Қайда едің деген сауал бар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 45

Қиямет мезгілінде әлемде апат болған,

Бұл заманға кезек келді сынақ болған.

Қазақ елі әлемде алғашқы боп,

Құдайдан үкім келіп, қадам басқан.

Жеті жыл сын сағаты түскен елге,

Сыналмақ бар ма иман, сенімдер де.

Халыққа қорқыныш пен азап келіп,

Іздеткен жалбарын деп түп иеге.

Ар, ұят, ынсап,  сабыр қылып талап,

Қазақ елі салт-дәстүрін алмақ қалап.

Тыныштықпен өркендеген заман туар,

Құдай ісін меңгерумен дәстүр атап.

Текті қазақ ежелден ел болғанбыз,

Әулие, би, шешен, даналықтан туылғанбыз.

Менің атам би, батыр, дана болған,

Менің бабам бақсы, ұста деп мақтанамыз.

Дін имамдар, ғалымдар ақыл айтқан,

Түрлі кітап жазады дәстүр салттан.

Зияраттап әулие, батыр, даналарын,

Айналар елім тура жолға үлгі болған.

Ата жолын қудалап мазақ қылған,

Алла жолына, хайырларға тыйым салған.

Ел билеген, дінші, ғалым, зиялыларға,

Қояды халық түсініксіз сауалдарын.

Талай жас асылып, өзіне қол салғанда,

Қыз-қатын ар, ұяттан  азғырылғанда.

Даналар арлы болсаң қайда едің,

Еліңді тажал білім қолға алғанда.

Сауатсыз деп ғалымдармен және дінші,

Ата-жолың, аққу, сұңқар, дәстүріңді.

Ұлтшыл, текті, партияшыл биліктегі,

Түзетпей керуенін елдің қайда жүрді.

Пайғамбар, әулие-әмбилер қорымдары,

Қорғалмай  ойын-сауыққа айналғанды.

Құдайдың белгілерін қабыл алмай,

Қайда қалды ел басшылар болжамдары.

Атажолы дүние байлығымен бағаланды,

Мал жұмсап құрбан шалуға тыйым салды.

Құдайдың хикметін іздеп жастар,

Қайда едің зиялы жастарың қамалғанда.

Халық түрлі азап, аурулармен сыналғанда,

Қаны азған қатындардан дертті ұрпақ туылғанда.

Талай шаңырақ ортасына түскен шақта,

Қайда едің тектілер, себебі неге табылмады.

Жол таппай дін іздеп жастар жынданғанда,

Ардан безіп ұлтыңның құндылғы қыз азғанда.

«Өлілерді риза қылмай, тірі байымасты»

Қайда едің ақылдылар дәстүрің жоғалғанда.

Ақ жаулық жоқ, етек түгел ашылғанда,

Қыз қатын тірі өліктей тұздары сасығанда.

Құдайдан түскен шипасына тыйым салып,

Қайда едің дер, ажалдан аман қалғандарға.

Қайда едің, арлы болсаң, қайда жүрдің,

Бір қылын бұл жайлардың түзетіп пе ең.

Ендігі мақтаның екі жүзді мүшкіріксің,

Барасың қайда, ішіңнен біліп тұрсың.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *