Әйелдерге ғана тән мінез

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 81

Ертеде бір ғұлама өмір сүрген,

Әйелімен бақытты болған екен.

Бүр күні жолдасымен бәстеседі,

Тексеруге әйелін кекшіл ме екен.

Сояды үйден жырақ қойын өзі,

Қапқа салып етін алып үйге келді.

Ошақтың орын үйде терең қазып

Бір қап етті түгелдей көмген еді.

Жары тұрып бұл іске таң қалады,

Бұл қаптың сырты қан не болғаны?

Сауалына жарының жауап берген,

Адам бұл мен өлтірдім деді байы.

Дауласып арамызда жанжал шығып,

Арты кетті төбелеске тез ушығып.

Таспен ұрып басын жарған едім,

Өліп қалды бейшара жаны шығып.

Тықпасам мен енді сотталамын,

Осыдан басқа жоқ енді амалым.

Осылай бір ай мерзім өтіп кетті,

Әйелі бұл істі жасырды аяп байын.

Бір күні ұзын құлақ өсек келді,

Байының артынан сөз ергенді.

Жесір келіншектің үйінен шыққан,

Көрдім деп байыңды деп сендіреді.

Сұрады тергеп байын қатыны да,

Еркек шайқап басын мойындасын ба.

Ызаланған қатын кетті бермек шағым,

Патшаның жүгіріп барды сарайына.

Жендеттері патшаның да жетіп келді,

Қазып алып, бірге оны алып кетті.

Патшаның алдында қапты ашады,

Қаптағы етті көріп таң қалады.

Сұраған; Мұның қалай түсіндір деп,

Бай атты бұл әдейі өзім істедім деп.

Кекшіл ме екен қатынды тексермекке,

Қойдың етін осылай тыққанмын деп.

Тағы да бір оқиғаны баяндайын,

Қызғанған қатын еді тиген байын.

Емшіге бір күн келіп жалынады,

Дәрі бер мені сүйсін дейді байым.

Емші бұған басын шайқаған-ды,

Мұндай дәрі жасау қиын аңсағанды.

Арыстанның мойнынан жүн әкелсең,

Сонда ғана дәрі дайын бола  алады.

Әйел іздеп аңшыны тауып алды,

Арыстанды тауып бер деп жалынады.

Қайтпайтыныг қатынның аңшының көзі жетіп,

Арыстанның жүрген жеріне ертіп барды.

Көріпті арыстанның еркегін енді қатын,

Қалайша жақындаймын деп сұрау салсын.

Аңшы айтты оған ет беру керек,

Күнде беріп азығын өзіңе үйрет десін.

Қатын күнде орманға ет тасиды,

Бірте-бірте арыстан жуасиды.

Бір күндері қолынан тамақ жейді,

Мойнының жүнін сонда қатын қиды.

Әкеліп емшіге оны тапсырған-ды,

Дәрі қашан дайын болар деп сұраған-ды.

Емші айтты мұндай дәрі өмірде жоқ,

Сені мен алдарқатып алдағам-ды.

Бірақ сен арыстанның тілін таптың,

Мұндай істі істеген сендей қатын.

Күйеудің де оңай ғой тілін табу,

Сүйгенін дайындап қылсаң ғашық.

Күнде түрлі қуанышты сыйлай білсең,

Қылығыңмен жадырап күліп жүрсең.

Арыстандай айбарлы ер болғанмен,

Төсегімен алтын тақ жібітерсің.

Ондай ер енді кімді жақсы көрмек,

Сен үшін отқа түсіп күйіп өлмек.

Анаң да  атаңды жаннатта азғырғанды,

Ердің кілті әйелдерде не өмір не өлтірмек.

Ер жігітке аздық етер өнер деген,

Қызғандыра білу де әйелдерді өнер екен.

Әйелі пері абайла жетең болса,

Жамандықтан жақсылық туар білсең.

(қаңтар 2014 жыл)

****    ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *