Сандыбад сарайы – арман кірпіші-жан сарайы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 186

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

         Ертегінің данышпаны Сандыбад туралы мынандай аңыз бар. Баяғы бір заманда бір данышпанның жеті уәзірі болады. Олардың бәрі де бірінен бірі өнерлі, білімді даналардан. Солардың ішінде әсіресе біреуі даналардың данасы асқан данышпан бас уәзір Сандыбад еді. Патшадан жалғыз ұл бала болды. Патша тағының болашақ мұрагері даналықтың көзінен жас басынан-ақ сусындай беру қажет. Сол үшін оны жасы жетіге толысымен Сандыбатқа оқуға, тәлім-тәрбиеге береді. Зор ынта, асқан шеберлік, үлкен үмітпен тәрбие ісіне кіріскен ұстаз біраз уақыттан соң торыға бастады. Ұстаз қанша тырысса да Шаһзадаға оқу-білім дегеніңіз қонбай қойды. Әліп-бидің қарасын танудың өзіне бірнеше жылдар кетті. Ондық санды білдіру онан да қиынға түсті. Өмір дегеніңіз күннен- күнге көшкен керуендей өте берді. Үйретуге ұстаз жалыққан жоқ, бірақ мандымы аздықтан жігері құм болуда. Алғашқы жылдары есейе келе ақылы кірермен жүрді, бертін келе онан сайын білместікке үйреніп алып, тіпті оқу дегенге жоламауға айналды. Бұл халді естіген патша қатты қапаланады. Сандыбад онан жаман қысылды. Патша баланы тәртіпке шақырып, ұстаздың айтқанын екі етпеуге әмір берді. Енді үйретуге, үйренуге екеуі де ынталанды, бірақ, бәрібір ешбір оқу миға қонбады. Сөйтіп жүргенде баланың хан сарайының ұлы мәжілісі алдында сынға түсіп, емтихан беріп, өзінің патшалыққа мұрагерлік қабілетін көрсететін күні де жетіп қалды, яғни бала 22 жасқа шықты, жігіт болды. Шартты мезгіл жеткен күні, белгіленген сағатта Сандыбад пен Шаһзада сарайға қадам басты. Екеуі де қысылып, аяқтарын әрең басып келеді. Келмеске амалы жоқ, әмір солай. Патша тақта, сарай нөкерлері өздерінің орындарын алған. Ішінде неше түрлі  ғалымның білгірлері отыр: ғұлама, софы, би, дәрігер-тәуіп, философ, жұлдызшы, сауықшы, шешен, тағысын тағылар. Әрқайсысы тәртіп бойынша, өзіне келген кезегімен Шаһзадаға сұраулар қоя бастады. «Біздің мемлекетімізде қоғамның құрылыс тәртібі қалай деп білесің, құрметті Шаһзадам?». Отырғандар құлағын тігіп көп күтті, бірақ адам түсінерліктей жауап болмады. «Ел билеуде әділеттілікті-инсаф немен сақтауға болады?» деген сұрақ та солай аяқталды. «Адамның жанын еріткен, көктің күмбезін күңіренткен сарайдың көркі музыка өнері туралы не айтасыз?» Бұл сауал да жауапсыз қалды. «Дертке дауа іздеген, адам жанына араша түскен тиб-дәрігерлік туралы айтсаңыз екен?» Шаһизада бұл жөнінде де бір нәрселерді айтты. Алайда, оның жауабы толық болып шықпады. Мұнан кейін оған тағы екі сауал берілді, біреуі жұлдыз ғылымы һаят (аян)- астрономия туралы, екіншісі һандисат (сызықпен өлшеу) –геометрия ғылымы туралы. Бұларға әрине жөнді жауап болмады. Отырғандар біріне-бірі қарап, бұл қалай дегендей бастарын шайқасады. Сандыбадта үн жоқ. Әңгіменің осылай боларын ол бұрыннан-ақ білген еді. Өзі өз болғалы Сандыбад данышпанның өзінің дәрменсіздігін мойындағаны да осы болар. Соны сезген жұрт оған жаны ашып, сыйлап, ешнәрсе айтқан жоқ. Араларында әрине, Сандыбадтың патша алдындағы зор дәрежесін қызғанатындар да жоқ емес. Олардың қымы қанып, «болса болсын, бола түссін» дегендей. Шаһзада үй ішіндегі бір нүктеге қарап, тесірейді де қалыпты. Ыза мен намыс қатар кернеп, үндей алмай патша отыр. Бағанадан бері Шаһзаданың қиянатын аңдып, бақылап отырған бір қарт ғұлама сонда былай депті: «Бабын тапса түлкі алмас бүркіт болмас» деген. «Шаһзаданың тәрбиесінде қырық бір тетік бар ғой. Соның қырқын тапқан қайран ер бірін таба алмай отыр-ау! Па, шіркін салмақты құлақтан көрі көзге салар ма еді». Бағанадан тұнжырап үндемей отырған Сандыбад орнынан атып тұрып: «Иә тақсыр, маған Шаһзада екеумізге тағы алты ай уақыт беріңіз, соның ішінде біз міндетімізді орындай алмасақ, мені уәзірліктен, мұны мұрагерліктен ажыратыңыз. Қарияның айтқан ойы менің өзіме де келіп жүрген еді. Енді оның шындығына көзім жеткен сияқты. Ақырғы рет бағымды тағы сынап көрейін»,-депті.

           Сол күннен бастап Сандыбад оңаша алаңға бір сарай салдырды. Сарайдың формасы –төрт бұрышты текше. Оның ішін әкпен, ақ балшықпен қағаздай етіп сылатты. Сонан кейін оның төрт қабырғасына төрт ғылымды суреттейтін нақыш бейнелер салдырды. Ол ғылымдар мыналар: жамиғат (қоғам), тиб (дәрігерлік), музыка, һандисат (геометрия). Үйдің төбесіне Һаят(1) (астрономия) ғылымын бейнелетті, еденіне ғадалат(2)(инсаф-шариғат) туралы өрнектер салғызды. Сонымен текше сарайдың алты жағы алты түрлі ғылым тарауын көрсететін болды. Бұл бейнеленудің мағынасы мынада болса керек. Шаһзада әртүрлі ғылымдарды жеке-жеке оқып білгенімен, оның бәрінің басын қосып көз алдына бейнесін келтіріп, ол бейнелердің бірімен-бірінің қарым қатынасын шеше алмайды. Сол себептен ол, білімнің бір тұтас түп-тамырына мәні жетпей тұрып, шешіліп шешен бола алмайды. Барлық даналық пен ғылымның басын қосатын түп-тамырының бейнесі текше (куб) болу керек, өйткені ол табан тірек, жердің бейнесі, топырақтан жаралған адамның тән бейнесі. Осы текшенің алты жағына алты негізгі ғылым тарауын бейнелеп орналастыру керек. Сол текшенің қабырға қырлары мен төбе бұрыштары арқылы айтылған ғылымдардың өзара қарым-қатынастарын көрсету керек. Тұйыққа келіп кептеліп, тығырыққа тығылып қалған ойдың түйіні бір шешілсе осыдан шешілу керек. Осы оймен сәтті күннің сәтті сағатын есептеп шығарып, сол бойынша Шаһзаданы сарайға кіргізді де, есігін жауып кетті. Сарай ішінде жатар, отырар орын да, ішіп-жем, тамағы да сай-ды. Күтушілікті Сандыбад өз мойнына алды. Шаһзада үйге кірген күннен бастап жан-жағына көзін салып, дүниенің хикметін түсіне бастады. Бір жағынан екінші жаққа, бір қырынан екінші қыр, бір бұрышынан екінші бұрышқа жағалаған сайын оның дүниеге көзі ашылып, көкірегі кеңейіп сала берді. Бұрынғы жеке-жеке білгендері жан бітіп, денесіне қан жүгірген сияқты тебіреніп, тербеліп бір-біріне үн қосқандай. Сол үнге Шаһзаданың рухы қосылып бір ғана сабаққа барып құятын сияқты. Қандай қиын, қандай шытырман күрделі деп жүрген ғылым салалары мынау ғажап сарай ішінде өзінен-өзі жанданып, сөйлеп, тіл қатып тұрғандай. Қысқасын айтқанда, алты ай ішінде Шаһзада текше сарайдың алты жағындағы алты беттегі алты түрлі ғылымның сырын айқын түсінді. Уағдалы сағат жеткенде Сандыбад, енді жолым болар-ақ деп жаңа қадам баса бергенде Шаһзаданың бал кітабына (тағдыр) көзі түсті, алдында қуаныш пен реніш хатер тұр. Қатер жеті күнге дейін, онан өтсе тағы да ұзақ жақсылық. Тәуекелге бел байлап Шаһзада сарайға келіп кірді. Баяғы ұлы мәжіліс сол қалпында. Сауалдар сол ретінде қойылып жатыр. Шаһзада сұрауларға жауапты терең талдап, мағыналы мәнермен, ханзадаларға лайықты ырғағымен береді. Тыңдаушылардың естіген сайын құлағының құрышы қанып, рахметін жаудырып, баталарын беруде. Мәжіліс аяқталды, сарай қауымы ұлы мәртебелі падишаны да құттықтап жатыр. Мәжіліс арты тойға айналды… Патша сарайында сұрқия сұлу барды (Нәпсі-шайтан). Сол келіп Шаһзаданы азғырып, өзіне тартпақ болды. Оған көнбеген соң, ол барып патшаға баласын шағыстырды. Патша ашу үстінде балаға өлім жазасын кеседі. Оны орындаушы жендетті бір уәзір (Ақыл) тоқтата тұрып патшаға барып бір мысал айтып, істі тексеруге кеңес береді. Ол бір күнге мұрсат етеді. Сөйтіп отырғанда әлгі сұрқия қайтып келіп, патшаға өтірік шағым етіп жылайды. Патша тағы ашуланып жендетке әмір береді. Оны тағы бір уәзір себеп болып алып қалады. Сонымен жеті рет төнген қатерден жеті уәзір (аруақ) себеп болып алып қалады. Қатерлі күндердің шарты біткен соң, сегізінші күні қарабет болған сайқал әйел өзі келіп патшаның аяғына жығылып, шынын айтады: жазасын тартады. Шаһзада өзінің мұрагерлік орнын алады. Сандыбадтың данышпандық қадірі бұрынғысынан да артады.

         Мүмкін оқырман бұл ертектің басылымға қандай қатысы бар деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Әрбір ертектің артында үлкен құпия ақиқат тұрады. Құрандағы 12-ші сүре желісі осы негізде берілген. Яғни Жүсіп пайғамбар тағдыры. Ал енді алда жан ғылымының және Ғиса пайғамбарымыздың астарлы әңгімелерін шешуге бірден-бір үлгі болары сөзсіз. Және осы оқиғаның нақты көрінісі Сайрам қаласы болып, кезінде қырық қақпасымен аты шығып және жеті дарбазасы болған. Сол дарбазаның бесіншісі «Намаз» деп аталып, Арыстан бабамыз орнатқан. Алғашқы ағашын (Бірді) егіп белгі қойған Сандыбад аталған Сансыз атты бабамыз (Бір-Пір бір адам)  Мұхаммед пайғамбарымыз өмірге келместен бұрын өмір сүрген. 47-санының яғни жан сарайының қақпа құрылысы яғни «Мұхаммед» сүресінің ғылым сипаты, белгісі біздің өмір сүрген эрамыздан бұрын да белгілі болған екен. Және де бұл құрылыс жан сырының қаласында аруақ заңдылығын яғни тағдырдың жетімен сыналатынын осындай үлгімен, жеті жарғымен және өмір қамының жеті…? құпиясын да ескерген. Және «5 күнге жалғану» осы сандыбат сарайы «Қағбаның» бес жағын (төбесінен басқа) меңгеріп, көктің сырын (аят-астрономия) Ыбырайым пайғамбарымыздың орнынан Қажылық жасап, хажбен қосқанда алты ай түнеп 6-шы күнді аламыз. Сондықтан екінші күн ғылымы өз жеріңнің хажын меңгермей яғни 5 ай, 20 күнге амалдарын толтыру үшін аянмен, кеңістіктен несібеңді алмай бірден Қажы, қажырлы тақуа бола салудан; көкке, айға шауып мерт болған «Арыстан» болудың артында сынағы да бар. Бұдан пайда болатын үлгі әуелі 6-қабырғалы жан сарайын салумен және оның үстіне Қорқыт ата басындағы тілеухананың яғни текше үстіне тұрғызылған төрт қабырғалы мұнараның 8 қыры бір сыры төбесі 9-шы бастағы орай, тәубенің нәтижесі арқылы алғашқы  көктің есігі «көздерге» жалғанумен ғана көкке жеті аспанның тұрақты көздеріне «Жеті қарақшыға», шөміш несібеге жалғанып, жеті жолды яғни Құранның жеті үнін яғни жеті мөрінің және тылсымнан оқылу құпиясының насихатын шешу адамзатқа берілген жұмбақ! Сондықтан бұл жұлдыздар, көздер шоғырын әлемде «Үлкен аю» яғни ну тоғай орманның ішінде болатын өлім есігі деп атайды. Енді жан сарайы бұл мұнараның табаны жер мен арлық мойынын құрайтын екі көрінбейтін қабырғаның екі «Меннің» кітабы, перде деп біліңіз. Осы екі перденің «терезенің» ғана тазаруымен жүрек көзінің немесе қазақ халқына «Ақ ұл» арқылы келген мұғжиза жүрек ашудың да сырын білуге болады. Алдағы басылымдарда құлшылық сырын құран, киелі кітаптар арқылы дәлелдермен насихатын баяндай жатармыз, әзірге бұл мөрдің есігі адам жанының ана құрсағында үрлеген 4 сөзбен аманатпен және 142; 38 сандардың ғылымымен байланысты болатынын ислам дін ғалымдары түгіл, әлем ғалымына сыры мәлім болары хақ. Ал осы екі санға тәуелді балтыр пердесі; «Сұңқармен», ал мойын пердесі; «Аққумен» байланысты болып, ақ ұлымызға келген алғашқы мөрдің екі сипатын білдіріп, ал Ғиса пайғамбарымыз арқылы келген мөрдің тек көкпен, рұхпен байланысты 1-ші дәрежелі болғанын, елшілердің «хауарилердің» адам баласының төбесіне қол қою арқылы жүрек көздерінің ашылуы інжіл кітабында айқын баяндалған.

        Негізінен бұл жеті мөрдің адамзатқа тән сипаты «Мариям» анамызбен 19-сүремен баяндалып, толық бейнеленген әйел затының кеуде, төс мүшелерінде орналасқан жеті безбен, жеті қол сүйектерімен және осындай үш жеті ішкі ағзаларының періштелердің қызметімен көрінісін берді. Қарапайым мысал келтірсек төсін, қолын ғана жалаңаштаған әйел затының да шайтанның қызметіне тұрған, осы жеті мөр қасиетті, әурет орындары арқылы күн сәулесінен, тылсым қара күштерінен тікелей сәулесін алумен жын қуаттарымен тікелей жыныстық қатынасқа түсу болып, гендерінің өзгеріп, қаталдық, еркектен өзін артық санап, әйелдік сезімдерінің тұрпайыланып, хайуандық қылықтарға құмарлықтың және сөз түсінбейтін, таза ақылды керісінше жауыздық санайтын сипаттардың пайда болуымен және осыған байланысты тұрақты 7 ісіктің және табан мен төбеге байланысты тағы екі ісік «кісі»-нің еркек арқылы келетін шауқатпен қан тазалығын сақтамаған жағдайда пайда болатын барлығы  «10»-«Қа» (натрий хлор қосындысы) жазылмайтын қасіретті «онка» ауруларының көрінісін береді. Тілді шұбарлап, сөз қуатын меңгере білмеуден 11-ші қасіретті ауру қан азуымен, жүрек ауруларын қоссаңыз толық ділдің азғындығынан пайда болған халқымыздың басына келген екінің бірінде кездесетін күнәлардың білімі шығады. Ал бір ғана мөрдің белгісі шынтақ арқылы әйелде жатырға, ал еркектердегі белдегі нәсіл ұясына тікелей күн сәулесінің енуімен және осы мүшелері арқылы жыныс тазалығының «шыны» інжіл, маржанының тазалық көрінісін анықтауға болады. Қазіргі таңда көше толған қара, қызыл, немесе күстенген шынтақтардың бедерлі, бедерсіз жағдайынан-ақ зинақорлықтың, нәпсілік тойымсыздықтың белгілерін және таза шынтақтардың құрылысы мен бедер іздерінен жыныстық, нәсілдік тектілігін, намыстылығын да анықтауға да болады. Ал жоғарғы бұлшық етті сүйекті «қар» (натрий, роди түзілімдері) деп атаудың өзінде де ішкі жеті ішектегі ақпаратпен және асқазанмен байланысты діл бақшасының көрінісін де білуге болады. Алдағы басылымдарда бұл жағдайларға кеңінен тоқтала жатармыз, әзірге ұят-намысы болғандар мүмкін ғибрат алып, Құдайдан қорқып, әурет жерлерінің қасиетін қорғаудың маңызын біліп, сақтанар деген үмітпен аз ғана мысалдар келтірдік. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

           Хажылық өмір қуаты-намыс туралы ғибратты әңгіме.

 

      Атақты халифа Арун Рашид заманында арап тілінің маманы Асмағи деген адам өз ғылымына зор жетік екен. Халифа оны өзінің балаларын оқытуға ұстаз етіп тағайындайды. Халифалық үлкен мәжілістерінде оны Арун Рашид өз қасына отырғызып, өзі түсінбеген сөздерді сұрап отырған екен. Дүние жүзіне жайылған ұлы халифалықта талай тілде сөйлейтін халықтар тұрады. Соның ішінде тіпті ұлты арап болған күннің өзінде әр жердің арабы әр түрлі сөйлейтіні бар. Солардан келген адамдарды қабылдағанда халифаға тілді жақсы білетін кісі керек. Міне, сол керек кісінің ең бастысы осы Асмағи болыпты. «Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас» деген ғой. Сол Асмағидың да түсінбеген сөздері болған екен. Әсіресе үш сөздің мәнісін таба алмай-ақ қояды. Ол сөздер құранда кездесетін өте жауапты сөздер: «табарака, ар-рахым, матаға». Осы сөздердің мағынасын іздеп Асмағи сапар шегеді. Елден елге өтіп, ол үш жыл бойы тыным таппай саяхатта болады. Азып-тозып шаршайды. Енді табудан да күдер үзуге жақын келеді. Сөйтіп келе жатқанда бір ауылға кездеседі. Шеткері тұрған бір үйге келсе бір жас қыз бала ғана отыр. Ол шешесінің отынға кеткенін, кешікпей келетінін айтады. Шаршап келген жолаушы есік алдына қисая кетеді. Бір мезгілде келе жатқан шешесінің алдынан жүгіре шыққан қыз бала бір сөздерді шапшаң-шапшаң айта бастайды. Оның айтқандарының ішінде Асмағидың іздеп таба алмай жүрген сөздері бар сияқты. Асмағи түсінен шошып оянған адамдай атып тұрып:-«Әлгі сөздеріңді қайта айтшы?»-деп сұрайды. Бала қайталайды. Асмағи ежіктеп сұрастыра келсе, ол сөздің мағынасы мынаған келеді екен. «Бір ит келіп майлы орамалды алып, таудың басына шығып кетті.» Осы арада Асмағи өзінің ұзаққа созылған сапарын аяқтап, іздегенін тауып Бағдатқа оралады. Бұдан шығатын қарапайым қорытынды; Әлемнің ұлы ғаламы мен адамның кіші ғаламы арасында бала мен үлкен адамның арасындағыдай қатынас бар. Бүкіл әлем сыры алдында біздің білгеніміз баланың ойыншығындай, былдырлаған тіліндей ғана. Сондықтан құран сол әлем сырын насихаттайтын кітап болса,  онда заманына қарай баласы және тіл де түсінік сөзі де сол балалардың тілімен бірге дамып отыруы хақ. «Әлемде даналық бар, адамда балалық бар.» Балаларымыз болашағымыз, тілдік қазынамыз. Ал тіліміз бен сөзіміздің жетістігінен ғана ұлттық ар-намыстылығымыз пайда болып, ұрпақ тазалығының бірден-бір жаратқанның бізге берген уәдесі мен кепілдігі болып саналады. Ал олай болса; «Тіл қазынасын халықтан іздеу керек!» және қазақтың әйел затының майлы орамалын тау басына алып қашып кеткен иттерді, нәпсілерді ұстап өлтірумен, екінші байлық «ақ жаулықтарымызды» ата салт-дәстүріміздің негізін арнаулы заң шығару арқылы рухани байлығымызды, ар-намысымызды қайта қалыптастыруға ат салысу керек. 

Еңбектің зейнеті үшінші байлық- он саулық туралы ғибратты әңгіме.

       Бір адам он жасар  баласын ертіп, егіннен келе жатса, жолда аттың (көркем есім) қалған бір ескі тағасын (асылдың сынығы-зейнет, айшық) көріп, баласына; «Балам, ана тағаны ала жүр!»-дейді. Бала әкесіне: «Сынып қалған тағаны алып не қыламын?»-дейді. Әкесі үндемей тағаны өзі іліп алады да, жүре береді. Қаланың шетінде ұстаның дүкені бар екен. Сонда жеткен соң әкесі қайырылып, әлгі тағаны үш тиынға сатады. Онан біраз өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Шиені орамалына түйіп, өзі шетінен бір-бірден алып жеп, баласына қарамай аяндап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, оның артынан тағы бір шие, сөйтіп, әкесінің қолынан әр жерге түскен шиені он шақты рет еңкейіп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып; «Көрдің бе, балам, мына тағаны жамансынып, жерден бір ғана еңкейіп алуға ерініп едің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін алуға он қабат еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынып, көп жұмысқа кез келерсің. Азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаласың!»-дейді. Бұдан нені ұқтыңыз оқушым? «Ақылды жастан үйрет, асыл тастан ізде!» деген аталарымыздың өсиетінен; жастайынан баланы еңбекке, ақылға үйрету керек және «Керек тастың ауырлығы жоқ» деген мақалының түсінігі шығады. Білім тас, ал таста болса әйтеуір керек болады өмір қамында. Ал бұл әңгіменің тағы астарлы сыры бар. Үш тиының үш қуат, (үш күн-арқау) оны алу үшін тағаның сынығын «асылдың сынығын» -Алла Тағала!-деп жолға шығып жобасын «тағасын» іздеу керек те табан арқылы таңбалану керек. Сонда балтырдағы көздің ашылумен жыныстық 10 саулық қуаттың тазаруы басталады. Бұл жағдайды жер ана рухына жалғану деп немесе ойпаттарды басып өтіп, қатындардың майлы жаулығын ұрлайтын кәпір иттердің ызасын келтіріп, аузындағы алып қашып кеткен майлы орамалды алып, тазартып жан жарыңа киім қылып сыйлаумен жан сырының ғылымы айқындалады. Сондықтан «Әйел еркек бір-бірлеріңнің киіміңсіңдер» деп ескерткен Раббымыз. Ол үшін де құрсағындағы шиелері піспей, құс шоқып немесе жыныс ағашына құрт түспес үшін әйел затының етегін жаптыратын ата заңымызға қайта оралу керек те болады. Әйтпесе бұл өмірден шиенің дәмін де білмей өмір сүріп жатқан қатыны би, қаншама бөріксіз (намыс қуаты-қайрат) ер азаматтарымыздың жерге қарай егіндіктеріне еңкейген «Еңбектері еш, қатыннан алған тұзы сор» болып тектері азып жандары тозақтық болып, ұрпақтарының ағаштарына құрт түсіп жатқандары қаншама. Бұл жағдайлардың және діл білімі ақылды іздеу амалына-намазына  алдағы басылымдарда құран құпия сырлары арқылы  қайта ораламыз. Шәкәрім атамыз бұл жан сырының құпиясын, «Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан, Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан. Бойың жалдап (нәпсі, жыныс арқылы) қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай (бесті-шауқат беріп, алтыны алу) жүріп алған қойдан (әйелден келетін көңіл суы). Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де…»

(Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

             Талап пен ақыл — жол мұраты.

 

    «Жастықта бір күлгенің-бір қаралық, Күлкі баққан бір көрер бишаралық. Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, Ең болмаса еңбекпен мал табалық. ..Уайым-ер қорғаны, есі барлық, Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық, «Еһе-еһеге» елірме, бозбалалар, Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық...Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық, Қалжыңдассп өткізген қайран дәурен, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?..» (Абай ата)

Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!                    Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.                  Оянып жан-мақұлық түнде қонған.

Шақырып әтеш мана әлде қашан,                   Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.               Сайдағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,              Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Жұмыссыз тек жүрген жоқ ешбір жан да.      Тоғайда орақ даусы шаң-шұң ұрған.

Кішкене қоңыздар жүр жүгін сүйреп,             Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!-

Барады аралар да ұшып балға                          Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

                                                                                               (Міржақып Дулатұлы)

         «Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Тауға ұра ма басыңды тасқа ұра ма, Ал енді оған кісі қайтіп мінді? Талап шапса ақылға мініп алып, Жақсы жаман бәріне бірдей салып. Анық ақыл адымын аштырмайды, Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып...Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық…Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр, баралық!..Мынау Абай-бір ғалым жол шығарлық, Замандасы болмады сөзді ұғарлық. Амалы жоқ, айналды енді бізге, Күн туды етегіне жабысарлық… Бұл елде түк ақыл жоқ жарасарлық, Рахым ғып бір-біріне қарасарлық. Өз Абайын өздері ұнатпайды Шын надан осылар ғой біз қашарлық...Надандар төрт аяқты малға ұқсайды, Қаңғырған тамақ іздеп аңға ұқсайды. Өз бетімен табатын өнері жоқ, Талапсыз, өлі сүйек жанға ұқсайды. Бұлар –мәлім сатып жүр, көрдің мұны, Болмайды кімге залал мұның түбі? Өздері біреуіне бірі сатсын, Алмалық біз қызығын енді осыны! Сатады өтірігін шынға жастап, Жүрміз деп жарасымды өнер бастап, Айналасы белгілі, аз ақша ғой, Пәленшесін тауысайық жыртып тастап! ..Өнер қылма ар сатып, жалданбақты! Ұлық болып, елді жеп малданбақты! Біреуді жеп, біреуді табамыз ба, Қашан жақсы көруші ек алданбақты? Өлсең ондай сөзге құлақ салма! Ардан күсіп, ақылдан құры қалма! Әкең түгіл, арғы атаң айтса -дағы, Білімі жоқ наданның тілін алма!…Арамдықтан шығады кім сытылып? Бір желіксе, кетеді тым құтырып, «Жығылған жан күреске тоймас» деген, Қарта ойнаған кісідей күнде ұтылып. Абай жүр соны мазақ өлең қылып, Біреуі ұғар ма деп көзі ашылып, Бізге де біразырақ айтқаны бар, Құр қылжақтай берме деп босқа күліп. Ұқсатып, ұнасымды сыйыстырып, Жасты да жамандапты қиыстырып. Ойын-күлкі – бар қылған мінезіміз, Біреуін де қалдырмай жиыстырып… Сөзбен де, өлеңмен де сабақ беріп, Алсын деп керектісін өзі теріп..» (Шәкәрім ата) (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *