Кенесары

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 57

 Тарихтың кім кетпеген тақымында,

Жоғалтқан аруақтан алмай ақылын да.

Аңызға айналдырып көп жағдайды,

Іздесең Кенен  басын, онда тыңда.

Мен де он жылдай іздеп көрдім,

Талай жылдар зияраттап елді көрдім.

Құранды үзбей бағыштап жүрген едім,

Аянмен Кенен ханнан уахи көрдім.

Басы да шабылмаған хан Кененнің,

Ақ жауып арулап жаназамен көмілгенін.

Жеті жарғы кітабы мен мұрағаттар,

Аса таяқ, қырық буын жеті күміс кесенің.

Кім сенер ақын, билер  кітап көрмей,

Бұл сырды жалғанып сырын тексермей.

Құр сезімге малданған өңкей тантық,

Іздеген басы жоқ деп, зияратын ашып көрмей.

***   ****

Аңыз көп қазақты жолынан тайдыруға,

Қызылбастан әдетті, бар дін салтын алдыруға.

Пайғамбардан бата алған сахабалар,

Аталмай жатыр іздейтін ақын бар ма?

Қатынша сезім қуып өлең жазған,

Еркек көп естілігі аз ақын болған.

Ақындарға азғындар ереді деп,

Жаратқан астарлы сөзбен үкім қылған.

Дәстүрін аманатын ата-бабалардың,

Орындау керек оқып сөзін даналардың.

Надандық ақындыққа жат әдет қой,

Үлгісін алмай Абай-Шәкәрім аталардың.

Дін дәстүрін білмеген қандай ақын?

Жол көріп жоба білмей болмай жақын.

Ақындар қоса алмаса ой мен тілдің арасын,

Көре алмай және пайғамбар шапағатын.

Тазармаса жыны, шайтандық емес ақын,

Ескі ақындық ұстана алмай Абай салтын.

Ақындықтың ер мен әйелдік мінезі бар,

Сезім қуып өлең жазған көп қой қатын.

Қазақтың дәстүрі қалды  ұмыт болып,

Ақындықтан, жазушылар азған тозып.

Сөз тасыған өзге елден ойын алмай,

Аят пен  хадистерді алдық бұзып.

Сөз түзелмей ел түзелмес деген бар-ды,

Аруағы хан, батыр, билер сыйсыз қалды.

Тарихыңды қалай тексеріп түзетпексің,

Уахи алмай құдайдан кітабың артта қалды.

Хан Кенедей тектілер жатыр белгі бермей,

Ұрпақтарын тектіліктің қасиеті меңгермей.

Жыныңды тазарта алмай шайтан болсаң,

Тектілер көрінбесті кісі боп сөзіне ермей.

(қаңтар 2014 жыл)

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *