Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 50

                            Байтасов  Тоқберген  Кескірұлы.

          Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар

                                                            4-ші кітап

                                                       Алматы-2011

Бабалар өткен сара жол Ата жолы — «Алла жолы»!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тартқанын айт! Елдігін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауыздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті қастерлі  білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт!

                      

Сенім-жан, шуағы-шам.
«Ешкім шам жаққан соң оны ыдысымен бүркемейді, не төсек астына да қоймайды. Қайта, үйге кіргендерге жарығы түсу үшін шам қойғышқа қояды. Себебі мәлім болмайтын ешбір сыр, жарыққа шығып жария болмайтын ешбір құпия жоқ.»
( Л; 8-тарау) Ғиса пайғамбарымыздың өсиетінен.

     Сенімді жалпы жан тану ғылымында да сөз танушылар да, діни сауаттылар да дін деп атап, дін тек сенімнен пайда болады деген жалпы әлем халқында қате түсінік қалыптасқан. Бұндай жағдай сөздердің ұрланып, қуаттық мәнінің айырылуынан жан ғылымының жоғалуының басты себебі, көрінісі. Әрбір жаратылыстың көрінетін, көрінбейтін заттық емес көрінісінің бәрін сол жаратылыстың діні деп атағанымыз абзал. Егер айнаға қарасаңыз сіздің бейнеңіз пайда болады, яғни ол сіздің тәндік қуаттық бейнеңіз, шамыңыздың жарығы, бүгінгі шыныңыз-сеніміңіз. Бірақ ертең, онан кейін қалай өзгеретініне көзіңіз жетпейді. Сеніміңізге шамыңызға риза болсаңыз, көңіліңізге қуаныш кіріп, жұмысыңызды әрі қарай жалғастыра бересіз, ал көңіліңіз толмаса түзетуге тырысасыз. Бұл қарапайым ғана сипаты. Негізінде сенім қуаты шын ақыл мен (білім) анық ақылдың (наным) бір-бірімен келісімге, қарсылық тартыстарымен пайда болған істен туындаған үшінші қуат жан-жағына жол тауып жүруге жарығын түсіруге тиісті. Кейде бір тығырыққа тірелгенде жолыңды ашу керек дейтін әңгіме осы сенімнің жоғалуынан көңілдің қараңғылануын, болашаққа азық алмаудан пайда болғанын ескертеді. Сенім біздің болашақты болжап іс қылуға арналған, өмірдің тәжірибесінен, оқып біліп, өткен тарихымызға, ата-бабаларымыздың өмірлік тәжірибесіне нанып жинаған азығымыз яғни қуаттық ақшамыз. Яғни дін де пара, болмаса рухани жалақымыз.

     Осы қуатымыздың қалай, қайда жұмсауымыздан түсінік атты төртінші байлық пайда болады. Наным-кешегі шын, ақыл-білім, бүгінгі шын, сенім-ертеңге керекті шын. Ертеңгінің болашақтың азығын заман өзгерісіне, уақыттың түрленуіне, әр түрлі шаруашылық нәсіптік байлықтардың өзгерісіне байланысты жаратқаннан діннің қағидасын түсіріп қойған. Сол қағиданы орындауға өзіміздің ақылымыз толық жете қоймағандықтан енді елге жіберілген, арамыздағы уәкілдікке бұйырылған жолбасшы, дін басшы, ел басшыларына сеніп дінімізді толықтыруға, осы сенім қуатын жұмсауымыз шарт. Діннің заттық сипаты су болып, егер дінсізбін дегеніміз су ішпеймін деген ақымақтың сөзіне келеді. Әрбір жаратылыс нәрсесінде бос кеңістік болады. Сол бос кеңістікке өз үйін салуды діннің қағидасы деп түсінсек, онда сол бос кеңістікті не өмір суымен немесе күнәмен, өлім уымен толтыруымыз осы сенімнің жұмысы болып шығады. Сенімнің өнімі май немесе бал. Оның да қарама-қарсы жағы бар. Сондықтан дінді тек адам баласының сенімі деп алсақ, онда сенімде білім, ғылым және ақылдың белгілі бір қалыптасқан шамасы болуы керек. Онда адам баласы қайдан келгенін және өз тағдырының немен аяқталатынын, күні ертең алдында қандай оқиғалардың күтіп тұрғанын, қалай өлетінін немесе мүлде өлмейтініне және өзіне керекті денсаулықты, бақытты, уақытты қажетінше алатын мүмкіндігіне де сенімді болу керек. Сондықтан егер білімділігіңе нанып сенсең білімің куәлікте; үкіметтің сені барлық азаптан, сынақтан арашалай алатынына нанып сенсең заңың куәлікте; дәрігердің аурудан емдеп, өлімге араша түсетініне нанып сенсең онда дәрігерің куәлікте; ақылыңның сені қандай да бір жағдайдан, тығырықтан алып шығатына нанып сенсең онда ақылың тұрақты түрде кепілдікте, куәлікте жүру керек.

     Сенім сенің тағдарыңның жазушысы, періште орындаушысы, қайғы-қасіретте қол созып жәрдемге келетін адам баласының қасиетінің, парасатының көрінісі. Сондықтан кейде денсаулығың, кейде қаражатың, кейде бақытың, кейде басың жоғалатындай жағдайға түскеніңде сол кепілдікте тұрған табынып жүрген Алланың құдіретін бағыштап, сенім-куәлігіңнен дұға тілекпен сұрағаныңда тілегің орындалып, жоғалғаның орнына келетін болу керек. Сенім әр пенденің діні, қорғаушы желеуші тәңірі, Ол сенімнің де әр халыққа, ұлтына сай ата-бабасының көкте егіп, кейінгі ұрпақтары орып жемісін жесін деп қалдырған ақыл егіндігі десе де болғандай. Сенімің сол егінді орушы қуатың, тәңірлік сипатың. Олай болса сенімің — сенген тәңірің сол егінді орып бастыруға құдіретті ме? Әр пендеге ерекше бір «кәлләдан» беріліп, соған лайықты діні сенімі-ақылы бар. Егер мемлекетіміз діннен бөлекпіз деген заңы болса онда мағынасы; өзімізге-өзіміз сенбейміз, ішкі еркіндігіміз жоқ, сондықтан рухани яғни ақылымыз тұрлаусыз, басқа сенімді мемлекеттердің бодауындамыз деген ұғымды білдіреді. Мейлі үкімет басқарушылары сенімсіз, еркіндіктері құлдықта бола берсін, бірақ әрбір жеке пенденің өз діндерінің, сенімдерінің арқасында қазақ деген мемлекеттің тұтастығын құраймыз.

     Негізінен мемлекетке қарап халық құрылмайды, керісінше халықтың сенімінен, ниетінен мемлекет құрылады. Сондықтан ондай егіндікке еркін жіберілгеннен қарны тойып күпті болғаннан, аш болған кездегі жағдайын ұмытқасын не айтпайды, кешіре салыңыз иманның бір шарты ғой. Олар егіндікте жайылып жүре тұрсын, біздер әрі қарай талқылай береміз. Өмір бар жерде қаза бар, қайғы бар және қайта тумақ бар, сондықтан міндетті түрде дін де бар. Дінсіз адам баласы хайуан сияқты өліп, артында із де, белгі де қалмас еді. Өлімді және қайғы қасіреттермен, тіпті қуанышты бір-бірімен бөлісіп қуана білуді де дінсіз атқару мүмкін емес! Біреуді қуанту үшін, сыйлау немесе сый беру үшін де әр түрлі ортақ ырым, сенім-наным керек, онсыз тағы ортақ тіл табысу дін амалынсыз, нанымсыз болмайды. Демек адамзаттың бір-бірімен ортақ тіл табысудың қандай да бір түрі болмасын дін болып табылады. Әр елдің өздеріне тән амандасу, хабарласу амалдары да дін. Мылқаулардың бір-бірімен сөйлесу тілі де дін. Сондықтан хайуанда да діні бар, тек біз түсіне алмаймыз.

     Енді сол діндерді бір жүйеге келтіріп әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналдырып, оны орындап жүруді міндеттеп, атадан балаға аманаттап тәрбиемен, үйретумен беріліп отырса онда сол елдің, халықтың толық діні немесе нұрландырушы кітабының көрінісі болып табылады. Тек сөз жүзінде қағазға түскенді дін, ал қалғанын адасқан деп шешім беру надандардың немесе шайтан адамының ойы. Олай болса ата-бабамыз қазақта жаратылыстан дініміз болып, дамытып, түрлендіріп, заманға сай сәйкестендіріп, жоғалмасын деп таңбалап мақалға, нақылға, өлең қиссаларға айналдырып санамызға жазып қалдырып отырған. Және құдайға шүкір, жалпы қазақ қалам ұстап білімді аталғаннан бері тегімізді және бабаларымыздың кім болғанын, керемет болғанын жарыса жазып мақтанып құрмет тұтамыз, «серік, шерік» дегеннен қорықпай ескерткіштер салып, білгеніміз құран бағыштап, зираттап ақиретпен кездесуді іздеп жүрміз, демек онда бекер емес бір сыр бар, онда дініміз болған, тек араптардан ғана үйренбегенбіз, бұрыннан қанымызда бар және әлі де өзімізде де болу керек. Тек өзімізге-өзіміз баға беріп айнаға емес, рухани болмысымызға үңіліп қарап, сосын тақта отырған дінін жоғалтқан басқарушы көкелерімізге де жабылып түсіндіріп, болмаса жалынып көрейік, өзгенің емес, өз дініңді іздеп көріп, тауып, сенімді адам болшы!- деп. Мүмкін жартылай болса да түсінер. Сондықтан ол үшін шежіре атты тағдыр кітабымызды зерделеп оқи білуіміз керек.

      Олай болса негізгі дін кітабымыз шежіре болып, бұрынғы өткен бабаларымыз нені білген, нені ұмыт қалдырған, қандай оқиға, сынақтарда қандай амалдар қолданған, қалай емделген, қалай ұрпақ сабақтастықты қалыптастырған және соған байланысты қандай еңбектерін, өсиеттерін қалдырған? Ал барлық ғылым, біліміміз, елдер тарихы шежіреден тараса, осы тарихтың кейбір бөліктерін, оқиғаларын ғана түсіндіріп мысалдармен, ақылдармен түсірілген төрт киелі кітап та осы шежіренің ішіне кіріп кетеді. Ғылымның негізгі заңдылығы төрт арқылы бесті табу керек. Әрбір бесінші – білімнің бұлағы. Құранда да солай ескертеді. Себебі, киелі кітаптар бүкіл адамзаттың тарихын жалпы суреттегенімен, ішкі негізгі оқиғалар басқа кітаптарда жеке халықтар жадында, яғни жерден алатын азығында, қанында, көкте. Сол әр халықтарға берген дін кітаптарын негізгі төрт кітаптың қағидаларымен, яғни негізгі оқиғалармен біріктіре отыра ғасырлар бойы бір-бірімізге бірігуге тұтастыққа жақындай беруіміз керек. Сонда өзімізге тән ақылымызды өзге елдің ақылымен, шығармашылығымен ортақтастыру белгілі бір шешімдерге келіп ғылымын ашып, ортақ ғылым арқылы ғана дін бірлестігін қалыптастыру арқылы жаратылыста да бір ақылдан яғни шежіре тарихымыздың бір жерден тоғысатынын бір ұлттан, бір ата-аналардан жаратылғанымызды түсіне бастаймыз. Ал ақылдан немесе тарихтан емес, маймылдан жаратылдық дегендерді қайда қосамыз?

    Қазақта «кірме» деген сөз бар, мейлі аталары маймыл болса да қазақша сөйлесе, ішеп жеп арамызда әзірше жүре берсін  солай. Кейін «кірмелерін» немерелері түсіндірер. Ал сіздер мен біздер анық ақылдан жаратылып, байқамай жаңылысып, ақылымыз азып, түрлі тілдерде шүлдірлеп сөйлеп, қайта ақылымызды толықтыруды, тазартуды ойлаған, сондықтан оған қосуға діншілер «шерік» деп атаған ақирет сатыларынан өтіп, «тазарған ақылды» іздеуші яғни иман келтіруші қазақпыз. Қош, олай болса қазағым қазіргі дінді тек араптан алдық, арапқа ұқсап қана адам боламыз деген не шатпағымыз? Кімдерге қазақты маймылдан таратып, өздері діннен жаратылып, рухани үстемдік құрғысы келетінін келіңіз бірге іздеп көрейік. Егер қандай да болсын мемлекет, ұлт, ұлыс және адам баласы жаратылыс өзгерістеріне; күнге, айға, ауа-райына және сол жер бетінде, аспан астында өмір сүріп жатқан жаратылыс себептеріне тәуелді болса онда ол міндетті түрде Алланың жолында өмір сүріп жатыр, яғни өзіне тән тағдыры, діні жаратылыстан белгіленіп жазылған. Егер арап елі әлемдер елімен ешқандай себептік байланысы жоқ, жеке күні, айы, т.б. тіптен өмір, тіршілік қамы үшін сауда-саттығы да тәуелсіз болса онда діндері бөлек, қалған елдер соған ғана себепті байланса онда дінде бағынышты болуымыз керек. Ол мүмкін емес, керісінше арап елінің мұнайын алып, орнына өзге елдің дайын тамағына, т.б. өнімдеріне де мұқтаж әрі басқа елдегі өзгеріс апат оларға да зиянын немесе әсерін тигізеді. Олай болса дінде тепе-теңдік ортағымыз бар. Ал Алла жолының ішкі қарсылық заңдылығы бар. Ол қарсылықты Ібіліс жолы деп атайды. Сондықтан мейлі надан, мейлі басқалай жартылай адам немесе маймылдан тарап яки «аспаннан аяғы салбырап» түссе де Алла жолында өмір сүріп солай өледі. Енді еркіне қарай тағдырын жақсарту, денсаулығын түзеп, әртүрлі қасиеттерді меңгеру арқылы ерекше бір жетістіктерге жетіп бақытты өмір сүргісі келсе, онда дін жолының белгілі қағидаларын орындау арқылы ғана мүмкін болады. Қандай да болсын ғалым, әкім, өнерлі, т.б. қызмет саласындағы жетістіктер болсын осы діннің белгілі бір қағидаларын орындау арқылы ғана жетеді. Білім алу-намаз оқу, ал жаратқанға жалбарынып намаз оқу да сәжде — намаз оқуы. Бірақ осы оқудың да, ғалымдықтың да немесе Аллаға жалбарынып намаз оқумен ғана шектеліп, қалған тірлігінде өмір сүреген ортасына, халыққа, тіліне, т.б. ғана емес, өзіне ғана тілімен сөздің қуатын жоғалтып зиянын тигізетін болса онда сол оқыған намазымен-ақ сенім қуатын жоғалтып, түсінігі азайып есі толмаса, онда ақыл кемістігін, ауруды, сынақтарға түсумен дінінің көрінісімен «ібіліс жолы» болып есептеледі. Сондықтан қазақ елі тұтастай Алла жолында өмір сүргенмен жартыдан көбіміз және ел басқарушыларымыз, дін басқарушыларымыз да ібіліс жолын таңдағандар болып есептеледі. Аз болса да иман жолында болса ұрлық істеп, өтірік айтып зұлымдықтарға ұшырамас еді.

     Әрине әрбір сөздің иманмен жиғанның нақты дәлелін істермен көрсетіп және киелі кітаптарға ғылымға сүйене отыра, сөз ғылымынан дәлел келтіре алмасам немесе ол дәлелдерім ғылымда негізсіз болып шықса онда мен де ілімді, білімді меңгердім дегенмен бәрібір «ібіліс жолындағы» пенденің бірі болып табыламын. Өйткені ой жорумен пәленшекең айтқан екен, атақты ғалым дегенге сүйеніп таза ақылға жүгінбегендіктен, өзіме-өзім зұлымдық жасағаныммен бірге, елді тура жолынан жаңылдырушы нағыз ібілістің көмекшісі болғаным. Сондықтан қандай да бір адам баласы сізге; «Алланың жолында жүрсің бе?» деген сұрақтарды қойса, онда өзін ібіліс жолындамын деп куәләндіріп тұрғаны болып табылады. Онда адамзаттың сенімін үш топқа бөлуге болады. Жалпы адамзатқа ортақ сенім Алланың жолында болып, қандай да бір тіршілік үшін, өмір қамы үшін қажетті қасиеттерді меңгеріп, білім алып, өнерлерді меңгеріп, ұрпақ жалғастырып, қоғамдастық заңдарын қалыптастырып өмірдің базарын жүргізу. Екінші ібіліс жолындағы сенім өмірді өткінші деп ойлап, қалайда өзінің үстемдігін көрсетіп, біреулерді құлдап, біреулерді алдап, әйтеуір тек өзгеден артық болсам деп, сол жолда барлық ғылымның да, өнердің де жетістіктерін пайдаланып, біреулерді паралап, екінші біреулерді ағалап, «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жалғанды жалпағынан басып, өмірді кешіп, түбі ұрпағы азып, өмірінің соңы қайғы-қасіретке айналатын өмір заңдылығы болып табылады. Ал тағдырдың жіберілген қиындықтарын жеңу мақсатында сынақтарға мойын ұсынып немесе берілген нығметтеріне рахмет айтып, әрі қарай нығметтерді берекеттендіріп тұрақтандыру жолында діннің белгілі қосымша амалдарын орындау барысындағы тірліктер Алла жолы әрі дін жолы болып саналады. Ал тек өзін ертегіге айналған жаннатқа кіріп, болашақта басқалай мәңгілік өмір сүрмек мақсатында тек дін жолындамын деп басқалай адамгершілік амалдардан бас тартып, өзін-өзі қинап, қалыпты жан-ұя құрып, тіршілік амалдарын жалғастырудан, ізгілікті істерден бас тартып біреуін шайтанмен, біреуін жынмен қорқытып, келіп қалды, көріп қалды, араптардың шариғатына ұқсамай қалды, т.б. өзін жаратқанның дінін немесе Алланың кітабын қорғаушы етіп көрсетушілер таза «ібіліс жолын» таңдағандар, яғни діннің тұтастығын бөлшектеп қиындатып, ақылға сыйымсыз өмір тіршілігінен ажыратушылар яғни толықтай білімсіз, азғырушы, кітаптардың арасын бөліп бөлшектеуші надандар.

Ата жолы кітабы №4

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *