әлем болып електен өткізіп, түп негізге қайта қосылу барысында тұтастай ислам діні болып қалыптасу керек. Бірақ адам баласы білім жетістігіне мастанып керісінше өзара көре алмастықтың кесірінен топ-топқа бөлініп, дінді біріктіру орнына жеке-жеке аталарымыздың бастарынан өткен дін уақиғаларына жалғанып, кейбіреулеріміз өзге елдердің тарихына, қылықтарына жалғану арқылы діндер майда бөлшектерге, секталарға айналып, білімнен, ғылымнан мүлде ажырап, кері қарай надандыққа түскен уақытта діннің тірілуі яғни өліктердің қайта жаппай тіріліп, жер басып жүргендермен байланысқа түсіп, таза рух пен қара күштердің, теріс рухтардың көрінбейтін, бірақ адам тағдырлары арқылы бейнеленетін соғысы басталады. Сондықтан қазақ аталарымыз да халықтың сенімі өліп азған кезде; «Жерден Мәді шығады (дін имамы) көктен Ғиса (періште болып) түседі» деп ескертуі бекер емес.
Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды, Құдайсыз қурай сынбайды деген аталарымызға нанымына сенгеніміз де жөн болар. Ал дін имамы Мәді кім? Әрине ислам дінінің соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағаты 47-сүре арқылы «Мағди» болып бейнеленеді, кітаптарға жалғанып, ізгілікті хикметті істер болып және сүйікті құлдарымен атқарылады да.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *