Ата-жолы, әулиелеріміздің жолы және інжіл құндылықтарына жалғану.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 0

       Жоғарыдағы келтірген әркімнің жаратқан берген несібесі, тағдыр кітабының оқылуын негізінен бірінші басылымдағы (1-ші кітапта) баяндалған Мәшһүр Жүсіп Көпей ұлы атамыздың шайтанның он қашыр, бес есекке жүк артып, базарға апара жатқандағы Ғиса пайғамбарымызға кездесіп, оның 15 түрлі адамзатқа, діншілерге ортақ қылықтардың хикметті баянын құран арқылы 15 сандық үкімдер арқылы жүректің зейнеттелуін білдіретін сырды Абай атамыз да; аян, уахи алу арқылы болатын тағдырдың жазуын, адам баласының істеген ісіне, адал еңбегіне, пиғылына тәуелді екенін ашып көрсетіп, бұл жағдайдың тәпсірін өлеңмен өрнектеп кетіпті. Рас сөз-Алладан келетін аян деп ескертеді: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың-ашыған у, ойың кермек. Мұңдасқа кісі жоқ сөз ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек? Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ. Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер-ісі ақылға (аян, уахи) ермек, бойды (жынды) жеңбек, Өнерсіздің қылығы-өле көрмек. Шыға ойламай шығындап (Алла жолында мал жұмсап) қылық қылмай, Еріншек өздігінен көпке көнбек…Арамдықтан жамандық (жын-шайтан) көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек (мінез)…Наданға арам ақылды құлаққа (уахи) ілмек, Бұл сөзден ертегіні (түрлі тәпсір, теріс пәтуа) тез үйренбек. Рас сөздің (аян, уахи) кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға (хикметке) сенбей, жоққа сенбек. Қызыл арай (кемпір қосақ-нұр), ақ күміс (ай), Алтын бергек (жұлдыз сәулесі) Қызықты ертегіге (жолдар, жіп) көтерілмек. Ақсақалдың, әкенің, білімдінің Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек (кітап алу, даналық). Ақылды қара қылды (тағдыр кітабын) 40-қа бөлмек (қырық кітап) Әр нәрсеге (аян жору) өзіндей баға бермек, Таразы да, қазы да өз бойында (елшілік, дарын—кісі), Наданның сүйенгені-көппен дүрмек (масһаб білімі). Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тірі де аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек (Пірім деп табыну). Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек. Сыртансынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек (дінді бөлшектеп). Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен-өзі бір күн болмай ма әлек? (жын кіру, шерік қосылу) Қолдан келе ме жұрт меңгермек (дін ғалымы, хазірет, сопы болып) Адалдық, арамдықты кім теңгермек? Мақтан үшін қайратсыз (кітабын көрмей, бойын, жынын жеңбей) болыс болмақ, Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.».

      Қазіргі таңдағы қазақ еліндегі белең алған діни алауыздықтың  қайдан пайда болып және оның негізгі пайда болу себебін де атамыз нақты көрсетіп және  бұндай жағдайдағы сынақтардан шығар жолын да түсіндірген. Бірақ қазақта зиялы қауым өкілдері ұлттық, дәстүрлі жол-жобасын алмай, Абай танушы, Шәкәрім танушы, дін танушы, философ аталып, дінді мемлекет ісінен бөлумен айналысып, ал осындай жағдайдағы надан ел басқарушыларының  «ұлтымыздың, халқымыздың дін-амандығы мемлекеттен бөлек» деген заңдарының кесірінен халықтың «Адалдық пен арамдықтың» арасын ажырата алмай, қазақ елінің рухани дағдарысқа ұшырауына ғана себепші болғаны да хақ. Әзірге бұндай қауымдықтарымыз өз зұлымдықтарын мойындап, тәубеге келуге дүние қызығынан қолдары әзірге сірә босай қоймас. Ондайлар дәрежелі ел басқару орындарына біреуге ақыл айту үшін барып, енді өзімнің ақылым барлығына да жетеді деген тәкаппарлық болмысын тауып, сондықтан да тылсымнан келетін таза ақылды тыңдауға қолдары да тимейді деп ескерткен Абай атамыз.

      Енді бұндай жағдайда рухани күйзеліске түскен, күнәсін мойындап, ескі рухы өліп, бейтараптық жағдайға немесе қыспаққа түсіп одан шығар жол іздегенде, Раббымыздан жәрдем келетінін барлық киелі кітаптарда, пайғамбарымыз да; «Ғиса пайғамбар аруағы іштеріңнен өткенде не болар екенсіңдер?» деп уайым да жепті. Яғни киелі рух әр адам баласының оң істеріне, қаыйрымдылық шараларына, ата салт дәстүрін, намаздарын азды-көпті орындауына байланысты інжілден 18 саны арқылы рухтан хабар келіп жетекке ала бастайды. Бұл жағдайды інжілде; «Алуан түрлі дарындар бар, бірақ Киелі Рух Біреу-ақ. Түрлі қызметтер бар, ал Иеміз Біреу. Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңа әрекет ететін Құдай Біреу. (Құдайсыз қурай да сыбайды!) Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді. Кейбіреулерге Киелі Рухтан даналық сөз (1), ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз (2) беріледі. Киелі Рух кейбіреуге ерекше сенім дарытса (3), сол Рух тағы біреуге сауықтыру дарынын (4) береді. Ол біреуге кереметтер жасауды (5), өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді (бата, аққу, сұңқар) (6), ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді (7), келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді (8), ал тағы біреулерге соларды түсіндіруді сыйлайды (9). Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынан әркімге жекелеп үлестіріп береді.» (Інжіл-корын. Хат-1 12-тарау).

      Енді рухтың да түрлі сипаттары болып, ал киелі Рух дегеніміз жаратқаннан берілетін таза ақыл болып, оның жолында құлшылық етіп, сынақтардан өтіп, сенім қуаттарын меңгерген  жағдайда ғана иман қуатын алып, өсіріп баптау үшін жоғарыдағыдай дарындарға қол жеткізу діннің негізгі қағидасы болу екен. Бұл сапаны негізгі тіл білімін меңгеру және иманның алғашқы 60бұтақты шарты екенін де Мұхаммед пайғамбарымыз өз өсиеттерімен насихаттап кеткен. Ал біздер ислам дініндеміз деп, сондықтан біздерге ислам діни сауаттыларының ұсынатын, иманды келтіруге арналған тіл білімінің жолы; Аллаға сеніп, намаз оқу және одан жоғарысы арап тілін меңгеріп, құранды өзінше жүргізіп оқи білу, діни жолдың жоғарғы сатылары дарындылықты меңгеру болып есептеледі. Бірақ бұл намаз амалдары иман қуатын меңгеру емес, тек сенімді бекіту үшін және жоғарыда Ғиса пайғамбарымыздан келген сүйінші хабардың, дарындылықтың 9-дан бірін ғана, бойды меңгеру қазақ халқының қазіргі дін танымының негізі болып есептеледі. «Алла кімге жақсылық қаласа дінді терең түсіндіреді. Расында, мен тек үлестірушімін, ал Алла береді. Қашан бұл үммет Алланың әмірін орындауда мықты тұрса, Алланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» ( 63/71) Пайғамбарымыз бұл өсиетімен сендерге дінді түсіндіруші, Алланың әмірлерін оқушы, рухтың негізі болған інжіл арқылы Ғиса пайғамбарымызға берілген шапағатынан болып сондықтан; «Тәурат, інжілді білмесеңдер түк емессіңдер» (5-68) деген Раббымыздың ескертуі осы өсиеттің насихатын ашып көрсетеді. «оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» деген уәденің жоғарыдағы; «Ол дарындарды Өзінің қалауынан әркімге жекелеп үлестіріп береді.» деген өсиетті Мұхаммед пайғамбарымызға жалғану арқылы ғана; «Расында, мен тек үлестірушімін» деп өзінің шапағатшылық сипатын ескертеді. Данагөй аталарымыз; «Жел тұрмаса шөптің де басы қозғалмайды»  деп әрбір аңыз болып жеткен қиссалардың артында жаратушының себептік заңдылығын ескерткен. Бұндай тәураттық намаз орындау нұсқаулары арқылы құлшылық жасау, жоғарыдағы Мұхаммед пайғамбарымыздың ескерткен мұсылмандық құлшылықтың қолы ашық ел билеушілерінің жаннаттық болуының және жаратушы сыйының, сауаптардың жауабы өлімді тоқтатып, өмір жасын ұзартуымен есептелетінін білдіреді. Қорқыт атамыздың кришналық дін ұстанушыларының; «үн құдіреті» деген бақсылық ұстанымын қобыздың сарынымен, өнермен өлімді кешіктіруге, өмір жасын ұзартуға болатын хикметін көрсетіп, сонан; «Өлімнен қашқан Қорқыт» деген аңыз қалып, оның философиялық мәнін дұрыс түсінбегендіктен осындай дін сектасына, өзіміздің ділімізде тұрған құндылықтарды, өнер құдіретін, жалған ағымның пәтуасына айырбастап, төрден орын бергенімізді білмейміз.

      Енді қазіргі таңдағы дін ғалымдарының үлкен қателігі де, бұрынғы заманда өткен әулие ғұламалардың пайғамбар өсиетерін зерттеп және белгілі сандық таңбамен белгілеуін мүлде назардан тыс қалдырған. Пайғамбарымыз сахабаларын; «Сендер 70-ші үммет боласыңдар» деп ескерткен екен. Ал жоғарыдағы өсиетте; «… Қашан бұл үммет Алланың әмірін орындауда мықты тұрса, Алланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» ( 63/71) деген ескертумен 71-ші үммет туралы ескертіп өтіпті. Олай болса  үмметтердің сандық мәніне қарай дін ғылымында меңгеретін сатылары да болып, ал қазіргі замандағы діни үкімдерге байланысты да қазақ халқының өз үмметтік ерекшелік саны бар.

Ата жолы намаздарының пәтуасы  мен масһаб білімінің биғат ерекшелігі.

    Сонымен  енді масхаб біліміндегі намаздар орындаулары мен Ата жолындағы намаз орындаулардың қандай ерекшеліктері бар?- деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Сонымен біздің қазіргі таңдағы орындап жатқан нақты намаз амалдарымыз бен  дін муфтияты ұсынған  масһабымыздың пайғамбар намаздарына 50 сауапқа көз қарасымен яғни нанымымен, биғат-пәтуаларымен салыстыра кетейік: «Жүрекпен, ыстық ықыласпен намаз оқу үшін жасалатын барлық дайындықтар да дәл намаз оқу секілді сауап әкеледі. Сол үшін адам әуелі барлық нәрселерді (??) тастап, намазда өзін алаңдататын  барлық нәрселерден бойын аулақ ұстап, намазға ықыласпен тұруы тиіс. Намазға тұру сәтіне дейін болған барлық сатылар сол адамға сауап ретінде жазылады. Оның ниеті-алаңсыз беріліп намаз оқу. Ал мұсылманның ниеті-жасаған ісінен жақсы. (??)» (Ислам ғалымхалы. 97-бет) Бұл біздің муфтияттың яғни мазһабымыздың ғалымдарының дәлелдеуімен жалпы имамдарымыздың, жамағат «намазхандардың» ұстанған философиялық бағыты. Яғни намаз оқу мен оған дейінгі дайындықтан құнды еш нәрсе болмайды, ата-анаға жасаған қайырлы істерің, шүкірлігің, тәубеге келіп, күнәңнан ақталу істері де, пайғамбарымыз өсиеті, сүннеті, 50 намаздың, сауаптық негіздері де бес уақыт намаз оқудың ішіне ендіріп жіберген. Ал құлшылықтың үш негізін, игілігін рухани жетілдіріп, намаздарын орындап, дін дәстүріне айналдырған аталарымыздың аманаты, ұлттық құндылықтардың, адамгершілік парыздардың салмағы, дәрежесі намаз оқуға қарағанда түк емес. Тек намаз оқу жолында барлық кедергі болатын нәрселерден бас тартып және сол сатылардың бәрі «намазхан» үшін сауап болып табылады екен. Сонымен бірге пайғамбарымыздың; «Бір кешті Алланың жолы үшін халықтың игілігіне арнау мың күн ораза ұстап, мың кеш намаз оқығаннан артық.»(386-өсиет) Үмметімнің машайықтары жаннатқа намаздың, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхаметі, нәпсінің жомарттығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (ибн Әбидүниеден) деген аят-өсиеттерін жалғанға, теріске айналдырған пәтуаларын өздерінің діни сауаттылығына санайды. Бұны жазған мемлекетіміздің басшыларының қолдау көрсеткен Нұр мүбәрәк дін университетінің және муфтияттың бекітілген атақты ғалымдары.

      Сондықтан жастарымыз пайғамбарымыздың өсиетінен, әулиеріміздің аманатынан көрі, бүгінгі таңда осындай арап тілін меңгеріп керемет білімді аталған ағайындарымызға күдіксіз құдайға сенгендей «тәкледи иман келтіруі» де даусыз. «..Екіншіден, аятқа толықтай үңілетін болсақ, ..Елді Алланың жолынан адастыру үшін бос сөздерді сатып алатын әрі Хақ жолын келекеге айналдыратын адамдар бар..» делінген. Яғни, бос сөздерді жай сатып алатын адамдар емес, Алланың жолына елді адастыру мақсатында сатып алатын және хақ жолын, Құран аяттарын келекеге айналдыратын адамдар деп тұр. Ал хақтың көңілін Құраннан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында атқарылатын қандай да бір істің, тіпті пиғылдың күпірлік екені айтпаса да түсінікті.» (Дін мен Діл. 98-бет) Дін ғалымымыздың бұл берген биғат-пәтуасы өз-өздеріне берген жауабы болып, Құдай адастырғанды түзеуші болмайды деген Раббымыздың ескерту аяттарының бейнеленуін көрсетеді. Және жалпы біздердің ұлттық рухани қазынамыздың жетекшілері яғни «сенімнің батырлары» болып табылатын масһабтық, «Ханафилік» ұлттық діни сауаттылығымыздың және біздің ата заңымыздың да, заңгерлеріміздің де, ел билеушілеріміздің де ақылдылық, ойшылдық, естілік (зайырлық) бейнесін осындай ашық пайымдаулардан көруге болады. Құдайдың құдіретінің өзі сонда, бұлар өздерінің бір кітапта берген пәтуа әрекеттерінің; «хақтың көңілін Құраннан алшақтатып» яғни ар-ұжданды, аруақ білімімізді, дәстүрімізді Құраннан тыс деген, күпірлік екенін өздері растап отырғанын да білмейді. Бұл жағдайдың Абай атамыздың; «Оймен тілдің арасын қоса білген дана керек.» деген ойшылдықтың негізгі шартын меңгермегенін де білдіреді.

     Енді дін ғалымдарымыздың: «Ал хақтың көңілін Құраннан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында атқарылатын қандай да бір істің..», деген пәтуасынан «хақтың көңілін» іздеп көрсек. Аятта: «Мұхаммед сондай саған уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны (інжілді, Ғисаны, елшілерін) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы.» (35-31) Пайғамбарымызға жеке берілген нұсқаулар хадистердің бұрынғы пайғамбарларға берілген нұсқаулардың растаушысы екенін ескертіп тұр. Ал аяттың сандық мәнінің өзі пайғамбарымыздың інжілді және құранға дейін келген нұсқауларды толық алғанын ескертеді. «Анық хабар алу» деп сүйікті құлдарымен, әулие-пайғамбарлармен тікелей уахи арқылы сөйлесуді ескерткен. Сонымен енді; «хақтың көңілі» Алланың достары, сүйген құлдары болған әулие-әмбилерінің жанында, жаннатында жазылып тұрмай қайда тұру керек? Жалпы масһаб биғатына Абай атамыздың көзқарасымен және құран аяттарымен пәтуа берсек; Егер тура жол Имам Ағзам әулие ұстанған Масһабтан басталатын болса, онда пайғамбарымыз бізге жол басшылықтан шығып қалады. Екіншіден; пайғамбарымызды тура жолдың басшысы деп иман келтіріп, тағы Масһаб тура жол көрсетуші деп пайымдасақ, онда тағы Аллаға ортақ қосып, пайғамбар енді біздерге шапағат үлестіруші болмай, орнына Имам Ағзамды тағайындаған болып шығады. Үшіншіден; «…Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7) деген жаратқанның ескертуіне қарсы шығып, бүкіл құранды теріске алып, өзге ұлттан жолбасшы тағайындап алып, «хақтың жолын келекеге айналдырған» болып шығамыз. Төртіншіден; діннің жартысы діл болып, діл жерге, өмір сүрген ортаға тәуелді қалыптасатын отанымыз, үмметтік белгімізді, ерекшелігімізді, ана тіліміздің үндік ерекшелігін және қанымыздағы імүндік түр қарсылығын қалыптастырып, ал Масһаб діл қағидамыз болса, онда біз Имам Ағзам тұрған елдің үмметімен тарихи шежіреміз, діліміз бір болып, бұл тіптен адамзат даму заңына, жаратылыс заңына  да қайшы. Бесіншіден; Имам Ағзам дін жолымыздың тұрақты белгіленген ұстазы деген пәтуға сүйенсек, онда енді бізге өлімімізде де, қиямет мезгілінің есебі де және пайғамбарымыз ісін алға жетелеуші жетекшіміз болып, тағдырымыздың кітабын оқушы, аян көрсетуші болып, бүкіл қазақ еліндегі әулиелер де, түсірілген кітаптары да, түрлі жағдайда құлдарына қасиет болып түсірген сыйлаған кітаптары мен хикметті істері де; Алланың бізбен ойыны, әзілі болып, жарамсыз болып қалады. Алтыншыдан; Масһаб дін ұстанымының жеке нұрландырушы кітабы, құран насихатының кейінен ашылған құпиясы, түсіндірмесі, санмен белгіленген құран аяттары, пайғамбар өсиеттері, оны растайтын әулиенің еңбегі де болу шарт. Және ол жаратушымызбен алдын ала сендер төрт масһабқа бөлініп тура жолды табасыңдар деген үкімі мен аяты болып, құранмен міндетті түрде бекіген болуы шарт. Осындай хақтан аманат берілген, діл-көңілде жүрген, жанымызды түрткілеп жүрген сансыз сауалдарға жауап беруден бас тартқан қандай да бір дін ғалымы күпірлік жасап, дінді келекеге айналдырған болады.  Жетіншіден; Жоғарыдағы берілген антымыз шариғат-дәстүрлік ерекшелігімізді сақтаудың, Алла жібінің ұлттық, үмметтік сипатын шатастырмау туралы түсірілген «16-92» аятқа серік қосып және діни жолдың негізгі шарты болған «42-13» аяттың үкімдерін терістеп жалғанға айналдырумен Аллаға ортақ қосу болып, кәпір аталу керек. Әрбір діншінің «Ханафи масһабы» тура жол емес, жол деп айтқанның өзінде осы аяттар арқылы бүкіл құранның насихатын мазақа айналдырып; « Ал хақтың көңілін Құраннан алшақтатып» ортақ қосушы болып табылытының да хақ.

     Енді берген пәтуалардың, «биғаттардың» бағасын оқушы өзіңіз ақыл таразысына салыңыз, ал бұл пайымдаудың елдің ішіне бүлік, рухани аздыруға ғана себеп болатын және жаратқанның барлық түсірген дініне серік қосып, ортақ қосушы болғанын пайғамбарымыздың өсиетін де жалғанға шығарғандығынан ғана хабар беріп, нақты дәлелдермен, аяттармен көрсетуге ата жолының рухани сенімнің батырлары атынан Раббымыздың көрсеткен, білдірген хикметті істерін де халыққа ашық көрсетуге; «Біз дайынбыз!». Сенім іспен, амалдармен бекітілмесе, оқыған намаздың амалдары да болмаса, тек өз басыңа дұға тілек жасап, бес уақыт намаз оқумен «намахзан» атану да дінде  күпірлік! Әзірше бір ғана мысал беріп кетейін; «Ал сенім дегеніміз-үміттенгеннің жүзеге асатынына күмәнденбау, әлі де көрінбей тұрған уәденің орындалуына шүбәсіз илану. Тәңірге осындай сенім артқандары үшін ата-бабаларымыз Оның ризашылығына риза болды… Бауырластарым менің, біреу сенемін дей тұра, игі істер жасамаса, онысынан не пайда? Сондай сенімі оны Тәңірінің қаһарынан құтқара ала ма? Айталық, сенуші бауырластарың не еркек не әйел заты болсын, киер киім мен ішер тамаққа зәру жүр дейік. Ал араларыңдағы біреу оларға; «Аман-сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп, ал өзі солардың тәндік қажетін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?! Ендеше сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол-өлі сенім. Мүмкін кейбіреу: «Сенің сенімің бар (намаз оқуың), ал мен жасаған игі істерім арқылы сенімімді дәлелдеймін. Сен «жалғыз Құдай бар» деп сенесің. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның каһарынан қорқып дірілдейді (сәжде жасайды) Ал сен түйсіксіз адам, игі іс-әрекетсіз сенімнің өлі екенін ұқпайсың ба?.. Киелі жазбада берілген «асыл заң» мынау: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы кісіні де солай сүй! Осыны тек іс жүзінде орындасаң ғана дұрыс істегендерің. Егер адамды сыртынан қарап алсаңдар (намазхан, намаз оқушы емес) күнә жасап, Құдайдың заңын бұзушы болып әшкереленесіңдер. Бүкіл Тәурат (құран) заңын орындай тұра, бір жерінде сүрінген адам оны түгел бұзғандай айыпты.» (Жоқан хаты; 2-тарау).

     Інжіл жазбаларындағы рухтан берілген, Ғиса пайғамбарға, елшілеріне оқылған кітаптың Мұхаммед пайғамбарымзға уахи болып берілген ашық аяттарды ислам ғалымдарының мойындамау себебі; «олар құлшылығынан адасты» деп елді үркітеді де, жүздеген пайғамбарымыздың осы тұрғыдағы қалдырған өсиеттерін де жалғанға шығарады. Ал, соңдарынан ерген білімді халық  бұл өтіріктерін анықтай алмас үшін пайғамбар өсиеттерін күмәнді, «сахих», әлсіз деп тек өздері ғана шешім беруге ыңғайластырып алған. Аллаға құлшылық дегеніміз ізгі істер жасау мен білім арқылы әділетті заңдар шығарып және от басын құрып, өсіп-өніп, адал еңбекпен тіршілік ету, дін-ділін тазартып, рухани егінін де өсіріп, түрлі жағдайдағы жаратылыс себептерінің тілін меңгеру деген қағиданы тек дін рәсімі болған; Сәжделік оқу сипатымен жалбарынып, сиынумен айырбастап, ислам діншілері бүгінгі таңда енді намаз оқымайтын адам баласын мұсылман емес, яғни Аллаға құлшылық жасамайды деп, құдай заңын бұзып, өздеріне күнә артушылар және серік қосушылар болып табылады. Жер бетіндегі барлық адамзат баласы өмірге мұсылман болып келетінін және «Ар», «Уақ», «Ман» қуаттарының жалпы адамзатқа ортақ несібе екенін мойындайтын заман келді. Сонымен бірге христиан, тәураттық, забурлік ұстанымдар да құраннан тарайтынын да әлем халқына жариялап, ислам діні барлық діндердің, кітаптардың, 7 түрлі үнге жинақталған «құрандысы», жинағы, бірлігі екенін дәлелдеуге ғалымдардың құранды зерттейтін уақыты өтіп те кетіп, осыдан барып түрлі сауатсыз, тек ілімнің жолына түскен шайтан адамдардың ғана берген пәтуасына иланудан әлемге қайғының қасіретті бұлты елімізге қасірет болып төнген деп біліңіз. Ақиқатқа жүгініп, хикметтерге мойынсұнумен ғана әлем халқы құтқарыла алатынын түсінетін мезгіл де жетті! Ал енді жоғарыдығы «хақтың көңілі» деген ұғымды түсіндіре кетейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.