Анамның ақ сүтін ақтағанмын

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 137

Сыйлаймыз анамызды көзі тірісінде,

Балалық парыз бен махаббат жемісі де.

Арғы дүниеге аттандырып сағынамыз,

Қарыздан құтылмаққа түрлі сөз арнағанбыз.

Сонда ақ сүтінің өтеуін төлей алмай,

Мойындап іштей дұға жасап жалынамыз.

«Өлі риза болмай, тірілер байымас» деп,

Дәстүрі осы деп құран оқып табынамыз.

Пайғамбардан қалған өсиет бар,

Тіріңде деген ата-анаңа жаннатын сал.

Кімде-кім тірісінде ұжмаққа кіргізбесе,

Өкініңдер деген оны құдайдан сұраңдар.

Бұл құпияны Ясауи дана шешкен екен,

Көрсетіп жолын дінін насихат берген екен.

Сонда да өзеурейміз араптың салтын алып,

Өлмейтінін ақиретте ата-ана білмей өткен.

Менің жұрт қатарлы анам да бар,

Білмеймін жақсы бала бола алдым ба?

Тірісінде көп нәрсені аңғара алмай,

Ақиретке өткеннен соң өкінгенім бар.

Аянмен жарым көріп хал-жағдайын,

Баяндап  маған ақиреттің бұл жайын.

Күні-түні құлшылығымды мен арнадым,

Сауап жасап, хайырмен құтқарғанмын.

Түсіме еніп анам,  ұлым саған ризамын деп,

Енді мен аналармен жұмақта тұрамын деп.

Қуандым сонда құдайдың берген нығметіне,

Қабыл болды тағзым қылған зияратым деп.

Аналардың кілті ұжмақ дана мен аналарда,

Әулиеге ат айтып, өлілерге құрбан арна.

Қырық әулие аралап ерінбей әрбір жылда,

Сұрасаң анаңды көтер деп басын іштей жыла.

Ата-анасын құтқар деп сұрау серік қосу емес,

Құранда көп аят пен үкімдері болған көмес.

Дәріптеңдер мені, сәлемің болсын лайық,

Алланың досына деп аятпен берген кеңес.

Тірісінде ана сүтін ақтау мүмкін емес,

Атаның сөзін алып, қасиетін алу көмес.

Пайғамбар; әке досын ұмытпа деп өсиетпен,

Дегені; Әкең кімге табынса, соған сен де ілес.

Сүресін Лұқман оқыңдар ата-анаға шүкір деген

Қырықтан кейін баласының дұғасы қабыл екен.

Қазақтың дәстүрі бұл аманатын ақтау деген,

Орындасаң әулие-әмбилер көрсеткен жоба деген.

(қаңтар 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *