Алланың өзі және Адамның өзі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 37

Алла жаратып нұрлы буын,

Таза ақыл жақсылықпен рухтың тегін.

Иесін бұл сипатын құдай деген,

Алланың өзі болған сөз білімін.

Алланың өзі демек махаббатты,

Махаббатты көркем сөзден жаратыпты.

Жақсылық деген сипат және беріп,

Құдайлық қасиеттерін тарқатыпты.

Бір кісіден сендерді жаратқан деп,

Аятын берген құранда насихатпен.

Алланың өзінің тәңірлік сипаты көп,

Сипатын құдай, атаймыз Бір Алла деп.

Бол деп; Адам біздерге үкім берген,

Жақсылық пен махабаттың сыйын берген.

Екі сөзбен атқан тәңір адамзатты,

Адам болу махаббатпен Өзіне ұқсау екен.

«Мен» деген Өзінің бар «Бір» сипаты,

Бір-жанмен Адам болу құдайдың ұқсасы.

Сегіз түрді меңгеруді сынақ қылып,

Жұп, парымен 24 санды нұр қуатты.

Өнер берген таны деп өз ішіңді,

Адамның еркі өзінде көрсең түсіңді.

Мақтан, пайда, өтірік, өсек деген,

Өнерліге жолдас болмақ сынап ісіңді.

Дұспан да көп аңдып қайрап тісін,

Көзге мақтап, көре алмас бұрап ішін.

Өнерсіз, өсекшіл надандар көп,

Өзі білмей, білгеннің алмас тілін.

Айнаға қарап түріңді деме пішін.

Көлеңке ішіңнің айнасы болар түсің.

Алды-артың оң мен солың және бар,

Аруақ деп тұтас болса арың және ісің.

Тағдырың тіршіліктің айнасы  ғой

Кешегің бүгін, бүгінің болашақ ол.

Артыңды тазарта алмай бүгінгі күн,

Бес парызбен ұжмақтық болмас күнің.

Алланың өзі деген үлгісі көркем сөздің,

Құранда періштелік саны бар сүрлердің.

Бір тұтас бұл таза рухтың қуаты боп,

Құлшылығың маған деген түгел қылсаң ісін.

Надандар құран оқып бәһра алмас,

Бес сезіммен тәпсір біліп жоба болмас.

Шариғат діні ісі, Құдай ісін кітап-аян көріп,

Жол тауып Алла өзіне- жібіне сен де жармас.

(қаңтар 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *