Мәңгілік ел болу үшін Қазақ елі деп аталу керек пе?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 113

   

       Жақында ел басшымыздың жолдауының маңыздылығын ғылым, білім жолына баса маңыз беріп, имандылық тұрғысында да көптеген ізгі шаралардың да қамтылғаны әрине бұған тек ризашылықтан басқа айтар сөз жоқ. Тек халықты бұл іске бастайтын ел басшыларымызға құдай иман, қажыр, жігерлік берсін демекпіз. Енді ел басшымыздың бұл ұранды тұрақтату жолында «Қазақстан» ұғымының орнына «Қазақ елі» деген атаумен аталу туралы көтерген бастамасын енді қызу талқылап та; оны халықтың еркіне бердік шешімін айтуды деген ықылас болғанмен, түбінде пәлен пайыз халық келісімін берді деп бер жағында отырғандар ата жолын, ата дәстүрін ел басының қолымен соттатып құдайға қарсы қоя білгенде бұл жұмыс олар үшін түкке де тұрмайды. Бір жағынан бұл арада талайлар мемлекет қазынасына тереңірек қол салып, түген болса керемет болсын деп жатыр деп қарпып ақша алып, қалтарын қампайтуға да мүмкіндік алатыны да сөзсіз.
Жарайды қазақ халқының болашағына керекті мәселеде мұны әңгіме қылғанның өзі имансыздық болып көрінері де сөзсіз. Мәселе қазақтың болашағы мен осы кездегі ел басқарған, зиялы қауым аталғандардың болашақ алдында бір масқарадан екінші бір бәлені бастарына тілеп алмасын деген мақсатпен аруақтың берген пәтуасын да халыққа таныстыра кетсем, көкжиекті көре білетін аз ғана топ ел билеуші мен зиялы қауым арасындағыларға жыны тазарып кісілігі-көктік нәсілі «Уад» пен «Суағы» бекіп қалыптасқандардың мүмкін ойларына қозғау салып, ел басын да сабырға шақырар деген үміт те жоқ емес.
Жалпы қазақ елінің қазіргі таңдағы ойларының бөлшектеніп кез-келген қолына қалам ұстауға ұлықсаты бар, ұйқасты арнаулы білімі жоқ жас баланың да мемлекет тұрғысындағы жоғарғы өмір тәжірибесін, көргендік, болжампаздықты қажет ететін ел басқару саясатына да сын пікір айтуға, көшеге шығып айқайлап қарсы келуге де шамасы келсе, ал енді еркек жынысты жастар түгіл құраннан тәпсір оқып білген қатынның да діннен пәтуа айтып ерлерге де ақыл айтып кетудің бүгінгі заман тұрғысынан еркіндік, демократия, теңдік, білімде жетістік болғанымен шындығына келгенде философия мектебінің өліп философия сұқбат құндылығының құдайлық рухани байланыстың мүлде жоғалғанын білдіреді. Философия мектебінде соңғы жүз жылдағы атауларға сөздің философиялық түсінігіне сөздік жасап, сан жүзінде анықтау былай тұрсын, беріде ғана пайда болған Абай, Шәкәрім философиялық даналықтарын түсіндірмек түгіл керісінше сөзді араптан, білімді европадан, үнді латыннан алу керек деп, болмаса адам болудан қалып, ал дініміз ханафилік болып дәстүр ұғымының масһабтың ішіне тықпалап сыйғызбақ болып, оған ел билігі дін істері деген мекеме ашып беріп, қаншама қаражат жұмсап тозған білімді халыққа зорлап үйретіп жатқаны. Онан тек құдайдың ашу-ызасын, лағнетін ғана арттырып жатқанын әзірге білу де, түсіндіру де мүмкін емес. Бірақ құдайдың еркін түсіндіруге; азуы алты қарыс саясат та елді түзейміз деп ұлтшыл, ұлтжанды болып қазақтан мүлде бөлек ұлтты жасамақ болып жатқандардан көрі ауылдың мал баққан шаруасы мен жастарға, кейбір әйелдер қауымына түсіндіру оңай болып қалды.
Енді оған басты себеп те біздің негізгі тіл байлығымыз ілімге айналған түрде аналарымыздың қанынан ұлға ұлдан қайта қызға ауысуымен елдігіміздің мүлде жоғалмағанынан деп біліңіз. Себебі әрбір нәрсені жұп, пар қылып жаратқанындай әрбір атау сөздің екінші атауы және ортақ ұғымы да болу жаратқанның бұлжымас үкімі деп біліңіз. Бұл білім негізінен Тәураттықтарда жақсы сақталып еврей және тауратты меңгерген елдерде қандайда бір адам атының өзі белгілі ұғымды беруін қадағалайды. Қытай халқы да бұл тұрғыда философиялық даналықтан бізден озық тұрғаны да сөзсіз. Мысалы; «Леулі» (Жабысқан), «Яһуда» (мадақтау), «Исашар» (Есе), «Дан» (төреші-төре), «Нафталим» (тартысым), «Жүсіп» (қоса берсін),» Қос мекен» (құдай тұратын мекен), «Исраил» (құдай кісісімен күресуші) қазақта; Білекті бірді жығар дейді. «Жақып» (алдаушы) біздегі «Найман» деген сөздің жұбы болып келеді. «Ыбрайым» (Ұлық ата), «Сара» (ханша) деген сияқты барлық негізгі атаулардың әлем халқына ортақ ұғымдары, философиялық сөздігі барына көз жеткізуге болады.
Енді бұл білімді исламдық тұрғыдағы елдерде сұқбат қағидасына, философиялық даналыққа қабылдау былай тұрсын, тіптен мәңгілік жоғалтуға өздерінің дін білімін үстем қылып көрсетуге масһаб дін ғалымдары жан беріп, жан алысып оған қазақтың бар жазушы, білімді қауымы жәрдемге тұрғанын да біліп қойыңыз. Бірақ енді мен бұл ақпараттарды қайтадан түп негізден кітап берілгендер болып саналатын; әулие-әмбилердің кісілік-кітабына жалғану арқылы сұрап алдым деп, шайтан жамағатына айналғандардың жүрегіндегі қарсылық жындылықтарын арттыра отыра, бәрібір болашақ түбінде философиялық мектебінің қалыптасуымен әлемдік ортақ ұғымдарға келіп тірелетін, ашылатын сырларды тағы баяндап көрейін. Сондықтан «Сауат» деген сөз атауының негізгі ұғымы «Тектілік», «Ұғымдылық» болып түсіндірілсе, оны қазір қолданбайтын жеріміз де қалмады. Әсіресе әйелдер қауымы; «сауатың» яғни «тегің», «ағашың» жоқ деп еркектердің шалбарының ішіне қол салудан мүлде жалықпайды да. Сол сияқты «Сауап» — «Кішіпейіл, Жомарт, Адамгершіл» деген ұғымды беріп, сауап жасау арқылы осындай қасиеттерімізге қуат алатынымызды да білгеніңіз жөн. Енді «Ел» деген атаудың да өзіне тән ұғымы болып; «Жер» мен жұп болып, ел десек рухани, физикалық, биологиялық, химиялық жағдайдағы жердің 26 санды белгісін, қуатын алған бейнені айтамыз. Тамақ ішкенде шөптен малға малдан адам ағзасына келген жердің барлық қуатын; «Ішіңе ел қонды ма», «Топырақтан үлес алдың ба?» дегендей сауал қоямыз. Сонымен «Қазақ елі»-«Қазақ жері» деген ұғымды білдіреді. Ал «Қазақ» сөзі бабамыздың аты болғанымен; «Салт-дәстүрімен үлгілі» деген біздің ұлтымыздың тегінің түсіндірмесі болып табылады. Әзірге сөз ұғымдарын санмен өлшеу ғылымы қалыптаспағандықтан бүгінгі таңда көптеген сөз шешендерінің жынына мұндай пәтуамен шамына өздерінің білгіш аталған жалған намысына қайшы келуім де әрине сөзсіз. Бірақ аруақ айтты дегенге сенетін, уағын «Суағ» тық қуатын меңгерген, арлы қауым үшін ғана бұл қонымды болатыны да сөзсіз. Сенбесеңдер өздерің сұрап көріңдер десем, әрине оған «Құдай Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамзатпен тілдеспейтін болды» деп қаншама әулиелерді де жалғаншыға айналдырып тыйым салған мешіттегі масһабшыл көкелері тұрғанда құран аятының үкімін қайтсін, аттарына заты сай емес салт-дәстүрден үлгіні білмейтін ағайындар.
Ал енді ел басшымыздың өзіне аянмен көрсетіп «Астана» яғни негізінен «Стан» «Натс» деген «Ұран», «Тұғыр» деген сөзді білдіретінін де білген жөн. Сонымен «Стан»-«Ұран», түркілік тегіміздің негізі болып Қазақстан деген ұғым «Салт-дәстүрін үлгілі ұранға айналдырған текті ел», «Ұранымыз салт-дәстүрлі үлгілі елге айналу» дегенді білдірмек. Енді «Монголия» деген атаудың да өз сыры болып, мысалы; «қазақия, таджикия, шешения, пакистания» деген ұғымдардың келіспей тек «стан» арқылы ашылуының өзі түп негізіміз ұранымыз жақын бір атадан таралғанына куәлік беріп тұр. Сондықтан түбінде арабия мемлекеті де «Арапстан» болып өз тегіне қайта қосылары да хақ. Ал енді мұндай пәтуаға күмәнмен қарап, тек қағаз бетінен пәленшекең жазбаса құдай айтты дегенге сенбейтін құдайсыздарға түбі тойтарыс беретін, қазір орта буыннан аруақтан кітабына жалғанып және ел биліктің ішінде менің жазбаларымның сандық білімінен өз кітабына жалғанып жатқан 14-тей билеушілер бүгінгі күн өзгертілген; «Қазақ елі» атауын «Қазақстан» деп қайта орнына қойып, ата жолының салт-дәстүрін яғни екі күнін тартып алған осы кездегі ел билеушілерінің зұлымдығын әшкере қылуға құдайдан жетеленіп, дайындық жүріп те жатыр. «Қазақ тұрмас тұрықтап, қызықпенен тыныштыққа» деген Абай атамыздың да әулиелігі орындалатын жалпы қазақ елінің рухани оянатын күні де жақындап та қалды. Ақылын қақпаннан босатып, «Аруақ» атап, қазақ көтерілетін болса, оны тоқтататын әлемде күш те, билік те жоқ. Сондықтан ондай қырғыннан беті аулақ, онан да халықтың қаражатын босқа шашқанша алдағы тұрған әлеуметтік сынақтарға алдын-ала артық ақшамызды сақтап та қойған дұрыс болар еді.
«Мәңгілік ел» ұраны жер туралы және әйелдеріміздің жер ана рухына қатынасында дін, философия тұрғысынан қайта қарастырып, ата жолының аманат, уәдесіне қатысты жеті жарғылық заңдарды да құдайлық білімге, салт-дәстүрмізге, қазақтығымызға лайықтап қайта қарастырмаса бұл көтерген ұранымызды да желге ұшырып аламыз. Және 13-ке толмаған жас балаға өзге елдің тілімен бірге «Яғұстық» (алалық) нәсілін де жүктеп жындылардың қатарын толтырғанша қазақ тілін тереңірек сіңіруге сүйегін қазақ сөзімен қатайтуға, «Уад»-көктік нәсілін бекітуге ат салысқанымыз да жөн болар. Сонымен бірге қыздарымызға болашақ кеміс бала туу үшін алдын ала ауруды еккеннен етегін жауып, басына шаршы орамал салып, ұлттық салт-дәстүрімізді түркіменстан елі сияқты ұранға «станға» айналдырсақ, мұндай індет қазақ елін айналып кетері де хақ. Жаза берсе қағаз көтергенмен сыңар езу, кітаптан оқыған жансыз біліміне мас болған қара нәсілге айналып алған ішінде «аласы» өсіп кеткен, көбінде көктігі көбейіп кеткен, қатынша көктіктері ұстайтын жынды ағайындар жабыла қарсылық көрсетері де даусыз. Осымен доғара тұрайын, тегіңді қалай түзеу керек екенін білгілеріңіз келсе әуелі тек пен нәсілдің, ұлттың неден құралатынын, өзіңнің кім, қалай жаратылғаныңды да құран, інжіл, тәурат тұрғысынан білген де «Сауаттылықты» арттырып «Сауапты» меңгеруге жәрдем болар. Сондықтан рухыңыз тазарып сауатты меңгеру үшін де менің «Жын шайтан философиясы» атты жазбамды ғана ерінбесеңіз қарап шыға салыңыз. Көп ұзамай жанның да құпиясын ашып құраннан сандық ғылымын жазып, сызықтық белгілерін сызып, масһабшы ғалымдарының масқарасын шығаруға құдайдан да ұлықсат келді, енді тек өзімнің жалқаулығым болмаса басқа кедергі де жоқ біздерге. Ал, Қазақстандықтар «станның» қазығы Түркістан екенін дәлелдеуге бірігейік, ағайын!

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы, Ясауи діни жолы мен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *