Үмметтік кітабымыздың оқылу құпиясы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 56

      Негізінен әрбір заманның уақыты ішкі мезгілдік қозғалыстан тұрып, ал заманның толық сипаты 4 мезгілден тұру керек. Ал, әрбір төрт мезгілдің өзара ерекшеліктері болып, ішкі қозғалыстық себептері 3 түрлі себептен тұру шарт. Жалпы бүкіл құлшылық есебі аятта; «..Үш кісі сыбыласа; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…» (58-7) деген аятпен 3;4-және 5;6 сандарымен ғана анықтау керек екенін қатаң ескертумен қатар тек хижра жыл санымен құлшылық істерін қалыптастырған масһаб білімнің жалғандығын да ашық білдіреді.  Сондықтан үшінші қозғалыстың сандық мәнін табу үшін хижра және григориан арасындағы сандарды өзара қосу арқылы және бұл сандардың жұп, тақ және апта күнімен байланысты үш түрлі төрт кітаптың  күнделікті адамзатқа оқылатын аяндардың несібе, нығметтің саны пайда болады. Мысалы бүгінгі күн Хижрамен-7, Григорианмен-30 болса; 30+7=37; 1-дүйсенбі және қосындысы 38 санымен құран сүресі және аяттарының бізге жасырын жұбына, негізгі кітабынан аяндар, уахилар оқылып, соның қарсылығы болып, түстер де осындай сандық мәндермен адамзатқа көрсетіледі. Сондықтан сынақтардың, соғыстардың, адамдардың бір мезгілде індет ауруларға, тымау дерттеріне немесе жынданып түрлі әрекеттерге, оқыс оқиғалардың туындауына да осындай сандардың үкімінің Раббыларымыздан бір мезетте адам баласына оқылумен байланысты. Ал кейде бұндай өлшемдердің, сандар мәндерінің апта күнімен ұқсастығының жылына қайта-қайта қайталануымен немесе мүлде 2-3 жылда бірақ келумен құпия сырлары да бар. Бұл сандар жер бетіндегі болатын оқиға, мезгілдік аусымдарға да әсер береді. Енді бұл жұлдыз санауға яғни үркер жұлдызымен айдың тоғысы тұрақты 11-санды мезгілдік сағаттың нәтижесін зерттеп қоссаңыз астрономияда біз білмейтін әлі де талай құпиялар заманына қарай ашыла берері сөзсіз. Және барлық ислам құлшылығын негізгі саны, яғни апта ішндегі күндердің белгісі 1-7; сандарымен және айдың сандық белгілерінің күннің белгілі дәрежедегі сандық мәндерімен кездесуінен ғана оқиғалардың себептік қозғалысы пайда болмақ. Сондықтан заман мезгілінің ішкі себептеріне, яғни «Уақ»-тың негізгі қозғалыс, қолғабысының шамасына мән бермей, тек хижра жыл санау есептік жүйесімен, яғни заман мен дәуірдің, өткен тарихи оқиғалардың кездесу мәнімен ғана құлшылық істерін қазыққа байлап қоюдан өткен әлем ғылымында надандық та, дінді бұрмалаушылықтың үлкені жоқ.

      Мысалға жыл ішіндегі қыстың қандай болуы қалған үш мезгілге де тәуелді. Сол сияқты көктем қыстың қалай аяқталуымен, жаздың қалай басталуына және қарама-қарсы күздің қандай болғандығына тәуелді. Сол сияқты хижра да екі түрлі мезгілдік, дәуірлік қозғалыс өлшемін туындатады. Қазақтың жыл санауындағы үркер жұлдызымен 11 рет айдың кездесуінен жылдық ықылым пайда боласа, ал 11 жұлдыздың Хижра жасап, аймен кезекті жүздесуінен дәуірлік қозғалыс негізі пайда болады. Күн де осындай екі қозғалыстық 12 аймен және ішкі 13 сайрандардың орнынына тәуелді ықылымдық замандық уақыт пайда болады.  Енді осындай ай мен күнің жүрістерінен туындайтын замандық белгі де айлық яғни хижралық; 11+12= 23 санымен, яғни сәждемен көрінісін берсе, ал күнтізбелік; 12+13=25 санымен қозғалыстық, құлшылық істерін, тіршілік бойынша намаз орындаумен ерекшеленеді. Сонымен бірге негізгі күндік, жарықтық уақыт негізінен 4 түрлі қозғалыстардың және жер мен көктің тербелісі мен 6 уақтан тұру шарт. Және 7-ші апталық өлшем  осылардың бәріне кезек-кезек қонаққа барып дәм татумен, әлемнің үндік негізгі кітабы 7-мен, яғни жеті үнмен оқылып отырады. Ал енді бұндай тұрақты кітап алуға жалғану үшін ислам әлемінің бар діни топтары ұсынып жатқан тек хижра замандық санауға негізделген сопылық түрлі ұстанымдар жарамсыз және жетімсіз де. Сондықтан осы жазбадан кейін де, алдағы кітаптың қалай жазылуы да күнделікті өзгеріп тұратын Раббымыздың нұсқауынан, қандай насихат беріліп және оны қанша күнде бітіру де құдайдың қалауында болмақ. Және күнделікті болатын, алдағы күтіп тұрған жаратқанның түрлі халықтың «биғаттығына», яғни уәделерін орындау ниеттеріне байланысты болатын оқиғаларға да тәуелді болатыны хақ. Кейбір сыналуға тиісті азаматтардың, ел басқарушы және ғалымдардың егер тәубеге келіп, қателігін мойындап; ата жолына, дәстүрлі дініне тәубе, шүкірлік сәждесін жасап жатқан болса, онда неге әрі қарай халық алдында берген теріс пәтуасын, күнәсін әшкерелеуіміз керек? Ал оны да танымай, білмей, көрмей-ақ қазақ елінің тұрғындарының жазылып жатқан тағдыр кітабын оқу арқылы ескертетін Раббымыз емес пе? Бұл мысалдарды мақтану үшін жазып отырғаным жоқ, осыған дейінгі басылымдағы негізгі ақпараттарды ойымнан шығарып, мансаптыларды партияға бөлініп қудалау мақсатында; атақ, дәреже іздеп жазбағанымды білдіру үшін ғана. Ал дін жолында ізденген адам баласына дүниелік дәрежені құдайдың берген, көрсеткен нығметінен жоғары бағалаудан кітаптың, «жіптің» үзілумен бірге жүрек көзінің жабылуына әкеліп соқтырады. Және әрбір дін жолында Алланың нығметін, көрсеткенін алған әрбір адам баласы, өзінен биік шәкірт тәрбиелей алмаса, онда ақирет несібесінің сыйынан да құр қалады. Енді мансап қуып, «мені десін» дегендей; хазірет, шейх ғұлама, философ, теолог, психолог атанып, ертең шәкіртің немесе қарапайым дін адамдары, білімді жастарымыз  дәрежеңе сай келмейтін қателігіңді тауып және ол дін ісіне де теріс келіп, түзетіп жатса, онан тез өлім сұраған әлде қайда ақылға жөн болар. Бұл мысалмен егер кітабымды оқыған лауазым, шенділер болса, сіздерді сынаудағы мақсатым биліктен, дәрежеден түсіру үшін емес, керісінше сол дәрежелеріңізді орнымен пайдаланып, әділдік жолында қол ұшын созып, сауап жасап, оған жаратқаннан жауабы молынан болсын деген ізгі ниетпен, бұл өмірден жақсы атпен, екі өмірдің де қызығының нығметіне бөленуге септігім тисе, онда еңбегімнің қайтқаны. Ал менің ризығым да, жалақым да Бір Алладан деп күтемін де солай табынып, сыйынамын да.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *