Ұжмақты сен іздесең

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 124

Ұжмақ деген ақылдан қашық емес,

Өлгеннен кейін ғана кірген емес.

Ұжмақты адамзатқа сыйлар Құдай,

Ақ жүрек құлына еткен адал еңбек.

Ұжмақ өмір тірісінде адам білмек,

Махаббатың жемісін татып білмек.

Бабалар аманатын ақтағанға бұйырады,

Ұл мен қызды өсірген тәрбиелеп.

Ұжмақты әкеп саған ешкім бермес,

Сынаумен құлын құдай жақсы көрмек.

Сынынан тағдырдың сынбай өткен,

Махаббаттан сый алып, дәмін білмек.

Бәйшешектің бақшасын рух өсірмек,

Жомарттық, ізгілік, жақсылық ісін білмек.

Екінші бәйшешектің бақшасы бар,

Ғылым мен білім дін ісін түгелдемек.

Ғашық болып хикметке сырын білмек,

Сұлулықтың жүзіне табынбай не түсінбек?

Өз жарыңа ғашық болмай, жар іздеме,

Жүзге ғашық махаббаттың дәмін білмек.

Мезгілі бар нәрсенің өсіп өнбек,

Ақылмен суарып жан жетілмек.

Жаннан-жан, рухтан-рұқ туылмаса,

Үй болмай адамзат босқа өлмек.

Бәйшешек бақшалар болып ұжмақ,

Рух пен жаннан аруақ -ұждан тумақ.

Адамзатқа берілген үш өмір бар,

Соңғы өмірде бақшадан жеміс жимақ.

Ғашықтықтың жүз сипатын дәмін білмек,

Ғашықтықтың өлшемін ісін меңгермек.

Ар, ұятпен, дәстүр-салтпен меңгермеген,

Ұжмақты түсінде, тозақты күнде көрмек.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *