Жұрттың бәрі ел басқарған

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 91

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Құдайдың да бұл кереметі,

Есті адам аңғарар белгі еді.

Өлім тілеп өзгеге отырғандар,

Өзіне төнген ажалды көрер еді.

 

Бойларын сасық тұман қоршалаған,

Бұл пенделер шайтаннан азық алған.

Құран ұстап, аруақпен ант беремін,

Талайлар тозақты бүгін қалап алған.

 

Өз тағдырын есті ғана бағалаған,

Мүмкіндігін өзінің білген адам.

Ендігі сөз айтуға жарап алса,

Төре, қожадай өз-өзін бағалаған.

 

Шайтанның бұлар болар жамағаты,

Мазақ қылған ескертуін аруағыңды.

Құдайға қарсы шыққан бұл тобырлар,

Сынып жатыр, тозаққа тірілей тасталады.

 

Мен Адаммын!

 

Бүгінгі ісің ертеңгі болар сабақ,

Жындылар жүр байлықты ойлап.

Ертеңгі күн бермей ризығын,

Бір үзім нан болады алтын қадақ.

 

Асыл тас, ақша байлық құтқара ма?

Құдай деген пендесін аш қыла ма?

Ел билігін қарғап-сілеп мастар шықты,

Есі кеткен жынды емес пе жас балаша.

 

Билікті және зиялы қауымдарды,

Сынауға мен үлес қосам әлі.

Сынадым және «оппозиция» партияны,

Кіммін деген кейде өзіме сауал болды.

 

Кейде жақсы істеріне қуана алам,

Алға қарай қадам басса мақтана алам.

Онда мен жынды емес, денім сау ғой,

Адаммын ит емеспін қара маған.

 

Мен қазақтың тегін әлі жоғалтпағам,

Дұрыс дұрыс, бұрысында байқай алам.

Жақсылығын елемей ізге түсіп,

Кінә іздеген жынды де, шала адам.

 

Қазақта көп біліммен болжам жазған,

Жындыларды бір-біріне айдап салған.

Кім дүние берсе соның құлы болған,

Ит емес пе «оппозиция» болып алған.

 

Иттерді, жындыны да аяй алам,

Құтқара көр азабынан О Жаратқан!

Сасық тұман санасын басып қалған,

Олар да ағайындар ғой бірге туған.

 

Шайтан қолы қазағымды қоршап алған,

Құдайым нұрыңды бер аспаннан!

Шайтан көшсін елімнен пана таппай,

Бұл да сынаққа нағыз қазақ төзе алған.

(ақпан 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *