Қиямет мезгілі деген ұғым бар,
Бұл сөздің терең сыры бар.
Өсиетпен ескертіп пайғамбар,
Тажалдық білімнен абай болыңдар.
Дін білімі исламда құран хадистен,
Насихат қалған түрлі тәпсірмен.
Теолог, философ, ғалым, діншілер,
Діни сауат деп атап бүлдірген.
Тажалдық білім сөзден атау, ұғымнан,
Ескілік білімге қайта жалғанған.
Шежіремен тарих үндер дамыған,
Сөз ғылымы теріске бұрмаланған.
Абайдай атамыздан даналық сөзі қалған,
Алмаңдар деп намазын қызылбастан.
Имансыздық намазында масһаб болған,
Жол көрмей жоба білмей, тура атаған.
Дін ісін шариғатты жолға санап,
Дін білімін атаған діндік сауат.
Дін сауаты Құдай ісін артқа тастап,
Жол-ғылымды құдай өзі деді масһаб.
Тажалдық білім осы, біл халайық,
Перғауындық салтына болған лайық.
Ел билік діннен бөлек заңмен үстем,
Шоқындырған дүниемен дін бағаланып.
Ханафи дінін дейді біздер ұстанайық,
Дәстүрі дейді қазақтың осы лайық.
Ислам дінінен Ханафи діні туып,
Тажалдық білімді тура жол деп атайық.
Дәстүр деген тарих пен шежіре сыры еді,
Сегіз түр талай заман білімі бірленгенді.
Сегіз қырлы бір сырлы дәстүр білген,
Ендігі намазхан аталады сәждеменен.
Сегіз дін адамзатқа жолмен берген,
Жеті жол және дінің ислам екен.
Ясауи бабам бірлеп барлық дінді,
Қазығын түркілік дәстүр қаққан екен.
Енді дінші Ханафилік жол деп білген,
Ғылым сол қиямет-қайымға мұны білсең.
Дін білімі шариғат ісі ақиқат боп,
Тажал демей кім дейді дінді өзгерткен.
Құдайдан әрбір сөзге жауап барды,
Лағнетін алты жыл алда жаудырады.
Құрбан шал, досыңды ізде, жобаңды ал,
Жалғанған хикметіне құдай құтылады.
Дінде сауатты аян көріп, уахи алған,
Құранның кітабынан білім жанына алған.
Дін ісінің жетілген білімі дәстүр болмақ,
Ал масһабтық білім сәжделік парыз болған.
Төрт масһаб білімі бар дәстүріңде,
Таурат, інжіл, забур ислам бірлігінде.
Тажалдар аятын құран теріске алып,
Айналдырды ғылымын, кітабын ертегіге.
(ақпан 2014 жыл)